Әдебиет — образ арқылы кейіпкерді таныту. Ал, көркем шығармадағы әдеби кейіпкерлер арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуте болады. Сондықтан да ақын-жазушылардың қаламынан туған шығармалардың тәрбиелік мәні бірінші кезекте тұрады. Кез-келген қаламгер алдымен өз халқының, ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды. Халық пен ұлттың өзекті мәселелері халықтық, ұлттық ауқымнан шығып, жалпы адам баласына ортақ мүдделерге айналады. Адамзатқа ортақ мәңгілік құндылықтар ұлтқа қарай бөлінбейді, ол — жан біткеннің қазынасы.

Тәуелсіздік тұсындағы қазақ ақындары өздерінің шығармалары арқылы жалпыадамдық мәселелерді көтере білді. Көркем шығармаларға қоғам мен заманнан үлкен орын алатын өзекті мәселелер нсгіз болса, қазіргі қазақ ақындарының шығармаларына арқау болған осындай қоғамдық мәні зор мәселенің бірі — азаттық, бостандық, теңдік. Азаттық пен бостандық тек қазақтың ғана емес, жалпы адамзат баласының арман-мақсаты болғаны белгілі. Қазіргі таңда қазақ ақындары сан ғасырлар аңсаған егемендігіміз жолында қаншама қан төгіліп, қаншама жанның өмірі қыршынынан қиылғанын жан-жақты бейнелеуде. Адамзатқа ортақ бостандық мәселесінің қазақ халқы үшін де орны ерекше. Бұл мәселені ақындар тарихи тақырыптарға жан бітіру, қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан замандастарымыздың тағдырын көркем бейнелеу арқылы шешуге тырысты. Олардың қатарында Қ. Мырза-Әли, К. Салықов, М. Рәш, Н. Ораз, Ж. Бөдеш, Н. Айтұлы, Н. Оразалин, А. Егеубаев, Т. Әбдірахманқызы, К. Ахметова, Б. Жақып, Қ. Аманжол. И. Тасқараұлы, М. Бектемірова сынды ақындарды атауға болады.

Осы мақсатта тарихи поэмаларды көптеп жазган ақынның бірі -Несіпбек Айтұлы. Оның «Тоғыз тарау» жинағына енген «Сардар», «Бердіқожа батыр», «Шақантай», «Сары қаз», «Көкала үйрек», «Ерлік пен тектілік», «Кәмей ұшқан», «Түс — елес», «Игор жорығы туралы жыр» сынды поэмаларының дені тарихи тақырыпты арқау еткені мәлім.

Ал, «Көз жасым» (2006) жинағына «Баесүйектер», «Жасынның сынығы», «Әнім саған — аманат», «Үзілмеңдер, үндістер», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек» поэмалары енсе, «Ерлікке ескерткіш» (2008) кітабынан «Ту» және «Ақмола шайқасы» поэмалары орын алыпты. Тарихи тақырыпқа құрылған поэмалардың негізгі идеясы — жалпы адамзатқа ортақ азаттық пен бостандық.

«Бассүйектер» поэмасында ақын зымыран уақыттың өткеніне көз жүгіртіп, ғасырлардың қойнауына енген тарихтан сыр шертеді.

Ғасырларды сілкіп қалсам шаң басқан,
Шошынамын өз көзіме нанбастан.
Бір ғасырлар қолы шолақ, көзі жоқ,
Бір ғасырлар шойырылған жамбастан.
Бір ғасырлар әрең тұрар орнынан,

Басы-көзін қан басқан…», — дейді ақын. Мүгедек жанның аянышты тағдырын көз алдымызға елестете отырып, қазақтың өткен тарихын мүгедек адаммен пара-пар суреттеуге ден қойған. Мүгедек күй кешкен ғасырлардан хабар беру үшін оларды сөйлетуді көздеген ақын бас сүйектер ортасында отырған антрополог жігіттің алдында жатқан бастарға тіл бітіреді. Жер бетінде бір сәт тыным алмай, бір-бірімен арпалысқан адамдардың кешегі тірлігі өткен тарихымыздан сыр шертеді.

Бас сүйектерден шыққан дауыстар сарнай жөнелгенде бірі: «Аз ғұмырда арпалысып бағып ек, Ойсыз көрге оп-оңай омалды…» десе, келесі дауыс: «Мен — хан едім, Арыстандай ақырған, Жолбарыстай атылған. Жауларымды қоғадайын жапырған, Дүниені қара судай сапырған», — деп сөз бастайды. Басында тәжі тұрғанда өмірді белшесінен басқан хан өмірді сарайымен, малайымен, тәж бен тағымен, алтынымен, бал түнімен қымбат деп түсінеді. «Алтын тақтан — ағайындық садаға!» деп төңірегіне сауысқаннан сақ болған Хан өмірі «әкеге істегеніңнің балаңнан қайтатындығына» иландырады:

Өз қолыммен құртқан едім әкемді,
Туған балам маған ажал әкелді.
Менің басым баспалдақ боп қаланды,

Таққа барар қанды жолға қатерлі. «Жер құдайы — қаһарлы хан жүрегі, мәңгілікке тоқтамайды» деп түсінген ханның гүлзарына хордың қызы түнеген, бұлбұл сайрап саулығын тілеген күндер көзінен бал-бұл ұшады.

Бірінші дауыс қаһарлы ханның өмірінен хабар берсе, екінші дауыс — оған қарама-қарсы өмірі құлдықта өткен жанның зары.

Сорпадайын қайнатты да сорымды,
Қожайыным сорды қан мен сөлімді.
Жон-арқамда қамшысы ойнап қайғының,

Көкірегім қарс айрылып сөгілді, -деген дауыс маңдайының соры бес елі, өмірінде тыным көрмеген, байдың отымен кіріп, күлімен шыққан құлдың аянышты өмірінің көркем бейнесі. Ақын сан ғасырлар теңдік, азаттық аңсаған халықтың арман-тілегін құл аузына салған. Оны поэманың бес шумағының бірінші тармағы «О, Бостандық!» деп басталатынынан байқауға болады. Осы сөзді бірнеше рет қайталау арқылы бостандықтың мәніне назар аударуды көздсген ақынның оны өмірі құлдықта өткен жанның аузына салуы шындыққа жақын.

О, Бостандық!
Бостандық! — деп талпындым,
Сондықтан да дар ағашқа тартылдым,

Немесе:
Жауыздықтың зәбірін,
Көрді меиің, өзім түгіл қабірім.
Білер, сірә, отқа жанса өз ары,

Білмегендер еркіндіктің қадірін… деген жолдар еркіндікті аңсаған бір адамның емес, 300 жылдан аса отаршылдықтың бұгауын киген қазақ халқының тәуелсіздікті көксеген күйінен сыр шертеді. Атеизмнің дәурені жүріп тұрған кеңестік дәуір тұсында ата-баба мүрделерін тегістеп, көрдс жатқан аруақтарға тыным бермегеніміз белгілі. «Қия бассам ашты маған аранын Зындандар мен түрмелер» дейтін құл өмірі, оның аузымен айтылатын бостандық туралы ойлар сан ғасырлар аңсаған азаттығымыз екені жасырын емес. Ақын адам баласы аңсаған азаттықтың құнып бір адамның аузына салуда шеберлік танытқан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *