Франчайзинг — шағын кәсіпкерлікті дамыту түрі

Көптеген адамдардың өзіне-өзі қожайын болатыны туралы ойы оларды меншікті іс ашуға итермеледі. Алайда мүмкіндіктер қандай көп болса, тәуекелдіктер де сондай көп. Алғашқы бес жылда жаңадан бастағандардың үштен екісінің кәсіпкерлігі сәтсіздікпен аяқталатыны есептеліп шығарылған. Жаңа істің сәтсіздікке ұшырауының екі себебі бар: 1) кәсіпкер нарық қабылдағысы келмейтін өнім немесе қызмет ұсынуға тырысады; 2) нарық үшін қызықты көрінген өнімнің маркетингпен қамтамасыз етілуі нашар.

Көбінесе бұл екі себеп те мына екі фактордың салдары болып шығады: 1) кәсіпкерлік бақылаудың сенімді жүйесінің жоқтығы; 2) басшылықтың кәсіби дайындығының жетімсіздігі. Тәуекелдік факторларының әсерін азайту жолдарының бірі — ол бірлескен кәсіпорынға қатысу, оның ішінде, нарықта жетістігін көрсетіп немесе нарықта қабылданатын өнім не қызметтер жасап үлгірген, әрі қаржылық бақылаудың сенімді жүйесі мен осы өнім өндірісін құрған франчайзинг түрінде қатысу.

Франчайзинг — соның нәтижесінде кәсіпкер жұмыс істеп тұрған үлкен өндіріс тізбегіне біріге алатын кәсіпкерліктің әдісі. Франчайзинг ұйымдарының халықаралық қауымдастығы (ФҰХҚ) бұл құбылысқа: «… франчайз беруші белгілі бір кәсіпкерлік қызметпен айналысуға заң тәртібімен құқық беретін, уақыт ішінде жалғасатын өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ франчайз алушыдан сыйақы алу үшін осы қызметті ұйымдастыруда, оқытуда, іске асыруда және басқаруда көрсетілетін көмек», — деген анықтама береді.

Франчайз берушінің өте аз инвестициямен нарыққа тереңірек енуге қол жеткізе алатын қабілеті бар, ал сол уақытта франчайз алушы өзінің кәсіпкерлік қызметін азғантай тәуекелдікпен кең жайып жүргізе алады.

АҚШ-тың Сауда министрлігінің жүргізген есептеулері бойынша, франчайзинг кәсіпорындарының алғашқы бес жылда жабылып қалуы 4% қана екен. Франчайз беруші сараптамалар мен жинақталған тәжірибе арқылы жаңадан басталып жатқан істің сәтсіздіктеріне келтіретін себептердің көпшілігін жоюға мүмкіндік береді.

Франчайзингті екі санатқа бөлуге болады. Біріншісі өнім бөлуді ұйымдастыру ретінде танымал. Бұл санат франчайзингінің мысалы ретінде салқындатқыш сусындар, пайдалануға дайын тағамдар өнімдерін өндіру мен таратуды, сондай-ақ автомобильдер сатуды айтуға болады. Екіншісі кәсіпкерліктің түрі ретінде танылған.

Қонақ қабылдау (қонақжайлылық) индустриясында франчайзингтің екінші санаты көбірек таралған. «Холидей Инн», «Редиссон Хотэлз» қонақүйлері, «Деннис» және «Уэндиз» ресторандары осындай тәсілдің мысалдары бола алады. Франшизаның әр келісім-шартында франчайз беруші франчайз алушыға өзінің нышандарын (символ), «ноу-хауын» және жүйелік қүрылымдарын пайдалану қүқын береді. Әдеттегі талап болып нарықтық стратегияға қатысу саналады. Франчайз беруші кәсіпорынның толық түжырымдамасын немесе жүмыс істеу әдістерін құрса, ал франчайз алушы қолда бар істер мен тәжірибелерді пайдалану қүқын сатып алады. Франчайзинг — ол компания (франчайзер) тәуелсіз адамға немесе компанияға (франчайзи) осы компанияның өнімі мен қызметтерін сатуға құқық беретін бизнесті ұйымдастыру. Франчайзи осы өнімді немесе қызметтерді бизнес жүргізудің алдын ала фразчайзер белгілеген заңдары мен ережелері бойынша сатуға міндеттенеді. Барлық осы ережелерді іс жүзіне асыруға айырбас ретінде франчайзи компанияның атын, оның беделін, өнімі мен қызметтерін, маркетинг технологиясын, сараптама мен қолдау механизмдерін пайдалануға рұқсат алады. Сөйтіп, ережелерді орындау кемшілік емес, керісінше, ережелермен жүру франчайзидің пайда жасай алатын және өзінің салымының пайдалылығын түсінетін тамаша мүмкіндігі бар екенін білдіреді. Ондай қүқықтарға ие болу үшін, франчайзи франчайзерге алғашқы жарна төлейді, содан кейін ай сайынғы жарналарын төлеп отырады. Бұл — жалдаудың өзінше бір түрі, өйткені франчайзи ешқашанда тауар белгісінің толық иеленушісі болмайды, оның жай ғана ай сайынғы жарналарды төлеу кезеңінде тауар белгісін пайдалану құқы бар. Бұл жарналардың сомасы франчайзинг шартында (келісім-шартында) келісіледі, әрі келіссөздер нысанасы болып саналады. Франчайзинг пакеті (бизнес жүргізудің франчайзи беретін толық жүйесі) тиісті кәсіпкердің алдын ала тәжірибесі, білімі немесе осы салада оқығаны болмаса да, өз бизнесін табысты жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

Франчайзер — ол лицензия беретін немесе өзінің тауар белгісін, «ноу-хауы» мен операциялық жүйелерін пайдалануға құқық беретін компания. Мысалы, франчайзер табысты өнім немесе қызметтер, айталық, шапшаң тамақтандыру ресторанының ерекше жұмыс стилін құруы мүмкін. Франчайзер бизнесті зерттейді және дамытады, бизнесті алға жылжыту үшін ақша жұмсайды, жақсы бедел алуға ұмтылады және брендинг деп аталатын танымал бедел-мінездеме (сипаттама) қалыптастырады. Компания өзінің бизнес-тұжырымдамасының жұмысқа қабілеттілігін және бұл бизнестің ұдайы өндірілімділігін дәлелдегеннен кейін, ол осыған ұқсас табысты қайталағысы келетін кэсіпкерлерге оның фразшизасын сатып алуды ұсына бастауына болады.

Франчайзи — ол бизнес құрған кезде франчайзерден оқу мүмкіндігі мен көмекті сатып алатын және тауар белгісін, «ноу-хауды», франчайзердің жұмысын жүргізу жүйелерін пайдаланғаны үшін қызметтік ақы (роялти) төлейтін адам немесе компания. Франчайзи бизнес құру шығындарын өзі төлейді. Франчайзердің материалдар, шығыс қаражаты сияқты маңызды шараларға өте тиімді жеңілдіктер беретіні жиі кездеседі. Бұл жеңілдіктер қашанда франчайзидің франчайзерден өнімдерді төменірек бағамен сатып алуына мүмкіндік береді, әрі, сөйтіп, бизнесті франчайзерсіз дамытуға қарағанда арзанырақ болады. Франчайзи алғашқы жарнаны бизнесті құруға және ашуға көрсетілген көмек үшін төлейді. Франчайзи өзіне франчайзер беретін: сауда белгісін, бизнес-жүйені пайдалану, қолдау көру, оқу және кеңес алу құқы үшін ай сайын жарна төлеп отыруға міндеттеме алады. Егер бәрі де жоспар бойынша іске асатын болса, онда франчайзидің бизнесі сәтті жүреді, оның табысы шығындарынан артық болып шығады.

Франшиза — ол франчайзер франчайзиге сататын толық бизнес-жүйе. Осыған ұқсас жүйенің басқа атауы болып, әдетте, жұмыстарды жүргізу жөніндегі оқу қүралдарын және франчайзерге тиесілі басқа да маңызды материалдарды қамтитын франчайзинг пакеті әрекет етеді.

Компаниялар үшін франчайзинг — ол бизнесті тарату тәсілі. Кәсіпкерлер үшін франчайзинг — ол бизнесті иеленушіге айналу тәсілдерінің бірі. Қазақстан тәрізді дамушы нарықтарда франчайзинг кәсіпкерлерді табысты бизнес жүргізу үшін қажет, іс жүзінде пайдаланылатын стандарттарға оқытудың ең жедел тәсілі болып есептеледі. Франчайзинг ірі және шағын бизнестің үйлесімі ретінде сипатталып үлгірген. Бұндай бірігуді, бір жағынан, жеке кәсіпкердің қуаты мен міндеттемесі бар, ал екінші жағынан, үлкен компанияның қорлары, коммерциялық әлеуеті мен үлкен тәжірибесі бар одақ деп атауға болады. Егер осының бәрін біріктірсек, онда біз куат, жауапкершілік, күш, ресурстар мен тәжірибе, яғни табысқа деген үлкен мүмкіндіктері бар орасан үлкен үйлесімге ие боламыз! Дүние жүзінің кәсіпкерлері франчайзингті төмендегілерді орындау үшін қауіпсіз тәсіл ретінде біледі:

— адамның бизнесті дербес жүргізуіне, бірақ ол ісінде жалғыз болмауына жәрдемдесу;

— компанияларға орасан үлкен әкімшілік кешенін құруға және қамсыздандыруға үлкен шығын жұмсамай-ақ, әрі корпоративтік кәсіпорындардың кең желісін басқаруда қиындық көрместен тиімді кеңеюге көмектесу;

— компанияларға өзінің жұмыс істеп тұрған желісін тиімді жұмыс атқаратын, істеріне адал адамдар жұмыс істейтін желіге, мығым бизнеске айналдыруға көмектесу.

Бизнестің кел келген түрін франшизаға айналдыруға болады. Франчайзингтің халықаралық қауымдастығы франчайзинг әдісін пайдалануға болатын шаруашылықтың жетпіс саласын ажыратып көрсетеді. Оларды түгелдей атап шығудың қажеті жоқ, бірақ сіздер франчайзингтің қолданылатын ауқымын: бухгалтерлік есеп, көлік жөндеу, кітап дүкендері, балалардың киімдері және оларды оқыту, құрылыс, шағын азық-түлік дүкендері, косметика тауарларының дүкендері, білім беру, жұмысқа орналастыру қызметтері, ресторандар, қонақүйлер, кір жуу және үй жинау қызметтері, жеке пошта жәшіктері, фотостудиялар, риэлтор компаниялары, туризм және ойын-сауық, арнаулы құрал-жабдықтарды жалға беру және туристік агенттіктер бойынша түсіне аласыздар.

Франчайзингтің өзара қарым-қатынастары екі тарап үшін де пайдалы бола алады. Франчайзи мейлінше аз шығынмен барынша көп сатуға мүдделі. Франчайзи бизнесті франшиза бойынша жүргізу ережелерін басшылыққа алуға тиіс жэне франчайзер өткізетін жарнама, маркетинг науқандарына қатысуға тиіс. Франчайзер бәсекелес күресте жалғыз франчайзидің қолынан келуі қиын көшбасшылыққа ұмтылып жұмыс істейді. Франчайзер франчайзидің барша назарын өзінің күнделікті операцияларына аудара алуы үшін қажетті қолдау көрсетеді.

Франчайзер тарапынан өзара әрекеттесудің және қорғаудың осындай деңгейіне жету үшін, франчайзи франчайзермен өзара ерекше қарым-қатынастар қалыптастыруға тиіс. Бұл қарым-қатынастар жеткілікті дэрежеде күрделі, бірақ бұл жағдайды барлық маңызды мәселелер бойынша сарапшылар көмек көрсететін президенттің жағдайымен салыстыруға болады. Президент — ол франчайзи. Президент аталған бизнес үшін жауапты. Бірақ президент ешқашанда барлық мәселеде дара маман бола алмайды. Президенттің әрдайым техникалық мәселелер бойынша сарапшылары болып табылатын кеңесшілер тобы бар. Бұл адамдар президенттің өздерінің беделі мен тәжірибесін бағалайтынын, әрі олардың кеңестеріне құлақ асатынын түсінеді. Президент болу үшін, франчайзи төмендегі жеті талапты орындауға тиіс:

1) толықтай президенттің көзқарасын, оның осы бизнестегі мақсаттары мен құндылықтарын қабылдауға тиіс; 2) франчайзерге сенуге және құрметтеуге, ал, өз кезегінде, франчайзердің өзіне деген құрметі мен сенімін тудыруға тиіс; 3) шартта көзделген, айқын белгіленген ережелер мен міндеттерді қабылдауы керек, өйткені шартқа қол қойылғаннан кейін олар ешқандай өзгертулерге және толықтыруларға жатпайды; 4) франчайзермен жұмыс істеуге, араласуға ұмтылуы, өзін бизнеспен белгілі бір міндеттер арқылы байлауға, оған жақсы уақыттарда да, жаман уақыттарда да адал болуға тиіс; 5) франчайзер белгілеген операциялық іс-амалдар мен стандарттарды орындауы қажет; 6) бизнеске жаңа идеялар енгізу (франчайзердің келісімімен) және тұрақты түрде бизнеске күш-жігер салу жолымен жүйенің бір бөлшегіне айналуы керек.

Франшиза сатып алуға мүдделі кез келген адам өзі үшін осындай өзара қарым-қатынастардың қолайлы немесе қолайлы еместігі туралы мәселені шешіп алуға тиіс. Франчайзер франчайзиге қатысты өзіне міндеттемелер алады және кәсіпкерді франчайзи ретінде қабылдайды, сөйтіп, франчайзер: «Мен сізге сенім артамын, сіз біз үшін жақсы салымсыз, мен франшиза заңдарын орындайтыныңызға сенемін, ал мен, егер франшиза заңдарын ұстанатын және біздің тәжірибеміз бен білімдерімізді қабылдайтын болсаңыз, сіздің бизнесіңізді қорғаймыз және өзіңізді бай да бақытты етеміз деп уәде беремін», — дейді.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *