Бүйректің веналық гемодинамикасын анықтайтын факторлардың арасында бүйрекке келетін ағыс, сондай-ақ бүйректен жүрекке баратын веналық кері ағыстың жағдайы маңызды рөл атқарады. Магистральдық веналықбағанның саңылауы кішірейген кезде бүйрек венасы бойымен кері ағыстың бұзылуы тоқыраулы бүйректік веналық гипертензияға апарып соғады. Бүйректегі нефроптоз, бүйрек венасының тромбозы, оның тыртықтанып стеноздануы, бүйрек венасының ретроқолқалық орналасуы және т.б. кезіндегі веналық қысымның көтерілуінің механизмі осындай.
Артериялық-веналық фистулалар (туа біткен және жүре біткен) типіндегі бүйректің тамырлық зақымданулары кезінде бүйректің веналық арнасындағы қысым қан ағысының патологиялық артерия-веналық қатынасулар бойымен жалғасуы салдарынан көтеріледі. Мұның өзі фистулалық бүйректік веналық гипертензия деп аталатын немесе жергілікті генезді қосалқы «артериялық»бүйректің веналық гипертензиясы.
Артериялық гипертензиямен ауыратын науқастарда бүйректегі веналық қысымның көтерілуінде рөл атқаратын механизмдер мүлдем басқаша. Бүйрек артериясындағы қанның жоғары тасқыны, қыртыстық қабатта вазоконстрикция туғызатын медуллярлық бүйректік қан ағысын арттыратын симпатико-адреналдық жүйенің көтеріңкі тонусы, қанның артериялықүдете жеткізілуі жағдайында веналық желінің көп мөлшердегі қабылдапалуын қамтамасыз ететін артерия-веналық жалғасудың сан қырлылығы — буйректік емес артериялық гипертензиямен ауыратын науқастардың екі бүйрегіндегі, сондай-ақ нефрогендік гипертензияменнауқастарда зақымдалған бүйрекке қатысты контралатеральды бүйректегі веналық гипертензияның патогенезі осындай. Бүйрек қанының бір бөлігінің қысқа тұйықталып доғалық веналарға құйылуының немесе оның қан ағысына гломерулярлық тамырлар желісіне қарағанда анағұрлым кем кедергі жасайтын шумақтық емес циркуляция жолына ауысуының буйрек үшін компенсаторлық-бейімделгіштік мәні бар, өйткені осы арқылы шумақшалар қиратқыш артериялық тасқыннан қорғалады. Гипертензияныңбұл түрін жүйелік генезді қосалқы
«артериялық» бүйректік веналық гипертензия деп белгілейді.
Көбіне-көп бүйректегі патологиялық процесс ішкі органдық гемодинамиканың күрделі өзгерістеріне әкеліп соғады; бұлар өз кезегінде веналық циркуляцияның ұштасқан кінараттарын туғызады. Бұл орайда ауруға дейін болған немесе ауруға байланысты пайда (болған жергілікті, сондай-ақ жалпы факторлардан туындаған бүйректің веналық гипертензнясының аралас формалары пайда болуы мүмкін.
Бйректегі веналық гипертензняның неғұрлым жиі кездесетін себебі бүйрек венасының стенозы болып табылады; мұның езі бұрынырақта өз алдына бөлек патологиялық жағдайлар деп есептеліп келген бірқатар симптомдармен білінеді.