«Мемлекет жəне кəсіпкерлік» пəнін оқыту қажеттілігі, анықтамасы, мақсаты, теориялық жəне əдістемелік негіздері

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық кадрлардың кəсіби білім жүйесінде жəне оларды дайындауда жаңа тəсілдерді енгізуді қажет етеді. Мамандарды дайындау үдерісі, олардың нарық заңдары мен талаптарына сəйкес келетін пəндер бойынша білім алуды ұсынады. Осы жағдайларда жоғарғы оқу орындарында «Экономика», «Мемлекеттік жəне жергілікті басқару» салаларына мамандар дайындау қажеттілігі туындайды.

«Мемлекет жəне кəсіпкерлік» пəнін оқыту қажеттілігі тыңдаушының мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасы мəселелері бойынша жеткілікті білім алу жəне осының негізінде осы қатынастарды шешуге барынша тиімді тəсілдер мен құралдарды таңдауға қол жеткізу себепті туындаған.

Мемлекет пен кəсіпкерлік арасындағы қатынастар жөніндегі ғылыми- зерттеу жұмыстарының жаңа бағыты жəне экономиканы мемлекеттік басқару мен реттеу бойынша жасалатын ғылыми-теориялық жұмыстардың құрамды бөлігі болып табылады.

Мемлекеттің кəсіпкерлікті, шағын жəне орта бизнесті жан-жақты дамытуға мемлекет тарапынан құқықтық, экономикалық, интеллектуалдық жəне ұйымдық сипаттағы қажетті жағдайларды жасау жəне қолдау үдерісінде қалыптасып келе жатқан қатынастарды пəннің зерттеу объектісі деп танимыз.

«Мемлекет жəне кəсіпкерлік» пəнінің мақсаттарының сипаты мен күрделілігі мемлекеттің белгілі бір мерзімге арналған экономикалық саясатының бағытталуына жəне көп құрылымды экономика жағдайында оны жүзеге асырудың тəсілдерін жүзеге асыруға байланысты анықталады.

Қазақстанда бұл қарым-қатынастарды айтарлықтай жетілдіру реформалардың негізгі нəтижелері шаруашылық жүргізудің нарықтық үлгісінің өміршеңдігі арқылы барынша дамуы жағдайына алып келді.

Пəннің негізгі мазмұны – еліміздің экономикалық саясатының теориялық- əдіснамалық жəне ұйымдық-құқықтық мəселелерін, нарық қатынастары жағдайында экономиканы мемлекеттік басқарудың теориясы мен тəжірибесін, еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуын ұйымдастыруды, оны құқықтық тұрғыдан реттеуді мақсат тұтады. Мемлекеттік реттеудің маңызды жағы ретінде мемлекет пен кəсіпкерліктің екеуіне де бірдей тиімділікті қамтамасыз ететін əріптестікті қолдау танылады.

Мақсат – елімізде орта кəсіпкерліктің қалыпты кешенін қалыптастыруға мемлекет пен кəсіпкерліктің тигізер ықпалын, мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынастың жеке кəсіпкерлердің тактикасы мен стратегиясына жəне мемлекеттің экономикалық саясатына тигізетін əсерін талдау. Экономикалық реформалардың нарық пен əлеуметтік бағыттылығы мемлекет пен кəсіпкерліктің қарым-қатынасын арттыру екенін өмір дəлелдеп берді.

Бұл үрдісті тұрақты түрде дамыту қажеттілігі мыналардан туындап отыр: — біріншіден, мемлекеттің кəсіпкерліктің, оның ішінде ерекшелеп айтқанда, шағын жəне орта бизнестің дамуына ықпал жасау үшін түрлі əкімшілік- құқықтық, ұйымдық-экономикалық жəне əлеуметтік-шаруашылық тетіктерінің барлығын ұдайы жəне жедел шешіп отыруынан; — екіншіден, мемлекеттің бүкіл əлеуметтік-шаруашылық өмірінің сапалы дамуын қамтамасыз етуге жəне сыртқы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыруға жетекші құрылым болып табылатын орта тапты жасау, қалыптастыру жəне дамытудың мүдделерінен; — үшіншіден, бұл мемлекеттің стратегиялық мақсаттарды шешуі жəне еліміздің экономикалық (оның ішінде азық-түліктік) қауіпсіздігін тұрақты түрде сақтауы жолындағы міндетті қызметін қамтамасыз етуден көрінеді.

«Мемлекет жəне кəсіпкерлік» пəнінің негізгі мəселелері халықаралық тəжірибені жəне Қазақстанға тəн жаратылыстық-тарихи жəне табиғи- экономикалық сипатын ескеріп дайындалуы тиіс. Бұл пəннің басты мəселесі болып экономиканың дамуын бағалайтын сындарлы фактор болып табылатын, мемлекет, кəсіпкерлік жəне экономикалық агенттер арасындағы өзара тəуелділік пен өзара байланысты оқып үйрену, Үкіметтің рөлі нарықтағы өз орнын алып қана қоймай, сонымен қатар нарықтық экономиканың қызметтерін жетілдіру екеніне көз жеткізу.

Кəсіпкерлік іс-əрекет үшін мемлекеттің осы іс-əрекеттің кедергісіз қанат жаюына керекті кеңістікті жəне кəсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыруды қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық, экономикалық жəне құқықтық жағдайларын жасауы өте маңызды. Ал, мемлекет мүдделеріне келетін болсақ, кəсіпкердің тауар өндіру мен ақылы қызмет жасауы, сондай-ақ қоғамның табиғи-экономикалық, материалдық-техникалық жəне интеллектуалдық əлеуетін тиімді пайдалану ісінде жетекші тізбек болып табылатын экономикада тұрғындардың белсенді орташа табының қалыптасуы болып табылады.

Сонымен, мемлекеттік мүдделердің басымдығы кəсіпкерлердің мүдделерін ескеру мен жүзеге асыру бағытындағы үкіметтің іс-шаралар жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Осыдан барып мемлекет пен кəсіпкерліктің өзара қарым- қатынасы проблемаларын тұрақты түрде шешіп отыру керектігі туындайды. Оларды дұрыс шешіп отыру үрдісі көбіне-көп басқару жүйесіндегі мамандардың білім деңгейінің шаруашылық жүргізудін түрлі үлгілерін ұтымды ұштастыру талаптарына қаншалықты жауап бере алатындығына тəуелді болады.

Осындай білім деңгейіне қол жеткізуге аталмыш курсты терең игеру аясында мүмкін болады. Бұл пəнді оқыту үдерісінде кəсіпкерлік қызметтің негіздерімен таныстыра отырып, оның мазмұнын, міндеттерін анықтау, еліміздегі кəсіпкерліктің дамуын оқып үйрену басты мақсат саналады.

Қазіргі заманда экономикалық реформаның дамуы жəне тереңдеуіне байланысты көптеген шаруашылық иелері кəсіпкерлік ортада қызмет етуде. Бұл үдеріс жалғаса береді. Кəсіпкерге ең алдымен мыналарды терең білу керек: Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда пайдаланылатын нормативтік-құкықтық актілер, қаржылық-экономикалық қатынастарды, несиелендіруді, еңбекақы жəне басқаларды реттеу үшін əдістемелік тəсілдемелер.

Пəнді игеру барысында сондай-ақ, Азаматтық кодекс, Салық кодексі, Азаматтық құқық бұзушылық туралы кодекстердің, «Жеке кəсіпкерлік туралы», «Бағалау қызметі туралы», «Сақтандыру туралы», «Əлеуметтік əріптестік туралы», «Жосықсыз бəсеке туралы», «Инвестицияларды көтермелеу жəне қорғау», «Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы», «Мемлекеттік жəне өзін-өзі басқару туралы», «Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияларды дамыту туралы», «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры туралы», «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру туралы», «Инновацияларды дамыту жəне технологиялық жаңғыртуға жəрдемдесу туралы», «Аумақтық даму туралы», «Ауылдық аумақтарды дамыту туралы», ондаған заңдардың, стратегиялар мен бағдарламалардың кəсіпкерлікке қатысты тұстары жайлы түсіндірмелер беріледі.

Енді біз «мемлекет» жəне «кəсіпкерлік» терминдерінің ғылыми анықтамаларына зер салалық. Мемлекет атауының дəстүрлі жəне ең кең тараған анықтамасын Г.В. Атаманчук берген: «Мемлекет – белгілі бір аумаққа иелік ететін, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дəрежедегі ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы».

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты болып саналады жəне ол – саяси билікті жүзеге асыратын негізгі өзек жəне көрінісі. «Мемлекет» түсінігі көпқырлы жəне бірнеше мағынада қолдана алады: — географиялық түсінікте – «ел»; — «қоғам» мағынасында (мысалы, жапон қоғамы); — кей кездері мемлекет түсінігі «өркениет» түсінігімен байланыстырылады (орыс өркениеті, қытай өркениеті).

Ұзақ уақыт бойы философиялық жəне саяси əдебиетте «мемлекет» жəне «қоғам» түсініктерін терминологиялық жəне мағыналы түрде бөлу жоқ болды. Алғаш рет, осы түсініктердің келіспеуіне Н.Макиавелли назар аударды. Бірақ оның еңбектерінде «мемлекет» атауының анықтамасы болмайды. Мемлекет теориясын зерттеуші неміс ғалымы Г.Еллинек, алғаш рет бұл түсінікті Ж.- Ж.Руссо өзінің «Қоғамдық келісім» еңбегінде бөліп көрсетті дейді. Артынан, Г. Гегель мемлекеттің араласуынан еркін азаматтардың жеке мүдделерін жүзеге асыру салалары ретінде азаматтық қоғам түсінігін енгізді жəне мемлекетті саяси жалпылық ретінде анықтады, азаматтардың саяси құқықтарын жүзеге асыру аймағы ретінде анықтады.

Негізінен, мемлекеттің мынадай белгілері бар:

  • өңір – бұл мемлекет егемендігі таралатын жəне мемлекеттік билік органдары өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыратын шектеулі кеңістік. Бұл биліктің басты негізі жəне мемлекеттік органдардың заңнамалық құзыреттілігі. Ол жерді, табиғи байлықты, су жəне ауа кеңістігін қамтиды;
  • халық – мемлекет аумағында өмір сүретін адамзаттың қоғамдастығы. «Халық» жəне «жұрт» түсінігін бөліп көрсету керек. Жұрт – бұл əлеуметтік жалпылық. Оның мүшелері мəдениет пен тарих танымдарының ортақтығының арқасында жалпы мəдени жəне тарихи сезімдеріне ие. Халық бір жұрттан тұрады немесе көптеген «ірі» жəне шағын жұрттан тұруы мүмкін;
  • бұқаралық билік – қоғамдық жүріс-тұрыс пен халықтың қызметін анықтау мүмкіндігі, қабілеті жəне құқығы болып саналады. Аталған мемлекеттің аумағында тұратын халықтың жүріс-тұрысын реттейді. Мемлекеттегі саяси биліктің маңызды белгісі – институцияланған сипат болып саналады. Себебі ол жалғыз ғана сатылық құрылымға біріккен органдар мен мекемелер негізінде жұмыс жасайды. Мемлекеттік биліктің тағы бір ерекше белгісі болып оның жалпылығы, бірегейлігі, жалпыға міндеттілігі жəне заңдылығы жатады;
  • салықтар – жалпыға міндетті жəне қайтарымсыз төлемдер. Олар алдын ала белгіленген көлемде жəне белгілі уақытта алынады. Салықтар басқару органдарын қамтамасыз ету, яғни мемлекеттің өмір сүруін қолдау үшін керек. Негізінен, салықтар күштеу арқылы алынады, бірақ, дамыған мемлекеттік нысандарда уақыт өте келе салық төлеу өз еркімен төлеу нысанына өтеді;
  • құқық – жүріс-тұрыс тəртібінің заңды тұрғыда бекітілген жалпыға міндетті жүйесі. Ол басқарудың бірден-бір маңызды құралы болып табылады жəне мемлекеттің пайда болу сəтінен-ақ қалыптаса бастайды. Мемлекет заң шығару жұмысын жандандырады, яғни мемлекет халыққа арналған заңдар мен нормативті актілерді жəне т.б. шығарады;
  • əскер – сыртқы жаудан мемлекетті қорғау қызметін атқаратын қаруланған күш. Кез-келген мемлекеттің міндетті белгісі болып саналады;
  • мемлекеттік егемендік – халықаралық құқық субъектісі. Мемлекеттің халықаралық деңгейде тəуелсіздігін қамтамасыз етіп, елдің барлық аумағында мемлекеттік биліктің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Мынадай қосымша белгілерді де атап кетуге болады: жалғыз ғана мемлекеттік тіл, азаматтық, мемлекеттік нышан, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай ақпараттық жүйе, халықаралық мойындау. Бұларды қосымша деп атауымыздың себебі – бұл белгілер əр елде əртүрлі нысанда көріне береді.

Дінге қатысты мемлекет діни немесе зайырлы мемлекет болуы мүмкін. Мемлекеттік биліктің жоғары органдарының орыны мен сипатына байланысты екі негізгі нысанды монархия жəне республиканы бөліп көрсетеді. Түрлі тарихи кезеңдерде монархияның негізгі екі түрі өмір сүрді: шектелмеген (абсолютті) жəне шектелген (конституциялық). Монархтың сақтаған құзыреттілігінің көлеміне сай конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік жəне парламенттік.

Республиканы мынадай нысандарда бөліп көрсетеді: президенттік, парламенттік жəне аралас республика. Мемлекеттік құрылым нысаны – мемлекеттің саяси-аумақтық ұйымдасуының нысаны, ол үшке бөлінеді: — унитарлы мемлекет; — федеративті мемлекет (федерация); — конфедерация. Енді кəсіпкерлік атауына қатысты пікірлер жайында.

Кəсіпкерлік деп – қауіп-қатері мол, мемлекеттік жəне жеке меншік, несие жəне де басқа мүлікті пайдаланып табыс табуға бағытталған белсенді шаруашылық қызметін айтылады.

Қазіргі уақытта кəсіпкерлік жаңашылдықты, шығармашылық ізденісті талап ететін, бəсекелестік күреске төтеп бере алатын болуы қажет. Мұндай жағдайда тек кана жоғары сапалы өз өнімдерін өндіретін жəне оны үнемі жаңартып отыратын кəсіпорын өміршең болады. Өндіріс саласында кəсіпкерліктің басты мақсаты, мəні қандай өнімге сұраныс бар болса, соған бейімделу болып табылады. Кəсіпкерлік қызметтің басқа коммерциялық емес құрылымдардан басты айырмашылығы, табыс пен шығынның айырмасын білуге бағытталған, яғни, пайда табу болып табылады.

Уикипедия бойынша, кəсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кəсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кəсіпорынның) атынан жəне соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кəсіпкерлік кəсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кəсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Кəсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кəсіпкерлік жеке еңбек қызметі (дара кəсіпкерлік) ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатыны кəсіпорын ретінде тіркеледі.

Кəсіпкерлікті жүргізу, көбінесе, адамның жеке басымен – кəсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тəуекелге бəс тігеді. Кəсіпкердің мəртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кəсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кəсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тəртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс.

Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, кəсіпкерлікке жатады: — коммерциялық делдалдық; — сату-сатып алу; — инновациялық; — кеңес беру; — бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, т.б. қызметтер.

Нарықтық жүйеде толымды кəсіпкерлік қызметке жол ашылады жəне ол мемлекеттік меншікті қоса алғанда, меншіктің барлық нысандарына тəн. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кəсіпорындарды жекешелендіру кəсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кəсіпкерлік мəртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

Мемлекет пен кəсіпкерлік арасындағы қарым-қатынастардың шетелдік тəжірибесі

Экономикалық əдебиеттерде нарық адамдардың сатушы жəне сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері делінеді. Неоклассикалык экономикалық əдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно (1801-1877ж.ж), экономист А.Маршалл (1842-1924ж.ж) берді. «Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі нақты сауда алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы алаң. Еркіндік сонда – бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі» деген анықтама осы авторлардың еншісінде. Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты өлшемі деп көрсетілген.

Ағылшын экономисі У.Джевонс (1835-1882ж.ж) нарықтың өлшемі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығын» айтады. Оның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен жəне қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарықтың қатысушысы болады.

Байқасақ, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас аумағымен шектеледі. Нарықтың мəнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (market) деген түсінік, бұл айырбас айналыс аумағында орын алады. Екіншіден, нарық – өндіріс, бөлу, айырбас жəне тұтыну үдерістерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің əр алуан нысандарын, тауар- ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-əрекеттердің күрделі тетігі.

Нарық қатынастарына мыналар жатады: — екі субъекттің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кəсіпорындарды жəне экономикалық басқа құрылымдарды жалға алуға байланысты катынастар; — еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану үдерісі; — шетел фирмаларымен бірлескен кəсіпорындардың айырбас үдерісі; — белгілі пайызға несие берудегі несие қатынастары; — тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын, нарықтық инфрақұрылымдардың іс-əрекеті. Нарықтық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Нарық экономикасына көшкен бастапқы жылдары Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық жүйесі былайша қалыптасқан еді: — жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; — макродəрежедегі əлеуметтік-экономикалық үдерістердің тым қатал реттелуі; — микродəрежедегі шаруашылықтарда экономикалық бостандықтың шектелуі; — барлық шаруашылық құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету. Бұл шектеулер жойыла бастағанда, олардың орнына басқа шектеулер, кедергілер келді: — шамадан тыс салықтар көлемі; — алыпсатарлық пен «делдалдық»; — қылмыстық əрекеттердің жандануы (рэкет); — мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б.

Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік-шаруашылық іс- қимылдарға теріс ықпалын асыра түседі. Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші жəне өте маңызды элементі – өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі үдерісінде қалыптасады – біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады.

Екінші элемент – тұтыну, ол жеке тұтыну жəне өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс саласынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, əрқайсысының əрекеттері тұрақты болады, мамандануға əкеледі.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке талдауда екі мəселе бар: — бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нəтижесінде қалыптасады. Бұлардың сəйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады; — екінші – осы географиялық аумақта өндірілген тауарға нарықтық қатынастар əсерін баға анықтайды.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны екі құрылымнан – сұраныстан жəне ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді əдісін қолданудың жəне ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық тетігінің өте маңызды элементтері.

Нарық тетігінің бесінші элементі – бəсеке. Бұл пайданың жоғары болуын жəне осының негізінде өндіріс ауқымын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бəсеке нарық субъекттерінің өзара əсерінің жəне шамаластықты реттеу тетігінің түрі болып табылады. А.Смит бəсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мəні: адамдар өз мүдделеріне сəйкес, өздерінің қара басының қамын ойлап əрекет етеді. Осы əрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бəсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайда нормасының, пайыздың, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме жəне бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

Мемлекет пен кəсіпкерлік арасындағы қарым-қатынас шет елдерде бұрыннан қалыптасқан жəне көптеген университеттердің экономика мамандықтары бойынша оқу жоспарларының негізгісі ретінде қарастырылады.

«Мемлекет жəне бизнес» пəні Голландияда, Италияда, Данияда, Бельгияда жəне де басқа да Еуропа елдерінде, сонымен қатар Канада мен АҚШ-та оқытылады. Мемлекеттік басқару мəселелері бойынша мамандарды дайындау бағыты қайта құру жағдайында жəне нарықтық реформа кезіндегі мақсаты айқын жəне болашағы зор. Өмірдің өзі көрсеткендей, мұндай дайындыққа деген қажеттілік өте жоғары жəне осы пəнді оқып-үйренушілердің қызығушылығы жылдан-жылға ұлғаюда.

Бұған себеп – мемлекеттік басқару саласына мамандануға талаптанған азаматтарды бірнеше мəселе қызықтырады: — нарық экономикасы жағдайында мемлекеттің экономиканың дамуына араласуы қандай деңгейде болғаны жөн? — қай мəселе мемлекет тарапынан, қай мəселе жеке кəсіпкерлік тарапынан шешілуі тиіс жəне т.б.

Көптеген елдерде ресурстардың басым бөлігі жекелеген тұлғалар немесе жеке фирмалар басқа тұлғалармен немесе фирмалармен сауда келісімдерін жүзеге асыратын нарық көмегімен бөлінеді. Бірақ аралас экономикалық жүйедегі көптеген елдерде ерекше орынды мемлекеттік басқару жəне билік органдары алады, өйткені олар құқықтық нормаларды белгілейді, нарықта тауарлар мен қызметтерді сатып алады, қызметтің кейбір түрлерін шығарады, кең көлемді трансферттік төлемдерді өтейді. Заемдар мен салықтар арқылы өзін-өзі қаржыландырады, мемлекеттік құрылым бай пайыздық мөлшерде жəне нормативтерді қалыптастыруға өз ықпалын тигізеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *