Сорғыш құрттардың тудыратын аурулары

Сорғыш құрттардың қыпалынан туындаған аурулар тобын трематодоздар деп атайды. Трематодоздардың барлығы дерлік ақтық және аралық иелерінің қатысуымен дамиды. Кейбір қоздырушылардың (дикроцелийлер) екі аралық иеде дамуын атап кеткен жөн. Басқа гельминттерден сорғыш құрттардың ерекшелігі- ауыз және құрсақ сорғышының болуында. Алғашқысы әдетте бекіну, қоректену және зәр бөлу міндетін атқарса, құрсақсорғышы құрттың тек мүшеге бекінуін қамтамасыздандырады. Трематодтар- қосжыныстылар. […]

Read More

Жануарлардың таспа құрт тудыратын аурулары

Таспа жалпақ құрттардың ықпалынан болған инвазиялық ауруларды цестодоздар деп атайды. Таспа құрттар табиғатта екі сатыда кездеседі. Ересек, дамып жетілгендері әдетте сүтқоректілердің (үй жануарлары, етқоректілер) ішкі мүшелері мен ағзаларында тоғышарлық етсе, балаңқұрттары сүтқоректілерде, омыртқасыздарда мекендейді. Мысалы,айналмада (тентек, ценуроз) қойдың миында балаңқұрты (құрттың басы суға толы көпіршік) мекендесе, ит, қасқыр, түлкі секілді етқоректілердің аш ішеінде ересегі (денесі […]

Read More

Жануарлардың жұмыр құрт тудыратын аурулары

Жұмыр құрттардың (нематода) тудырған ауруларын немотодоздар деп атайды. Бұл топқа алты туысқа жататын өкілдердің ветеринарлық маңызы бар. Аталған туыстардың көпшілігі ас қорыту (аскаридата, стронгилята, трохицефалата, оксиурата), тыныс алу (диктиокаулиде, цистокаулиде, т.б.) жүйелерінде мекендесе, кейбір жұмыр құрттардың түрлері көзде (телязий), бүйректе (диоктофима), құрсақ қуысында(сетарий), сіңір мен тарамыста (онхоцерка, драшея) тоғышарлық тіршілік етеді. Аскаридатоздар деп үй жануарларының, […]

Read More

Жануарлардың инвазиялық аурулары

Жануарлар ағзасында гельминт (құрт), кене, жәндік және қарапайымдардың ықпалынан туындаған дерттерді инвазиялық немесе паразитарлық аурулар деп атайды. Паразит (тоғыштар) деген сөздің түпкілікті мағынасы – бір ағзаның екінші ағза есесінен күнелтуі. Жер бетіндегі 1,5 млн. жануар түрінің 60-65 мыңға жуығы паразиттер болып табылады. Қазіргі уақыттағы тоғышарлардың көпшілігі ертеде еркін өмір сүрген ағзалардан өздерінің эволюциялық даму сатысында […]

Read More

Төлдердің жұқпалы аурулары

 Диплококктік инфекция – сепсиспен, энтеритпен, өкпе қабынумен және буындардың зақымдануымен сипатталатын бұзаулардың, қозылардың, сипегірек торайлар мен құлындардың залалды ауруы.  Стрептококкозды 1974 жылға дейін ғылыми әдебиеттерде диплококк індеті немесе диплококкоз деп жазып келді. Қазіргі кезде төлдің стрептококкозы деп атайды. Таралуы мен тарихи деректері. Ауру барлық елдерде белгілі, бірақ кең таралмаған. Ауру туралы алғаш жазып және қоздырушыны […]

Read More

Шошқалардың жұқпалы аурылары

Шошқа обасы – жіті түрде дене мүшелерінде қанталау, жітілеу және созылмалы ағымдарында өткенде өкпе мен тоқ ішек қабынуы, қызба, жаппай қанталаулармен сипатталынатын аса жұғымтал вирустық ауру. Тоңазытылған,тұздалған етте екі айдан бірнеше жылға дейін сақталынады. Обаға үй және жабайы шошқалардың барлық тұқымдары мен жастағылары бейім. Аурудың белгіллері. Ауру ағыны көбінесе жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. […]

Read More

Жылқының жұқпалы аурулары

Сақау – жас жылқылардың жақ асты, жұтқыншақ тұсы бездерінің іріңді қабынумен сипатталатын ауру. Жиі түрде екі жасқа деінгілер бейім. Ауру оқиғалары алғашқыда бірен-саран болып, кейіннен көпшілік жабағы, тай, құнандар шалдығады. Қар қалың болып және әлсіз жабағыларды уақытында бөлмегенде мал шығынға ұшырайды. Аурудың сыртқы белгілері. Танау және жұтқыншақ кілегей қабықтары мен лимфабездерінің жіті қабынуы, танау қуысынан […]

Read More

АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Аналық малдың жыныс ағзаларының құрылысы Аналық малдың жыныс ағзалары сыртқы және ішкі мүшелерден тұрады. Сыртқы мүшелерге сарпай (вульва – сыртқы жағы) қынап кіреберісі және шүртекей (клитор), ішкі мүшелерге – қынап, жатыр, түтікшелер, аналық жыныс бездері жатады. Сарпай (сыртқы жағы) екі жыныстық еріндерден және олардың арасында тігінен орналасқан жыныстық саңылаудан тұрады. Қынап кіреберісі – қысқа бұлшық […]

Read More