Ауыз қуысы, көмей және өңештің бастапқы бөлімі бас пен мойын аймағында орналасқан: кеуде қуысында өңештің көп бөлігі, құрсақ қуысында — өңештің соңғы бөлімі, асқазан, жіңішке ішек, соқыр ішек, тоқ ішек, бауыр мен ұйқы безі, кіші жамбас аймағында-тік ішек орналасады. Ауыз қуысы (cavitas oris; stoma; сурет 109) жоғарыдан жұмсақ және қатты таңдаймен, төменнен — тіл мен […]
Category: Медицина
Тұтас жамбас
Жамбас сүйектері, сегізкөз, құйымшақ және олардың байламдары жамбасты (pelvis) түзеді. Жамбастың жоғарғы бөлімі — үлкен жамбас (pelvis major) кең, құрсақ қуысының бөлігі болып табылады, бүйірінен мықындық сүйектердің қанаттарымен, артынан бесінші бел омыртқасымен және бел-мықындық байламмен шектелген, алдыңғы қабырғасын бұлшықеттер түзеді. Төменінде үлкен жамбас кіші жамбасқа (pelvis minor) ауысады. Оларды бөлуші кіші жамбастың жоғарғы апертурасы деп […]
Аяқ сүйектерінің белдеуі
Жамбас сүйегі (os coxae, сурет 29, 30) — қаңқаның барлық қызметтерін атқаратын сүйектердің бірі. Оның тіректік қызметі айқын көрінеді. Ол арқылы дененің жоғарғы бөлігінің ауырлығы аяқтарға беріледі. Жамбас куысыңца орналасқан ағзаларға қатысты жамбас сүйегінің қозғалғыштық қызметі де айқын. Бұл сүйек адамның және жануардың қозғалыстың қызметінің маңызды түйіні болып табылады. Оның кеуекті затындағы қызыл сүйек миының […]
Омыртқалар туралы мәлімет
Омыртқада (сурет 11) омыртқа тесігіне тірелетін денесі мен доғасы болады. Омыртқа денесі шеткі жағынан тығыз заттың жұқа қабатымен, ал ішкі көлемі кеуекті затпен жабылған. Омыртқа доғасының негізінде жоғарғы және төменгі тіліктері болады. Екі көрші омыртқалардың бірігуінен тіліктер омыртқааралық тесік құрайды. Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales; сурет 11, В-Д). Мойын омыртқаларының басқа омыртқалардан айырмашылығы көлденең өсінділерінде тесіктер […]
Омыртқа бағанасы
Омыртқа бағанасы (columna vertebralis) өзінің дамуы бойынша жұлынды айнала орналасып, оған сүйектік орын түзеді (10 сурет). Омыртқа бағанасы дененің тірегі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады, өзінің өзегіндегі жұлынды қорғап, дене мен бассүйектің қимыл қозғалысьша қатысады. Омыртқа бағанасы 32-34 омыртқалардан тұрады. Олар 7 мойын (vertebrae cervicales), 12 кеуде (vertebrae thoracicae), 5 бел (vertebrae lumbales), бір […]
Остеология (сүйектер туралы ілім)
Адам қаңқасы деп сүйектердің жиынтығы мен олардың қосылыстарын атайды. Ол тірек-қимыл аппаратының пассивті бөлігін құрайды, оның активті элементі бұлшықет болып табылады. Еркек адамдарда қаңқасының орташа салмағы 10 кг, ал әйелдерде 6-8 кг құрайды. Адам қаңқасы біліктік және қосымша болып, екі топқа бөлінеді. Күрделірек біліктік қаңқаға — бас қаңқасы, омыртқа жотасы, кеуде торының сүйектері, ал қосымша […]
Адам организмі және оның құрылысын құраушылар
Жердегі барлық тірі организмдердің құрылысында шығуына байланысты өзіндік және жалпы ерекшеліктер болады. Адам және жануар организмі бір-біріне тәуелді дәрежедегі қатарды ажырататын толық жүйені көрсетеді: жасуша — тін — морфологиялық функционалді ағза бірліктері — ағзалар — ағзалар жүйесі. Осылайша, адам және жануарлардың дамуының және құрылысының негізі жасуша болып табылады. Жасуша — тірі заттардың ядродан, цитоплазмадан және […]
Нефрогендік артериялық гипертония
Артериялық гипертензиядан азап шегетін көптеген науқастардың 30-35 процентінде гипертензия бүйрек пен оның тамырларының ауруына байланысты болады (нефрогендік гипертензия). Нефрогендік гипертензияның екі формасы бар: вазоренальды және паренхиматозды (15.1-кесте). Вазоренальды гипертензияның даму негізінде бүйрек артериясы мен оның негізгі тармақтарының туа біткен немесе жүре пайда болған бір немесе екі жақты зақымдануы жатады. Паренхиматозды гипертензия көбіне бүйректің бір немесе […]
