Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «…Еңбек етуші халықтың 60 пайызы шағын жəне орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады» — деген сөзі кəсіпкерлікті өмірге енгізудің формуласы деп санауға болады.

Шағын кəсіпкерлік қашанда қалыптасу кезеңінде мемлекеттік жəне қогамдық қолдауға зəру. Осы саладағы мемлекеттік шаралардың орталық орнын шағын нарықтық инфрақұрылымды дамыту алады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын кəсіпкерлік ұлттық экономикада маңызды қызмет атқарады: — сұраныс пен ұсынысты тендестіру арқылы нарықтық қатынастар өндірісінің негізгі тетігін қамтамасыз етеді; — жалпы ұлттық өнімнің жартысынан көбін өндіреді; — 70 пайызға дейін жұмыс орнын құрайды; — адам ресурсы мен инновациялық күштерді белсендендіруге елеулі əсер етеді.

Кəсіпкерлікті дамыту мен қолдау багдарламаларын жүзеге асыруда Тəуелсіз Қазақстан құрылған сəттен бастап кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың тарихы төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады: — алғашқы кезең – 1992 жəне 1994 жылдар аралығы; — екінші кезең – 1994 жəне 1996 жылдар аралығы; — үшінші кезең – 1997 жəне 2000 жылдар аралығы; — төртінші кезең – 2001 жəне 2003 жылдар аралығы; — бесінші кезең – 2004 жəне 2007 жылдар аралығы; — алтыншы кезең – 2008 жылдан бастап осы уақытқа дейін.

Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет төмендегідей шаралар жүзеге асырған болатын:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 6 наурызында № 3398 «Шағын кəсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту мен оны дамытуды жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қабылданған болатын, ол шағын кəсіпкерлікті колдау мен дамыту шараларының мəртебесін мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылыққа ие саласы ретінде бекітті жəне жүргізіліп отырған шараларды ең алдымен тұрғындардың жұмыспен қамтылуына, соның əлеуметтік проблемаларын шешу мен белсенділікті дамытуға, тұтынушылар нарығын тауарлар мен қызметтердің кең ассортиментімен толықтыруға бағыттады;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1997 жылдың 26 сəуіріндегі № 665 Қаулысымен «Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын» құрды.

3. 1999-2000 жылдарға арналған Шағын кəсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол өзінің нарықтық экономикадағы ерекше рөліне орай дəл осы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын белгілеген болатын.

4. 2001 жылы Қазақстан Республикасындағы 2001-2002 жж. арналған шағын кəсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі кезекті мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, ол шағын кəсіпкерлікті қолдау мен қорғаудың құрылып отырған инфрақүрылымның тиімділігін арттыруды, шағын кəсіпкерлік саласындағы нормативтік қққықтық актілерді жетілдіруді, шағын кəсіпкерлікті қолдаудың каржы-несиелік тетіктері мен инвестициялық саясатын жетілдіруді, шағын кəсіпкерлікті мамандармен, ғылыми-əдістемелік жəне ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуді, аймақтардағы шағын кəсіпкерлікті дамытуды көздеген болатын.

5. Шағын кəсіпкерлікті одан əрі дамыту мақсатында 2004 жəне 2007 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекет шағын кəсіпкерлікті жақын келешекте қолдаудың негізгі бағыттарын, соның ішінде кəсіпкерлік қлиматты, бəсекелес ортаны, қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыруды белгіледі, бұлар жекеменшік секторды жоғары қосылған кұнға ие өндірістерді құруға ынталандырып отыруы белгіленді. Қазақстан Республикасындағы 2004-2006 жылдарға арналған Шағын кəсіпкерлікті дамыту мен колдаудың кезекті мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның шараларын орындау шеңберінде шағын кəсіпкерліктің əртараптандырылуға ауысуына, салалығын кеңейтуге, инвестициялық ағымдарды жаңа салаларға көшіруге, шағын кəсіпкерлік кəсіпорындарының активтерін арттыруға, ғылыми еңбекті қажет ететін экспортқа бағытталған өндірістерді құру жəне шағын кəсіпкерлік өнімдерінің (жұмыстарының, қызметтерінің) сыртқы нарықтарға шығуына арнап институционалдық жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер койылды.

6. 2004-2006 жылдарға арналған Шағын кəсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасындағы шаралардың аяқталуын күтпестен Үкімет тағы бір бағдарламаны қабылдады – бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауына сəйкес əзірленген 2005-2007 жылдарға арналған Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға арналған жедел шаралар бағдарламасы. Бағдарламада шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі аса тиімді шаралар ескерілді, бұл шаралар «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриалдық- инновациялық даму стратегиясы» мен 2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясына негізделген мемлекеттің жүзеге асырып отырған макроэкономикалық саясатымен кисынды түрде үйлесуде.

2007 жылдың соңынан бастап мемлекет əлемдік қаржы дағдарысына орай туындаған шағын жəне орта кəсіпкерлікке арналған несиелік құралдардың тапшылығын азайту мақсатында шағын жəне орта кəсіпкерлікті жеңілдетілген шарттармен несиелендіру мақсатымен қаржыларды екінші деңгейлі банктерде негізделген түрде орналастыру бағдарламасын жүзеге асыра бастады, аталмыш бағдарламаның операторы ретінде «Даму» қоры белгіленді.

Шағын кəсіпкерлікті дамыту қоры Үкіметтің, қазақстандық заңды тұлғалар мен кəсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік жəне үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кəсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту жəне жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6-наурыздағы Жарлығын орындау мақсатында құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын кəсіпкерлік жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттары шарттасу арқылы орналастыру жолымен кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың 1 маусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кəсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.

Қор іске асыратын бағдарламалар: Қазақстанда шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша шағын кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы секторы үшін халықаралық қаржы институттарының кредиттік желісі; бюджеттік қаражаттардан шағын кəсіпкерлік субъектілерін (соның ішінде əйел кəсіпкерлігін) кредиттеу бағдарламасы; Қордың меншікті қаражаттары есебінен шағын кəсіпкерлік субъектілерді кредиттеу, соның ішінде: — факторинг; — қаржылық лизинг (таза жəне қайтарылатын лизинг); — дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру; — екінші деңгей банктерімен шағын кəсіпкерлік субъектілердің жобаларын ортақ қаржыландыру; — шағын кəсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қайта қаржыландыру; — шағын кəсіпкерлік субъектілер іске асыратын франчайзинг жобаларын қаржыландыру; — жұмыс істеп тұрған бизнестің айналым қаражаттарын қаржыландыру; — шағын кəсіпкерлік субъектілердің шығындарын кейін 50 пайызға дейін өтейтін сапаның халықаралық стандарттарын енгізуді қаржыландыру; — шағын кəсіпкерлік субъектілерді қолдау инфрақұрылымының қатысушыларын кредиттеу; — оралмандар, жастар, зейнеткерлік жастағы əлеуетті кəсіпкерлер, қолөнершілер, мүгедектер іске асыратын жобаларды қаржыландыру; — Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру; — əкімшіліктермен бірлесіп шағын кəсіпкерлік субъектілерді ортақ қаржыландыру бағдарламасы; — микрокредиттеу; — кепілдік беру.

Шағын кəсіпкерлікті дамыту қоры шағын кəсіпкерлік субъектілері үшін оларға екінші деңгей банктерінде кредиттер алу кезінде кепілдіктер береді. Бұл тетікті енгізу шағын бизнес сферасына ресурстардың үлкен көлемін тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге Қазақстанда сақтандыру компаниялары қызметтерінің аясын кеңейту үшін қозғау салады.

Лизинг — Қордың қаржылық қызметі бағыттарының бірі; ірі лизингтік компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын бизнестің қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы – төмен пайыздық мөлшерлемесінде жəне мəміленің ең жоғары сомасына шектелімдердің жоқтығында.

Қордың өңірлік филиалдарының торабы, кəсіпкерлік тəжірибесін тарату республикалық оқу орталығы, оқу-əдістемелік, ақпараттық, талдамалық жəне консалтингтік қолдау көрсететін өңірлік орталықтары бар.

Бүгінгі күнде кəсіпкерлер салық заңнамасын қолдануда бірталай мəселелер бар екенін, оның ішінде жеңілдіктер мен преференцияларды қолдануда, қосымша құн салығына қатысты міндеттерді орындауды жетілдіру қажеттігін айтады.

Кəсіпкерлікті дамыту саясатын жүзеге асыру жолында «Бизнестің жол картасы — 2020» Бағдарламасы кəсіпкерлікті қолдауда маңызды құрал болып табылады. Осы бағдарлама аясында, кəсіпкерлерге қолжетімді несиелік ресурстарды алуды жеңілдету мақсатында шағын жəне орта кəсіпкерлік үшін несиелерді кепілдендіру ісін қолға алу қажет. Істерін жаңадан бастап жатқан кəсіпкерлер мен жас азаматтардың инновацияны енгізгісі келетіндерін қолдаудың кепілдендіру тетігін қолдану мен гранттар беру секілді жаңа құралдары енгізілуі тиіс. Шағын қалаларда кəсіпкерлікті жандандыруға бел буған шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдауды салалық ерекшеліктеріне қарамастан жүргізу қажет.

Шағын кəсіпкерлік субъектілерін жөнсіз тексеруді тоқтату шаралары жалғастыра түсу қажет. «Е-лицензиялау» жобасын енгізу, біртіндеп рұқсат берудің электрондық нұсқасына көшу, ал ең көп қолданылатын түрлерін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жасатуға көшіп жатыр. Осылайша рұқсат беру жүйесін реформалаудың жаңа принциптері енгізілуде.

Кəсіпкерлік қызметті одан əрі оңтайландыру аясында рұқсат берудің тізімдері қолға алынған істің қауіптілігіне қарай жасалуы тиіс. Осылайша мемлекет өз тарапынан бизнес-қауымдастықты белсенді өзара қарым-қатынас принципінде қайта құруға бет алады. Электрондық сауданы (коммерция) дамыту мəселесіне қатысты құқықтық негіз жасалуы тиіс.

Ауыл шаруашылығында шаруалардың өндірген өнімдері ешбір делдалсыз тұтынушыға жеткізу – азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендетер еді. Шағын кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеу – шағын кəсіпорындардың өндірістік жəне инновациялық іс-əрекетіне сай негізгі рыноктық тетіктер қалыптасатын қаржылық жəне экономикалық реформаның екінші кезеңінің мəселесі. Шағын кəсіпкерліктің дамуының бастапқы кезеңінде бірінші кезекте шикізатты өңдеу жəне өнім мен тауарларды өндірумен біріктірілген шағын кəсіпорындар желісін қолдау қажет. Бастапқы уақытта меншіктегі қаржы- қаражаттарының жетіспеушілігі шағын кəсіпорындардың жаңасын кұру жəне іс-əрекеттерін дамыту үшін негізгі кедергілердің біреуі болып тұрады. Бастапқы капиталдың жетіспеушілігі, қаражат жинақтаудың шектелген мүмкіндіктері, қаржылық-несиелік ресурстарға қол жеткізудің қолайсыз шарттары салдарынан шағын кəсіпорындар өзіндік даму үшін ішкі стимулға, жаңа тауар рыногын игеру, нарықтық өндірісті жетілдіру жəне өнім сапасын арттыруға мүмкіндігі жоқ. Осы фактор шағын кəсіпорындарды өндірістен сауда жəне қаржылық салаға ауыстыру, көлеңкелік рынокты жəне ақша қаражаттарының есептелмеген айналысын дамыту сияқты проблемаларға тікелей алып келеді.

Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тəжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын жəне орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық жəне өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық үдерістің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нəтижесінде шағын жəне орта кəсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.

Қазіргі таңда шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан əрі экономикалық жəне саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кəсіпкерлік ортаны одан əрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын жəне орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері əлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр. Əрине, қазіргі уақытта қатаң нарықтық экономика аясында өзін-өзі сақтандыру, өзін- өзі көрсете білу, бəсекелестікке төтеп беру үшін банктер тарапынан біраз жұмыстар жасалуы қажет. Ал, коммерциялық банктердің шағын бизнесті несиелеу тетігі мəселелеріне əлемдік тəжірибеде кеңінен қолданылатын əдістемелік нұсқауларды ендіру керек. Ал коммерциялық банктер экономиканың нақты секторын несиелеуі ұлттық экономиканың өсуіне қосқан үлесі болмақ. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттіктерінің шаруашылық өмірі үшін əрі тиімді де пайдалы.

Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кəсіпкерлік қызмет субъектілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын жəне орта кəсіпорындармен жұмыс істетуді көздейтін жалпыұлттық институттар құрылуда. Шағын жəне орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы «Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту қоры» құрылып, табысты жұмыс жүргізуде. Кəсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Кəсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жəне бизнестің билікпен арадағы іс- қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған “Жеке кəсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кəсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруды көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жəне салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Мəселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын жəне орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдарламалар əзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілуде.

Мемлекетке елдегі шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуды одан əрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді шешуге тура келеді. Жоспарлы түрде, заң жүзіндегі бастамалар арқылы жəне қазірде күшінде тұрған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын жəне орта кəсіпкерліктің ЖІӨ құрылымындағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемлекеттің экономикалық жəне саяси тұрақтылығының берік іргетасы – орта тапты нығайту қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында кəсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау үщін келесідей алғы шарттарын айқындап берді. Шағын жəне орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек. Іскерлік мəдениетінің деңгейін көтеру мен кəсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *