Құқықтық негіздер. Елімізді дене тәрбиесінің жүйесі, оның қалыпты қызмет етуін реттейтін белгілі бір нормативтік құжаттарға, актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың әртүрлі заң күші бар (қаулылар, заңдар, жарлықтар, нұсқаулар). Оладың ішінде еліміздің жаңа 1995 жылғы 30 таызында қабылданған конституциясының алар орны ерекше (29 бап). Бұл бапқа Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқылы екендігі бекітілген. №1953 қаулысында спортты және дене тәрбиесін нақтылы жақсарту шаралары бекітілген. Бұлардан басқа да ұйымдар мен мекемелердің дене тәрбиесіменен қамтамасыз ететін, сонымен бірге қызмет көлемін анықтайтын нормативтік құжаттар да бар (олар бала-бақша, мектеп, гимназиялар, колледждер, орта және жоғары оқу орындары).

Әдістемелік негіздер. Дене тәрбиесінің заңдылықтарын және оқыту мен тәрбиелеу қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды, сонымен қатар тұрғын халықтың әрбір әлеуметтік тобымен жаттығудың әдістері мен формаларын ұйымдастыруды, құрал-жабдықтарды пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды. Әдістемелік негіздерде дене тәрбиесі жүйесіне тән ғылымшылықкөріністерді байқауға болады. Бұл орайда бастапқы теорилық ережелер және он іс жүзіне асыру ғылыми негіздеріне арнаулы теориялық және спорттық педагогикалық ғылымға сүйене отырып жасалады.

Бағдарламалық-нормалық негіздер. Тұрғын халықтың дене дамуымен бірге білім беретін мектептерді, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында өткізілетін дене тәрбиесінің ең төменгі міндеті көлемін анықтап белгілейді.

Спорттың бірыңғай классификациясы. Дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламалық, мөлшерлік негізінің ең жоғарғы, қортынды сатыфсы болып табылған. Ол елдің барлық спорт ұйымидары үшін спорттың разрядтар мен атақтарды беру ережелері мен қағидаларын, сонымен қатар спорттың әр түрімен спортшының дайындығына қойылатын бірыңғай мөлшерлеп талаптарды белгілеген.

Спорттық клссификацияның негізгі мақсаты: спорт пен көпшілікті қамту, спортшыларды жан-жақты тәрбиелеу, олардың дайындық сапасын арттыру және осы негізде жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз ету. Классификциядағы спорт түрлері ойнша мөлшерлік талап тар шамамен әрбір төрт жылда байта қаралып отырылады.

Спорттық разрядтар мен атақтар арнаулы ережесі және календары бар спорт түрлері үшін ғана белгіленген. Оның құрамына сонымен бірге, әскери қолданбалы, кәсіптік-қолданбалы, біздің еліміздің ұлттық спорт түрлері енгізілген. Спорттың кейбір түрлері үшін разрядтың нормалары мен разрядтық талап тар бірдей енгізілген.

Ұйымдастыру негіздері. Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдық негіздері мемлекеттік өзін-өзі туындаған қоғамдық және басқару органдарының бір тұтас байланыстылығынан құралады. Бұл байланыс дене трбиесі жүйесінің бірыңғай мақсаты.
Дене тәрбиесі процесінде, қоғам талабынеа сай қозғалыс дағдыларын, арнаулы білімді, табиғи күштер мен гигиеналық факторларды, алдан-ала дайындалған жаттығуларының комплекстерін дене қабілетін арттыру үшін пайдаланса, онда педагогикалық жүйесінің бар екендігін айқындауға болады. Әрине, бұл процесс жалпы тәрбиенің өзге жақтарынан ты.

Балалардың дене тәрбиесі. Бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі деп. білеміз.

Мектептегі дене тәрбиесі. Жоғарыда айтып өткендей жалпы педагогикалық жүйенің бастр бөліктерінің бірі. бұл жүйе тек мектеб қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен шектелетіндігі айқын, мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, секциялық жұмыстарда.
Оқушылар дене тәрбиесі мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстарды қамту деп. білеміз. Мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгіқағидалары “Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы ережеде” баяндалған..

Дене шынықтыру және спорт мандығы мұғалімінің кәсіптік шеберлігі

Мұғалім — балаларға білім беруші ғана емес, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана — сезімін жоғары дәрежедегі рухани байлықтармен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, олады өз бетінше жаңалық ашуға, жаңалық жасуға үйретуші әлеуметтік белсенділігі бар жеке адамды тәрбиелеуші.

Мұғалімде педагогикалық қабілетпен бейімділіктің болуы — оның еңбегінің нәтижелі болуының кепілі. Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық, психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Педагогтік іс — әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзіндік құрылымдары бар:

1) Танымдылық іскерлік

2) Құрабілушілік іскерлігі (конструктивтік)

3) Коммуникативтік (қарым — қатынас)

4) Ұйымдастырушылық

5) Хабарлама және зерттеушілік іскерліктер мен дағдылар

Танымдық іскерлік – жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңібегінің негізі болып саналады.танымдық іскелікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес т.б. психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет.

Құра білу (конструктивтік) іскерлігі оқу – тәрбие жұмысын жоспарлау, композициялық материалдардыіріктеп алумен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық қасиет, қабілет қажет.Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық, логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан құра білу іскерлігі танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет.

Қарым – қатынас іскерлігі – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренуі. Қарым – қатынас іскерлігі сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере біледен басталады. Қарым – қатынас іскерлігін тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі керек.

Ұйымдастырушылық іскерлігі – бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Бұл барлық педагогикалық іскерлікті бір – бірімен байланыстырып басқаратын іскерлік.

Ұйымдастырушылық іскерліктің белгілері мыналар:

жұмысты аяқтау, мақсатың белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза білу, іске қызығушылық пен кірісу іс — әрекеттерінен құралады.

Хабарлама іскерлігі – жеке педагогикалықіскерлік болып бөлінеді:

Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым – қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Оқу – білім метериалын терең, жан – жақты білу, оқу әдістерін меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пайдалану дағдысының болуын талап етеді. Бұл іскерлік мұғалімнен дауысты үйлестіре білуді, көңіл – күй сезімімен сөйлеуді, сөздің құдіреттікүшін және дауыс үнін бет қимылды меңгере білуді талап етеді. Сөйлеу, әңгімелесу, көрсете отырып түсіндіру, пікірлеу, тыңдау, сұрақ – жауап айту тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін аудару – мұғалімнің педагогикалық іс — әрекетіне қажет іскерлік.

Зерттеушілік іскерлік — әр бір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, мұғалім озат тәжірибені де өзінің тәжірибесінде жинақтауды, оларға теориялық – практиткалық негізде талдау жасауды және мектеп өміріне ендіруді қамтиды.

Дене шынықтыру және спорт мамандығы мұғалімінің тіл мәдениеті
Оқушылар алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. «Сөйлей – сөйлей шешен болған» кісілерде кейде үлкенді кішілі аудиторияға келіп көпшілікке қарап ә деп тіл қатқанда, жүрегі алып – ұшып тұрады. Оның себебі айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс айта аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанағаттандырады ма деген уайым қыстайды оның үстіне аузына қадала қарап жәудіреген көп көздердің, әр сөзінді сынай қабылдайтыны белгілі. Ондай мәдениетті аудиторияның үнсіз сұсы сөйлеушіге әсер етпей қоймайды. Оқушылар алдында сөйлеп ысылмаған мұғалімдер ондайда асып – сасып, булығып, айтайын деген сөзінен жаңылысып қалады. Мұндай сәтсіздікке ұшырамау үшін оқушылар алдында өзіңе — өзін берік бол, қандайда бір қиыншылыққа кез болсаң да, сасқаламақтауға тырыс.

Аудиторияда ұстамдылықтың қамы – ерте бастан жүргізілген даярлық.

Оқушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған сөзіне аудара білу – мұғалімге жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.

Халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан жақсы дәстүрлерін сақтап оны әрі қарай дамытып сөз этикетін байытып, толықтырып, оны оқушылардың сөйлеу дағдысына айналдыру – оларды адамгершілікке, инабаттылыққа, сыпайыылылыққа баулуда септігін тигізері сөзсіз.
Қарастырылатын мәселелер:
Тәрбиенің әдістері, тәсілдері, құралдары туралы түсінік.

Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама.

Тәрбие әдістерін жіктеу.

Тәрбие әдістерін таңдап алу шартары.

13 дәріс. Дене шынықтыру мен спортты жетілдіруді жоспарлау.
Жаттықтыру процесінің ұзақтығына байланысты жопарлаудың перспективалық және жедел деген екі түрі болады. Перспективалық жоспарлау айлық (мезоцикл), ал жедел жоспарлау апталық (ликроцикл) және жеке жаттықтыру сабақтарына арналып жасалады. Микроциклге спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстағы спортшының орындайтын міндеті, оның дайындығындағы аралық кіші міндеттер және жыл көлемінде орындалатын үлкен міндеттер сипаты, жүктеменің көлемі кіргізіледі.

Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Жоспарды спогртшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бармүмкіншіліктерін пайдалана біліуі керек. Жылдық жоспардың міндеттері жедел жәржем жасалғанда кеңінен, нақтылы ашыла көрсетіледі. Мезоциклдер 3-4 микроциклдерден құралады да, 2-3 екпінді және 1-2 қалпына келу толқындары түрінде үргізіледі.

Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың неізгі түрі болып келенді. Ол дайындық, негізгі және қортынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты-спортшы денесн негізгі бөлімде өтетін қарқынды, көлемді жұмысқа дайындау. Дайындық жалпы және арнайы деген екі бөлімге бөлінеді. Дайындық бөлімінде әртүрлі жалпы дайындық жаттығулары қолданылады. Мысалы, жүгіру жаттығулары, әр түрлі снарядтармен жаттығу, жалпы жаттығу, екі-екіден топтық жаттығу т.б.

Қазіргі кезде балалар спорт пен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру процесі не, жарыстар өткізугеайрықша көңіл бөлген жөн. жаттықтыру кезінде дене қуаты дайындығы жан-жақты дамытылуға, организмнің жұмыс істеу қабілеті арттырылуға тиіс. Психикалық және дене күші өсіп келе жатқан бала организмінің мүмкіндігіне, жасына, жынысына, дайындық деңгейіне сай болуы керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, жаттығу балалрады жалықтырмайтындай әр түрлі әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет. Организмнің бастапқы қалпына келу тәртібі, жаттықтырушының, дәрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану, дем алу тәртібі қатаң сақталғаны жөн. жаттығулардың бастапқы кезінде толық және қарапайым қалпына тәртібі, дене қуаты дайындығының деңгейі көтерілген соң қатаң қалпына келу процесін жеңілдету үшін күндік микроциклдер пайда болады да, аздап және орта күш түсіру қалпына келу процестерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді. Жыныстық же тілу мерзімі кезеңінде спортшы организмнінің қызметі қатаң бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім ұл мен қызбалаларға өте күш түсіру олардың денсаулығына зиянынын тигізуі мүмкін. Әсіресе қыз балаларға айрықша көңіл бөлген жөн. олардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі, тез әсерленгіш көңіл-күйлері көбінесе етеккір келу циклдердің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында және келген кезде жаттықтыру жүктемелерін азарту. Цикл аяқталған соң, спортшы қыздардың жұмыс қабілетінің тез қалпына келуіне көмектеседі. Ал енді қыз балалар организмінің ерекшеліктері ескерілмей жүргізілген жаттықтыру жұмыстары олардың қабілетін төмендетіп, жаттықтыруға ықыласын азайтады. Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік туғызады.
Дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдысын жетіллдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спорт пен шұғылдану балалардың бойында көпшілдік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, табандылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады. Жас спортшыларды тәрбиелеуде жаттықтырушы ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болады. Тәбиелеу өзгерістері сендіру және дағдылангдыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл-ойында қоғамның талаптарына сай мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртіптері қалыптастырылады. Спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдеттерді бойына сіңіруі керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.
Орындалуын бақылау мен бағалау тексеру туралы жалпы ұғым.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі белгілі бір дидактикалық талаптарға негізделді. Бакылаудың мазмүны мен әдістеріне деген Бұл талаптар үйлесімді баскару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды.
Қазіргі зерттеушілер бақылауға келіскендей дидактикалық талаптар болды. Бақылау мазмүнынң бағдарламалық талапларға сәйкес болуы егер талаптар төмен болса білім беру деңгейі де темендейді ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседі.
Алынған ақпарат мазмүнының обьективтілігі мен анықтығы, оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттігі. Бақылау шапшандығы, жүйелігі мен жариялылығы.
Бакылаудың даралық және ұғымдык формаларын үйлестіру. Алынған ақпарат көлемі бойынша бакылаудың келесі түрлерін ажыратуға болады.
а) жаппай бакылау мүғалім мен окушының жұмыс жүйесінің негізгі компоненттері зертелінеді.
ә) такырыптық бақылау кез келген процестің белімі болып келетін мәселенін талдауы мен байланысты. Мектеп ішіңдегі бакылаудын белгілі бір формалары бар және ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның обьективтьігін арттырып әрбір мүғаліммен түтас педагогикалық үжымның іс-әрекетінің үжымдык бағалауы үшін жағдай жасауы. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болуы керек, ал оқу-тәрбие жұмысының әр түрлі кезеңінде пайда болуы мүмкін киыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері. Оқу процесінің құралды белігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсат оқушылардың оқу жұмысын бакылау мен олардың үлгерімін есептеу. Мүғалімге окушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Окушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді аныктап, мүғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсіддерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән береді, ол мына касиеттермен сапталады: білімнің толықтылығы мен ғылымилығы белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі ұғымы мағлүматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, зандар, теориялар білімдерді меңгеру сапалығы оқушының ғылыми зандар негізінде фактілерді, қүбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді үқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс-әрекет әдіс-тәсіддерін жаңа жағдайларға кешіре алуы, білімдер жүйелігі жаңа түсініктер мен ұғымдардың окушы санасындағы бүдан бүрын игерген білімдермен тығыз байланысы беріктік — жинақталған білімі саны мен іс-әрәкет әдіс тәсілдерін оқушы есінде сақталуы.

Бақылау сұрақтары

  1. Дене тәрбиесінің тәсідцері мен әдістерінің дамуына эсер еткен себептер.
  2. Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесінің даму кезеңдері.
  3. Дене тәрбиесі жүйесінің міндеттері.
  4. Дене тәрбиесінің негізгі бағыттары.
  5. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары.
  6. Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері.
  7. Дене тәрбиесінің құрылысы.
  8. Дене жаттығуларының әсерін анықтайтын факторлар..
  9. Дене жаттығуларының педагогикавлық классификациясы.
  10. Негізгі дене қасиеттері.
  11. Күштің түрлері.
  12. Шыдамдықты анықтау түрлері.
  13. Икемділіктің бөліну түрлері.
  14. Оқыту қағидалары
  15. Окыту әдістері
  16. Сабақтын құрылысы кандай бөлімдерге бөлінеді
  17. Дене тәрбиесі сабағының мазмұнын құрайтындар.
  18. Дене тәрбиесі сабағының педагогикалық бақлау түрлері
  19. Мектептерде оқушылардың үлгерімін бағалау түрлері.
  20. Дене тәрбиесі сабақтарының класификациясы.
  21. Спорттык жаттығулардың құралы.
  22. Спортық жаттығулардың қағидалары.
  23. Алғашқы іріктеу критерилері.
  24. Екінші іріктеу критерилері.
  25. Спорттык жаттығулардың әдістері.
  26. Жаттығу процесінің үлкен циклының қүрылысы (макроцикл)
  27. Шыдамдылыкты анықта
  28. Компоненттердің шапшандығыын ата
  29. Қозғалыс дағдысы
  30. Қозғалыс іскерлігінің жылдамдығы
  31. Техника тиімділігінің педагогикалық өлшемі
  32. Спорттык нәтиженің өсуі
  33. Практикалық қайталау
  34. Қозғалыс каблеттілігінің дамуы
  35. Дене тәрбиесі жаттығуларының кұрылымы
  36. Дене тәрбиесінің теориясы
  37. Қайталау жаттығулары әдісі
  38. Жалпы шыдамдылықты дайындау
  39. Дене жаттығуларын үйрену тәсілдері
  40. Алғашқы нәтижелер дәрежесі
  41. Спорттық нәтиженің өсуі
  42. Дене тәрбиесінін жүйесі
  43. Дене жаттығуларының денеге түсетін әсері
  44. Қозғалыс әрекетін үйрену кезеңі
  45. Білімді кеңейту кезеңі
  46. Дене тәрбиесі сабағының мазмүны
  47. Жаттығудың кұрамы
  48. Дене тәрбиесі сабағындағы кіріспе бөлімі
  49. Дене тәрбиесі сабағындағы қорытынды бөлімі

Дене тәрбиесі сабағында сөзді пайдалану тәсілі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *