Үрпіден бөлінділердің шығуы оның кілегей қабаты қабынуының -уретриттің неғұрлым жиі кезігетін белгісі болып табылады. Уретрилер әр түрлі дәрежеде және бөліндінің мөлшері әрқалай болады. Үрпіден шығатын бөліндінің өз ерекшеліктері бар. Мысалы, гонореялық уретритте олар көп, кілегей тәрізді, жасыл-сары түсті болады, үнемі ағып жүреді. Мұндай бөлінділер шығатын кезде несеп шығару қатты ауырсындырады. Несеп шығару өзегінің сыртқы тесігі ісінеді, қызарады, кілегей кабаты салбырап шығады. Трихомоноз кезінде, керісінше, үрпіден болмашы ғана, аздап көпіршеген, кілегей бөлінді шығады, ал несеп шығаруда кінәрат болмайды.

Үрпіден простатикалық сөлдік бөлініп шығуын простаторрея деп аттайды. Әдетте бұл орайда кейбір науқастар несеп шығарудың соңында несептің соңғы тамшылары сүт түстес, созылмалы болады дейді, енді біреулері дефекация актісі уақытында үрпіден нақсондай бөлінді шығатынын айтады.

Простаторрея, үрпінің дуылдап қышуы, жалпы әл кету, жыныс функциясының төмендеуі әдетте созылмалы простатитпен қабат жүреді. Жедел простатит кезінде үрпіден бөлінді болмайды, температура барынша көтеріледі, шатаралығы,тік ішектің төменгі ұщы ашып қатты ауырады. Несеп шығару жиілейді, қиындап, ауырсындырады. Простата абсцесі кезінде несеп мүлдем жүрмей қалуы мүмкін.

Простаторреяны сперматорреядан ажырата білу керек, сперматоррея кезінде едәуір мелшерде сперматозоидтер анықталады. Ұрықта қан қоспасының болуы гемоспермия деп аталады, ол созылмалы артқы уретриттер кезінде (көбіне гонореядан кейін) жиі байқалады. Сперманы зерттегенде оның еркектік белсіздігі жағдайларын түсіндіретіндей елеулі өзгерістері анықталуы мүмкін. Сперманың бөлініп шығатын мөлшерінің (нормада шамамен 5 мл) азаюы — олигоспермия -простатиттер, везикулиттер, тыртықтанып біту кезінде, ен мен олардың сағақтарының кезінде қабынып ауырғаны салдарынан болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *