Қытайдағы қазақ әдебиеті

Қытай қазақтарының әдебиеті — күллі қазақ әдебиетінің бір бұтағы. Шынжаң (жаңа өлке) өңірін мекендеген қазақтардың әдебиеті XVIII ғасырдың бірінші жартысынан белгілі, арғы тарихы қазақ халқының ауыз әдебиетімен сабақтас.Бес мың жылдық тарихы бар Қытай сынды байырғы елдерде түркі әдебиетінің жұрнағы барынша таза күйінде сақталып қалған. Оны «Батыс өңір: Қытайда шығып жатқан «Қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер» […]

Read More

Қазақ көркем публицистикасы

Тәуелсіздікке дейінгі көркем көсемсөз жанрында жазылған шығармалар сол замандағы ресми идеологияның ұстанған бағытынан бір елі де ауытқымастан, Кеңестер Одағының мызғымас қуатын, коммунистік партия мен интернационалистік рухтың биіктігін, Кеңес адамының жасампаз бейнесін жасауға бағытталғаны тарихтан жақсы мәлім. Және «Осындай Совет адамы» деп аталатын айдарларда адамның жай бейнесін ғана емес, кеңестік шындыққа негізделген үлгі тұтарлық мінсіз тұлғаның […]

Read More

Қазақстанның қазіргі драматургиясы

Соңғы жылдары жарық көрген драмалық туындыларға көз жүгірте отырып, біз олардан, ең алдымен, қоғамды ізгілікке тәрбиелейтін парасат иелерін іздейміз. Шындығында, бүгінгі драмалық кейіпкерлер дәл қасымызда, қатар жүрген тіршілік иелеріне — замандастарымызға ұқсай ма? Айрықша өмір өрімімен, қайталанбас азаматтық-адамгершілік келбетімен көз тартатын тарихи тұлғалар тағдыры сахналық туындыға арқау бола алды ма? Бүгінгі отандық драматургияда каһармандық тұғырға […]

Read More

Қазіргі қазақ повесі

Қазақ повесін көрнекті жазушы Қ. Жұмаділов «Тозақ оты» (2009), «Ақтұманың «Ханшайымы» (2009), «Көкжал» (2011) тәрізді тарихи хикаяттарымен байытты. Жазушы «Тозақ оты» хикаятында өзі жақсы білетін тарихи оқиғаларға тағы да қалам тартқан. Мұнда жеке адамнан бастап. адамзат баласының бастан кешкен және кешс бермек қасіреттері баяндалған. Бір кездегі өзгенің тарапынан көрген қорлықтар мен зорлықтардың үнемі еске алына […]

Read More

Қазақстандық этностар поэзиясы

Тәуелсіздік жылдарында қазақ және қазақстандық этнос ақындары ұлттық және жалпыадамдық мәселелерді көтере білді. Кезкелген ақынның шығармаларында ұлттық мәселелер бірінші кезекте тұрса, сонымен бірге олар жалпы адамзатқа ортақ қоғамның өзекті мәселелерін де көтеруге ден қойды. XXI ғасырдың көкейкесті мәселелері адамды ұлтына қарай бөлуді көздемеді.Қазақстанды мекен еткен этностардың бірі — ұйғыр халқы. Қазақ әдебиеті классиктерінен үйренген ұйғыр […]

Read More

Қазіргі қазақ поэмасы

Әдебиет — образ арқылы кейіпкерді таныту. Ал, көркем шығармадағы әдеби кейіпкерлер арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуте болады. Сондықтан да ақын-жазушылардың қаламынан туған шығармалардың тәрбиелік мәні бірінші кезекте тұрады. Кез-келген қаламгер алдымен өз халқының, ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды. Халық пен ұлттың өзекті мәселелері халықтық, ұлттық ауқымнан шығып, жалпы адам баласына ортақ мүдделерге айналады. Адамзатқа ортақ […]

Read More

Қазіргі қазақ сатирасы

Сатира арқылы сол халықтың болмыс-бітімін, тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық жағдайын, тіпті қай дәуірде қандай дәрежеде жүріп жатқандығын білуге болады. Жалпы сатиралық шығармалардың басты ерекшелігі жеңіл юмордан фельетонға дейінгі аралықта бірталай даму сатысынан өтеді. Ол жеке адамның басындағы кішкентай кемшіліктерінен бастап, бүкіл қоғамдық проблемаларды сынға алады. Көбінде қозғағалы отырған объектісін тақырыптарынан-ақ оңай байқауға болады. Әрине, еркіндік, сөз бостандығы жазушылардың шығармашылық көкжиегін […]

Read More

Сырым Датұлы — демократияның негізін қалаушы

XVIII ғасырдың 80-жылдарында Кіші жүз жерінде хандық билік әлсіреді. 1786 жылы 3 маусымда патша Нұралыны хандықтан айырып, Уфаға жер аударды. Сөйтіп 38 жылы Кіші жүздің басым бөлігін басқарған Әбілхайыр ханның үлкен ұлы Нұралының билігі аяқталды. Патша әкімшілігі Кіші жүзде хандықты жойып, қазақтың байырғы басқару жүйесін реформалауға көшті. Кіші жүзде хандықтың жойылуы қазақ даласындағы жеке биліктің […]

Read More