Ойық жаралардың барысы көп мерзімге созылуымен байланысты олар біртіндеп тереңдей отыра көрші жатқан ағзалармен немесе тіндермен (ұйқы безі, бауыр, тоқ ішек, өт қуығы, гепатодуоденалды байлама т.б.) жанасып сол ағзалармен, тіндерге қарай өтеді (ulcus penetrans). Пенетрацияланған ойық жараларда олардың түп бөлігі сол көрші ағзаның тінінен құралады. Егер пенетрация қуыс ағзаларға қарай бағытталса асқазан немесе он екі елі ішек пен сол ағза араларында жыланкөз пайда болады. Мысал ретінде он екі елі ішек пен от қуығы арасындағы неме­се асқазан мен тоқ ішек арасындағы жыланкөздерді атауға болады.

Пенетрация асқынуы туған жағдайда оның клиникалық көрінісінде, асқынбаған ойық жаралармен салыстырғанда, кейбір ерекшеліктер мен өзгешеліктерді байқауға болады. Өздеріңізге белгілі асқынбаған ойық жараларда ауру сезімі, көбінесе, тамақ қолданған соң немесе ашыққан сәтте пайда болады және жыл мезгілдерімен байланысы аңғарылады басқаша. Айтқанда көптеген пациентерде ойық жарамен байланысты ауру сезімі жазғытұрым, күз айларында өрши түседі және, сонымен қатар, асқынбаған ойық жараларға қарсы тағайындалған комплесті консервативтік ем нәтижелі болады. Ал пенетрацияланған ойық жа­раларда ауру сезімнің жыл мезгілдерінен, қолданылған тағамнан тәуелділігі байқалмайды, Пациенттерді әр дәрежелі ауру сезімі түрақты мазалап тұрады және осыларға сол ойық жара жанасқан (пенетрацияланған) ағза ауруларының белгілірі қосылады. Осымен бірге тағайындалған комплексті консервативтік емнің әсері ойдағыдай болмайды. Жоғарыда айтылып кеткен ағза аралық жыланкөздер пайда болса пациентгерді ащы кекірік, жүрек қыжылы мазалайды, ал құсық өт сүйығы немесе тоқ ішек ішіндегі заттармен аралас шығады (нәжісті құсық). Пенетрация асқынуын анықтап, дәлелдеу үшін фиброгастроскопия және рентгенологиялық зертгеулер қолданылады.

Пенетрацияланған ойық жараларды консервативтік тәсілмен ем­деу, көбінесе, ойдағыдай болмайды, сондықтан ондай жараларды, негізінде, хирургиялық жолмен емдеу жақсы нәтиже береді. Бұл асқынуда жасалынатын негізгі хирургиялық әрекет асқазан резекциясы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *