Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери институттарына төмендегідей азаматтар қабылданады: оқуға қабылдау кезінде 17 жасқа толған, бірақ 21 жастан аспаған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министр-лігінің «Жас ұлан» Республикалық мектебі мен Кадет корпусының түлектері, республикалық әскери мектеп-интернаттарының бітірушілері; өз әскери мамандығы мен қызмет мерзіміне қарамастан, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері мен 23 жастан аспаған запастағы өскери міндеттілер; 25 жастан аспаған, орта білімі бар, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер.

Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген азаматтык жастар түрғылықты жері бойынша қорғаныс ісі жөніндегі аудандық (қалалық) басқармаға оқуға түсу жылының 1 сәуіріне дейін өтініш бере алады.

Әскери басқарудың жергілікті органдары облыстар мен Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларымен бірге, әскери бөлімдер мен мамандандырылған мектептер-дің мамандықтар тізбесі мен қабылдау жоспарының негізінде кәсіптік-бағдарлау жұмысын жүргізеді және оқу істерін рәсімдеу арқылы оқуға түсушілердің тізімдерін жасайды

Жоғары әскери оқу орындарына түскісі келетін үміткерлер дене дайындығы сабағынан нормативтер тапсырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *