Міржақыптың бұл өлеңі 1912 жылы, Қазан қаласында басылып шықты. Бұдан бұрын шыққан еңбектерімен Міржақыптың бұл еңбегінде көркемдік жағынан үлкен айырма бар.

«Азаматтың» тілі «Оян, қазақ!» пен «Бақытсыз Жамалдай» емес, таза қазақ тілі. Өлеңнің үйлестік құрылыс, көркемдік жағынан «Азамат» бастапқы екеуінен көп ілгері. Бастапқы екеуін əсіресе, «Оян, қазақты!» оқығанда, Міржақыптың ақындығына адам шек келтіреді. Ал «Азаматта» олай емес: Мұнда Міржақып өскендігін, ақындық сипатының бойында толық барын көрсетіп отыр.

Мазмұн жағына келгенде, Азаматтың ішіндегі өлеңнің көбі «Оян, қазақтағы!»: «жерің орысқа кетті. Елдігің тозды. Басыңды көтермесең мұнан да жаман боласың. Басыңды көтер, білім біл, өнерлі шаруа бақ, қатарға кір»деп қазақты үгіттеген сөздер. Қазақты қараңғылықтан құтқар деп оқыған азаматқа салған ұрандар. Бұлар «Жұт», «Таза бұлақ», «Газет, журнал» «Айқап», «Ия, алла», тағы басқа өлеңдерінде ашық көрінеді. «Азаматтағы» өзгешелік, бастапқы екі шығармамен салыстырғанда, екі түрлі: оның біреуі Еуропа капитализмінің жиһангершілік саясатын шетпұшпақтап көру, екіншісі – қажығандық.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *