kurmangazy-sagirbaiuliҰлттык саз өнерінің жарық жұлдызы Құрманғазы Сағырбайұлы өмірбаяны, асқақ рухты күйлері бүткіл рухани өмірімізбен біте қайнасып, ажырамас бөлшегіне айналып кеткелі қашан! Қай кезден болсын үлкенді-кішілі сахналардағы қандай да бір концерт бағдарламаларын Құрман бабаның құдіретті күйлерінсіз көзге елестету де, көңілге тоқ санауда қиын.

Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы сарқылмас рухани мұрасы жанымызға қаншалықты жақын болса, оның қилы-қилы кезеңдегі күрескерлік өмірі де, болмыс-бітімі биік тұлғасы да баршамызға әбден таныс. Оның өмірі мен шығармашылығы, тіпті әрбір күйінің тарихына дейін зер сала зерттеліп, талай татымды еңбектер де жазылғаны аян.

Демек, оның ғұмырының бел-белестерін де салмақтай шолып, саралай ізге түсіріп те алған болдық. Турасына көшкенде, жоғарыда айткандай, күйші бабаның ғұмыр-тіршілігінің беттері қанша хатталып-сарапталып болды дегеннің өзінде әлі де айна-қатесіз айкындай түсуді қажет ететін түйткілдер де бар-ау деген пікірлердің де болып келгені бекер емес-ті. Нактырақ айтканда, ол Құрманғазының туған, қайтыс болған жылдары төңірегіндегі дудомал тұғын. Шынында да, зер сала қараған адамға оның жарык дүниеге келіп, өмірден өткен шақтары әр жерде (зерттеуші жазбалары, энциклопедия, тарихи кітап, окулықтар т.б.) әртүрлі көрсстіліп жүргенін аңғаруға болады. Туған жылы — 1806, 1816, 1818, ал қайтқан жылы — 1879, 1889 болып, түрліше жазылып жүр. Рас, солардың біреуіне тоқталып, ресми түрде қабылданып, осы негізде мерейтойын өткізуге де таңдалып алынғаны 1818-1889 жылдар болған-ды.

Құрманғазының әкесі Сағырбай бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген жуас-қоңыр адам болатын. Тұрмыс талқысын көп көргеннен бе, қақ соқпен жұмысы жоқ, күн көргеніне қанағат етіп жүре беретін. Сыбанған екі білегінен басқа айта қалғандай да өнері жоқ етін. Ал Құрманғазы болса бала жасынан көзге түсті. Емшектен ерте суалып өз бетімен ерте «күн көре» бастағаннан ба, тез ер жетіп, тез шынықты. Басқа өз жасындағы балалар қорқып тұрғанда ол қойға, ботаға мініп алып, қайда алып қашса да жүре беретін. Баланың бұл мінезі жуас Сағырбайды кейде ойға қалдырып, «жалғыз балам бір нарсеге ұшырап қала ма?» деп қобалжитын. Осы кезден-ақ Құрманғазының музыкаға деген бейімділігі көріне бастады. Баласының ол жаңалығы да Сағырбайға пәлен дерлік әсер етпеді. Ата-бабасына «әулекі» болмағанына қарай, ондай ербеңді елең қылмады. Қайта «ондай домбырашы кейде болады» деген мәтелге сенетін басы іштей наразылықтан да құр болмады. Тек кешігіп көрген жалғыз бала болғасын анау-мынау дей беруге «құдайдан қорықты».

Ал, Алқа баласының бұл қабілетіне Сағырбайдан басқаша қарады. Оның себебі, Алқа үйінде тек қыз болып емес, әкесі Мәтеғұлдың пысықтығының арқасында еркек-шоралау, бірбеткейлеу болып өскен-ді. Талай рет қолаң шашты тастөбеге түйіп тастап, жіп белбеу буынып, екі білекті сыбанып, той-топыр, ас болса палуанға түсіп, не бір жігіттерге шаң қаптырған болатын. Енді, міне, жауырыны қақпақтай Құрманғазының басында күш пен көркемдіктің екеуі бірдей қосылуға беталғанын ерсілікке жорымай, кедей ұлына келісімсіз «даңққойлық» дегенге де мән бермей өзінше құптау түйініне келеді. Тіпті, ішінде отырғанда аспандағы жұлдыз көрінетін Сағырбайдың жыртық үйінің көл заманнан бері қалыпты сұр өміріне Құрманғазының мына бір өнері жаңа дем, жаңа бір шұғыла беретіндей болып көрінді. Құрманғазы Сағырбайұлының өнерге деп созған қолы ата-анасының бірін қуантып, бірін қобалжытқан үй іші шеңберінде ғана болатын күңкіл аумағында болса, баланың кейбір, бұл баяндалғаннан сырт қылықтары, ауыл-аймаққа әшкере болуға айналды. Балаға сыншы-ана Құрманғазының бұл қылықтарының ішінен де жаман нәрсе емес, жаңа бір елес, жаңа бір ұшқын көруге тырысты. Мұны айтып отырғанымыз — жаратылысынан алып күш иесі болып туған Құрманғазы жасқану, қорқу, үрку дегенді білмеді. Әділдік жолында алдына әлді-ауқатты адамдардың балалары шықса да олардан қолын тартпады. Құрманғазының жұдырығын жеп, тізесі батқан бай балалары аз болған жоқ. Асық, ақсүйек сияқты ауыл ойындарында зорлық көрсетем деушілер жас Құрманғазыдан «тән-садақылық» үлестерін алып жүрді. Әрине, ауыл шетіндегі қараша үйдің баласының мұндай «сотқарлығы» ауылдың «жақсыларына», атқамінер пысықсымақшыларына ұнамады. Тіпті, әкесі Сағырбайдың өзі де Құрманғазының Құрманғазының бұл ісіне наразы болды.

Орындаушылық жағынан пісіп қалғанының үстіне Құрманғазының басқа домбырашылардан айрықща көзге түсетін тағы бір қасиеті көріне бастады. Ол бұл кезде қабырғасы қатып, бұғанасы бекіген ер жігіт болды. Жастайынан жеген тұрмыс таяғы оны қанаушыларға іші жылымастық калыпта ержеткізді. Енді Құрманғазы көзі көріп тұрған әділсіздікке «көлденеңнен келген көк атты» болып қарап, тек қынжылып коюды — жағдай желіне ығу деп түсінді. Тап тартысы тарихын кітаптан оқып қанігі болатын жағдайдан жұрдай болса да өзінің өмірден алған сабақтарының нәтижесінде, айналадағы болып жатқан оқиғаларға, қоғамдык құбылыстарға басқа көзбен карайтын болды, Әрине, ол оқиғалардың, құбылыстардың түп негізін, қозғаушы себептерін айыруға, талдауға Құрманғазының әлі де шамасы келмейтін. Солай бола тұрса да жаратылысынан өр мінез, бірбеткей болып өсіп, бері өмір талқысынан бунтарлық жолға бұрылған Құрманғазы өз тұсында көрген жолсыздықтарын, зорлық-зомбылықтарын «құдай ісі» деп «тағдырға мойынын ұсынып» отыруды лайық таппады. Ердің касындағы домбыра мен иыққа асынған акаусыз мылтық — Құрманғазы күш пен көркемдік иесі екенін ыспаттайтын. Онын үстіне осы әңгіме болып отырған кездерде Бөкей хандығында болған қанды оқиға — күйшінің идеялық бағытына сілтеу беріп, күннен күнге қарсы жақындай түскен күрес майданында мылтық та, домбыра да ер қарулары екендігін ескерткендей болды. Олай дейтініміз — осы бір шамада күй қоры молайып, техникасы шыңдалғандай болған кезде Құрманғазы өз жанынан күй шығару талабына көшіп, творчестволық қанатын комдана түсіп еді.

Күй атасы Құрманғазының күйлері

Құрманғазының әлеуметтік-тұрмыстық тақырыпты аркау еткен «Балбырауын», «Бас ақжелең», «Адай» немесе «Адай-қыз», «Серпер» сияқты басқа да бірқатар күйлері алғашқы творчестволық туындылары болып саналады. Бұл күйлер жайлы Құрманғазының өмірін зерттеуші академик А. Жұбанов накты анықтамалар беріп, мазмұны мен характерін ашып көрсетті. Зерттеуші «Балбырауын» күйі туралы былай деп жазады: «Күй бастан аяқ би ырғағында туыңдаған, асқақтаған көңіл-күйдің толқыны шаттық сезімін оятып, мерекелік ойынды, тіпті ауыл жастарының би алаңын көз алдына елестетеді. «Балбырауын» музыкасы өте ұшкыр, жүрек суыратын ойнакы».

Адай руының әсем бойжеткені күйші жанына сезім шуағын септі, сол сұлуға арналған «Адай» күйі — жастық жалыны мен ыстык ынтызарлыққа толы күй. Құрманғазы — әйел образының әсем галереясын әуезбен әшекейлеген шебер. Өте нәзік, әрі психологиялық даралықпен әйел бейнелерін сомдады. «Назым» «Балқаймақ», «Қайран шешем» күйлерінен қазақ кыздарының ұстамдылығы мен сұлулығын, әйел-аналардың мейірбандығы мен дархан жүрегін көреміз. Олар ар алдындағы тазалығымен, қайырымдылығымен, қажырлылығымен мықты, сондығымен де сыйлы, ардакты. Құрманғазы музыка тілнде ана махаббатының мәңгілік сөнбес қуат-көзін өте шеберлікпен өрннктей білген.

Құрманғазы — орыстың прогрессивті өнер кайраткерлерімен, қазақ музыкасын зерттеуші филологтармен, тарихшылармен, этнографтармен кездесіп тұрды. Құрманғазы Сағырбаевтың замаңдасы, күйшінің портретін жазған оралдық журналист, ақын Н.Ф. Савичев Құрманғазыны Оралға шақырып, халыққа өнер көрсетуін өтінген. «Уральские войсковые ведомости» газетінде Н. Савичев: «Словом, Сагырбасв -редкая музыкальная душа, и получи он европейское образование, то был бы в музыкальном мире звездой первой величины»…

Қазақ даласының шексіз кеңдігін, тіл жеткізе алмас сұлулығын жарқын бояумен суреттеген «Сарыаркасы» — Құрманғазының творчестволық шыңы. Дала бейнесін кескіндеу үшін күйші бай әуен, ұшқыр ырғақ, қанаттанған сезім, жүйрік динамика мен нәзік сезімталдықты астастыра пайдаланып, қағыс пен дыбыс үндестігін ғажап шеберлікпен ұштастырған. Мейірбан Күн, жазира дала халықты жарқын өмірдің таусылмас қызығына ынтықтыра шақырып тұрғандай.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспабының даму үрдісіне халықтың орындаушылық мектебінің қосқан үлесі қомақты. Оның бірі — батыс қазақстандық, екішпісі — шығыс қазақстандық орындаушылық мәнері болып табылды. Батыс Қазақстанда — Құрманғазы мен Дәулеткерей, сондай-ақ олардың ізбасарлары -Абыл, Қазанғап, Сейтек, Дина мектептері, Шығыс Қазақстанда Тәттімбет, Байсерке, Сүтір мектептері өнер шаңырағын биікке көтеріп, өздерінің қайталанбас ерекшеліктерімен дараланып отырды.

Құрманғазы Сағырбайұлы күйлерін талдау

«ҚЫЗЫЛ ҚАЙЫҢ» күйі. Бұл күйді домбырашы Оқап Қабиғожин 1934 жылы Бүкілқазақстандық бірінші халық өнерпаздарының, слетіне келгенде орындап берді. Күй оркестрге жазылды. Ырғағының ерекшелігі, дыбысының нәзіктігі, құрылысының бұрын-соңды қазақ күйлерінде кездесе бермейтін «жұптығы» музыка мамандарын, балетмейстрлерді қызықтырды. 1935 жылы күйдің музыкасына сегіз қыз, бір жігіт билейтін би қойылды. Бидің тақырыбы күйеу жігіттің балдыздарымен ойыны болсын деген ұсыныс бойынша, «Балдыз» деп аталды. «Қызыл қайың» жарқын лирикалы, әсем күйдің бірі, Сондықтан ол өнерпаздардың, шебер орындаушылардың репертуарынан берік орын алған.

«БАЛБЫРАУЫН» күйі. Бұл күйде де Оқап Қабиғожин орындаған. Күйдің от жалындай қызуы, дүрілдеген екпіні, делебенді қоздыратын жігері музыка, би мамандарының назарын бірден аударды. Бір топ қыз билейтін «Балбырауын» биі қойылды. Күйдің соңғы сағағабарып қайтатұғын бөлімінде үні ширектік өлшеу болатын.

«САРЫАРҚА» күйі. Бұл күйде де Оқап Қабиғожин орындап берді. Шығарма оркестрке көп өзгеріссіз түсті. Басқа күйлер сияқты мұнда да басында көп қағып тұрып алатын тұстары тәртіпке келтірілді. Өзінің адам таң қалғандай алапат күшінің, теңіз толқынындай ағыл-тегіл екпінінің аса өткір музыклық тілінің арқасында «Сарыарқа» — шоқтығы биік шығарма, күй болып саналады. Құрманғазы творчествосының биік шыңы.

«КӨБІК ШАШҚАН» — күйін 1933 жылы домбырашы Махамбет Бөкейханов орындап берді. Күйдің шығу тарихын әңгімелеп берген Хайдолла Бегешов деген кісі. Күйдің өн бойында халықтың ауыр халі, әділетсіздікке шыдамаған ашу ызасы қатар өріліп отырады. Әсіресе қобыз сызылтып орындалғанда тыңдаушы жұрт: «Ән салып, отырған бұлардың іштерінде қайсысы екен», — деп талайға шейін мойындарын созып қарағандары бар. Бітімі бөлек «Көбік шашқанның» асыл қасиеттерін, музыкалық ерекшеліктерін байқаған композиторлар оған бірден назар аударды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *