Қазақстандық этностар поэзиясы

Тәуелсіздік жылдарында қазақ және қазақстандық этнос ақындары ұлттық және жалпыадамдық мәселелерді көтере білді. Кезкелген ақынның шығармаларында ұлттық мәселелер бірінші кезекте тұрса, сонымен бірге олар жалпы адамзатқа ортақ қоғамның өзекті мәселелерін де көтеруге ден қойды. XXI ғасырдың көкейкесті мәселелері адамды ұлтына қарай бөлуді көздемеді.

Қазақстанды мекен еткен этностардың бірі — ұйғыр халқы. Қазақ әдебиеті классиктерінен үйренген ұйғыр әдебиеті қазіргі таңда даму, өркендеу устінде. Көрші қонған халықтың басынан өткізген аумалы-төкпелі оқиғаларына куә болған қазақ қаламгерлері олар туралы жазып келеді. Қазақ ақыны Кеңесжан Шалқар ұйғыр халқының тарихы жөнінде «Қашқар қызы» тәрізді төрт дастан жазғаны осының айғағы. Бүгінгі таңда Ж. Бөдеш, Д. Әшімхан, Қ. Жұмаділов, М. Айтхожина, Қ. Қожахметов, Д. Байтұрсынұлы тәрізді қаламгерлер ұйғыр әдебиетін қазақ тілінде сөйлетуде.

Қазіргі таңдағы ұйғыр поэзиясының көркеюіне үлес қосып жүрген М. Абдрахманов, Р. Розиев, А. Изимов, X. Илахунова, И. Жәлилов, И. Ушуров, А. Қутлуқов., Ж. Розахунов, А. Садиров, Т. Нурахунов, Г. Авутова, М. Меримов, С. Искендеров, М. Абулқасимов, И. Тохтияров, И. Жумаев, Д. Музапаров, П. Теипова, П. Махсатова тәрізді ұйғыр ақындардың есімдерін атауға болады. Пәтигүл Махсатова балалар әдебиетіне үлес қосып жүрсе, Рахымжан Розиевтің поэмаларынан қазақ жерін мекен еткен халықтың Қазақстан тәуелсіздігін қуана қарсы алғаны байқалады. Р. Розиевтің «Рухтың құдіреті» дастаны Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналса, «Миң үй» ұйғыр халқының ислам дінін қабылдамаған, будда дініне шоқынған дәуірінен хабар береді. Қаһарлы шах пен оның ұлы Бахадыр арасындағы тартыстар жақсылық пен жамандықтың тартысы ретінде, Шах пен Өмәр жамандықтың, Бахадир мен оның ұстазы Қүмараби жақсылықтың символы ретінде шынайы бейнеленген. Жер бетіндегі жақсылық та, жамандық та адам қолымен жасалатындығын мансапқұмар шах тірлігі растайды. Мыңдаған ұйғырлардьгң төгілген ащы терімен салынған «Мың үй» ңұрылысы сол ұйғырлардың өз қолымен қиратылуы өкінішті. Зәулім де заңғар үйлерді қиратуға қолы барған шахтың қатігездігі, қанішерлігі құдайдан сұрап алған баласын өлтірумен ашыла түскен. Авторлық ұстаным — адам қолымен жасалып жатқан қасіреттерге лағнет айту.

Қазақстанда тұратын ұйғыр халқының да өзекті мәселелерінің бірі ана тілі екендігі анық. Сондықтан да ұйғыр ақындары ұйғыр тілінің жоғалып кету қаупінде тұрғанын жаеыра алмады. Ұйғыр ақыны Абдумежит Дөләтов «Ана тілім» өлеңінде ұйғыр тілі барда ізінің, үмітінің өлмейтініне сенсе, А. Дөләтов «Отанның от басынан басталатынына «Ошақ» өлсңінде көңіл аударды. Ақын аналардың мейірбан жүзі мен халықтың қайғы-мұңында жатқан тарих сырына үңіле отырып, ұйғыр халқының айтылмаған, ашылған сырларына үңіледі. Ақынның «Тар ошақтан басталар бұл кең жаһан!» деген туйіні қазақтың «Отан отбасынан басталады» деген мақалын сске түсіреді. Үмітсіздік қолымыздан алмаса екен, жиырмасыншы ғасырдың соңында ұйғыр халқы үшін бақыт тоқтап қалмаса екен деп тілеген ақын ұйғыр халқының бақытты күн кешуін арман етеді. Ол үшін ана тілім жоғалтпау керектігін сезінеді. Сондықтан да бауырластарын ұйғыр тілін ұмытнауға шақырады.

Илахун Жалилов өлеңдерінің бірсыпыраеына Шығыс Түркістандағы ұйғыр халқының тағдыр тауқыметі негіз болған. Шапқыншылықтан көз ашпаған халықтың рухын көтеруді көздеген ақыи «Бармысың, бабалар мекені» атты шоғырлы өлеңдеріне кірген «Шекара», «Үрімші мешіті», «Рикша», «Сайрам көлі», «Тұрпан», «Хантеңрі», «Кешірме, Отан!» атты өлеңдерінде оларға күш жігер береді. Кезкелген ақын өзі өмір сүрген қоғамның жыршысы екенін ескеретін болсақ, И. Жалилов өлеңдерінен ел басына күн туған қырқыншы жьглдардағы аналар бейнесі мен балалық шағы қиынқыстау кездермен тұспа-тұс келген ақынның замандастарын тану оңай. «Қош бол, ана!», «Анам қазасы», «Өеиет», «Бағдар тәлкегі», «Алдамшы дүние», «Біздің аналар» өлеңдерінде өмірге нәр беруші ойел-аналар бейнесі жақсы еомдалеа, «Солған армандар», «Теріс заман», «Шикі сүт емгсн пенделер», «Өкініш», «Алдану», «Неге!» өлеңдерінде балалық шағын соғыс ұрлаған бір буын өкілдерінің аянышты тағдырлары бейнеленген.

Жәмшит Розахунов халқымен бірге жасап, халқының сөзін сөйлеп, «әдебиет — ардың ісі» екенін шығармаларымен дәлелдеп келе жатқан ақын. Өмірден көргені мен түйгенін кейінгі буынға насихат етуді көздеген ақын шығармаларында адам, қоғам, өмір жайлы философиялық толғамдар басым.

Қазақстанды мекен еткен халықтардың басьш көпшілігі орыстар екені белгілі. Өткен ғасырларда әртүрлі саясатпен жаппай қоныстандырылған орыс халқы бүгінде жергілікті халықтың біраз пайызын құрайды. Олардың Қазақстанға қоныстануының да бірнеше себептері бар. Бірсыпырасы ақ патшаның тұсында қоныетанса, екінші бір парасы сталиндік репрессияның құрбаны болды. 1938 жылы Ақмолада ашылған әйелдер лагеріне тұтқындардың түкпір-түкпірден әкелінгені белгілі. Репрессия құрбандарының естеліктері сол бір ауыр жылдардан біраз мағлұмат береді. Олардың кейбірі өзі жазса, еиді бірінің айтқандарын қолына қалам ұстаған қаламгерлер жазып алған. Осындай бір естелікке жан бітірген өлеңнің жазылу тарихы да қызық. 1938 жылы Бутырская түрмесінен АЛЖИРГЕ ауыстырылған тұтқынның бірі — Гертруда Платайс. 1910 жылы Германияда дүниеге келген, ұлты — неміс. 1938 жылы 5 жылға бас бостандығынан айрылған ол 1946 жылы ғана босатылған. АЛЖИР мұражайының қызметкері айтып берген естелік бойынша жазылған өлең «Курт — драгоценный камень» деп аталады. Оны жазған Ақмола облысының тұрғыны, тарих пәнінің мұғалімі — Раиса Голубева. Бір кұні тұтқындарды Жалаңаш өзеніне қамыс шабуға алып келеді. Оларды көрген үлкен ақсақалдар мен балалар тұтқындарды таспен ата бастайды. Күзетшілер: — Көрдіңдер ме? Сендерді Мәскеуде ғана емес, мұндағы ауыл тұрғындары да жек көреді, — деп сақылдап күле бастайды. Сол кезде сұрініп құлаған бір тұтқын әйелдің мұрнына қатықтың, сұттің иісі келеді. Мұздың үстінде жатып біреуін аузына салып көрсе, дәмі ауызды үйіреді. Ұсақ тастардың сүттен жасалған тағамның бір түрі екенін білген ол әлгі тастарды еңбектеп жүріп түгел теріп алып қалтасына салады да кешке казармаға алып келеді. Келген соң қазақ әйелдерінен сұраса ол шынымен күнге кептірілген қатықтан жасалған құрт екенін біледі. Мұражай қызметкеріне Гертруда Платайс осы оқиғаны көзіне жас ала отырып айтып береді. Осы естелік қатты әсер еткендіктен Раиса ол жөнінде өлең жазады. Автор тұтқындардың аштан өліп қалмағанына сол бір құрттың көп септігі тигенін, олардың жергілікті халықтың қамқорлығы мен қонақжайлығының арқасында тірі қалғандарын шынайы суреттеген:

Я, немка, молилась мусульманскому богу,
Да ничего не просила себе.
Я просила старикам здоровья,
Женщинам-матерям — счастья.
Особенно я молилась за детей,
Чтобы они не видели несчастья.
Я прошла всс круги ада,
Потеряла веру и друзей,
Но одно я знаю,
Что только так и надо воспитывать детей.

Басқа жерлерге жіберілген тұтқындарға қарағанда, Қазақстанға жіберілгендерінің көпшілігі аман қалуын олар жергілікті халықтың қамқорлығынан деп түсіндіреді. Қойшылар қой баққан болып жүріп бүта түбіне бірде нан, бірде ет, бірдс құрт тастап кетіп отырған. Айтуларына қарағанда олар тұтқындарға кай бұтаның түбіне тастағандары туралы белгі қоюды да ұмытпаған. 1930 жылдардағы аштықты, одан кейін жаппай қудалауды, сталиндік зұлматты көрген қазақтар бұл лагерьге халық жауларының жарла-ры емес, ұлтын сүйген жандардың аяулылары тоғытылғанын білді, түсінді. Сондықтан оларға қолдарынан келгенше қамқорлық жа-сады. Неміс қызының бір түнде мұсылман дінін қабылдап, Аллаға құлшылық жасауы, Жаратқаинан жергілікті халыққа тілек тілеуі осының жарқын кврінісі болса керек. Мүражай қызметкері Раиса Жақсыбаеваның айтуына қарағанда бұл лагерьдің тұтқындары 1938-1939 жылдары ғана қаза болған. Ол: — Тұтқындардың дені қарындаш пен қалам ұстаған интеллигенция өкілдері болғандықтан жер жыртып, қамыс жинап, тракторда ауыр жұмыс істеуге жарамағандықтан қайтыс болған, — дейді. Ал тірі қалғандары қазақ деген халықтың жомарттығын, қонақжайлылығын күні бүгінге дейін өз ұрпақтарына түсіндірумен келе жатқанына жоғарыдағы өлең жақсы мысал бола алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *