Өсімдіктердің өсуі кезіндегі синтетикалық процестер

Өсімдіктердің өсу зоналарында қарқынды түрде синтетикалық процестер өтеді. Бұл жерлерге (өсу зоналары) жапырақта түзілген және сабақтардағы органикалық және минералдық қосылыстар ағып келіп, тыныс алу қарқындылығының артуында күрделі айналысқа үшырайды. Тыныс алудың аэробты фазасында клетка қабық және протоплазма құрамына енетін алғашқы қосылыстар түзіледі және күрделі қосылыстар синтездеу үшін қажетті жылылық қоры жиналады. Міне, осыған байланысты өсімдік бұл тыныс алу фазасында анаэробты жағдайда қалса, клетканың созылу фазасы өтпей, өсімдік бойы ұзармайды. Клетканың созылу фазасында эмбрионалды фазасымен салыстырғанда әрбір азотқа ауадан одан екі есе артық оттегі қабылданады. Созылу фазасының соңында тыныс алу қарқындылығы да баяулайды. Өсімдіктің өсуіне тыныс алу тікелей әсер етпей, тыныс алу кезеңдерінде аралық қосылыстар ретінде түзілген заттар арқылы әсер етеді. Бұл жерде аралық қосылыстардың тыныс алу кезеңдерінде фосфорланып, макроэргиялық байланыстардың түзілуі маңызды қызмет атқарады. Егерде өсу зоналарына макроэргиялық байланыстардың түзілуін тоқтататын сірке қышқылды натрий енгізетін болсақ, өсімдіктің қарқынды тыныс алуына қарамастан (моноэргиялық) байланысты қосылыстар түзілмей, өсімдіктің өсуі тоқтайды.

Өсімдік клеткасының созылу фазасында клетка қабығы біраз қабыңдап, клетканың құрғақ салмағы он есе, целлюлоза құрамы — алты есе, протоплазма 2 есе артады. Бұл жағдай өсімдік денесіндегі органикалық қосылыстардың негізгі бару бағыты не себепті өсу зонасы екендігі және ол қосылыстардың күрделі синтезге ұшырайтындығы айқын. Ашығу кезеңдерінде созылушы клеткалардың клетка қабығы жұқарып, целлюлоза мөлшері кемиді. Егер бұршақ тамыр үшының 1,5-3 мм бөлімінен 1,5 мм үшын кесіп алып, 0,25 % сахароза ертіндісінде 24 сағат ұстаса, сол уақыт ішінде кесінді 1,5 мм-ден 2,5 мм-ге дейін болып, ал 2 % сахарозада 3,5 мм болып өсіп, целлюлоза мөлшері артқан. Клеткада жаңа целлюлоза молекулалары қабықтағы целлюлоза мицела аралықтарына орналасып, клетканың алғашқы қабығы тығыздалса, ал созылу фазасының аяққы кезеңдеріне клетка алғашқы қабығының ішкі жағынан екінші кдтар целлюлозадан қабық түзеліп қалыңдайды. Клетканың алғашқы қабығының созылғыш қасиеті күшті, сол себепті өсімдік клеткасының тургор қысымы осмостық қысымына кедергі жасай алмай, судың үздіксіз ену мүмкіншілігін тудырады. Бұл кезде өсімдіктің су сору күші «0»-ге теңеледі. 8 = Р — Т; Т = 0. Алғашқы клетка қабығының ішкі бөліміне қосымша целлюлоза молекулаларының қосылуы қабықты қалыңдатып, оның созылғыштық қабілетін әлсіретеді. Сол себепті клетканың тургор қысымы артып, осмос қысымына теңеліп, судың үздіксіз енуін доғарады. Бұдан өсу кезіндегі синтетикалық процестердің қаншалықты маңыздылығы айқындалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *