Кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы стратегиясы және құрылымдық қайта құрылуы. Шетелдік инвесторлар өздерінің қаражаттарын машина жасау саласына салмайды, өйткені, бұл жағдайда, өзінің елінде немесе үшінші әлем елдерінде меншікті өндірісі бола тұрып, олар өздеріне бәсекелестер тауып алар еді. Бұл шетелдік инвестордың машина, құрал-жабдықтар және тұтыну тауарларын жасаумен айналысатын өндіріс саласына келуі мүмкін емес (жекелеген жинастыру конвейерлерін беруі мүмкін), яғни бұл салалардың дамуын «өз күштеріне сүйену» бағытын ұстаған жағдайда ғана күтуге болады.

Шығарылатын өнімнің номенклатурасын жаңарту және кеңейту, бұрыннан таныс емес нарықтарды игеру, тиімсіз бағыттарды жою, жаңа қосылыстар мен бөлінулерді ұйымдастыру -ірі кәсіпорындардың өміріндегі әдеттегі іске айналады. Бұл жағдайларда кәсіпорын үшін өзінің ұйымдық құрылымын жетілдіру және өзгерту қажеттігі пайда болады.

Құрылымды қайта құру, экономикалық менеджментті өзгерту компания стратегиясын талдаудан басталады. Стратегия — ол ұйымның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті іс-әрекеттердің жинақталған үлгісі. Корпоративтік стратегияның түрлері — өзара байланысты әртараптандыру, өзара байланысты емес әртараптандыру, сатылас ықпалдастық. Әртараптандыру стратегиясы компанияның басқа салаларға енуін көздейді. Өзара байланысты әртараптандыру кезінде фирма синергия пайдасына (тұтастықтың пайдасы) жету мақсатында қызметтің техникалық және коммерциялық бағыттарындағы жұмысымен байланысты жаңа түрлерін іздестіреді.

Өзара байланысты емес әртараптандыру стратегиясын іске асыру барысында фирмалар дәстүрлі өндірістік және коммерциялық сала шектерінен шығып, қызметтің технология саласында да, сату/өткізу саласында да бар түрлерімен байланысы жоқ жаңа түрлерін іздестіреді. Әртараптандырудың бұл түрі қаржылай нэтижелер алу үшін жүзеге асырылады. Бұл жағдайда компания өзінің бизнестері үшін, бірінші кезекте, капиталдардың ішкі нарығын қалыптастыру көмегімен қосымша артықшылықтар құрады.

Бас кеңсе қаржылай ресурстарды жекелеген кәсіпорындардың арасында тиімді етіп қайта бөлуі мүмкін. Қанықтырылмаған нарық жағдайында өзара байланысты емес салаларда жаңа кәсіпорындар құру өтпелі кезеңде кең қолданысқа ие болды.

Сатылас ықпалдастық — ол компания өзінің шешуші бағыты үшін ресурстарды және құрамдас бөлшектерді өндіруді бастайды (кері ықпалдастық), немесе негізгі өнімді қайта өңдеу үшін кәсіпорын, немесе оны нарыққа ілгерілету үшін сату-өткізу құрылымдарын құрады не сатып алады дейтін стратегия (алға қарай ықпалдастық). Корпорация аясында қызметтің технологиялық тұрғыда байланысқан бағыттарының өнім құру тізбегі бойынша жоғары және төмен бірігуі орын алады. Құрылыстық машина жасау саласында пайдаланылатын көптеген технологиялық үдерістерді үш топқа ажыратуға болады.

Бірінші топ — ол солардың көмегімен зауытқа келіп түсетін материалдардың негізгі ауқымын өңдеу жүзеге асырылатын технологиялар. Бұл технологияларды іргелі технологиялар деп атауға болады: олардың қалыптасуы мерзімі 50-100 жылды құрайды. Олардың қатарына: құю (қалыптау) өндірісінің технологиялары; соғу және штампылау, дәнекерлеп пісіру өндірісі, металдарды термиялық және химиялық-термиялық өңдеу, машина тетіктерінің гальваникалық, лакталған-боялған жабындары, металдарды кесіп өңдеу, ағаш сүрегінен, пластмассадан жасалған тетіктер мен түйіндерді өңдеу және жинау жатады.

Бұл технологиялар кез келген машина жасау бұйымдары солардың жиынтығынан тұратын үлгі тетіктерді өндіргенде пайдаланылады. Мысалы, әртүрлі мөлшерлердегі біліктер, корпустық тетіктер, тісті доңғалақтар, тежегіштер, төлкелер жасау үшін қолданылады.

Екінші топ — ол соңғы 5-10 жылда дамуға жеткен және сол уақыттан бері қарай машина жасау өндірісінде жеткілікті кең пайдаланылып жүрген озық технологиялар. Оларға технологияның: электрондық-сәулелік, плазмалық, импульстік, биологиялық, радиациялық, мембраналық, лазерлік және басқадай түрлерін жатқызуға болады.

Технологиялардың үшінші тобы — ол зертханалық әзірлемелер сатысында тұрған, сол себепті әлі өнеркәсіпте кең қолданыс таба қоймаған бірегей технологиялар. Олар жекелеген тар салаларда ғана (ғарыштық зерттеу аппаратураларын, қаруланудың жекелеген бірегей түрлерін дайындау секілді) қолданылады.

Жаңа өнім өндіруге көшкен кезде іргелі және озық технологиялар белгілі бір түрде осы өнімді шығаруға бейімделуге тиіс. Бұл жағдайларда технологиялардың мүмкіндіктері кең болған сайын, оларды жаңа тауарды өндіруге бейімдеу де жеңілірек болады. Іргелі технологиялардың кең базасы болғанда жаңа өнімді шығару құрал-жабдықтарды толық жаңартуды талап етпейді. Жаңа өнім өндіру үшін аралық технологиялардың белгілі бір бөлігі пайдаланылуы мүмкін.

Еуропа, АҚШ, Жапония елдері іргелі технологиялары бар болғандықтан, озық технологияларды белсенді пайдаланып, бірегей технологияларды енгізумен айналысады және бүгінгі таңда қазіргі заманға ең бір лайық техниканы шығарады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде дамыған елдерден алынған озық технологияларды келтіру негізінде бәсекеге қабілетті өнімнің жекелеген түрлері шығарылады. Оларда бірегей технология жоқ. Іргелі технологиялар бойынша жасалған бөлшектер дамыған елдерден әкелінеді, яғни әкелген жерде бұйымдар тек құрастырылады.

Бұрынғы КСРО елдерінде дамыған іргелі технология және бірегей технологиялардың жекелеген түрлері бар, бірақ ондай озық технологияларды өндірісте пайдалану жеткілікті дами қойған жоқ.

Қазақстан Республикасының қорғаныс кешенінің кәсіпорындары, машина жасау кәсіпорындары өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын кеңінен шығаруға бейімделе алады.

Осы мақсатта кәсіпорындарды өзгерту, олардың іс-қимылдарының өтпелі кезеңнің шынайы көріңістеріне мейлінше сай келетін стратегиясын әзірлеу мақсатқа сай болар еді деп айта аламыз.

Нарықтық экономикада компаниядағы өзгерту (түрлендіру) үлгісін сызбанұсқа түрінде көрсетуге (7.1-сурет) болады. Осыған ұқсас үлгіні нарықтық экономикада фирмалы орталықсыздандыру (орталықтан басқармау) үдерісі қаралған кезде Виссама пайдаланған-ды.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *