Жаңа экономикалық жүйенің қалыптасу барысында оның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары мен ел азаматтарының ахуалына, экономикалық және әлеуметтік дамудың арақатынасына, әлеуметтік проблемалардың мәні мен оны шешу жолдарына, өмірдің әлеуметтік құрылымының ұлттық үлгісі мен әлеуметтік саясаттың негіздеріне қатысты мәселелер шешімін міндетті түрде табуға тиіс.

Экономиканың өзі мен оның дамуы жеке адамның мақсаты емес. Экономика адамдардың, әрбір адамның тағдырымен әрі мақсатымен ажырамастай әрі тығыз байланысты. Бұл ең алдымен, адам — өнім жасау мен басқа да қызмет нәтижесін иемдену жөніндегі экономикалық қызметке тікелей қатысушы болуымен байланысты. Екіншіден, қоғам мүшелері сонымен бірге қызмет факторлары мен нәтижесінің меншік иесі болып табылады, сондықтан олар меншік иесі ретінде игілікке ие болуда өздерінің мүдделерін білдіреді. Үшіншіден, қоғамның барлық мүшелері бөлу және қайта бөлу нәтижесінде өздеріне жететін игіліктерді пайдаланады. Адамдардың даму, тұтыну мүмкіндіктері олардың өздері алатын табыспен шектеледі. Төртіншіден, қоғам мүшелерінің экономикалық қызметінің нәтижелері экономиканың шектерініен тысқары да сезіледі — әлеуметтік ортаның дамуы, зейнетақының, жәрдемақының мөлшері экономикада қол жеткізген нәтиежелермен тікелей байланысты. Демек, экономика өзінің мәні бойынша әлеуметтік сала, ал ел азаматтары — экономикалық процестің барлық кезеңдеріне міндетті түрде қатысушы болып табылады.

Алайда экономика мен әлеуметтік дамудың байланысы бұдан да тереңнен басталады. Өйткені адамдар экономикалық қатынастардың да, сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік қатынастардың да мәніне бір уақытта субъектілер ретінде кіреді. Осыны түсіну үшін меншіктің тегінің және қоғамдық институттардың іс-қимылының, нормалары мен ережелерінің ерекшеліктерін білу қажет.

Меншік қатынасының құрылымы күрделі болады. Біріншіден, адам затпен, мүлікпен, игілікпен өзінің немесе бөтен затпен сияқты қатынас немесе объектілік-субъектілік қатынас жасайды. Екіншіден, ол өзінің сол немесе зат меншігіне қатысты басқа адамдармен қатынас немесе субъекті-субъектілік қатынас жасайды. Меншік қатынасы процесінде қоғамдағы құндылықтар жөнінде түсінік қалыптасып, адам өзінің қоғамда алатын орнын жеке бағалайды. Меншік фактісінің өзінен меншікке қатысты басқа адамдар осы заттың меншік иесі болып табылмайды. Алайда бірінші де, сондай-ақ екінші жағдайда да меншік фактісі және демек меншік қатынасы қатып қалған нәрсе емес. Меншік иесі затты уақытша басқа адамға беріп, оны пайдалану мен тұтыну тәртібін реттеу мүмкіндігі, сол сияқты өзінің қалауы бойынша осы заттан бас тартуы да мүмкін.

Нәтижесінде экономикалық қатынастармен қатар адамдардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, яғни олардың бір-бірімен жасайтын қатынасы адамдардың қоғамдағы мәртебесі, игілік, табыс алу мүмкіндігі де өзгереді. Экономикалық және әлеуметтік билік пен қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Демек, экономикалық өзгерістер әлеуметтік бір уақытта өзгерістер сияқты болып көрінеді.

Адамдардың қатынасының экономикалық субъектілердің қатынасы мен сонымен бірге әлеуметтік қатынастар субъектілері ретіндегі екі жақты тегі меншік қатынасындағы емес, сонымен бірге институционалдық қүрылымдарда іске асырылады. Экономикалық қатынастардың сипаты мен мазмүнын дәстүрлер, қоғамдық және саяси ережелер мен нормалар қалыптастрған жағдайда адамдардың экономикалық және әлеуметтік қызметінің байланысы кері сипатта да қалыптасады. Бұл әсіресе қүқықтық реттеуде әсіресе байқалады. Сөйтіп, экономикалық және әлеуметтік дамудың ішкі мазмүны біртүтас. Осы біртұтастық қоғамдық даму тараптарының қарапайым өзара байланысы емес, оны қоғамның екі әр түрлі экономикалық және әлеуметтік саласының өзара байланысы қолдайды.

Осы өзара байланыс жөнінде айтатын болсақ, осы саланың әрқайсысы біршама дербес және өзінің заңдылықтарына сәйкес дамиды. Сұраныс пен ұсыныстың, ақша айналысының, жеке үдайы өндірістің, қоғамдық үйлесімдердің және т.б. өзгерісі экономикалық заңдылықтарға бағынады. Сонымен бір уақытта қоғамдағы элеуметтік қүрылымның, адамның даму мен т.б. өзгеру заңдылықтары олардан өзгеше және олардан тәуелсіз болады. Осы заңдылықтар бір-бірімен үйлеспейді. Экономикадағы өзгерістер мен әлеуметтік саладағы өзгерістер сәйкес келмейді және бір-бірімен сэйкес келе алмайды. Бір жағынан, нарық заңдылықтарына сәйкес өндірушілерді, дәрменсіз өндірушілердің банкроттығы, байлық пен нарықтың кемшіліктерін жою талабына ғана жауап беретін ең аз табыс, мемлекеттің араласу деңгейіндегі айырмашылықтар саралануы тиіс. Екінші жағынан, бүкіл халықтың күн көру үшін жеткілікті табыс деңгейі болуы тиіс, халық жұмыспен қамтудың белгіленген деңгейімен қамтамасыз етіліп, ерлер мен әйелдер тең құқықты болуда, сапалы білім алуы тиіс, ал мұның өзі нарықтың осы сияқты заңдарымен қарама-қайшы келеді. Бұл ретте адамдардың мүдделерін қозғайтын кез келген экономикалық іс-әрекетке олар тиісінше жауап ретінде әрекет жасауы мүмкін. Әлеуметтік өмірдің заңдарын ескермей әлеуметтік өмірде нарық қағидаларын жүйелі түрле қолданған жағдайда экономикалық және әлеуметтік даму еріксіз қарама-қайшы келіп, қоғамда элеуметтік және саяси тұрақсыздық белең алып, ең соңында экономикалық және қоғамдық дағдарыс туындайды. Осыған қарап, әлеуметтік саланың дербес заңдылықтары ескерілмеген «таза» экономикалық тәсілдеме заңсыз ғана емес, сонымен бірге қате деп айтуға болады.

Айтылғанның негізінде әлеуметтік өзгерістердің нарықтың заңдылықтары мен өлшемдеріне бір жақты бағынуы теориялық та, сонымен бірге практикалық жағынан да орынсыз болып табылады. Демек, әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу, экономика мен қоғамның ойдығдай дамуы үшін экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді теңдестіріп, үйлестіріп, біртұтас қарастыру қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *