Әйелдің жыныс мүшелері сыртқы және ішкі деп екіге бөлінеді. Біздің сөз еткелі отырғанымыз негізінен ішкі жыныс мүшелері. Мәселен, еркекпен жыныстық қатынас жасамаған қыздың қынабы жұқа пердемен жабылып тұрады, мұны кыздық пердесі деп атайды. Қыздық пердесінің ортасында бір немесе бірнеше тесік болады. Ол әрқашан да алғашқы жыныс қатынасы кезінде жойылып кетеді, ал босанған кезде одан да […]
Category: Биология
Тыныс алу жүйесі, типтері, маңызы және құрылысы
Тыныс алу — жасушада органикалық заттардың тотығып, тіршілікке қажетті энергияның бөлінуі. Дененің беткі бөлігі жабыны немесе тыныс алу мүшелері арқылы организмнің оттекті сіңіруі мен көмірқышқыл газын бөліп шығаруы газ алмасу деп аталады. Тыныс алуға қажетті оттек өсімдікке лептесік, жасымықшалар, ағаш қабығындағы жарықтар арқылы енсе, жануарларда терісі арқылы (мысалы, шұбалшаңдар), тыныс алу мүшелері арқылы (жәндіктерде демтүтік, […]
Фотосинтезге қажетті жағдайлар
Фотосинтез процесіне қажетті жағдайларды қарастыру үшін жапырақтың ішкі (жасушалық) құрылысы қандай екенін білеміз. Жапырақтың сырты үстіңгі және астыңғы қабықша — эпидермамен қапталған. Қабықшаның сыртын қорғаныш қызметін атқаратын балауыз өңез түріндегі қабат — сірқабық (кутикула) және ұсақ тікенекшелер немесе түктер жауып тұрады. Қабықша жарықты өткізуге, сонымен қатар жапырақтың жұмсақ бөлігін қорғап тұруға қабілетті мөлдір тірі жасушалардан […]
Жапырақтың құрылысы мен қызметі
Сабақта жапырақтар бүйір жағында орналасады. Жапырақтың құрылысы күрделі және ол жапырақ тақтасынан, сағағынан, негізінен және бөбешік жапырақтан тұрады. Жапырақ тақтасы -жапырақтың кеңейген бөлігі. Оның төменгі қысқа сабақ тәрізді бөлігі сағаққа жалғасады. Сағақ кеңістікте өзінің орнын өзгерте алады. Соған байланысты жапырақ тақтасы жарыққа қарай орнын өзгертеді. Сағақтың төменгі жағы жапырақ негізіне жалғасады. Ол жапырақты сабақта ұстап […]
Жануарлардағы қанайналым мүшелері
Жануарлар организмінде заттардың тасымалдануының маңызы. Барлық дерлік жануарлардың организмінде заттардың тасымалдануы мен таралуын қамтамасыз ететін арнайы қанайналым жүйесі бар. Шұбалшаңның қанайналым жүйесі арқа және құрсақ қантамырларынан, олардың арасында орналасқан дененің әрбір буылтығындағы сақина тәрізді байланыстырғыш тамырлардан тұрады. Дененің алдыңғы бөлігіндегі бес байланыстырғыш ірі қантамырлары, ырғақты жиырылуға (соғуға) қабілетті. Олар «жүректің» рөлін атқарады. Сақиналы қантамырлардан көптеген […]
Тірі организмдегі қоректік заттар тасымалы
Біржасушалы жануарларда заттардың тасымалдану ерекшеліктерін амебаны мысалға ала отырып қарастырайық. Ол қозғалғанда цитоплазма жасушаның бір бөлігінен екінші бөлігіне қарай құйылады. Оның құрамында болатын заттар жасушаның бүкіл бөліктеріне таралады және орын ауыстырады — бұл — енжар (пассивті) тасымалдану (53-сурет). Қоректік заттардың бұлай орын ауыстыру механизмі өсімдіктерге ұқсас, бірақ пассивті тасымалданудан басқа белсенді тасымалдану да бар. Тіршілік […]
Минералды тыңайтқыштардағы азоттың, калийдің және фосфордың маңызы
Өсімдіктер де кез келген тірі организмдер сияқты тіршілік ету үшін қоректенеді. Қоректену — бұл өсімдіктерідің қоршаған ортадан неорганикалық заттарды сіңіруі, оларды өзгертуі және тыныс алу, өсу, көбею процестерінде пайдалануы. Өсімдіктердің басым көпшілігіне топырақтық (минералды) және ауалық (фотосинтез) қоректену тән. Топырақтық қоректену — тамырлардың суды және онда еріген минералды заттарды сіңіруі. Топырағында минералды қоректік заттары аз […]
Азық-түліктердегі көмірсулардың, нәруыздардың және майлардың маңызы
Адам организмінде қарапайым заттардан күрделі заттардың түзілу процесі, сонымен қатар күрделі заттардың ыдырауы, тотығуы үздіксіз жүріп жатады. Мүшелердің жұмысы олардың үздіксіз жаңаруымен қатар жүріп отырады — жасушалардың біреуі тіршілігін жойса, басқалары оны алмастырады. Организм жасушалары, егер организмге оттек және қоректік заттар үздіксіз түсіп отырса ғана өсіп, жаңарып отырады. Қоректік заттар бұл — организмді құрайтын құрылыс […]