Жауынгерлік дәстүрлер — бұл әскер мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп тұратын қағидалары, салттары және мінез-қүлық нормалары. Қазақстанның  Қарулы Күштері жауынгерлерінің маңызды жауынгерлік дәстүрлеріне: өз мемлекеті мен халқына берілгендік, басқыншыларға деген өшпенділік; күшіне сенімділік; әскер мен флотқа сүйіспеншілік; әскери антқа, әскери бөлімнің жауынгерлік туына және әскери  борышқа адалдық; ұрыста жаппай ерлік көрсету; мықты әскери жолдастық, командирді құрметтеу және оны ұрыста қорғау; әскери шеберлікті жетілдіруге және әскери тәртіпті нығайтуға, жоғары қырағылық пен жауынгерлік әзірлікті сақтауға, саяси білім деңгейін жоғарылатуға үнемі ұмтылу; интернационализм және ұжымшылдық сезімі; егемен мемлекетті қорғауға дайын-дық жатады.

Дәстүрлер аяқасты, аз уақытта пайда болған жоқ, олар қазақ халқының үш мың жылдан астам уақытты қамтитын бай тарихи ұрыс тәжірибесімен тығыз байланысты. Жаңа дәуірдің басында-ақ Александр Македонский әскерлеріне күйрете соққы беріліп, ұлы басқыншының Шығысқа қарай жылжуын тоқтатқан әскери құрылымдар болғанын тарихтан білеміз.

VIII ғасырда араб және қытай басқыншыларының Қазақстан жерін қоныстанған мемлекеттерді бағындыру әрекетінен түк шықпады. Түркештер мен қарлұқтар батыл да шебер соғысып, ұйымшылдықпен тойтарыс берді, сөйтіп басқыншылар алға қойған мақсаттарынан бас тартуға мәжбүр болды.

XIII ғасырдан бастап түркі тайпалары түркі-моңғол империясы қүрамына кірді. Тарихи деректерде айғақталғандай, Шыңғыс хан әскерлерінің сол қанатын жауынгерлік өнері мен батылдығы үшін даңққа бөленген қазақ халқының ата-бабалары — түркілер құраған, ал олардың қолбасшылары қарсыласқа тұтқиылдан, тылда және қапталға бойлай еніп шабуыл жасай алуымен ерекшеленетін.

Қазақ хандығы 1465 жылы құрылғанынан бастап Орта Азиядағы жетекші мемлекет болып саналып, көршілері шебер қолбасшылар бастаған қазақ атты әскерінің әскери қуатын сыйлауға және оларды мойындауға мәжбүр болды. Жоңғар әскерлері Қазақ мемлекетіне қарсы басқыншылық соғысты бастай отырып, қанқұйлы да күшті жауларға күйрете соққы бере алатын, тең емес шайқастарда жеңіске жеткен қазақ жауынгерлерінің күші мен қуатын жоғары бағалайды. Сондықтан Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай және т.б. батырлар есімін Қазақстаннан тысқары жерлерде де жақсы біледі.

Қазақта әрқашан епті де ержүрек жауынгерлер көп болған, олар әскери жорықтың барлық ауыртпалығы  мен азабын апта бойы аттың үстінде жүрш көтере білген. Сондықтан да 1916 жылғы көтеріліс кезінде есімдері тарихқа енген Амангелді Иманов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев және т.б. көптеген әскери басшылардың болуы заңды. Ал Азамат соғысынан кейін Қавақстан аумағында Орта Азия және Түркістан әскери округтерінің әскерлері орналасты.

Қарулы Күштеріміздің ерлік тарихы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың танытқантқан ержүректігінен де айқын аңғарылады. Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мың адам кетіп, оның 600 мыңнан астамы  оралған жоқ. Олар Отан үшін, біздіңболашағымыз үшін өздерінің өмірін қиды. Әскери борышқа шексіз берілгендіктің, батылдықтың бірден-бір мысалы — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс басқыншыларының қуатты соққысына төтеп берген Брест қамалы, Мәскеу, (Сталинград, Новороссийск және басқа да қалалардың корғаушылары — қазақстандық жауынгерлердің өшпес өрлігі. Қазақстандықтардың көрсеткен ерлігі мен теңдесі жоқ табандылығы туралы аз жазылған жоқ. Әсіресе Мәскеу түбіндегі 28 гвардияшыл-панфиловшылардың аңызға пйналған ерлігін ерекше атап айтуға болады. Жерлесіміз, саяси жетекші В.Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда — Мәскеу» деген қанатты сөздері бүкіл әлемге өйгілі

Біздің Қарулы Күштеріміздің жас жауынгерлері арда-герлердің лайықты ізбасарлары болды және неміс басқыншыларымен шайқаста өздерін мәңгі даңққа бөлеген батырларымыздың әрқайсысын танып біліп, үлгі тұтады. Олар үшін аты аңызға айналған адамдар — екі мәрте Кеңес Одағының Батырлары — Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов; Кеңес Одағының Батырлары — Б.Момышүлы, Н.Әбдіров, М.Мәметова, Ә.Молдағүлова, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров, А.Сухамбаев және көптеген басқа да адамдар тек тарихи бейне ғана емес, ерліктің жанды үлгісі болмақ.

Соғыс ардагерлері Қ.Қайсенов, С.Нүрмағамбетов, Х.Доспановалар Халық қаһарманы атағына ие болып, Республикалық жоғарғы марапат — «Алтын жүлдыз» белгісінің иегерлері атанған.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, оның ішінде 497 қазақстандық бар, оның 97-сі қазақ; 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *