Плацентарлық жетіспеушілік

Плацентарлық жетіспеушілік — плацентадағы морфологиялық және функционалды өзгерістердің әсерінен оның трофикалық, эндокринді, метаболитті және антитоксикалық қызметтерінің бұзылыстарымен сипатталатын синдром, сонымен бірге ұрықгың жалпы жағдайы, өсуі, дамуы бұзылады.

Тақырыптың актуалдығы: нәресте өлімінің себептерінің құрылымында 20% плацента патологиясы, әсіресе оның жетіспеушілігі орын алады.

Плаценталық жетіспеушілігі ұрықтың және 1 жасқа дейінгі нәрестенің физикалық, кемақылдылық, соматикалық және індетті ауруларға жиі шалдыққандарының себебі болып саналады. Осы айтылып кеткен деректерге сүйене, плацентарлық жетіспеушілік бұл ұрықпен нәрестенің патологиялық жағдайларының негізгі себебі болғандықтан оны аурулардың, жарақаттардың және өлімнің халықаралық статистикалық жіктелуіне жатқызады.

Жүктіліктің барлық асқынуларында плацентарлық жетіспеушілік дамиды. Мысалы (әдебиеттен алынған мәліметгер бойынша):

  • Үйреншікті түсік кезінде 50-77 %;
  • Гестоздарда 40 %;
  • Экстрагениталды патологияда 24-45 %;
  • Вирусты және бактериалды індеті бар ауруларда 50-60% плацентарлы жетіспеушілік кездеседі.

Патогенезі: Плацентарлық жетіспеушіліктің негізгі, кейбір жағдайларды алғашқы себебі болып гемодинамикадағы микроциркуляторлық бұзылыстар болып саналады. Қан ағымының (реологиясының) өзгеруінің себебі көбінесе аралас болады. Оларға келесі жатады:

  1. жатырдың перфузиялық қысымының төмендеуі;
  2. плацентаның инфаркты, бір бөлігінің мезгілінен ерте бөлінуі, ісінуі;
  3. хорион бүрлерінде капиллярлы қан айналымының бұзылуы (бүрлердің пісіп-жетілуінің бұзылуы, жатырішілік індеттену, тератогенді факторлар);
  4. ана мен нәресте қанының реологиялық және коагуляциялық қасиеттерінің өзгеруі.

Плацентаның патологиялық дамуы — плацентарлық жетіспеушіліктің пайда болуының негізгі себебі, әсіресе плацентаның барлық құрылымдылық элементтерінің өзгеруі кезінде.

Оларға келесі жатады:

Плацентаның мезгілінен бұрын немесе ерте жетілуі — бағаналық бүрлердің азайюы және кішіреюі байқалады, бүрлер бір-біріне өте тығыз орналасқандықтан, арасындағы қан айналымы бұзылады.

Плацентаның баяу (кеш) жетілуі — жетілмеген бүрлер толығымен дамымай қалып, стромалық бүрлерге айналады. Бүрлік ағаш пен бүкіл плацента үлкейіп, терминалды бүрлері сирек орналасады.

Диссоциацияланған даму түрі — бүрлердің дамуының барлық түрі кездеседі (плацентада қалыпты, ерте және кеш жетілу аймақтары бар).

Плацентаның жетіспеушілігі бұл компенсаторлы — бейімделу реакциясының молекулярлы, торшалық, тіндік сатысындағы бұзылыстарынан дамитын болғандықтан, оның келесі формаларын ажыратады:

компенсаторлық формасы;

— субкомпенсаторлық формасы;

— декомпенсаторлық формасы.

Диагностика: плацентарлық жетіспеушілікті анықтау әдістерінің ең тиімдісі:

Клиникалык зерттеу тәсілдері:

  1. Жүкті әйелдің жатыр түбінің деңгейін, іштің айналымын, бойын және салмағын тиянақты өлшеп, тексеру арқылы ұрықтың өсуі мен дамуын бағалайды;
  2. Ұрықтың қозғалысы мен жүрек соғысын тексеру арқылы, оның жалпы күй-жағдайын бағалайды;

Зертханалық зерттеу тәсілдері:

  1. ұрықты, плацентанының көлемін және күй-жағдайын ультрадыбысты зерттеу (УДЗ);
  2. жүкті әйелдердің қанындағы ұрықты-плацентарлы гормондарды және а — фетопротеиндердің деңгейін анықтау;
  3. ұрықтың антенаталды кардиотокографиясын жасау;
  4. ұрықтың кіндік тамырларының допплерометриясын жасау (II триместірде — 24 аптада; ал III триместрде — 28 аптада);
  5. плацентаның динамикалық сцинтиграфиясын жасау;
  6. ананың гемостазы мен метаболизмнің бірнеше параметрлерін бағалау;
  7. биохимиялық зерттеу тәсілдерін жүргізу:

— қанның газдары мен КОС анықтау

— сарысулы ферменттердің белсенділігін анықтау;

— липидтердің бос-радикалды деңгейін тексеру;

  1. цитохимиялық тәсілдер.

Плацентарлы жетіспеушіліктің комплексті терапиясы Плацентарлық жетіспеушілік кезінде емдеуді жүктіліктің 28 аптасына

дейін, яғни ұрықтың максималды өсуі мен жетілуі кезінде жүргізу ең тиімді болады. Плацентарлы жетіспеушілікті емдеудің негізгі бағыттары :

  1. перфузиялық жетіспеушілікті тоқтату немесе азайту;
  2. диффузиялық жетіспеушілікті тоқтату немесе азайту;
  3. плацентаның метаболиггік (тыныс алу емес) функциясын жақсарту;
  4. ұрыққа плацентадан тыс жолмен әсер ету және параплацентарлы жолды қолдану.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *