Өсімдіктің тыныс алуы

Тыныс алу деп өсімдіктің тірі ұлпаларында органикалық заттың бос оттегінің қатысуымен ыдырап, С02 және Н20 бөлініп шығуының және бұл процесте өсімдік тіршілігі үшін керекті белгілі қуат босауын айтады. Дем алу — барлық тірі организмдерге тән өте маңызды қызмет. Тіптен сонау XVII ғасырдың бастапқы жылдарының өзінде-ақ Крук атты зерттеуші адам денесін сипаттай келіп: «дем алу процесінсіз […]

Read More

Минералды элементтердің физиологиялық рөлі

Бұрын өсімдікке жеке элементтердің қажеттілігін олардың өсімдік құрамында кездесу мөлшеріне қарай бағалайтын. Бірақ мұндай көзқарастың дұрыс емес екендігі, әсіресе, өсімдікте микро, ультрамикроэлементтерді анықтағаннан кейін толық дәлелденді. Бұл элементтердің қажеттілігі олардың органикалық қосындылардың құрамына енуіне байланысты. Органикалық заттардың құрамына енген минералды элементтер олардың химиялық активтігін ұлғайтып, оларға жаңа қасиет береді. Мысалы, кейбір металдардың белокпен қосындылары — […]

Read More

Калий және кальций туралы мәлімет

Калий қоректік минералды элементтердің ішіндегі негізгілерінің бірінен саналады. Топырақтың қүрамында кездесетін калийдің көп бөлігін өсімдіктер сіңіре алмайды. Өсімдіктер алмаса алатын және суда еритін калийді ғана сіңіре алады. Калий тамыр клеткаларына катион түрінде өтеді. Бұл элементтің көп бөлігі клеткада ион түрінде жиналады, ал басқа бөлігі клетка белоктарымен адсорбциялық байланыс арқылы қосылған. Клетка шырынында калий күкірт қышқыл, […]

Read More

Бактериалды фотосинтез бен хемосинтез

Фотосинтез органикалық затты синтездеудің жалғыз-ақ жолы емес, органикалық затты синтездеудің басқа да жолдары бар — ол бактериалды фотосинтез бен хемосинтез. Кейбір бактериялар мен балдырлар түрлерінде күн сәулесінің энергиясымен көмірқышқыл газынан органикалық заттар синтезделеді. Бұл процесті бактериалды фотосинтез немесе фоторедукция деп атайды. Бактериялды фотосинтездің жасыл өсімдіктер фотосинтезінен өзгешілігі — С02-ні тотықсыздандыру үшін «Н» донаторы ретінде Н20 емес, […]

Read More

Жасыл өсімдіктің ғарыштық рөлі

Жер планетасындағы тіршіліктің негізін қалаушы жасыл өсімдіктер дүниесі десек қателеспейміз. Екінші сөзбен айтқанда, жердегі тірі организм атаулыға өмір беріп тұрған осы жасыл өсімдіктер әлемі екен. Өсімдіктер планетамыздың кез келген жерлеріне таралған, ол тіршілік үшін аса маңызды рөл атқарады. Жоғарыда көрсетілгендей өсімдіктер дүниесінің басты ерекшеліктерінің бірі — олар өзінің өсу мен даму барысында органикалық заттар түзе алады […]

Read More

Фотосинтез және өнім

Өсімдіктер физиологиясының негізгі мақсаты — мол өнім алу. Ал фотосинтез процесі негізінен жоғары сатыдағы өсімдіктерде органикалық заттардың түзілуіне тікелей қатысып, оған үлкен әсер етеді. Оған мысалы, өсімдіктердің құрамындағы заттарға анализ жасау нәтижесінде бұл заттардың 90-95 %-ы фотосинтез процесінде түзілетіні анықталды. Демек, өсімдіктерде фотосинтез неғұрлым активті өтетін болса, өсімдіктің салмағы артады да, түсім соғұрлым жоғары болады.Алайда […]

Read More

Сыртқы орта жағдайларының фотосинтезге тигізетін әсері

Өсімдіктегі фотосинтез процесіне әсерін тигізетін сыртқы орта жағдайларына мыналарды жатқызуға болады: жарық, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура. Жарықтың фотосинтезге әсері. Көміртегінің ассимиляциялануы үшін өсімдікке жарық керек. Мұны байқау үшін ішінде суы бар элодея өсімдігі салынған стаканды күн түскен жерге қойып, біраз уақыт бақылау керек. Бір минутта осы элодея бүтағының жапырақ-тарынан қанша көпіршік шыққанын санауға болады. Егер ішінде […]

Read More

Фотосинтез өнімдері

1870 жылдан осы соңғы жылдарға дейін физиологияда фотосинтездің алғашқы өнімі формальдегид делінді. Осыдан формальдегид теориясы пайда болды. Формальдегид теория бойынша фотосинтез процесінде алғаш пайда болатын өнімі — формальдегид, яки соған ұқсас радикал химиялық формуласы /СН20/ болып келетін заттар. Бұл заттың полимеризациялануы нәтижесівде қантты заттар, ал олардан басқа органикалық заттар пайда болады. Формальдегид теориясының кемшіліктерін жоғарыда атаған болатынбыз. […]

Read More