Өсімдіктер тіршілік циклінде біркелкі өсіп, дамымайды. Кейде өсу қарқындылығы баяу, кейде жылдам жүріп отыруы ауа райының ырғақты өзгеруіне байланысты. Мәселен, біздің ел жағдайындағы өсімдіктер көктем кездерінде қарқынды өсіп, тез жетіледі де, ал олардың өсуі күзге қарай баяулап, жапырағын түсіріп, тыныштық күйге көшеді. Тыныштық қалыпта ұрық, жуашық, көген тамыр және т.б. мүшелер түрінде сақталады. Кейбір өсімдіктерде қысқы тыныштық қалыппен қатар, жазғы тыныштық қалып та бар. Мысалы, эфемерлер-раңцар қыстыгүні қар кете салысымен көктемге таяу жапатармағай қаулап шыға келеді. Сол сияқты шағыр жусан мен жүзгіннің үрығы ерте көктемде өне бастайды. Орта Азиядағы кейбір ағаштардың Африка саванналарындағы қарағандардың жазда жапырағының түсуі, және т.б.

Шөптесін өсімдіктердің көбісінің жапырағы олардың жасына қарамастан-ақ, вегетациялық дәуірдің аяғында қурап түсіп қалады немесе сабақта қалады да, өсімдік түтелімен курағаннан кейін ғана жерге түседі, сөйтіп бірте-бірте шіріп, топырақ қүрамындағы қарашірікке айналады. Сүректі өсімдіктер /бұта мен ағаш/ жапырағының түсуі олардың өсіп тұрған орта жағдайына қарай әртүрлі болады. Кейбір өсімдік түрлерінің жапырағы бір вегетациялық дәуірдің ішінде бірнеше рет түседі. Мұндай жағдай Жер шарының шөл және шөлейт келген сахараларында өсетін өсімдіктерде көбірек кездеседі. Өйткені бұл жерлерде жауын-шашын кем болады. Егер бұл кезде өсімдіктегі алғашқы шыққан жапырақтар сол күйінде тұра берсе, ондағы су бірте-бірте булана келіп, ең ақырында өсімдік денесі кеуіп, курап та қалар еді. Бірақ өсімдік өзі өскен ортаға бейімделуінің арқасында ондай жерде өскен өсімдіктердің жапырақтары топырақ кебе бастасымен-ақ біртіндеп түсіп қалады да, өсімдік арнаулы клеткаларындағы қорға жиналған суды үнемдеп жұмсайды. Сонымен, ондай жерде өсетін өсімдіктер құрғақшылық кезде тіршілік процесіне керекті суды өз денесінен алып отырады. Шөл және шөлейт жерлерде жаздың кейбір күндерінде нөсерлете жаңбыр жауып, топырақ ылғалы молаятын болса, өсімдіктер түскен жапырақтарының орнына қайтадан жапырақ шығады.

Қайсыбір өсімдіктердің жапырақтары бірнеше жылға дейін түспей, сабағында немесе бүтағында жасыл күйінде түра береді. Мысалы: қарағай қылқаны 3-5 жыл, тисса ағашынікі 6-10 жыл, майқарағайдікі 3-жыл, вельвичиянікі — 100 жылға дейін түспей түрады. Оларды мәңгі жасыл өсімдіктер деп атайды. Шын мәнінде мәңгі өсіп түратын өсімдік жоқ. Бұл өсімдіктердің жапырақтарының түсу мерзімі жетісімен, жылдың қай маусымы болса да, шетінен біртіндеп түсіп түрады да, өзінің түбіне жинала береді. Мысалы, қарағай мен шыршаның діңінің түбіндегі қарашірік — мерзімі жеткен’кезде түсіп отырған өсімдіктің ине тәрізді жапырақтарының, қылқандарының ондаған, жүздеген жылдар бойы жиналған жиынтығы.

Сүректі өсімдіктердің жапырағы көбінесе вегетациялық дәуірдің аяқ кезінде түседі. Себебі, жапырақ тақтасындағы су буланып кетеді де, оның орнын басатын су мөлшері жеткілікті түрде тамыр арқылы дер кезінде келе алмайды. Өйткені — жаздың аяғы мен күздің басында ауа райы өзгереді: күн салқындайды, топырақ кебе бастайды. Сондықтан жапырақ мезофилінде үнемі жүріп тұратын фотосинтез процесі бірте-бірте әлсіреп, ең ақырында тоқталады. Соның салдарынан өсімдіктегі жапырақ тақтасының түсі де өзгере бастайды: кейбір өсімдіктікі қызарады /шиенікі, көктеректікі,  сарыағаштікі,  үшкір жапырақты үйеңкінікі және т.б./, кейбір өсімдіктің жапырақгары ағарады / жүзімдікі, ақшатырдікі, т.б./, көп өсімдіктікі сарғаяды / қайындікі, жөке ағашынікі, т.б./.

Жапырақ тақтасы түсінің өзгеруі ауа райының өзгеруіне байланысты. Бұл кезде хлорофилл дәнінің құрамында болатын пигменттер өзгеріске түседі: жасыл түсті пигменттер ыдырап, онда тек ксантофилл ғана қалады немесе кейде клетка шырынының қүрамында антоциан көбейіп кетеді. Әрине, хлорофилл пигменті жойылған кезде жапырақтың негізгі паренхималық клеткаларында /хлоренхимада/ фотосинтез процесі тоқталады, соның салдарынан жапырақ тақтасы физиологиялық мәніне сай келместен түсіп қалады. Жапырақ түспестен бүрын өсімдік организмінде біраз өзгерістер болады: жапырақтағы пайда болған органикалық заттар, көбінесе көмірсулар түрлері ағып, өркеннің бүтақ бөліміне кетеді, өзінде протопласты бар клеткалар азаяды, жоғары ағыс жолының өзегінде — тилл, ал сүзгілі түтіктің ішінде сүйелденген заттар пайда болады. Осылардың салдарынан органикалық және органикалық емес заттардың ағысы мүлде тоқталады.

Жапырақ түсуі — ажырату, яғни айыру қабатының пайда болуына байланысты. Кейбір өсімдіктің /алмүрт, ешкі тал, қандыағаш, талшын, т.б./ ажырату қабаты бүршік жапырақ аша бастаған кезден-ақ пайда болады. Мүны алғашқы ажырату қабаты деп атайды. Алғашқы ажырату қабаты жапырақ сағағының түп жағын бойлай тілген кезде анық көрінеді. Қайсыбір өсімдіктің ажырату қабаты жапырақ түсерден бірнеше күн бүрын пайда болады. Мүны соңғы ажырату қабаты деп атайды. Сонда жапырақ тақтасы тек сосуд-талшық шоғының жүйкесіне ғана ілігіп қалады да, төмен қарай желбіреп түрады. Егер осы кезде жел соқса немесе жаңбыр жауса, сосуд-талшық шоғының жүйкесі үзіледі де, жапырақ жерге түседі.

Жапырақ түсер алдында ажырату қабатының астыңғы сабақ жағынан феллоген клеткалары түзіледі де, одан бірнеше қабат тоз және жалаң қабат феллодерма пайда болады. Жапырақ тақтасы үзіліп жерге түсісімен-ақ, пайда болған тоз жарақаттанған, тыртықтанған жердің бетін жауып бітеп қалады. Егерде сосуд-талшық шоғының құрамында сүт жолы кездесетін болса, оның үзілген жеріне кепкен «сүттен» тығын пайда болады. Сөйтіп, жапырақ дағы арқылы бүдан былай су булана алмайды.

Жапырақ түсудің өсімдік тіршілігінде көп мәні бар, өйткені зат алмасу процесі нәтижесінен өсімдікте пайда болған жарамсыз заттар түскен жапырақтармен бірге кетіп, өсімдікті олардан тазартып отырады және бүрынырақ түсіп қалған өсімдік түқымының бетін жапырақ жауып қалады да, оның қыс бойы стратификациялануына себеп болады, сол сияқты өсімдіктің түбінде мүк өсуіне кедергі келтіреді. Сол жерге түскен жапырақтар өсімдіктің тамыр системасын аяздан қорғайды, микроорганизмдердің әсерінен шіріп ыдырайды, ақырында минералдық заттарға айналып, сол өсімдіктің өзіне қорек болады.

Өсімдіктің тамыры тереңге барып, түрлі өзіне керекті қоректік заттарды ала алмаса, ол өсуін тоқтатып, анабиоз / шалажансарлык/ дәуіріне көшеді, яғни тіршілік әрекеттері белгісінің бәрі тоқтап, организмнің уақытша тыныштықта болуы. Оған мысал, өсімдіктің түқымдарының кез келген уақытта өнбеуі, насекомдардың «тіршілігін жоюы». Ал Аравия сахарасында кездесетін көпшілік өсімдіктер жаздың ыстық күндерінде өсуін тіптен тоқтады, тыныштық дәуірге көшеді. Осы айтылған жайттар микроорганизмдер дүниесіне де тән қасиеттер. Бактериялар өзіне қолайсыз орта жағдайында спора түріне көшіп, ары қарай өмір сүреді. Қолайлы жағдай туғанда оның экзина қабаты жарылып, спора одан әрі қарай өніп-өсіп, дамиды.

Жалпы алғанда, өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларында сақталатын мүшелерінің төзімділігі өте жоғары. Мысалы, қара сүлының түқымы қыстыгүні — 33°С-да өзінің тіршілігін сақтай алады. Жаздыгүні, әсіресе, көктем айларында — 12°С-да оның өскіні үсіп кетеді. Каннаның өнген өскіні — 12°С-да үсімейді, ал жапырағы шыққан кезде — 5°С-да үсіп кетеді. Өсімдіктің өсу ырғағы оның тарихи өсу және даму жағдайына бейімделген. Өсімдіктерде сыртқы қоршаған ортаның белгілі мерзімділікпен және кездейсоқ өзгерулеріне байланысты тіршілік әрекеттерінде де көптеген ерекшеліктер қалыптасады. Мәселен, таулы, далалық, қоңыржай, шөл-шөлейт жерлерде, Қиыр Шығыс пен Солтүстік аймақтарда тіршілік ететін өсімдік топтарының әрқайсысына тән сыртқы морфологиялық ерекшеліктерімен қатар, олардың ішкі физиологиялық, биохимиялық, яғни зат алмасушылық процестерінде де ерекшеліктер қалыптасқан. Әдетте жеміс ағаштары әуелі гүлін шашады, ал кейбір ағаштардың түрлері жапырақ шығарады. Өсімдіктің тыныштық дәуірге көшуі — сыртқы ортаның қолайсыз әсер етуіне бейімделу.

Өсімдіктерде сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдау тетігі /механизмі/ қандай деген сүрақ туса, өсімдіктердегі фитохром пигменті жарықтың спектральды қүрамының өзгеруі салдарын таңертең күн шығып келе жатқанда бір басқа, ал күн батқанда, керісінше, басқаша түрде қабылдайды. Пигменттің қобалжушылық әсері плазмаға беріледі, ал ол ацетилхолиннің қатысында жүреді. Осыған қарағанда фитохром пигменті өсімдіктің жарық және қараңғылық мезгілін есептеп отыратын сияқты. Ауа райы мен жылдың маусымды қүбылыстарының өзгерістерін пайдалана отырып, мәдени және әсемдік өсімдіктерді Солтүстік пен басқа да аймақтарға жерсіндіруде оның атқаратын практикалық маңызы барлығы айтпай-ақ түсінікті.

Жеміс ағаштарының түқымын көктемде еге салсақ, ол өнбейді, себебі олар белгілі уақыт ішінде өзіне керекті тыныштық жағдайды өтуі керек. Бүл тек қана сүйекті жеміс-жидек өсімдіктеріне ғана тән емес, сол сияқты көптеген көпжылдық өсімдіктердің түрлері де өзінің басынан тыныштық дәуірді өткізулері тиіс. Тыныштық дәуірді өткізбеген күнде өсімдіктердің өсу процесі дүрыс жүрмейді, сондықтан да ондай өсімдіктердің бойлары өте аласа-қортық болып өседі. Сөйтіп, көптеген жеміс-жидек және ағаш /сүректі/ өсімдіктерінің қалың қабатты /сүйекті/ түқымдарынан сол сепкен немесе отырғызған жылы өндіріп өсіру үшін, олар стратификация процесін өткеруі, яғни ылғалды қүмның ішінде төменгі температурада /3-5°С/ қатарынан бірнеше ай бойы түруы тиіс. Осылай стратификацияланған түқымнан көктемде тез өніп-өсетін өсімдіктердің көшеттерін алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *