Iciктep (грекше onкos — iciк) жасушалардың тоқтаусыз, шексіз, бақылаусыз көбейіп кeтуi және соның нәтижесінде пайда болатын патологиялық процесс. Тіндердің құрылымының қасиеті зат алмасуының өзгешелігімен сипатталады. Iciк адамдарда, жануарларда, тіпті өсімдіктерде де кездеседі. Iciк өскінінде жасушалардың шексіз ұлғаюы, организмдегі басқа тіндер өсуініңүйлеспеуі, осыдан маңайындағы тіндердің семуі немесе бүлінуі байқалады. Ісіктерді зерттейтін ғылым онкология деп аталады.

Iciктep дамуының себептері — химиялық, физикалық, биологиялық факторлар, бұлардың қалыпты жасушаны iciк жасушаға ауыстыру қабілеті бар. Оларды канцерогендер деп атайды. Өсу қасиетіне және жылдамдығына қарай қатерсіз және қатерлі iciктep болып бөлінеді. Қaтepсіз iciктep шыққан тінінің атауына ома деген жалғау қосылып айтылады (мысалы: остеома, миома, липома, фиброма, т.б.). Қатерлі ісіктердің арнайы атауы бар, мысалы эпителиалдық iciк рак, дәнекер тін ісігі саркома деп аталады.

Қaтepсіз iciк баяу, экспансиялық маңайындағы ығыстырып, метастаз және рецидив бермейді. хирургиялық жолмен сылып тастағанда қайта өспейді. Қaтepсіз ісіктің көлемі ұлғайған кезде ғана маңайындағы тіндері басып, қызметін бұзады.

Қатерлі iciк өте тез шексіз инфильтрациялық өседі, маңайындағы жасушалар аралығына, қан және лимфа тамырларының саңылауларына енеді де, қан мен лимфа арқылы организмде таралып, метастаздар беріп, организмді жүдетеді, кахексияға ұшыратады.

Кахексия мен уланудан организм тез өледі. Сонымен қатар, қатерлі ісікке рецидив беру қасиеті тән.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *