Лабораториялық және биохимиялық зерттеулер

ӨҚ-ның және БТЖӨЖ-ның ауруларында аталған ағзалардың қалыпты қызметі (функциясы) әр дәрежеде бұзылуы байқалады. Осы ған орай лабораториялық және биохимиялық зерттеулер ауруды диагностикалау сатысында және оның емдеу барысындағы динамикасын, әрі қарай болжамын анықтауда маңызды мәліметтер береді. Осыған орай өт жолдары сырқаттарында бұндай зерттеулер міндетті түрде орындалуы керек. Күнделікті тәжірибелік жұмыста жиі қолданылатын зерттеулер қатарына мыналар жатады.                                       .

Қандағы билирубин мөлшерін анықтау. Қандағы билирубиннің қалыпты мөлшері 1,7—20,5 мкмоль/л аралықтарында жатады. Бауыр мен өт жолдарының сырқаттарында егер олар өт сұйығының қалыпты ағу жолдарында бөгет туғызса, яғни механикалық сарғаю пайда болса, бұл көрсеткіш жоғарылайды.

Зәрде өт пигменттерін анықтау. Қалыпты жағдайда зәрде өт пигменттері болмайды. Егер зәрді зерттеу барысында өт пигменттері анықталатын болса, ол механикалық сарғаюдың бір дәлелі ретінде саналады.

Нәжісте стеркобилинді анықтау. БТЖӨЖ-ның сырқаттарының салдарынан өт сұйығы жеткілікті мөлшерде бауырдан он екі елі ішекке дейін жетпеуінен нәжісте, қалыпты жағдайда болатын, стеркобилин анықталмайды.

Қандағы холестерин мөлшерін анықтау. ӨҚТПА-нда қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 3-7,8 ммоль/л тең.

Қанда белок мөлшерін анықтау. Ұзақ мерзімге созылған ӨҚТПА-нда немесе оның механикалық сарғаюмен асқынған түрінде қандағы белок мөлшері төмендеуі мүмкін (диспротеинемия). Қандағы белоктың қалыпты мөлшері 65-85 г/л тең.

3.2.2 БТЖӨЖ-н аспаптық зерттеу әдістері.

Рентген сәулесімен зерттеу (холецистография, холангиография). БТЖӨЖ-н рентгенологиялық әдіспен зерттеу олар орналасқан аймақты жалпы шолып, көруден басталады. Бүл тәсіл кейбір пациенттерде рентгенконтрасты тастарды (құрамында кальцийі басым тастар) анықтауға мүмкіншілік тудырады (Линденбратен Д.Л., 1980, Милонов О.Б., Грязнов С.Н., 1986, Arianoff A., 1978 т.б.). Дегенмен бұл тәсілдің ақпараттылығы өте төмен (2-3%) болып келеді және қүрамы өзге (холестеринді, пигментті) тастарды анықтамайды. Сондықтан өт қуығы мен өт жолдарын рентгенологиялық жолмен зерттеу, басым көпшілік жағдайларда, адам организміне дәрі-дәрмектер (контрасты заттар) енгізіп, өт жолдарын контрастау арқылы жүргізіледі (инвазивті тәсіл). Өт қуығын рентгенконтрастау тәсілімен зерттеу холецистография, ал өт жолдарын зерттеу холангиография деп аталады. Егер зерттеу барысында өт қуығы өт жолдарымен бірге (түтіктерін) контрастау көзделсе оны холецистохолангиография деп атайды. Контрасты заттарды (билитраст, билиграфин, билигност т.б.) организмге енгізу жолдарының бірнеше түрлерін ажыратады: а) ас қорыту жолдары арқылы енгізу (пероральді жол), б) көк тамырға (венаға) жіберу арқылы және в) инфузионды-тамшылы жолмен жіберу. Осы аталған жолдармен жіберілген контрасты заттар қан ағымымен бауырға жетеді де гепатоциттер арқылы бауыр ішіндегі өт жолдарына, одан соң бауырдан тыс жатқан өт жолдарына жетіп, оларды контрастайды.

Ультрадыбысты зерттеу (УДЗ). Бұл тәсіл белгілі бір жаққа қарай бағытталған ультрадыбыстың жолында консистенциясы қатты, тығыз, яғни эхопозитивті құралымдар (структуралар) кездескенде, оның сол құрамалардан кері шағылуына, яғни жаңғырықтануына негізделген. Кері шағылу, немесе жаңғырық ізі әдебиет көздерінде «акустикалық көлеңке» деп аталады. УДЗ суретінде ол эхопозитивті құралымнан төмен қарай бағытталған жол сияқты болып көрінеді. Сонымен ӨҚТПА — ның УД — тық белгілері өт қуығы ішінде орналасатын эхопозитивті құралым және одан төмен тарайтын акустикалық көлеңкемен сипатталады (13-ші сурет). Эхопозитивтік құралымдардың көлемі мен акустикалық көлеңкенің еніне қарай өт қуығындағы тастардың аумағы мен санын болжауға болады.

УДЗ-дің, рентгенологиялық зерттеумен салыстырғанда, бірнеше ұтымды және пайдалы жақтары бар екеніне көңіл аудару керек. Біріншіден, ол инвазиялық емес зерттеулер қатарына жатады, яғни зерттеу жүргізу үшін ауру адамның организміне қосымша заттарды (мыс. контрасты заттар) жіберу қажеттілігі жоқ. Екіншіден, УДЗ өт қуыгындағы тастарды анықтаудағы ақпараттылылығы өте жоғары. М.И.Кузин және басқ. (1982), Т.Я. Стручкова (1984), Л.В.Поташов, АЖ.Нұрмақов (1993) т.б. бүл көрсеткіш 97-100% — ды құрайды. Үшіншіден, ультрадыбыстың, рентген сәулесіндей, адам организміне тигізетін анық зиянды әсері жоқ (Милонов О.Б. және басқ., 1984, Heman L. 1970), сондықтан оны, қажетті жағдайларда, бірнеше рет кайталай қолдануға болады (Нестеренко Ю.А. және басқ., 1986, По-гашов Л.В., Нүрмақов А.Ж., 1993).

Келесі ретте баяндалатын бір топ зерттеу тәсілдері, негізінен, ӨҚТПА-шың асқынулары пайда болғанда оларды анықтау үшін немесе ӨҚТПА-н. басқа сырқаттармен ажырату үшін (ажыратпа немесе дифференциалдық диагноз) қолданылады, өйткені кейбір жағдайларда (мыс. механикалық сарғаюда) жоғарыда сипатталған зерттеу тәсілдерінің (рентгенологиялық, УДЗ) ақпараттылылығы күрт төмендеп кетеді. Осы себептен диагностикалық мүмкіншіліктерді жоғарылату үшін XX ғ. 70- 80 жылдарында тәжірибелік хирургия салаларына жаңа тәсілдер енгізілді. Солардың сипаттамаларына қысқаша тоқталайық.

Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ). Бұл тәсіл ӨҚТПА-ның механикалық сарғаю асқынуы туған жағдайда өт сұйығының қалыпты ағу жолдарындағы бөгеттерді және олардың орналасқан деңгейін анықтауда өте пайдалы. Бүл тәсілмен, қажет болған жағдайда, ұйқы безі мен оның түтігінің сырқаттарын және олардың даму ақаулықтарын да анықтауға болады. ЭРХПГ фибродуоденоскоптың көмегімен он екі елі ішектің үлкен емізшесі (Фатер емізшесі) арқылы өт жолдарына төменнен жоғары қарай (ретроградты бағытта) контрасты зат жіберген соң өт жолдарын рентгенологиялық суретке түсіру әдісіне негізделген. Өт жолдарында, өт сұйығының қалыпты ағуына кедергі туғызатын тастар (немесе басқа кедергі) орналасқан болса, олар рентген суретінде анық көрінеді (14- ші сурет).

Теріні және бауырды тесу (пункциялау) арқылы орындалатын хо-ланнгиография. ЭРХПГ тәрізді бүл тәсіл де механикалық сарғаюдың себебін анықтау мақсатымен қолданылады. Ол, негізінде, бауыр ішінде орналасқан өт жолдарындағы бөгеттерді анықтауда тиімді. Тәсілді орындау барысы: арнзйы, ұзын және атравматикалық инемен (Chiba инесі) тері қабатын, одан соң бауырды тесіп (пункция) бауыр ішінде орналасқан өт жолдарын табады (шприцке өт сұйығы шығуы). Одан соң өт жолына шприц арқылы контрасты зат жіберілінеді де,  бауыр аймағы рентген суретіне түсіріледі.

Лапараскопия. Тәсіл іш қуысына арнайы аспап (лапараскоп) енгізіп ондағы орналасқан ағзаларды, атап айтқанда, бауырды, өт қуығын және оның айналасындағы тіңдерді көзбен көріп бағалауға негізделген. Лапараскопия бауырда, өт қуығы қабырғаларындағы және оның айналасында туған өзгерістерді, өт қуығы қабынуының түрін, сатысын, асқынуларын т.б. мәліметтерді анықтауға мүмкіншілік туғызады.

Компьютерлік томография (КТ) Бұл зерттеу тәсілі адамдардың организмін құрайтын тіндердің және ағзаларының рентген сәулесін сіңіру коэфициентінің әртүрлі болуына негізделген. Осы негізде электронды есеп машинасының мониторында дене құрылысының әр қабаттарының көлденең кесіліп түсірілген суреттерінде патологиялық ошақты, оның табиғатын, орналасқан орнын, көлемін, басқа ағзаларға қатысын т.б. диагнозға қажет параметрлерді анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *