Туризм экономикасы саласына мемлекеттік сектордың тікелей туризм және спорт министрлігі және Туризм Ұйымы арқылы немесе жанама түрде, яғни шетелдік саясат, заңдық бақылау немесе инфрақұрылымды қамтамасыз ету арқылы үкімет қолына алдына қойған мақсаттарына жетуіне қажетті, туристік ағымдарды басқаруда пайдаланылатын бірқатар құралдарды шоғырландырады. Үкіметтің туризмге белгілі үлеспен ықпал етуін екі деңгейге бөле аламыз.

  • сұраныс пен табыстарды басқару;
  • баға түзілулері мен жабдықтауды басқару.

Үкіметтің сұранысты басқаруы үшін қажет төрт саяси құралды бөліп қарауға болады:

  • маркетинг және ілгері бастыру;
  • ақпараттық қамтамасыз етілу;
  • баға түзу;
  • бақылау;

1.Маркетинг – Туризм Ұйымының негізгі қызметі. Мұнда үкімет тарапынан тиімді маркетингтік саясат жүргізу үшін қажетті басты талаптар – айқын мақсаттар, нарық пен өнімді жақсы білу және сәйкес ресурстарды бөлу боп табылатынын айта кеткен жөн. Мемлекеттік бюджетке деген көптеген талаптарды ескере отырып, қазынашы өкімет органдары туризмдегі маркетингтік компанияларға көп ретте сараңдық танытады, себебі олардың тиімділігін өлшеу мен болжау қиынға түседі.

2.Ақпараттың қамтамасыз етілуі – туристердің белгілі бір өнімге деген сұранысын білдіру қабілеттілігі олардың бар мүмкіндіктерін, әсіресе, ландшафттық-рекреациялық ресурстар туралы мәліметтерді білу дәрежесіне байланысты, бұл демалғысы келген турист үшін маңызды компонент болып табылады. Осы мәліметтер туристік ақпараттық жүйені құру дестинацияның келу деңгейін арттырып, туристік ағымдарды реттейді.

Әдетте келушілер ең алдымен ландшафттық-рекреациялық ресурстардың барлығын аралап болғаннан кейін өздерін қызықтыратын жерлерге уақытының болуына байланысты барады. Мүмкін болатын көрнекті жерлерге тиісінше баға беріп, жарнамалық және ақпараттық бағдарламаны уақытынша шектей отырып, ақпараттық басқару туристер ағымын бірқалыпты етіп ұстайды және ол кейбір туристік аудандарға түсетін салмақты жеңілдетуге пайдаланылуы да мүмкін.

Кейбір елдерде Туризм Ұйымы ақпаратпен қамтамасыздандыруды туристердің мінез-құлқына әсер ету үшін пайдаланады. Мұны туроператорлар брошюраларына туристік ақпаратты дестинацияға асыра баға бермейтіндей, туристерді осы жердің барша қоғамының мәдениетімен таныстыратындай етіп орналастыру жолымен жасауға болады. Оған баламалық тұрғы туристерге арналған жарнамаларды басып шығару болып табылады.

3.Баға түзілуі. Баға түзілуіне тікелей әсер мемлекеттік меншік негізінде, әсіресе, көрікті жерлерге қатысты пайда болады. Дестинациядағы маңызды деп саналатын көрікті жерлердің көпшілігі мемлекет меншігінде болады. Нарықтық бағыттағы экономикалық өзгерістерді үкімет мемлекет меншігіндегі көрнекіліктерге қойылатын талаптарды есепке алу мақсатында жүргізеді. Дүниежүзілік әуе желілерінің де басым көпшілігі мемлекет меншігінде. Даму деңгейі төмен елдерде мемлекет меншігіндегі қонақүйлер мен қолөнер бұйымдары дүкендерінің кездесуі де заңды құбылыс. Сондықтан кейбір елдерде туризм шығындарын құраушы негізгі элементтер тікелей мемлекеттік секторға тәуелді. Мұны үкіметтер бір кезде Батыс Еуропада орталықтанған жоспарлы экономика болғандағыдай жағдайды жалпы бақылау үшін пайдаланады.

Мемлекеттік секторға қосымша ықпал ету валюта түсімдерін шектеу, айналымға түсетін салықтар мөлшерін белгілеу, туристерге арналған арнайы баж салығынсыз дүкендер ашу, бағаны бақылау секілді экономикалық нұсқаулардан көрінеді. Валюталық шектеулер негізінен шетел валютасы жетіспейтін елдерге енгізіледі, сондықтан турист әдетте ақшаны жоғары айырбас бағасымен алмастырады, бұл саяхаттың өз құнын көтереді. Туристерге қара базарда ақша айырбастауға сот үкімі мен қатаң шара қолдану жолымен кедергі жасалады. Бағаны бақылау туризм индустриясының ұзақ мерзімді өсуінің көрінуімен және туристерге деген жоғары бағаны пайдалануды монополиялаудың алдын алумен арта түседі, бұл дестинация беделінің бұзылуына әкеледі. Мысал ретінде бағаны реттеу аргументі 13-суретте келтірілген.

Бастапқы сатыда дестинация V1-ге тең келушілер санын, P1 құрайтын оларға арналған қызметтер пакетінің құнын және ол D1 сұраныс сызығы мен S1 ұсыныс сызығының қиылысқан жерінде теңеседі. Сұраныс өсуі D2 сызығымен көрсетіледі. Бұл ұсынушыларға бағаны  2-ге дейін (нарықтық тепе-теңдіктің В нүктесімен) көтеруге мүмкіндік береді. Бұл қысқа мерзімде барынша көп пайда алу деп сипатталатын тұрғы жемісті болуы мүмкін, себебі ұзақ мерзімдегі сұраныс қысқа мерзіммен салыстырғанда бағаға қатысты иілгіштік көрсетеді, бұл D1,2 еңісінде көрсетілген. Оның себебі кейбір дестинациялар арасындағы бәсеке боп табылады. Бағаны P1 позицисында ұстап қалған кезде ұсынушылар дестинация нарығының шығындарында артық табыстарын алады. Нарық тепе-теңдігі  A нүктесінде қалыптасады, келушілер саны V2-ден V3-ке дейін түседі.

Дестинациялардың баға бәсекесі туралы білетіндігіне күмән жоқ кейбір Туризм Ұйымдары өздерінің нарықтағы орындарын анықтайды. Бағаларды мемлекеттік реттеу жүретін жерлерде оларды P3 деңгейіне қою керек, бұл S1 сызығы мен C1 тепе-теңдік нүктесінің нарықтық дамуына сәйкес ұзақ мерзімді ұсыныстардың өсуін қолдау үшін жеткілікті болады. Ол туристер ағымын V4-ке дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан өндірушілер табыстардың жедел өсуінен қорғалған.

Баға бақылауы енгізілген жерде мекемені тіркеу мен лицензиялаудан басталатын нарықтық реттеу үшін өзге де қадамдар жүзеге асырылады. Қонақүй ашқан жағдайда классификацияларды аттестациялау және сапа градациясын да енгізу мүмкін болады. Өнімнің сұраныстан асып түсетін Жерорта теңізі курорттарының көптеген мысалдарын келтіруге болады.

Дестинациядағы туристік қызметті ұсынушылардың қысқа мерзім ішінде қосымша пайда алуы мүмкін болған жағдайда мемлекеттік бақылау ескертулер арқылы бейресми түрде жүзеге асуы мүмкін. Бірақ мұндай әрекеттер детинация мүддесінен тыс.

4.Бақылау – бұл келушілер санын немесе туристік ағымдар көздерін шектеу тәсілі. Халықаралық деңгейде ол үшін сұранысты шектеудің ең қарапайым әдісі – берілетін визалар санын шектеу боп табылады. Чартерлік рейстерге тиым салу – бұл кейбір елдердің нарықтағы шектеуші имиджге ие болуына және белгілі бір деңгейде ұлттық әуе тасымалдаушыларын қорғауға көмектесетін тәсіл. Дестинацияда бақылау әдетте танымал мәдени қалалар мен ұлттық ресурстарды қорғаумен байланысты. Сондықтан келушілер санын басқару ең қарбалас уақыттағы шоғырлануды азайтуға пайдаланылады және табиғи көрікті жерлер төңірегіндегі туристік инфрақұрылымның (әсіресе, орналасу жерлерінде) дамуын бақылауға арналған. Туризм саласындағы мемлекеттік реттеу әдетте туристер таңдауын басқаруға бағытталған сұранысты басқару саясатына, болу уақытының құнына немесе келушілер санын қолдауға (реттеуге) қарама-қайшы туристік құрал-жабдықтар мен қызметтерге ықпал етуге байланысты болады.

Көптеген елдерде туризмнің дамуы мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы әріптестік түрінде қарастырылады. Үкіметтің бұл әріптестікке араласу дәрежесі елде үстемдік ететін экономикалық, саяси және әлеуметтік жүйеге байланысты.

Үкімет туризмнің айтарлықтай өсуін белгілеген немесе бұл процесті жеделдеткісі келген елдер нарық кеңістігіне Туристік Даму Корпорациясын (ТДК) құрып, оған курорттар салу ісін жүктеу жолымен араласа алады. Басқару теориясы тұрғысынан курорт салынып болған бойда корпоративтік даму қызметі тоқтатылып, барлық дүние-мүлік жеке секторға және жергілікті басқару органдарына беріледі. Бұл нарықтық бағытталған экономикадағы жалпы бағыттар. Бірақ орталықтанған жоспарлаудың жоғары дәрежесі бар елдерде ТДК-да қонақүйлер мен турларды басқарудағы операциялық рөл қалдырылады.

Үкіметтің туризм индустриясындағы ұсынысқа ықпал етудің ең жиі пайдаланылатын әдістеріне мыналар жатады:

  • жерді пайдалануды жоспарлау мен бақылау;
  • құрылысты реттеу;
  • нарықтық реттеу;
  • нарықты зерттеу мен жоспарлау;
  • салық салу;
  • меншік құқығы;
  • капитал салымын қолдау.

А) Жерді пайдалануды жоспарлау мен бақылау. Жерді пайдалануды бақылау туризмдегі мемлекеттік реттеудің негізгі технологиясы. Ол туризм құрылымындағы ұсынысқа айтарлықтай ықпал етеді. Барлық үкіметтер заңнамалық формада жердің әрбір шаршы метрін пайдалануды дамытуға, беруге және өзгертуге рұқсат берілетін қалалық және ауылдық жерлердегі жоспарлау жүйесіне ие. Әдетте бақылау көркем құндылықтар мен қорық аумақтарын қорғауға пайдаланылады.

Жерлерді сату-сатып алу аймақтары мен міндеттемелеріне бөлу негізінен туризмді дамытуды ілгері апару құралы ретінде қолданылады. Жерге бақылау жүргізудің шешуші аспектілерінің бірі туризм саласы үшін жан-жақты жоспарлар мен жер кадастрлерін бекіту кезіндегі алыпсатарлықтық алдын алуды қадағалайтын әкімшілік ұйым мен заңнама болып табылады.

Ә) Құрылысты реттеу. Құрылысты реттеу жерді пайдалануды қосымша бақылау үшін пайдаланылады және ғимараттардың көлемін, биіктігін, формасы мен түсін белгілейді. Автотұрақтарды жеке сектор туроператорлары қажетсіз деп таниды. Құрылымдық реттеуге қосымша ретінде көптеген елдердің мәдени құндылықтарды, тарихи құрылыстарды, археологиялық қазбаларды, діни ескерткіштерді, қорықтарды, тіпті тұтас қалаларды қорғайтын заңнамалары бар.

Б) Нарықтық реттеу. Үкімет нарықтағы фирмалардың мінез-құлқын реттейтін заңдарды олардың бәсекесінің және монополиялық билікті өз мақсатына пайдаланудың алдын алу үшін индустрияның әрбір секторындағы меншік дәрежесін шектеудің арқасында қабылдайды. Үкімет сондай-ақ нарықты ұсынушыларға тұтынушылардың мүддесі үшін бірқатар міндеттемелер жүктеу арқылы реттеуі мүмкін. Бұл заңда көрсетілмесе де туризм индустриясы үшін Ұлттық туристік сауда ассоциациясына мүше болу шарттарында міндетті кодекс түріне айналуы мүмкін.

Нарықтың тиімді жұмысын ұсынатын экономикалық критерийлердің бірі – тұтынушылардың оларға берілген таңдау құқығы туралы толық ақпаратқа ие болу керектігі. Ал егер тұтынушылар қауіпсіздікке, ақпараттануға, шығындарды өтеуге құқылы болмаса, егер фирмалар іс жүргізуді ереже-қағидаларға сай атқармаса, дестинация ресурстары сарқылады. Егер қорғау деңгейі артса, шығындар мен компенсациялық төлемдер азайады. Қорғаудың ықтималды деңгейі екі түзудің қиылысу A нүктесінде көрсетілген, ол осы а деңгейін OX осінде көрсетеді.

В) Нарықты зерттеу мен жоспарлау. Туризм индустриясы әдетте мемлекеттік секторға статистикалық мәліметтерді жинау мен нарықты зерттеуді жүргізу міндеттемелерін жүктейді. Өз жағынан үкімет индустриядағы өзгерістерді бақылау мен туризмдегі әлеуметтік қалаулар мен бағаларды анықтауға мүдделі.

Г) Салық салу. Үкіметтік туристік саладан салық алуының негізгі екі себебі бар. Алғашқысы туризмдегі салықтар үшін классикалық себеп: туристерге әлемдік табиғи және мәдени мұра ескерткіштерімен танысуға мүмкіндік беретін бұрын шығарылған барлық өнімдерге салынған сыртқы баға қоюшыға қосымша құн. Екіншісі, табысты арттыру үшін туристер барлық салық түсімдерінің бөлігі ретінде қарастырылады. Туризмнен түсетін мемлекеттік табыстарды көбейтудің ең қарапайым жолы – әуежайдағы салықтар, билеттердің барлығына салынатын салықтар, қонақүйде тұруға салынатын салықтар. Бірқатар елдерде мәселен, Түркияда ойынханаларға тыйым салынған.

Салықты қонақүй тұрғындары да төлейді. Ол қонақүй табысынан біртіндеп шегеріледі. Салықтар төлеу үшін негіз-сұраныс пен ұсыныстық баға өзгерісіне қатынасы.

Мұнда, салық салу өндірушілердің тур өнімін ұсыным сызығын S1-ден S2-ге жылжыту арқылы арттырады, бұл өз кезегінде қонақүйдегі бөлмелерге деген сұранысты Q1-ден Q2-ге дейін түсіреді. Бірақ салықтан түскен пайда сомасы P2 ACD өседі және ол бағаның артуы түрінде туристерге жүктелген. Баға тек P1-ден P2-ге көбейеді және салық жүгінің үлкен бөлігі P1 BCD пайданы азайту түрінде ұсынушылар мойнына түседі. Түристер P1 BCD-ға салықтан түскен табыстардың түсіміне көмектеседі.

Мемлекет меншігінің дәл осы қызметтерінің қажеттілігі олардың экономикалық дамудағы маңызына негізделеді: сыртқы инвесторлар осындай қамтамасыз етілу мен туристік өнімнің нарыққа шығуының экономикалық нәтижелерінен үмітті. Дәстүрлі түрде мемлекеттік инфрақұрылым мен транспорт желілері табиғи монополиялар ретінде қарастырылады: өнімнің ең аз мөлшерде шығарылуы нарықтық экономикаға бір фирма емес, бірнеше фирма қатысатындай болуын қамтамасыз етуі керек. Бұл мекемелер жекеменшік мекеме болса да, олар мемлекет тарапынан реттеуді қажет етеді.

Д) Капитал салымдарын стимулдау. Дүниежүзінің үкіметтері туризмге инвестиция салудың кең спектрін ұсынады. Оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады:

  • капитал шығындарын (капиталды алуға кететін шығындар) төмендету. Мұнда жеңілдік шарттардағы қарыздар мен капиталдық дотациялар (субсидиялар), салықтың пайыздық ставкасынан босатулар, нақты бір жылдарға қарызды қайтаруды шегерулер және жеңілдіктермен жер беру, материал берушілердің қосымша тарифтерінен босату енеді;
  • ағымдағы шығындарды төмендету. Кейбір мекемелерді қолдау үшін үкімет оларды 5-10 жылға салықтан босатуы, өзгеріс қажеттіліктеріне уақытша субсидия береді, импортталатын материалдарға тарифтік босатулар ұсынды, айтарлықтай жеңілдіктер беріп қосарлы салық салудан қорғау кепілдігін беруі мүмкін. Мемлекетаралық келісімдер негізіндегі салықтардың арзандатылулары инвестор алатын бір пайдаға қосарлы екі салықты төлеудің алдын алады.

Инвестициялаудың қауіпсіздігі. Мұндағы мақсат болып саяси орта мен экономикалық ахуалға барынша сезімтал инвестордың индустрияға сеніміне ие болу табылады. Аталмыш әрекеттерге национализациялаудан сақтау кепілдігі, шетел валютасын еркін пайдалану, инвестицияланатын капиталды, табыстарды, дивиденттерді қайтару, қарыздарды қайтару кепілдіктері, іс-әрекет жасауға лицензия алуды болжау мен техникалық кеңес берудің болуы жатады.

Дотацияларды, қарызға ақшаны беру әдетте туристік ұйымға , үкіметтік инвестициялық банкке немесе туристік даму корпорациясына беріледі. Салық мәселелері үшін жауапкершілік қаржы министрлігіне жүктеледі. Сәл нашарлау дамыған мемлекеттер мультиұлттық агенттіктердің көмегін беретін инвестициялық қорларды өзіне тарта білуі мүмкін. Бұл қаржы бар инвестициялар көздерін ұлғайту үшін және жалпы қаржы жүйесінің дамуы үшін пайдланылуы мүмкін.

Инвестициялаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясаты – туризмге инвестициялар тартудың басты талабы. Қаржылық қолдаудың мақсаты капиталға деген пайданы инвестор тарту деңгейіне дейін арттыруда жатыр. Үкімет нарық потенциалы айқын болатын жерлерде инвестициялану қауіпсіздігіне қажет жағдайларды туғыза отырып туризмдегі өз міндеттемелерін орындауы қажет.

Жеке секторды инвестициялауға кедергі болатын инвестициялардың анықталмаған өсуі мен шектелмеген әлеуеті байқалатын көптеген инстанциялардың бар екенін айта кету керек. Мұндай жағдайда үкіметтің араласуының принципиалды рөлі – инвесторлармен жұмыс кезінде катализаторлық қызмет атқаруда жатыр. Сол себепті қоғамдық қорлар туризмге жеке салымдарды пайдалану мүмкіндігіне ие бола алады (мемлекеттік міндеттемелер болса), бірақ нарық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндіктері жоқ.

Туризмге инвестиция салудағы бәсеке мемлекетпен инвесторлар санын көбейтуге көмектесетін заңдар қабылдауды экономикалық көмек көрсетуді талап етеді. Олардың қайсыбіреулері жоғарыда аталып өткен мадақтаулардың барлық түрлері туралы заңдар шығара алады. Енді бір елдер мәнін түсінбей көрші елдердің заңын көшіріп алғандығы үшін экономикалық жауапкершілікке тартылады.

Түрлі қаржылық жеңілдіктерді қамтамасыз ету бизнестегі тәуекел негіздері мен туризм индустриясына салынған капиталды қайтару мүмкіндігін ұғына білуге байланысты. Сондықтан дамушы елдер дотациялар мен жеңілдікті қарыз беретін кездер де болады. Бұл көптеген туристік агенттіктердің жұмысының тиімділігін арттырады. Туризм кәсіпорындарындағы тәуекелдің негізгі себептерінің бірі болып капиталға деген пайыздың әрекет етуші шығындарға қатысты жоғарғы деңгейі табылады. Осы себеппен капиталды тартуға кететін шығын да азаяды.

Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.

Үкімет қолында туризмнің дамуының бағытына ықпал етуге мүмкіндік беретін көптеген саяси құралдар бар. Бүкіл дүниежүзінде үкімет іс-әрекетін реттеу жолымен жеке сектордың ісіне араласады.

1980-1990 жж. таза нарықтық экономикаға бағыт алу бағыты мемлекеттің делдалдық араласуының тежелуіне әкелді, ол оны коррекциялау мен жақсарту есебінен емес, нарық жүйесін деформациялау арқылы жүзеге асты. Мұның барлығы туристік индустрияны дамыту кезіндегі көрсетілген көмекпен салыстырғанда, жеке нарықтардың табыстарды бірқалыпты бөліп, қоршаған ортаны қорғауды ойлай алатындығына күман тудырады. Туризмнің дамуында көмек берудің негізгі шарты — әлсіз д–мыған мемлекеттерге олардың ресурстар қорларын толықтыра отырып, кедейлік деңгейін шығару. Бізге туризм іс-әрекетінен түсетін пайда нормасының үлкен екендігі белгілі, себебі туризм негізінен мемлекеттің табиғи және мәдени құндылықтарының негізінде дамиды. Өткен жылдар тәжірибесі үкіметтерге туризм секілді маңызды саланың дамуына ықпал ету мүмкіндігінен бас тартудың жөн еместігін көрсетуде.

Туристік фирмадағы маркетингтік қызмет сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті негізінде тұтынушылардың туристік өнімге, қызметке деген қажеттілігінің сапасы, қалайтын қасиеттері, бәсекелестік артықшылықтары, бағасы бойынша қанағаттандыру туризм нарығын дұрыс таңдай білу негізінде өз қызметін отандық және шетелдік нарық талаптарына сәйкестендіру олардың тұрақты қызметін қамтамасыз етуге негізделеді. Еліміздегі туризм нарығындағы маркетинг жүйесін ұтымды ұйымдастыру үшін турфирмаларды әдістемелік, ұйымдық және тәжірибелік іс-шаралармен қамтамасыз ету қажет.

Еліміздің облыстарындағы туризмнің дамуын талдау қабылданып, жүргізіліп жатқан мемлекеттік, облыстық деңгейлердегі бағдарламаларға қарамастан оның басқа елдермен салыстырғанда әлі де төмен дәрежеде екендігін көрсетті. Бұл саланың еліміздің туристік-рекреациялық мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана алмай отырғандығының басты себептері:

1.Көлік мәселесі. Туристердің басым бөлігі сервис және сенімділік жағынан шетелдік әуе тасымалдаушыларын таңдайды, соның салдарынан отандық әуе компанияларында жолаушылар ағысы төмен. Әуе билеттері құнының жоғары болуына байланысты турфирмалар өнімінің бағасы қымбат, соған орай халықаралық нарықта біздің турөнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмен. Автокөлік шекаралас мемлекеттерге шоп-турларды ұйымдастыруда және экскурсиялық маршруттарда қолданылады. Бірақ оның дамуы аймақтардағы туристік нысандарға апаратын жолдардың жағдайына және туристік көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету деңгейіне байланысты арта қалып отыр.

2.Туристерді орналастыру орындары. Көптеген зерттеу мәліметтері бойынша туристік класқа жататын 2-3 жұлдызды және шағын, орта қонақүйлердің қызметі рентабелді болып келеді. Облыстар орталықтарының өзінде мұндай қонақүйлер саны 3-4 аспайды.

3.Кадрлық қамтамасыз етілу. Туризм саласының кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейі осы уақытқа дейін қанағаттанарлықсыз болып отыр. Облыстарда туризм менеджерлерін дайындайтын бірқатар жоғары оқу орындары бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *