Химиялық қару — бұл кейбір химиялық заттардың уыттылық қасиеттеріне негізделген жаппай зақымдау қаруы. Оларға жауынгерлік уландырушы заттар мен оларды қолдану құралдары жатады.

Қарсыластың химиялық қаруды қолдануының белгілері:

  • жерде және ауада жарылған оқ-дәрілердің әлсіз, тұншыққан дыбысы мен жарылыс кезінде тез сейілетін түтіннің пайда болуы;
  • ұшақ соңынан ілесіп, жерге түсетін күңгірт жолақтар;
  • жапырақтардағы, топыраңтағы, ғимараттардағы, сондай-ақ жарылған бомбалар мен снарядтардың шүңқырларындағы майлы дақтар;
  • өсімдіктердің табиғи түсінің өзгеруі (жасыл жапырақтардың қоңырқайлануы);
  • адамдардың бұл ретте мұрын-жұтқыншақтағы, көздегі тітіркенуді, көз қарашықтарының тарылуын, кеудедегі ауырлықты сезінуі.

Уландырушы заттар (УЗ) — бұл қолданылу кезінде үлкен аумақтағы адамдар мен жануарларға зардап кел-тіруге, әртүрлі құрылыстарға енуге, жергілікті жер мен су қоймаларға залал келтіруге қабілетті химиялық қосылыстар. Олармен зымырандар, авиациялық бомбалар, артиллериялық снарядтар мен миналар, химиялық фугастар, сондай-ақ сұйықтық төгуші авиациялық аспаптар жарақтандырылады. Қолданылған кезде УЗ тамшылы-сүйықтық күйде, газ (бу) және аэрозоль (тұман, түтін) түрінде болуы мүмкін. Олар адам ағзасына тыныс алу, ас қорыту органдары арқылы түсіп, ішкі органдарды, сондай-ақ тері мен көзді зақымдайды.

Адам ағзасына әсер етуіне қарай УЗ жүйелік-салдандырушы (сал болу), тері-іріңдік, түншықтырушы, жалпы уландырушы, тітіркендіргіш, психологиялық болып бөлінеді.

Жүйкелік-салдандырушы әрекетті УЗ (ви-икс — VX, зарин — GB, зоман — GD) адам ағзасына тыныс алу ор­гандары арқылы әсер еткенде не теріге бу түрінде және тамшылы-сұйық күйінде енген кезде, сондай-ақ тамақпен және сумен бірге асқазан-ішек жолына түскен кезде жүйке жүйесін зақымдайды. Олардың жаздағы тұрақтылығы — бір тәуліктен астам, қыста бірнеше апта, тіпті айларға созылатын уақытты қамтиды. Бұл УЗ ең қауіпті болып табылады. Адам өміріне олардың болмашы бөлігі де қауіп төндіреді.

Зақымдану белгілері: сілекей ағу, қарашықтардың тарылуы, тыныс алудың қиындауы, жүрек айну, құсу, дірілдеп-қалшылдау, салдану. Ауыр зақымдану кезінде улану белгілері өте жылдам дамиды. Шамамен бір минут-тан кейін біртіндеп салдануға өтетін қатты қалшылдап-дірілдеу мен естен тану басталады. Адам тыныс алу орталығы мен жүрек бұлшық етінің салдануынан 5-15 минут өткеннен кейін қайтыс болады.

Тері-іріңдік әрекетті уландырушы заттар (иприт, люизит) көпжақты зақымдаушы әрекетті иеленеді. Олар талшықты-сұйықтық жөне бу күйінде тері мен көзді; ты­ныс алу жолдары мен өкпені; тамақпен және сумен бірге түскен кезде ас қорыту органдарына зақым келтіреді. Иприттің сипатты ерекшелігі — жасырын әрекет кезеңінің болуы (зақымдану бірден емес, 4 сагат және одан көп уақыт өткеннен кейін айқындалады). Зақымдану белгілері: терінің қызаруы, ұсақ көпіршіктердің пайда болуы, олар кейіннен ірі көпіршіктер болып өзгереді және екі-үш күннен кейін жарылып, жазылуы қиын жараларға айнал-ды. Ипритке көз өте сезімтал болады. Көзге тамшы немесе аэрозоль түріндегі түскен кезде 30 минуттан кейін ашу, қышу мен аурудың күшеюін сезінуге болады. УЗ тереңдеп еніп, жылдам дамиды және көбінде көру қабілетінен айырады. Кез келген жергілікті зақымдану кезінде ағзаның жалпы улануы туындайды, ол қызу көтерілуден, әлсіреуден білінеді.

Тұншықтырушы әрекетті уландырушы заттар (фосген, дифосген) ағзага тыныс алу органдары арқылы әсер етеді. Зақымдау белгілері: ауыздағы тәттілеу, жағымсыз дәм, жөтел, бас айналу, жалпы әлсіздік. Бұл қүбылыстар зақымдану ошағынан шыққанан кейін өтіп кетеді, зардап шегуші 2-12 сағат бойы ештеңеден күдіктенбестен өзін қалыпты сезінеді. Бұл кезеңде (жасырын әрекет кезеңінде) өкпенің іруі дамиды. Одан кейін тыныс алу шұғыл нашарлайды, мол қақырық бөлінумен жөтел, бас ауруы, қызу көтерілу, дем жетпеу, жүректің қатты соғуы пайда болады. Өліммен аяқталу, әдетте, екінші-үшінші тәулікте басталады. Егер бұл қатерлі кезең өтіп кетсе, онда зақымданушының жай-күйі біртіндеп жақсаруы, екі-үш аптадан кейін жазыла бастауы мүмкін.

Жалпы уландыру әрекетті уландырушы заттар (көгерткіш қышқылы, хлорциан) бумен ластанған ауамен тыныс алу кезінде ғана залал келтіреді (олар тері арқылы әсер етпейді). Зақымдану белгілері: ауыздағы металдық дәм, өңештің тітіркенуі, бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, қатты қалшылдау, салдану.

Тітіркендіргіш әрекетті уландырушы заттар (си-эс—CS, адамсит және басқалар) ауызда, өңеш пен көзде қатты күю мен ауырсынуды, көз жасының үздіксіз ағуын, жөтел туындатады, тыныс алу қиындайды.

Психологиялық әрекетті уландырушы заттар (би-зет — BZ) — орталық жүйке жүйесіне өзіндік әсер етеді және психикалық (елестеу, қорңыныш, селқостық) немесе физикалық (соқырлық, кереңдік) ауытқулар туындатады. Зақымдану белгілері: қарашықтың кеңеюі, ауыздың құргауы, жүрек соғысының жиілеуі, бас айналу, бұлшық еттің өлсіреуі. 30-60 минуттан кейін назар мен жадтың әлсіреуі, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап берудің төмендеуі байқалады. Зардап шегуші сезімталдығын жоғалтады, психоқозғалыстық қозу құбылыстары пайда болады, ол мезгіл-мезгіл қайталанатын елестеу құбылысымен алмасады. Қоршаған дүниемен қарым-қатынасы жоғалады және зардап шегуші шынайы өмірді иллюзиялык жай-күйден ажырата алмайды. Сана бұзылуының (салдары ішінара алжасу немесе жадтан толықтай айырылу болып табылады. Зақымданудық жекелеген белгілері бес күнге дейін сақталады.

Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен жануарлардың жаппай қырылуы орын алатын аумақ шегі химиялың зақымдану ошағы деп аталады. Оның мөлшерлері УЗ-ны қолдану көлемі мен тәсіліне, УЗ-ның үлгісіне, метеорологиялық жағдайларға, жергілікті жер бедеріне және де басқа факторларға байланысты болады.

Әсіресе жүйкелік-салдандырушы әрекетті түрақты УЗ қауіпті, олар бу түрінде желмен айтарлықтай үлкен қашықтыққа (15-25 км және одан да көп) таралады. Сондықтан адамдар мен жануарлар олардан химиялық оқ-дәрілерді қолдану ауданында ғана емес, оның шектерінен алыс  жерлерде де зардап шегеді. УЗ-ның зақымдаушы әрекетінің үзақтығы жел жөне ауаның шығу ағындары күшейген сайын азаяды. УЗ ашық жерлерге қарағанда ормандарда, жыраларда, тар көшелерде үзағырақ сақталады.

Қарсыластың химиялық қаруының тікелей әсеріне ұшыраған аумақ пен үстіне залал келтіретін мөлшердегі зақымданған ауа бұлты таралатын аумақ химиялың зақымдану аймағы деп аталады. Зақымданудың бастапқы және екінші реттік аймақтары ажыратылады. Бастапқы аймақ зақымданған ауаның алғашқы бұлтының әсер етуі нәтижесінде түзіледі, оның көзі химиялық оқ-дәрілер тікелей жарылған кезде пайда болатын бу мен УЗ аэрозольдары болып табылады; екінші реттік аймақ химиялық оқ-дәрілер жарылғаннан кейін қонған УЗ тамшыларының булануы кезінде түзілген бұлттың әсер етуі нәтижесінде пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *