Пионефроз арнамалы және бейарнамалы іріңді-деструкциялы пиелонефриттің терминалдық сатысы болып табылады. Пионефроздық бүйрек іріңдеп іруге ұшыраған, іріңге, несепке және тіндік ыдырау өнімдеріне толы жекелеген қуыстардан тұратын органға айналады. Астаудың қабырғасы қалындаған, инфильтрацияланған. Пионефроз әр уақытта перинефритпен немесе паранефритпен қабаттасады. Пионефроз көбіне-көп несеп жолдарына тас байлану, аномалиялар немесе несеп жолдарындағы ұзақ уақыт бойы қабынудың активті фазасында өтіп келе жатқан, жиі-жиі асқынулармен қабаттасқан басқа да обструкция лык процестердің салдарынан болған екіншілік созылмалы пиелонес риттен болады. Ауру көбінесе 35-50 жастағыларда байқалады. Балаларда пионефроз біршама сирек кездеседі, негізінен несеп жүйесі органдарының аномалиялары мен несеп жолдарына тас байлану кезінде, бұлардың емделуі кысқа мерзімді болған немесе жеткілікті дөрежеде пәрменді болмай шыққан ірінді пиелонефритпен асқынған жағдайларында пайда болады.

Клиникалық ағымы және белгілері. Пионефроз кезінде бел өңірінің тиісті жағының әдетте талып, сырқырап ауыратыны байқалады және ол аурудың аскынған кезеңінде күшейе түседі. Пальпациялаған кезде бүйректің беті жылтырланып тығыздалған жөне үлкейіп, жылжымалылығының шектелгені (паранефриттің әсері) аңғарылады.

Пионефроздың клиникалық көрінісі көбіне несеп жолдарының өткізгіштігіне байланысты болады, бұл өткізгіштік бұзылған жағдайда ірінді интоксикацияның симптомдары шапшаң артады. Екі жақты пионефроз үшін созылмалы бүйрек жетіспеушілігі симптомдарының жедел артуы тән сипат. Пастернацкий симптомы аурудың созылмалы өту барысында босаң оң болады да, оның асқынған кезінде анық оң болып шығады. Пионефрозға интенсивті пиурия тән: несеп ылай түсті, ұлпалар көп мөлшерде болады, тұндырған кезде ыдыстың түбінде несеп көлемінің төрттен біріне дейінгі шамада іріңді тұнба тұнады. Интоксикацияның анық білінетін клиникалық симптомдары: өңнің қуқылдануы, әлсіздік, тершеңдік, тез қажығыштық болады.

Диагнозы. Хромоцистоскопия кезінде шайынды сүйықтың тез ылайлануы, несепағар сағасы өңірінде кілегей қабық тамырларының инъекцияланғандығы байқалады; несепағардан шиқанды сыкқанда шығатындай қою ірің шығады; зақымдалған жақта индигокармин бөлініп шықпайды. Пионефроздың диагностикасы үшін рентгенологиялық зерттеп-тексеру әдісінің шешуші маңызы бар. Шолу рентгенограммасында ұлғайған бүйректің тығыз көлеңкесі байқалады, бел бұлшық етінің контуры көрінбейді. Экскреторлық урограммаларда рентгеноконтрасттық зат зақымдалған бүйректе не мүлдем шықпайды, не кейінгі рентгенограммаларда (1,5-3 сағаттан кейін) ғана көрінеді, оның босаң, формасыз көлеңкесі ғана болады. Ретроградтық пиелограммаларда контурлары тегіс емес, көлемдері әр түрлі ұлғайған қуыстар көрінеді, бұл ультрадыбыстық сканирлеу кезінде қуатталады және бүған қоса паренхима қабатының жұқарғаны анықталады.

Дифференциялық диагностика. Пионефрозды бүйрек поликистозы мен ісігінен дифференциялау қажет болады. Аталған аурулардың ортақ нышаны пальпацияланатын үлкейген бүйрек болуы мүмкін. Алайда поликистоз кезінде үлкейген екінші бүйрек те саусаққа білінеді, өйткені ауру әр уақытта екі жақты болады. Пионефроз кезінде үлкейген бүйрек пальпациялаған уақытта біршама ауырады, ал ісік жайлаған бүйрек пальпациялағанда әдетте ауырмайды. Анамнезде қабынудың активті фазасындағы жедел пиелонефрит қайталама шабуылының айтылуы да пионефроз пайдасына айғақ болады, ал тотальдық ауырмайтын, гематурия көбіне ісікке неғұрлым тән. Дифференциялық диагностикада ультрадыбыстық сканирлеу мен компьютерлік томография едәуір маңызды мәнге ие болады.

Емделуі. Пионефроз кезінде емдеу тек қана операциялық емдеу болады. Көбіне-көп нефрэктомия немесе (несепағар езгерістері болған жағдайда) нефроуретерэктомия қолданылады. Пионефрозбен ауырған науқастарда қарама-қарсы бүйректе терең морфологиялық және функциялық өзгерістер болып, бүйрек жетіспеушілігімен қабаттасып келген жағдайларда кейде паллиативтік операциямен — нефростомиямен шектелуге тура келеді. Іріңді интоксикациядан күрт әлсіреген наукастарда бірсыпыра жағдайларда тері арқылы пункциялық нефростомия жасаудан басқа лаж болмайды. Жағдайы жақсарғаннан кейін нефрэктомия жасалады.

Болжам. Пионефрозға байланысты радикалдық емдеу (нефрэктомия) қолданылғаннан кейін болжам біршама қолайлы болады, алайда қалған екінші бүйректе созылмалы қабыну процесі мен несептас ауруы дамуы мүмкін. Осыған байланысты пионефроз болғандықтан бір бүйрегі алынып тасталғаннан кейін мұндай науқастар жалғыз бүйрегімен жүрген басқа да науқастар сыяқты урологтың түрақты диспансерлік бақылауында болуға тиіс. Операциялық емдеу қолданылмаған, пионефрозбен ауыратын науқастарға қатысты болжам едәуір нашар болып шығады, өйткені бүйректе үзақ уақыт жүретін созылмалы іріндеу процесі елеулі асқынуларға үласады, олар: екінші бүйректің амилоидозы, гепатопатия, іріңнің бүйрек маңындағы клетчаткаға өтуі (қосалқы паранефрит), уросепсис.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *