Әдебиет — қоғам тарихы, адамзат тарихы. Қазақ мәдениетінің, әдебиетінің топырағы бір бастау арнасы -ежелгі түркі дәуіріндегі өркениет мұралары. Ол дәуірді қанша алыстатып, перделегенмен дүние жүзіне әйгілі түркітанушы ғалымдар, мамандар, қазақ зиялылары әркез тиісті дәрежеде көңіл қойып, зерттеп, тұтас бір рухани даму өзегін үзбей жалғастырып отырды. Көптеген зерттеу еңбектер жарық көрді. Бір кезде, «пантүркілік бағыт» деген желеумен тежеліп қалған бұл ғылыми сала соңғы жиырма-отыз жылда қайта жаңғырып соны өріске шықты. Заманында, сол бір саяси астармен жүргізілген «пантүркілікке» қарсылық күллі әдеби, мәдени, ғылыми даму жолына көлеңкесін түсірді. Исі түркіге қатыстының бәріне тыйым салу деген көрсоқырлыққа ұласты.

Қалай дегенмен, қазақ ұлттық әдебиеті жалпы түркі тектес ұлыстардың бөрінің әдебиеті мен тілінің төркіні, өсіп-өнген алтын бесік, қара шаңырағы түркі мәдениетінің топырағы деген қорытынды ғылыми тұжырым ретінде шәксіз еді. Ол — әлдеқашаңғы ақиқат. Осы мақсатта тілтану саласында да, археология мен этнография аумағында да, әдебиет пен өнер, жалпы этнология тұрғысында да бұлтартпас қорытындылар жасалды. Әрине, белгілі бір ғылыми болжамдар, талдаулар, тұжырымдар төңірегінде кереғар пікірлер, қилы-қилы қисынды ой-толғамдар, қарама-қайшы көзқарастар кездеседі. Ол — ғылым табиғаты, ғылым тіршілігінің тынысы. Біз ежелгі түркі ескерткіштерін зерттеп, саралау кезінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің құнарлы топырағының қымбат қасиеттеріне қаныға түсеміз. Кейінгі ғасырларда біршама даралана бой түзеп, оқшау биіктерін түзген қазақ көркемсөзінің, қазақ өлеңі мен өнерінің бай рухы мен тынысты жігерінің тегін түйсінеміз. Қазақ елінің тарихи санасының төркінін танимыз. Біртуар Күлтегін, Тоныкөк, Өнгүн ескерткіштерінің бірегей бітімі мен шығыс өркениетінің ғылыми таным, ілім дүниесінің үздік өкілі Әл-Фараби мектебінің, одан кейінгі ғылыми зерделеу өлкесінде іргелерін биік көтерген Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн, Махмұт Қашқари мен классикалық қазақ әдебиетінің, яғни тарих сахнасындағы тау-тау құбылыстардың рух бірлігінің бедерлі белгілерін аңғарамыз.

Бір-біріне әсте ұқсамайтын құбылыстар, ғасырдан ғасырға ұласса да бірінен-біріне адаспай, жаңылмай жалғасқан поэтика тектестігі — поэтиканың тарихи құбылыстары. Бұл, әсіресе, ежелгі дәуірдің бір белесі Х-ХІІ ғасырлар тұсындағы, қарахандар әулеті дәуірлеп тұрған заманындағы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік», Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат-ат-түрік» сынды шығармаларында, т.б. әйгілі еңбектерде айқын сезіледі деп ойлаймыз.

Қазір еліміз тәуелсіздік алып, дербес даму жолына түскен кезенде ежелгі дәуірлердегі ұлттық мәдениетіміз бен рухани жан-дүниеміздің күретамырлары саналатын жазба ескерткіштерге халықтық мүдде тұрғысынан жаңаша қарай бастадық. Тарих қойнауларында жатқан алтын көмбелерді аршып, танып, талдап ұлттық тарихымыздың нақты тарихи деректері, құжаттары ретінде ұсыну енді-енді байсалды ғылыми бағыт ала түсті. Ал, қазақ сахарасына етене жақын ондай қымбат қазыналар баршылық. Ежелгі түркі дәуірлерінің өзінде қазіргі қазақ халқының парасат-пайымын қалыптастырып, рухани түп-тегін саралайтын талантты да өлмес мұралар жасалған. «XI ғасырда өмір сүрген Баласағұн сол дәуірдің аса маңызды әдеби ескерткіштерінің бірі әрі бірегейі — «Құтадғу білік» («Құтты білік», «Құт дарытатын білім») еңбегін жазды. Ол Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтар әдебиетінің бізге дейін жеткен тұңғыщ туындысы болса, Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат-ат-түрк» (Түркі сөздерінің жинағы) атты еңбегінің де құндылығы өте жоғары. Бұл еңбек тіл білімі тарихына орасан зор үлес қосып қана қойған жоқ, сонымен қатар түркі тілдес халықтардың тұрмысының, мінез-құлқының тарихынан мол мағлұмат беретін баға жетпес ескерткішке айналды.

Ол сондай-ақ, орта ғасырдағы табиғи жаратылыс жөніндегі ғылыми көзқарастан да хабардар етеді. Тарихта Қарахандар деген атпен белгілі бұл кезең 840-1212 ж.ж. түркі даласындағы өркениеттің белес биігі іспетті. Дәл осы кезенде Түркі қағанаты гүлденіп, өркениет өте дамыған. Екінші жағынан ислам діні Тұран жұртына біртіндеп ене бастаған, тарала түскен түс. Қарахандар мәдениетінде елдік түзу, мемлекеттік, қоғамдық ойды идеология деңгейінде өрістету секілді айқын бағыттар таланттылықпен көрінеді. Қарахандар әулеті, мемлекеті жөнінде В.В.Григорьев, В.В.Бартольд, С.Г.Кляшторный, О.Притсак, С.Е.Малов, А.А.Валитова, т.б. шығыстанушылардың ғалымдардың байсалды еңбектері мәлім. Қарахандар дәуірінде мәдениет, білім, өнер белгілі дәрежеде гүлдене түсті. Түркілік мемлекеттік жүйенің нығаюы, елдік көзқарастың берік қалыптасып, айқындық сипат танытқандығы әдебиет пен рухани мәдениеттің де бітімін нақтылай берді. Қарахандар әулетінің елдік көзқарасының түйінді тұжырымы түріктік рухты ұстану, ашық түрде түріктік мемлекет екендігін екендігін жария етіп отыруы еді. Жүргізген ішкі-сыртқы саясатының бағыты, мақсаты осы көзқарасқа бағындырылып отырды.

Сол замандағы, өзіне дейінгі кезеңдердегі ел басқарушылары мен әрқилы елдік түзілімдердің ішінде өздерін «түріктерміз» жариялаған осы Қарахан әулетінің ақсүйектері, игі-жақсылары. Әрине, Қарахандар тұсындағы елдік құрылымының, оған кірген ұлыстардың түрлі сипаттылығы, бәрі де бір ниетке ұйыстырылғандығы туралы тарихи мағлұматтар жақсы мәлім, М.Қашқари, В.В.Бартольд еңбектерінде де бұл орайда құнды деректер мен тұжырымдар кездеседі. Ең бастысы, осы Қарахандар тұсында түрік ұлыстарының мәдениеті мен әдебиеті ерекше өркендеді. Кейін адамзат тарихының асыл қазыналарына қосылған мәдени мұралар дүниеге келді. Бұл орайда қолөнердің, сәулет өнерінің әскери өмір мен қару-жараққа қатысты, т.б. қымбат ескерткіштерді тізбелеп атап шығу артық. Сол тұстағы жан-жақты даму сипаты сөз өнеріне де, әдебиет пен білімнің бой түзеуіне де елеулі ықпал етті.

Қарахандар кезеңі түркі өркениетінде елеулі қызмет атқарған дәуір, Ж.Баласағұн, М.Қашқари — сол заманда өмір сүріп, өлмес ескерткіштер қалдырған хәкімдер. Ежелгі түркі ескерткіштерінің әдеби мұраларының ішкі көркемдік сымбаты, поэтикасының тарихилығы ұлттық көркемдік дүниетанымның тұтас бір кезеңінің жаратылысын көзге тосады.

Бұл екі ұлы еңбекті бөле-жара даралап айтуымыздың бірнеше дәлелді себебі бар. Осы екі шығармадан сол дәуірдегі жазу өнері бар кемелді келбетімен көрінеді. Олардың поэтикалық бітімі мен ғылыми жаратылысы барынша салмақты, көркемдік таным мен ғылыми зерделілік сипаты да осыларда айқын. Әрі, эстетикалық таным, дүниетаным ерекшеліктері хақында да тұжырымдар түюге болады. Оның үстіне, екі шығарма да күллі түрк дүниесіндегі бізге жеткен ескерткіштердің ішіндегі аса білікті де бітімді, көлем жағынан да ауқымды дүииелері. Көркемдік таным дәстүріне келсек, бергі Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Иассауи, Захриддин Бабыр, арғы Орхон-Енесай, Әл-Фараби тараптарымен, ғұндар заманындағы тарихи дастандармен жалғасатын рухани тамырластығы берік.

Осындай әдеби-мәдени ескерткіштердің көркемдік ерекшеліктерін, поэтикасының тарихилық арналарын, эстетикалық таным жүйесіндегі бірегей дәстүрін парықтау ұлттық көркемдік танымды да байыта түседі. Тарихи сана, ұлттық таным сынды ұғымдардың мәні қазір артты. Тарихи сананың деңгейі — ұлттың таным қуатының кернеуі десе де сиып түр. Ал, тарихи сана тарих сабақтарын жете біліп, ұлттық болмысты сол тарихи курделі кезендер үстінде тану арқылы қалыптасса керек. Тарихи сана — тарихшылдық емес. Тарихи сана ұлттық сананың ұлы тәжірибесі. Сөз өнерін, ғылым білімді, көркемөнердің қай түрін де, қоғамдық құрылысты, саясат пен әлеуметтануды, жалпы ұлт, қоғам тірлігіне қатысты ілім мен тәжірибе атаулыны сараптай отырып сүзілген таным құнары.

Поэтиканың тарихилығы — әдеби-эстетикалық дүниетаным мектебінің дәстүр белгісі. Бір жағынан, тұтас бір халықтың дүниеге, болмысқа эстетакалық қарым-қатынасының ғасырлар бойы жинақталып, сұрыпталған күрделі заңдылықтары. Тарихи поэтика арқылы қазақ
әдебиетінің тарихи мәртебесі айқындалады. Қазақ елінің рухани дүниесінің әлемдік даму үрдісіндегі көкжиектері көрінеді. Әдебиетті халықтың этногенетикалық даму желісінен бөліп қарау толымды болмас еді. Әдебиет тарихы мен теориясын тек қана әдеби талдаулар мен әдеби материалдар аясында қарастыру мәселесі ендігі жерде біртіндеп өріс кеңейтіп, ұлттың мәдени, лингвистикалық, антропологиялық генезисіне орай терендете зерттеліп, этногенетикалық барлау, болжамдарға іш тарта бастады. Қазақ даласында, түркі жерінің қара шаңырағында заманалар белесінде ғұмыр кешіп, өркениет түзген ұлыстар мен әулеттердің тарихы, генезисі әдебиеттің де түп-тұғырын ғылыми тұрғыдан бекіте түседі. Қарахандар мемлекетінің тарихы мен дәуірі, қарахандықтардың шығу тегі хақындағы жеті бірдей ғылыми болжам, оларға қарлұқтар арқылы жеткен көне түрк мемлекеттілігінің түзілімі мен дәстүрі (С.Г.Кляшторный), ақырында Қарахан әулетінің қаңқасын құраған түркі аталарының шынжырлы шоғыры (шігіл, иағма, т.б.) сынды нақты деректер мен тарихи дәйектемелер әдеби жазба мағлұматтарына да нақтылық қосады. Сөйтіп, әдеби жазба мұра поэтикасы, тіл түзілімінің өзіндік тарихи сипататы көркемдеу құралының сол тұсқа тән ерекшеліктері, көркемдік таным болмысы әдебиеттанудың да ғылыми өзегін терендетіп, буынып бекітеді.

Қазір де негізінен Қарахандар дәуірінен сақталып қалған осы санаулы мұра ғана жақсы мәлім. Басқа да ірілі-ұсақты талай шығармалардың бар екендігін жетемен сезінгенмен, қолға ұстар дерек жоқ. Дегенмен, осы аз мұралардан да, сонымен бірге Қарахандар дөуіріндегі елдік түзілім, салт-дәстүрінен де сол заман жайлы барынша мол мағлұмат түюге болады. Ал, бізге аман жеткен осы төрт-бес әдеби-мәдени ескерткіштің барлығы да бірегей бітімімен, шеберлігімен, көркемдік-танымдық сипатының кемелділігімен дараланады. Қарахандар дәуіріндегі әдеби тілді Жүсіп Баласағұн «бұғрахан тілі» десе, Махмұт Қашқари «хақан тілі» деп атаған. Ахмет Иүгнеки болса «қашғар тілі» деп өзгеше атапты. Қалай дегенде де, осы еңбектерге қарағанның өзінде де Қарахандар- заманындағы тіл ерекшелігі де, — әдеби-мәдени даму заңдылықтары да өзгеше, ерехшелеу оқшауланғанға ұқсайды. Осы ескерткіштердің қозғаған тақырыптары мен әлеуметтік проблемаларының өзі-ақ сан қырлы тарихи шындықты жайып салды. Олардың қай-қайсысында да тіл, білім, ақын, кісілік секілді адамзат мәдениетінің мәңгілік категориялары туралы ой-толғам кеңінен кездеседі, әрі терең пәлсапа, ғылыми толғамдар жетерлік. Қарахандар әдебиеті өз тұсында кеңінен мәлім әбден танымал еді, кейінгі кезеңдердегі рухани-мәдени дамуға да әлеуетті ықпалы қауқарлы болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *