Әйелдің жыныс мүшелері сыртқы және ішкі деп екіге бөлінеді. Біздің сөз еткелі отырғанымыз негізінен ішкі жыныс мүшелері. Мәселен, еркекпен жыныстық қатынас жасамаған қыздың қынабы жұқа пердемен жабылып тұрады, мұны кыздық пердесі деп атайды. Қыздық пердесінің ортасында бір немесе бірнеше тесік болады. Ол әрқашан да алғашқы жыныс қатынасы кезінде жойылып кетеді, ал босанған кезде одан да әрі жыртыла түседі. Қыздық пердесі жыртылған уақытта шығатын қан перденің қалыңдығы мен қан тамырларының орналасуына байланысты әдетте, тез тоқтай қалады.

Қыздық пердесінен ары, жамбас қуысының ішінде әйелдің ішкі жыныс мүшелері: қынап, жатыр, жатыр трубалары мен аналық бездер жатады. Қынаптың өзі бірнеше кабаттан тұратын ұзындығы 10 — 12 см созылғыш труба тәрізді болады. Оның ішкі жағы кілегей қабықты қатпар-қатпар болып келеді. Қынап жатыр мойнының тесігіне дейін созылып, мойын маңында бұдыр-бұдыр қойнаулар болады. Артқы қойнауы әдетте біраз тереңдеу келеді, мұның физиологиялық ерекше мәні бар, өйткені жыныстық қатынас жасалғаннан кейін осы артқы қойнауда тұқымдық шәуһет жиналады. Ішкі жыныс мүшелері дұрыс қалпында болғанда жатыр мойны осы шәуһетке қарай ашылып тұрады. Мұндай жағдай еркектің тұқымдық клеткасының жатыр мойнына дәл түсуіне себепші болады, сөйтіп бала бітуіне қолайлы-жағдай жасалады.

Өзінің қызметіне қарағанда қынап жатырдың бір айрық тармағы сияқты. Етеккірі осы арқылы келеді, бала да осы аркылы түседі.

Денсаулығы дұрыс әйелдің қынабынан аздаған ақшыл зат қашан да болса үзілмейді. Қынаптағы осы ақшыл заттан кішкентай алып, оны микроскоппен қараса, қынап ішінде таяқша тәрізді көптеген клеткалар мен көптеген микробтар жүретінін көруге болады. Бұл микробтардың зияны жоқ, қайта, бұлар сүт қышқылын жасап шығара отырып, белгілі бір дәрежеде қорғау қызметін аткарады, сүт қышқылы жыныс мүшелерінің ауруын қоздыратын басқа микробтардың пайда болуына жол бермейді.

Өзінің формасы мен көлемі жағынан жатыр кәдімгі шағын алмұрт сияқты. Оның ұзындығы — 7-8 см, ені 4-6 см, калыңдығы 2-3 см болады. Жатырдың өзін — жатыр денесі және жатыр мойны деп екіге бөледі. Жатар мойны деп оның төменгі бөлігін айтады, мұның өзі дәл бір қынапқа салып қойған сияқты болып көрінеді.

Жатыр мойнының қалың жерінен шығып тұратын жіңішке канал бар, бұл канал ішкі-сыртқы жатыр жиегі арқылы жатыр ішін қынаппен жалғастырып тұрады. Жатыр мойнының каналы ішкі жағынан кілегей қабықпен жабылған, осы кілегей қабық ішінде толып жатқан ұсақ бездер болады. Бұл бездерден қоймалжың шырыш шығып тұрады. Бұл шырыш канал бойын түгел толтыра отырып, мойын тығынын жасайды. Ал тығын қынаптан жатырға қарай микробтар өтіп кетпеуі үшін кедергі жасап тұрады.

Жатыр денесінің ішкі формасы үш бұрыштанып келеді. Ол түзіліс ерекше кілегей қабықпен жабылған, бұл қабық аналық бездердің әсерімен циклдік өзгерістерге дүркін-дүркін кезіге береді. Бұл өзгерістер сыртка білініп, етеккірдің келуімнн аяқталып отырады. Әдетте ұрықтанған тұқым жатырдың кілегей қабығына орналасады да, ол сол жерде өсіп, жетіледі.

Жатырдың дені іш қуысында болып, көк етпен жабылып тұрады, сол сияқты көк еттер жатыр трубалары мен аналық бездерді, тағы басқа жақын жатқан органдарды да жауып тұрады. Жатыр мен қынаптың алдыңғы жағында — куық, арт жағынан тік ішек жатады. Демек, жатыр жамбастың кіші куысының ортасында, әдетте тұйық жағы алға карап жатады. Жатырдың осылайша орналасуы оның басқа жатыр тізбектерімен, жамбас шұнқырларының (шат) бұлшық еті және соған тақау органдармен байланысты болғандығынан. Қуықтың немесе тік ішектің аса толып кетуі жатырды осыған сәйкес не алға, не артқа қарай жылжытып жібереді.

Жатыр трубалары жатыр денесінің үстінгі жағынан шығып, жамбастын кіші куысының бүйір кабырғаларына қарай кетеді. Жатырдың калың жеріндегі трубаның іші өте (тек қыл өтетіндей) тар болады. Аналық безге таяп келгенде труба воронка сияқтанып, кеңіп кетеді де, ақырғы ұшы тармақталып барып бітеді. Трубаның ішкі бойы кілегей қабықпен қатпарланып, ол жыбырлаған түкпен жабылып тұрады. Осы түктердің қимылдап, бұлшық етті қабырғаның жиырылуы арқасында аналық ұрық безінен шыққан тұқым клеткасы трубаның іш жағынан жатырға қарай жылжиды. Әдетте әйелдің тұқым клеткасы мен еркектің тұқым клеткасы — шәуһеттер труба ішінде қосылады.

Трубалар жатыр мен қынап арқылы іш қуысын сыртқы ортамен жалғастырады. Жыныс мүшелері қызметті дұрыс атқаратын, денсаулығы жақсы әйелдердің жыныс мүшелерінде бірнеше қорғаныш кедергілері болады, бұлар ішке микроб кетуіне жол бермей, корғап тұрады. Бұл қорғаушы кедергілер дейтіндеріміз: бөгде микроорганизмдердің өсуіне жол бермейтін кынап шырышының құрамы; микроб енуінен қорғап тұратын жатыр мойнының тығыны; жатырдың кілегей қабатының ай сайынғы бұзылысы, бұл кезде жатырға жиналған микроорганизмдер сонымен бірге сыртқа шығып кетеді; жатырдан трубаларға микроб түсуіне кедергі жасап тұратын жатыр трубаларының бұрыштары.

Осындай қорғаушы кедергілердің қызметі әдетте етеккір келіп жүрген кезде, аборт жасатқанда және босанғаннан кейін де бұзыла береді. Мұндай жағдайда гигиеналық режим бұзылып кететіндіктен организмнің корғаушы кедергілерін микроб жеңіп кетеді де, ол бірден барып трубаның ішіне түседі. Сол сияқты, микроорганизмнің іш қуысына өтуіне кедергі боларлықтай, трубаның да қорғаныш құралы бар. Мұндай құралдың міндетін трубаның тармақты ұшы атқарады, ол микробтардың шабуылына қарсылық жасай отырып, бітеле жабысып қалады, сөйтіп микробтың құрсақ қуысына өтуіне кедергі болады. Егер микроб организмге баратын жолындағы осы соңғы кедергіні де жеңіп өткен күнде, жамбас көк етінің қабынып ауыруы сияқты катты ауыру басталып кетуі мүмкін. Алайда труба өзінің осы қорғану қызметін атқара тұрып, өзінен тұқым клеткаларын өткізу қабілетінен айрылады, осыдан келіп бедеулік пайда болады.

Әйелдің жыныс мүшелерінің ең бір маңызды бөлігі — аналық ұрық бездері. Жатыр трубалары сияқты бұлар да екеу болады. Бұлар жатырдың екі жағында сәл арт жағын ала жатады. Аналық ұрық бездерінің ұзындығы әдетте 3-4 см, қалыңдығы 2 см шамасында болады. Аналық ұрық бездері трубаның тармақты ұшынан біраз төменірек жерде жатырға айрықша сіңірлермен байланысып тұрады. Ол жамбас қуысының қабырғасына екінші бір сіңірдің көмегімен бекітілген. Аналық ұрық бездері құрылысының ерекшеліктері микроскоппен зерттеп қарағанда жақсы көрінеді. Аналық без екі қабаттан: үстіңгі қабық қабаты, астыңғы ми тәрізді былжыр қабаттан тұрады.

Былжыр қабатында толып жаткап ұсақ қан тамырлар мен нервтер бар. Қабық қабатына адам организмінің ең үлкен клеткалары — аналық (тұқымдық) клеткалар орналасқан. Бұлар жаңа туған қыз балада 400 — 500 мыңға дейін болады да, ал бәлиғатқа жеткенде көп кеміп кетеді. Аналық клеткаларының басым көпшілігі жойылып кетеді, яғни жыныстық қабілет жетілгенше кеми береді.

Қыздың жыныстық қабілеті жетіле бастаған кезде аналық клетка да өсе бастап, олар фолликул деп аталатын ерекше көпіршіктерге айналады. Бұлардың көлемі жыныстық қабілеттің жетілу дәрежесіне қарай іріліұсақ — әр түрлі болады. Аналық клетка толып жетілген кезінде фолликулден тағы әйелдің жыныстық гормоны — фолликулин бөлініп шығады.

Көпіршік толысып, фолликулдің жетілуіне қарай, фолликул аналық клетканың үстіне таман жылжып келеді, сонда оның көлемі әдетте жасмықтың үлкендігіндей болады. Осы кезде оның сырты жұқара келіп, жарылып кетеді. Бұның ішінен шыққан аналық клетка іш қуысына немесе трубаға келіп түседі.

Фолликулдің барлық жетілу процесі мен аналық клетканың бөлініп шығуын ғылымда овуляция дейді. Әдетте овуляция процесі екі етеккірдің аралығында өтеді. Етеккір төрт аптада бір келіп тұратын болғанда, оның келген алғашқы күнінен санағанда 14 — 16 күнде фолликулден аналық клетка бөлініп шығатындығы анықталған.

Овуляция кезі бала бітуі үшін ең колайлы кез болады. Қөпіршік жарылған жерде аналық клетка босанып шыққаннан кейін сары дене деп аталатын зат өсе бастайды. Мұның пайда болуы: фолликул жарылған жерде пайда болған қуысқа аздап қан құйылады. Осы кезде куыстың ішін қаптап тұрған клеткалар оны толтыра, тездеп көбейе бастайды. Осы қлеткалардың үстіне сары түсті зат жинала береді, сары дене деп осыдан аталып кеткен.

Сары дене овуляциядан кейін, яғни етеккір келер алдында 13-14 күн ішінде әбден толып жетіледі. Оның көлемі сол кезде ірі бұршақтай болады. Өзінің өсіп, жетілген кезінде, фолликул сияқты, сары дене де қанға лютеин гормонын қосып отырады. Сөйтіп фолликул мен сары дене өздерінен гормондар бөліп қосылып жатады. Осыдан барып әйел организмінде еркек организмінен ерекше өзгерістер пайда болады. Бұл гормондар, яғни фолликулин мен лютеин әйелдің күллі организміне әсер ете отырып, жатырдың ұрықтанған тұқым клеткасын қабылдайтын кілегей қабығын әзірлейді. Егер осы кезде бала біте коймаса, онда сары дене де қызметін тоқтатып, білеуленіп, тыртықтанып қалады. Бұл процесс жатырдың кілегей қабығы жарылып етеккір келумен аяқталады. Дәрігерлер тілімеи айтқанда, етеккірді «бала бітпегендіктен жатыр көзінен шыққан қанды жас» дейді.

14-16 күннен кейін жарылған басқа фолликулден жаңа сары дене пайда болады. Аналық ұрық безіндегі циклдік мұндай процесс әдетте әйелде жыныстың қабілеті жетілген шағынан бастап тоқтайтын жасқа келгенше ай сайын қайталана береді. Денсаулығы дұрыс әйелдердің етеккірі екіқабат және бала емізіп жүрген кездерінде ғана келмейді. Амалық ұрық безі алынып тасталған әйелдердің етеккірі келмейді, бала да көтермейді. Сөйтіп әйелдің күллі организмінде, сол сияқты жатырында да болып тұратын өзгерістер ұрық безінің әсерінен болады. Ұрық бездерінің өздерінде болып жататын өзгерістер де (фолликулдер мен сары дененің жетілуі) мишық (гипофиз) гормондарының әсерінен туады.

Әйел организмінің жалпы дамуына гипофиз бен ұрық бездерінен басқа бірқатар ішкі секреция бездері: қалқан безі, ұйқы безі, бүйрек үстінің безі және басқалары да қатынасады. Осы бездердің бәрі де қанға гормондарын қосып отырады. Бұл бездер өзара әбден байланысты, сөйтіп нерв жүйесі арқылы бірінің қызметін бірі ретке салып отырады.

Орта Азия қыздарының етеккірі әдетте 13-15 жастарында келеді. Бірақ соңғы жылдары алғашқы етеккірдің бұдан біраз ерте келетіні байқалып жүр. Мұны күнделікті өмірде гигиеналық жағдайдың жақсаруы мен қыз балалардың спортпен көбірек шұғылдануынан деп түсінуге болады.

Р.С. Аманжолова. «Әйелдер білуі тиіс». — Қазақстан баспасы, Алматы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *