«Мәдениет» термині латынның «culture» — өңдеу, күтіп-баптау, тәрбиелеу, дамыту сөзінен шығады. Бастапқыда топырақты өңдеуді, оны қопсытуды, яғни жақсы өнім алу мақсатымен адам тарапынан өзгертілуді білдірді.

Мәдениет – заманауи философия мен ғылымда ең кең тараған ұғымдардың бірі ғана емес. Ол сондай-ақ саясаткерлердің, экономистердің, әскери адамдардың, инженерлердің және т.б. сөз саптауларында да кездеседі. Күнделікті өмірде біз бұл ұғымға жиі жүгінеміз. Ол нені білдіреді? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес.

Қазіргі уақытта мәдениеттің бірнеше жүздеген анықтамалары бар. Бұл мәдениеттің – адам болмысының аса күрделі және көпөлшемді құбылыстарының бірі екендігіне байланысты. Оның тармақталған құрылымы, көптеген функциялары, формалары мен түрлері бар.

Мәдениеттің түсіндірмесі мен анықтамсында бірнеше негізгі тәсілдер мен идеялар байқалады.

Біріншіден, бұл «натураның» (тағы табиғаттың) «мәдениеттен» (ізгіліктелінген табиғаттан немесе адам қоғамынан) айырмашылығы туралы идея. Бұл жерде адамзаттың белсенді шығармашылық бастамасы мен оның жасампаз қызметі көрсетіледі.

Екіншіден, бұл қоғаммен туындатылған құндылықтардың жиынтығы ретіндегі мәдениет туралы идея. Бұл жерде қоғам өмірінің құндылықтық (аксиологиялық) қырына баса назар аударылады. Неғұрлым бәрін қамтитын тәсіл үшінші тәсіл болып табылады. Мәдениет адамзаттың барлық үздік шығармашылық жетістіктерінің синтезі (әлеуметтік аспкет), сондай-ақ адамдағы адамдықтың өлшемі, оның зерделілігі мен шабыттылығының өлшемі (жеке тұлғалық аспект) ретінде қабылданады.

Бір авторлар мәдениетті дәстүрлермен байланыстырып, оны қоғамның әлеуметтік мұрасы ретінде қарастырады; екіншілері мәдениеттің нормативтік сипатын атап көрсетеді және оны осы қоғамның өмір салтын анықтайтын ережелер жинағы ретінде түсіндіреді; үшіншілері алдыңғы қатарға адамға әлеуметтік және табиғи ортаның нақты жағдайларына адаптациялануға мүмкіндік беретін мәдениеттің бейімделушілік функциясын шығарды. Бұл анықтамалардың әрқайсысы өзінің біржақтылығына қармастан мәдениет бет әлпетінің қандай да бір маңызды жағын дұрыс қамтиды.

Дегенмен де мәдениет анықтамасының жағдайы бір қарағанда үмітсіз болып көрінбейді. Егер сол жүздеген анықтамаларды жіктеуге әрекеттеніп көрсек, онда үш негізгі тәсіл мейлінше айқын көрініс береді.

  1. Эмпирикалық, сипаттаушылық тәсіл, мәдениетті адамның бүкіл қызметінің қосындысы, нәтижесі, яғни нәтиже құралатын заттар мен құндылықтардың жиынтығы ретінде ұсынады. Бұндай тәсілдің белгілі бір кемшіліктерін атап көрсетейік:
  • біріншіден, бұл тұғырнамада мәдениет статикалық жай күйде адам қызметінің қатып-семген өнімдерінің жиыны түрінде ұсынылады;
  • екіншіден, мәдениеттің материалдық және рухани салалары қатаң ажыратылады.

Шын мәнінде мәдениеттің бірыңғай жүйесінің бұл салалары тек өзара тығыз байланысты ғана емес, сондай-ақ бір-біріне өзара енеді де.

  1. Бағалаушылық (аксиологиялық) тәсіл, мұнда «мәдениеттілік» пен «мәдениетсіздік», сондай-ақ мәдениеттіліктің дәрежелері бағаланатын нәрсені эталон ретінде таңдап алынған нәрсемен өзара салыстыру жолымен анықталады.

Мұндай тәсілге айтарлықтай дәрежеде еріктілік және қатынастылық сипат тән. Мысалы, еуроцентризм тұрғысынан алып қарағанда, барлық басқа аймақтардың мәдениеттілік өлшемі олардың еуропалық мәдениетке жақындатылу дәрежесі болып шығады. Бұл ретте мәдениеттің бейімделушілік функциясы ескерілмей қалады: өйткені еуропалық биіктіктен бағаланатын мәдениеттің «дамығандығы» туралы бұл түсінім, шын мәнінде сол мәдениеттің нақты ортаға, әлеуметтік және табиғи ортаға бейімделуінің қажетті және жеткілікті екендігін білдірумен барабар.

  1. Қайраткерлік тәсіл, ол мәдениетті қызметтің биологиялықтан тыс, арнайы адами тәсілі ретінде қарастырады. Бұл жерде басты нәрсені түсіну маңызды. Мәденеит – бұл қызметтің өзі емес, оның жүзеге асырылатын тәсілі. Мысалы, тамақ табу, оны қабылдау және қорытудың өзі мәдениетке қатысы жоқ үдеріс (жануарлар да осы үдерісті жүзеге асырады) болуы мүмкін. Мәдениет элементтері оған адамзат дамуының барысында енгізіледі – өндіру тәсілдері өзгереді, алдын-ала термикалық өңдеу кіргізіледі, пышақтар, қасықтар мен шанышқылар (айталық, Шекспир заманында тіпті ағылшын королі сарайының өзінде де шанышқы пайдаланылмаған) енгізілді, тәбетті жақсартуға және тағамның жақсы қорытылуына септігін тигізетін әртүрлі қоспалар (тұз, соустар, шардәрілер) қолданыс табады.

Мәдениетті түсінудегі нақ осы қайраткерлік тәсіл философиядағы басым тәсіл болып табылады. Және де бұл қайраткерлік тәсілдің артықшылығы басқа екеуін – сипаттамалық және бағалаушылық тәсілді жоққа шығармайтындығына, өзіне олардың рационалдық мазмұнын алатындығына байланысты. Бұл тәсілдер үшін ортақ  нәрсе – олардың бәрінің де мәдениетті түптің түбінде, нәтижесінде қоғамдық мәнді және бағалы өнім пайда болатын шығармашылық қызмет ретінде түсінуге бағытталғандығы болып табылады.

Бұл тәсілдерді синтездей отырып, мәдениеттің мынадай анықтамасын ұсынуға болады.

Мәдениет – бұл адамның мәнділік күштерін білдіретін, қызметтің жаңа (инновациялық) түрлері мен тәсілдерінің нәтижелерін қоса алғандағы жиынтығы.

Мәдениеттерді типтерге бөлу, әдетте, бірнеше негіздемелер бойынша жүргізіледі. Қызмет пен оның нәтижелерінің сипаты бойынша ол материалдық және рухани мәдениет болып бөлінеді. Біріншісі материалдық игіліктерді өндіру, алмасу мен бөлуді, екіншісі – идеялар, мұраттар, білімдер, өнер заттарын өндіруді, моральдық және құқықтық нормаларды және т.б. қамтиды.

Материалдық мәдениет формалары – кітаптар (баспа өнімі ретінде), табыну және өнер заттары, сәулет, аспаптар, машиналар, тетіктер, әшекейлер және т.б.

Рухани мәдениет формалары – мораль, мифология, дін, философия, ғылым, құқық, білім беру, өнер.

Адамға және қоғамға қатысты мәдениеттің екі түрі – тұлға мәдениеті мен әлеуметтік мәдениет бөлініп көрсетіледі.

Мәдениетті жіктеу олардың субъектісі бойынша да жүргізіледі: бұқаралық мәдениет, жастар мәдениеті және т.б. Мысалы, негізгі бағытталуы құндылықтық стандарттардың төмендеуі мен коммерциялық табыс болып табылатын бұқаралық мәдениеттің субъектісі бұқара немесе «өз табиғаты бойынша болуы ықтимал, құрамы бойынша әртүрлі және білдірілу формалары бойынша статистикалық» әлеуметтік қауымдастықтар. Мәдениеттің толып жатқан әртүрлі аспектілері бар. Олардың неғұрлым маңыздылары:

  • адамгершіліктік мәдениет;
  • діни мәдениет;
  • ұлттық мәдениет;
  • ғылыми-философиялық мәдениет;
  • саяси мәдениет;
  • құқықтық мәдениет;
  • экономикалық мәдениет;
  • экологиялық мәдениет;
  • эстетикалық мәдениет;
  • тұрмыстық мәдениет;
  • еңбек мәдениеті;
  • дене тәрбиесі мәдениеті;
  • тамақтану мәдениеті.

Асқан күрделі құрылым бола отырып, мәдениет көп функциялылықты иемденеді, бірқатар маңызды қызметтер атқарады. Осының арқасында қоғам зерделі жаратылыстардың ерекше бірлестігі ретінде ғана өмір сүріп қоймай, дамиды да. Енді неғұрлым мәнді болып табылатын функцияларды қарастырамыз .

Танымдық функцияда мәдениеттің көптеген жетістіктері қошаған дүниені ары қарай танып білудің және бұл білімді адамзаттың практикасында пайдаланудың (табиғаттың зілзала күштерін ауыздықтау, әлеуметтік қатынастарды оңтайландыру және т.б.) жаңа тәсілдері ретінде әрекет ететіндігімен көрінеді.

Ақпараттық функция әлеуметтік тәжірибенің жинақталуы және берілуімен байланысты.

Коммуникативтік функция адамдарға бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді.

Нормативтік функция жекелеген индивидтер мен тұтастай әлеуметтік топтардың мінез-құлқын реттейді.

Өркениеттік функция мәдениеттің гуманистік бағытталғандығы болып табылады.

Заманауи өмірде біз «мәдениетті адам» түсінігін жиі пайдаланамыз. Ол нені білдіреді? Мәдениетті адам қандай болуы тиіс, ол нені білуі, нені орындай білуі, өзін қалай ұстауы және адамдарға қалай қарауы тиіс?

Мәдениетті адам – бұл білімді адам. Алайда бұл жеткіліксіз. Әрине, адамның білімі (оқуы мен тәрбиесі) адамды «мәдениеттендіруде» елеулі рөл атқарады. Бірақ жеке тұлғаның мәдениетті әдеп ережелері мен таным-білімдерден ғана құралмайды.

Тұлға мәдениеттің негізін адамның жеке санасы мен ой елегінен өткізілген және тұлға дүниетанымынң іргетастық блоктарына айналдырылған философиялық, құқықтық және эстетикалық принциптер құрайды.

Заманауи өмірде саяси, экологиялық және кәсіптік-еңбектік мәдениеттің маңызы зор. Тұрмыстық және дене мәдениеті, тамақтану мәдениеті де маңызды рөлге ие болуда.

Мәдениетті адам – бұл шабытты, жан-жақты дамыған тұлға.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *