Паранефрит — бүйректің айналасындағы майлы клетчатканың қабынуы. Егерде бүйректің фиброзды капсуласы қабынатын болса перинефрит деп аталады. Паранефрит стафилококтан, ішек таяқшасынан және микроорганизмдердің басқа да түрлерінен болады.

Біріншілік және екіншілік паранефрит деп сараланады. Біріншілік паранефрит бүйрек ауруы жоқ уақытта, ағзадағы шалғайдағы іріндеп қабыну ошақтарынан (панариций, фурункул, остеомиелит, пульпит және т.б.) гематогендік жолмен паранефралдық клетчатканың инфекциялануы салдарынан пайда болады. Оның дамып өршуіне бел өңірінің жарақаттануы, суықтию және басқа да экзогендік факторлар себепші болады.

Қосалқы паранефрит бүйректегі іріндеп-қабыну процесінің асқынуы ретінде пайда болады: бір жағдайда іріңнің бүйректегі қабыну ошағынан (бүйрек карбункулы, бүйрек абсцесі, пионефроз) паранефралдық клетчаткаға тікелей тарап жайылуынан, енді бір жағдайларда (пилонефрит кезінде) лимфалық жолдармен жөне гематогенді түрде тарауынан болады. Паранефралдық клетчаткаға инфекция көрші органдардағы қабыну ошақтарынан да келіп түсуі мүмкін (параколит, ретроперитонит, параметрит, парацистит, аппендицит, бүйрек абсцесі, өкпе плевриті кезінде жөне т.б.) Екіншілік паранефрит мұндай жағдайлардың 80 процентінде кездеседі.

Іріндеу-қабыну ошағының паранефралдық клетчаткада шоғырланып орналасуына байланысты алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі және тоталдық паранефрит деп саралайды. Майлы клетчатка көбіне бүйректің артқы беті бойында неғұрлым молынан дамитын болғандықтан бәрінен гөрі артқы паранефрит жиі байқалады. Паранефрит көбіне сол жақтан болады. Екі жақты паранефрит өте-мөте сирек кездеседі.

Қабыну процесіне тән сипатқа қарай жедел және созылмалы паранефит деп саралайды. Жедел паранефрит бастапқыда экссудативті қабыну стадиясынан өтеді, мүның өзі кері дамуға ұшырауы немесе ірінді стадияға ұласуы мүмкін. Егер паранефральдық қлетчаткадағы ірінді процесс тарап жайылуға бет алса, онда өдетте фасция аралық перделер ірігкыдырайды да, ірің бел өңірінің неғұрлым осал тұстарына -Пти және Лесгафт-Грюнфельд үшбұрыштарына қарай ағылады. Процесс одан әрі дамыған жағдайда ірің паранефралдық клетчатка шегінен асып, ішперде арты клетчаткасының флегмонасын түзеді. Флегмона ішекке, ішперде қуысына немесе плевралдық қуысқа, қуыққа немесе шап өңірі терісінің астына, бел бұлшық етінің бойымен тарауы, ал жапқыш саңылауы арқылы саннын ішқі бетіне өтуі мүмкін. Алайда мұндай ақтық нөтиже танылып-білінбеген паранефрит кезінде ғана болуы мүмкін. Соңғы жылдары антибиотиктердің кеңінен қолданылуына байланысты паранефрит неғұрлым сирегірек кездесетін болды.

Жедел паранефриттің аурудың бастапқы стадиясында тән сипатты симптомдары болмайды, дене температурасының 39-40°С ға дейін көтерілуінен, тоңазудан, әл құрудан басталады. Тек 3-4 тәулік және одан да көбірек уақыт өткеннен кейін ғана оның шоғырланған нышандары білінеді, олар: бел өңірінің интенсивтілігі өрқалай болып ауыруы, тиісті жақтың қабырға-омыртқа бүрышының пальпация кезінде ауыратындығы, бел бұлшық еттерінің қорғаныштық жиырылуы, науқастың аяғын бауырына бүгіп тән сипатты жағдайда жататыны, процеске бел бұлшық етінің қамтылуы есебінен аяқты жазған кезде қатты ауыратыны, терінің пастоздығы және бел өңірінде бұдырлануы, жерглікті гиперемия, ауырған жақтан бел түсынан алынған қанда лейкоцитоздың неғұрлым жоғары болуы. Паранефралдық клетчатканы пункциялаған кезде ірің алынуы ірінді паранефриттің бар екендігінің көз жеткізерлік дәлелдемесі болып шығады, алайда тексеру кезінде іріңнің болмауы бұл ауру жоқ дегенді білдірмейді.

Жедел паранефриттің клиникалық көрінісі көп жағдайда іріндіктің орналасқан тұсына, инфекцияның вируленттігіне және организмнің реакциялылығына байланысты. Жоғарғы паранефрит кезінде (диафрагма) асты абсцесінің, жедел холициститің, пневмонияның немесе плевриттің симптомдары-дамуы мүмкін. Төменгі паранефрит жедел аппендицит пен оның асқынуларының (аппендикулярлық инфильтрат, ретроцекалдық абсцесс) тән үлгісі бойынша өтуі мүмкін. Алдыңғы паранефрит кезінде асқорыту ағзаларының ауруларына тән сипатты симптомдар байқалуы ықтимал.

Созылмалы паранефрит көбіне жиі-жиі асқынып өтетін созылмалы калькулездік пиелонефриттің асқынуы ретінде пайда болады немесе жедел паранефриттің ақтық жағдайы болып табылады. Ол бірсыпыра жағдайларда бүйрекке операция жасап араласудан кейін (паранефралдық клетчаткаға несептің тарауы) немесе бүйректің жарақаттан зақымдалуы кезіндегі урогематоманың салдары ретінде пайда болады. Созылмалы паренефрит өнімді қабыну типінде өтеді де, паранефралдық клетчатка орнына біріктіруші тінмен («сауытты» паранефрит) немесе фиброзды-лигюматоэды тінмен алмасу болады. Бүйрек әдетте едәуір қалың және тығыздығы ағаштай инфильтратпен қапталған болып шығады да, операция кезінде бүйректі тек «өткір » амалмен ғана жалаңаштау қажет болады.

Диагнозы. Жедел паранефритті танып-білуде рентгенологиялық зерттеп-тексеру әдістері елеулі көмек болып табылады. Ренттеноскопия кезінде диафрагманың ауру жағындағы экскурсиялық қозғалыстарының шектеулілігін көруге болады. Шолу рентгенографиясының көмегімен омыртқаның бел бөлімінің сколиозын және бел бұлшық еттерінің контурларының жоқ екендігін анықтайды. Дем алу және дем шығару кезінде жүргізілген экскреторлық урогорафия сау бүйрекпен салыстырғанла зақымдалған бүйректің жылжымалылығының жоқ екенін немесе күрт шектелгендігін анықтауға мүмкіндік жасайды. Ультрадыбыстық сканирлеу ірінді жедел паранефрит болған жағдайда майлы клетчатканың іріндік іруінің ошағын нақпа-нақ анықтайды, ал созылмалы паранефрит кезінде оның жаңғыру қүрылымының бір текті емес екенін көрсетеді. Созылмалы паранефриттің диагностикасы анағұрлым күрделі.

Дифференциялық диагностика. Созылмалы паранефрит кезінде бел өңірінде пальпациялянатын тығыз, бұдырлы ісік тәрізді түзілімді бүйректің ісігінен дифференциялау қажет. Бүйректегі созылмалы қабыну процесінің ұзаққа созылып өтуі, несепте пиурияның, бактериурияның, актив лейкоцитердің болуы, тостағанша-астау жүйесінің пиелонефритке тән сипатты деформациялануы, құрт төрізді үйымалар болатын, ауыртпайтын гематурияның жоқтығы паранефриттің пайдасына айғақ болады. Дифференциялық диагностикада рентегнорадиозотоптық зерттеп-тексерулердің, ультрадыбыстық сканирлеудің, компъютерлік томографияның деректерінің неғүрлым зор маңызы болады.

Емделуі. Жедел паранефриттің ерте стадиясында антибактериялық терапияның қолданылуы науқастардың көпшілігінде хирургиялық араласусыз сауығып кетуіне мүмкіндік береді. Шығу тегі гематогендік паранефрит бәрінен гөрі көбіне-көп стафилококктан туындайтын болғандықтан, ең жақсы деген нәтижелерге жету жолдары жартылай синтетикалық пенициллиндермен -ампициллинмен және карбенициллинмен емдеу, сондай-ақ бензилпенициллиннің натрий тұзымен (500000 ЕД тәулігіне 4-6 рет бұлшық ет ішіне) және эритромицинмен (0,25 г-нан күніне 4 рет ішке), цефалоспориндік қатардың антибиотиктерімен емдейді.

Антибиотиктерді сульфаниламидік препаратгармен: бисептолмен, потесиптолмен, сульфадиметоксинмен ұштастырып үйлестіріп отырған дұрыс. Егер паранефриттің қоздырғышы грамотеріс бактериялар болса, онда ампициллин, кабенициллин, гентамицин, амикацин қолданылады.

Антибактериялық емдеуге қоса организмніа иммунологиялық реакциялылығын арттыратын терапия жүргізеді: пенттжсил, қан және плазма ауыстырып құю, глюкоза ертінділері, иммунитеттің Т — клеткалы буыны езілген жағдайда тактивин қолданылады. Іріңді паранефрит жағдайында операциялық емдеу нұсқалады, мұның өзі люмботомияға, паранефральдық абсцесті кең тіліп ашып, резеңке-дәке тампондармен жақсылап дренаждауға саяды. Жараның артқы бұрышын тікпейді. Шектеулі ірінді артқы және төменгі паранефрит кезінде ультрадыбыстық бақылаумен және дренаждау арқылы іріндікті пункциялау амалын жасауға болады.

Созылмалы паранефрит кезінде емдеу сол жедел паранефрит кезінде қолданылған антибактериялық препараттармен жүргізіледі де, ол физиотерапевтикалық әдістермен (диатермия, балшық аппликациялары, ыстық ванналар жөне т.б.), сондай-ақ жалпы нығайтушы құралдармен сіңіру терапиясымен (лидаза, алоэ) ұштастырылады.

Болжам. Жедел паранефрит кезінде болжам әдетте қолайлы болады. Созылмалы паранефрит көбіне-көп екіншілік ұзаққа созылып өтетін пиелонефриттің асқынуы болып табылатындықтан, оның болжамы негізгі аурудың өту барысының сипатымен анықталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *