Ұдайы өндіріс жүйесінде инвестициялар өндірістік ресурстарды жаңарту мен ұлғайтуда, сəйкесінше, жоғарғы экономикалық қарқынды қамтамасыз етуде базалық рөлге ие болады.

«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Инвестициялар дегеніміз табыс табу мақсатында материалдық жəне материалдық емес активтерді өндіру үдерісіне физикалық (материалды-заттай) жəне ақшалай нысандарда тікелей жəне жанама түрде капитал салуды білдіреді.

Инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы жəне тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Инвестициялар нəтижесінде табыс (пайда) алынатын немесе əлеуметтік тиімділікке əкелетін кəсіпкерлік қызмет объектісіне салынады.

Инвестициялар қандай да бір экономикалық əсер беруі үшін инвестициялау үдерісіне тартыруы тиіс. Ал инвестициялық үдеріс инвестициялық құралдарды қолдау, кеңейту жəне қайтаөндіруге бағытталған экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұдан инвестициялық үдерістің экономикалық мəні инвестициялық ресурстардың материалдық байлықтарға жəне қоғамдық байлыққа айналуы екенін анықтауға болады.

Инвестицияландыру үдерісін «инвестициялық ресурстар – өндіріс факторлары – инвестициялық қызмет өнімі» сызбасы түрінде сипаттауға болады. Бірінші кезеңде инвестициялық ресурстар кəсіпкерлік бастама мен басқару негізінде өндіріс факторларына айналады. Одан кейін инвестиция-лық- өндірістік үрдіске факторларды тарту арқылы инвестициялық қызмет өнімі шығарылады.

Инвестициялық қызметтің субъектісі болып экономиканың барлық деңгейіндегі инвестициялық үдерістің қатысушылары түсіндіріледі. Кейбір ғалымдар негізгі үш экономикалық субъектілер – инвестициялық ресурстардың тұтынушыларын жіктейді. Олар басқару органдары түріндегі мемлекет, кəсіпорындар мен кəсіпкерлер, сондай-ақ үш шаруашылықтары жиынтығы түріндегі тұрғындар.

Субъектілер заңды жəне физикалық тұлғалар, шетелдік жəне отандық, жеке, ұжымдық жəне институционалдық инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары, өзге мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық ұйымдар болуы мүмкін.

Инвестициялық қызметтің объектісіне мыналар жатады:

— жаңадан құрылатын жəне қайта құрастырылатын негізгі қорлар, сондай-ақ халық шаруашылығының барлық салаларындағы айналым құралдары;

— құнды қағаздар (акциялар, облигациялар жəне т.б.);

— белгілі бір мақсатқа негізделген ақша салымдары;

— ғылыми-техникалық өнім немесе басқа да зияткерлік меншік объектілері; пайда алуга мүкіндік беретін басқа объектіер.

Инвестициялар əртүрлі критерилер бойынша жіктеледі:

— Капитал салу объектісіне байланысты – банктік, бюджеттік, шетелдік, жеке, қарыздық, шаруашылықтың ішкі қаражаты, тартылған;

— мерзімі бойынша – қысқа мерзімдік, орта мерзімдік жəне ұзақ мерзімдік;

— инвестициялау нысаны бойынша – ақша құралдары, мақсаттық банктік салымдар, пайлар, акциялар, несиелер, қарыздар, лицензиялар жəне т.б;

— инвестициялау обектісі бойынша – негізгі жəне айналым құралдарына, өндірістік емес активтерге, құнды қағаздарға, ғылыми-техникалық өнімдерге, мақсаттық банктік салымдар жəне т.б.

Сонымен қатар, инвестицияларды қаржылық (портфельді) жəне нақты инвестицияларға бөліп қарастыруға болады. Қаржылық инвестициялар дегеніміз – мемлекеттің, инвестициялық қорлардың, басқа да ұйымдардың құнды қағаздардан пайда, яғни дивиденд алу мақсатында акциялар мен құнды қағаздарды сатып алуы жəне үстеме пайыз алу мақсатында ақшаны банктің депозиттік шоттарына салуы. Олар өнеркəсіптегі қандай-да бір өзгерістердің болуын қарастырмайды.

Ал, нақты инвестициялар – капиталдық құрылысқа, өнеркəсіпті кеңейту мен дамытуға, жаңа жəне қолданыстағы негізгі жəне айналым құралдарын қайта құру мен техникалық жабдықтауға ақша құралдарын салу. Осылайша, нақты инвестициялар халық шауашылығына бағытталған капитал салымдарын сипаттайды, яғни ұзақ мерзімдік сипаттағы шығыстар. Мұндай шығыстарға өндірістік объектілердің құрылысы, оларды кеңейту, қайта құрастыру мен жаңғырту, құрал-жабдық сатып алу жатады. Капитал салымдары объектіні қолданысқа берген кезден бастап негізігі құралған айналатын нақты инвестицияның құрамдас бөлігі.

Қолдану сипаты бойынша капитал салымдары өндірістік жəне өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік капитал салымдары өндірістік сипаттағы объектілердің құрылысына (ұн тарту, сиыр қора салу); техника, құрал-жабдық жəне т.б. алуға; көпжылдық егістіктерді егу жəне оларды жеміс беру кезіне дейін өсіруге; өнім беретін жəне жұмыс малдарының негізгі отарын құруға жұмсалады. Негізгі мал отарының құруға капитал салымдары өнім беретін жəне жұмыс малдарын сатудан түскен пайда есебінен жүзеге асырылады.

Өндірістік емес капитал салымдарына мəдени, денсаулық сақтау ғимараттарын, тұрғын үй құрылысын салуға бағытталған шығыстар жатады. Өндірістік емес сипаттағы капитал салымдары кəсіпорынның əлеуметтік инфрақұрылымының дамуымен байланысты негізгі құралдардың ұдайы өндірісіне бағытталады. Олар ауыл шаруашылық өндірісінің соңғы нəтижесіне жанама əсер етеді.

Мемлекеттің инвестициялық саясаты – бұл ұдайы өндірістік қызметтегі барлық негізгі агенттердің, кəсіпкерлер мен мелекеттің инвестициялық белсенділігін арттыру, ел экономикасына жəне оның жеке салаларына қажетті күрделі қаржы деңгейі мен құры- лымын қамтамасыз етумен байланысты шаралар мен мақсаттардың өзара жиынтығы.

Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру инвестициялық стратегия мен тактиканы əзірлеуді көздейді. Олар ұлттық инвестиіциялық саясаттың негізгі өзара байланысты жəне өзара толықтырушы элементтері болып табылады. Инвестициялық стратегиялар деп белгілі бір мерзімге алға қойылған негізгі мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін, шектеулі инвестициялық ресурстарды шығындау арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын ірі масштабты шешімдер мен қызметтің белгіленген бағыттарының жүйесі түсіндіріледі.

Белгіленген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикада əртүрлі əдістер мен тəсілдер қолданылады. Инвестициялық тактика дегеніміз инвестициялық стратегияның қандай да бір нақты кезеңінің мақсаттарына қол жеткізу немесе міндеттерін шешуге бағытталған экономикалық-саяси қызметтің тəсілдерінің, əдістерінің жəне нысандарының жиынтығы.

Мемлекеттік инвестициялық стратегияны мемлекет инвестициялық рестуртарды бөлуші, инвестициялық үдерістерді реттеуші жəне бақылаушы негізгі субъектісі болып табылатын инвестициялық стратегия мен тактиканы қалыптастыру арқылы көрініс табатын қатынастардың күрделі жəне тұтас жүйесі ретінде сипаттауға болады.

Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу əдістері мен тəсілдері

Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мемлекеттің экономика-лық қызметінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің мазмұны мемлекеттік органдар алдында тұрған мақсаттармен, сонымен қатар мемлекеттің инвестициялық саясатты жүзеге асыру барысында қолданатын құралдармен анықталады.

Инвестициялық үрдісті мемлекет тарапынан реттеу – бұл экономика-лық өсу мен инвестициялық белсенділікті ынталандыру үшін мемлекеттің басқару органдарымен жүзеге асырылатын заңды – құқықтық, орындаушы жəне бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі болып табылады.

Мемлекет инвестицияларды заңнама арқылы, мемлекеттік жоспарлау, бағдарламалау, мемлекеттік инвестициялар, субсидиялар, жеңілдіктер, несиелеу арқылы реттейді.

Инвестициялық əрекетін мемлекеттік реттеуінің негізгі бағыттары: — инвестициялық əрекетін заңды-құқықты реттеу; — инвестициялық үдерісіндегі қатысушыларының əрекетін реттейтін, бақылайтын басқару жүйесін құрастыру (атқарушы өкімет жүйесінде уəкіл органдарын құру); — экономикадағы инвестициялық климатының тиімділігін жəне тартымдылығын анықтайтын инвестициялық институттарын құрастыру; — мемлекеттік инвестициялық стратегиясын даярлау жəне барлық мемлекеттік реттеу жүйесін оның орындауына келтіру. Мемлекет саясатының барлық бюджеттік, салықтық, несиелік, ақшалық, сыртқыэкономикалық инструменттері қойылған талаптарын шешуге бағытталған болу керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *