Өсімдік негізінде екі жолмен қоректенеді: 1. Гетеротрофты — дайын органикалық затпен қоректену /паразитті өсімдіктер — сұңғыла, cuscuta, сапрофитты және облигатты өсімдіктер — саңырауқұлақ түрлері. Гетеротрофтарға бактериялардың хемо және фото-синтетикалық түрлерінен басқаларының көпшілігі кіреді. Жоғарыдағыдай гетеротрофты және автотрофты қоректенетін организмдер деп бөлудің өзі салыстырмалы болады. Себебі, белгілі бір жағдайларда органикалық заттармен қоректенуге тек гетеротрофтар ғана емес, сондай-ақ автотрофтардың да қабілетті кезі боладң екен. Әсіресе, көптеген жасыл өсімдіктердің аралас типтік жағдайда да қоректенуге қабілеті жетеді, тіпті толық түрде органикалық қосылыстармен де қоректене алады. Кейінгі жылдары кейбір жануарлардың азоттың анорганикалық қосылыстарын ассимиляциялай алатын мүмкіншіліктері бар екендігі анықталды.

2. Автотрофты — анорганикалық заттан белгілі бір табиғат қуаттарын пайдаланып, органикалық зат түзу. Мұның өзі үш жолмен жүреді: а) Өсімдіктер фотосинтезі; ә) Бактериялды фотосинтез — фоторедукция; б) Хемосинтез. Бұл синтез түрлерінің ішіндегі ең күрделісі, жоғары сатыда тұрғаны — жасыл өсімдіктердің фотосинтез процесі. Фотосинтез — тек хлорофилі бар өсімдіктерге ғана тән және С02-ын жинақтаудың басқа қарапайым түрлерінен пайда болған процесс. Фотосинтездің қарапайым түрі — бактериялды фотосинтез. Бұл процестердің ұқсастығы — екеуінде де С02 ын тотықсыздандыру, одан органикалық зат түзу сәуле қуатын пайдалану арқылы жүріп отырады. Ал, енді бүл процестердің негізгі өзгешелігі — егерде өсімдіктер фотосинтезі аэробты жағдайда өтетін болса, бактериялардың фотосинтезі анаэробты жағдайда жүреді.

osimdyk-korektenu

Синтезге керекті «Н»-нің қайнары ретінде бактериялар мен түрлі қосындыларды пайдаланады /СН4,Н2S, карбон, май қышқылдары/. Сондықтан, олар фотосинтез процесінде «0»-ін бөліп шығармайды. Ал жасыл өсімдіктердің негізгі бір өзгешелігі олар фотосинтез процесінде «О» -ін сыртқа бөліп шығарып отырады.

Өсімдіктердің жасыл клеткаларында әртүрлі органикалық қосылыстар синтезделеді, олардың ішіндегі көбірегі қант заттары. Ондай органикалық қосылыстардың синтезделуін — фотосинтез деп атаймыз, олай аталуының себебі ол қосылыстардың қүралуы күн жарығының қатынасуымен өтеді. Өсімдік қүрамындағы қүрғақ заттың 90-95%-ы фотосинтез нәтижесінде қүралған органикалық қосылыстардан түрады. Ол қосылыстар өсімдіктің тамыр системасы арқылы қабылданған N. 8, Р, т.б. элементтердің қатынасында күрделенуі себебінен фотосинтез процесін ассимиляциялау деп те атаймыз. Өсімдіктердің түзген органикалық қосылыстарының құрамында жинақталған күн жарығының жылылық куаты басқа тіршілік етуші организмдердің, жануарлардың, адамның денесінде бөлініп, түрлі тіршілік қимылдарының жүруіне /өтуіне/ қажетті куат қайнары ретінде пайдаланылады.

Жасыл өсімдіктерге фотосинтездің қаншалықты қажет екендігін мына төмендегі мысалдардан байқауға болады. Жыл сайын тек қана құрлықта /жерде/ өсімдіктер 20 млрд. тонна суды, 155 млрд. тонна көміртегін органикалық қосылыстарға көшіреді немесе жыл сайын кем дегенде 400 миллиард тонна органикалық қосылыстар түзеді деген сөз.

Өсімдіктер фотосинтез кезінде ауаға бөліп шығарған біржылдық оттегінің мөлшері 460 млрд. тоннаға тең. Фотосинтез нәтижесінде ерте замандағы өсімдіктердің қалдығынан қуат қоры мол тас көмір, мүнай, жанғыш газдар, шым тезектер, сланецтар және топырақтың қоры бола алатын заттар кұралған.

Фотосинтез деп жасыл өсімдіктердің ұлпаларында хлорофилдің қатысуымен анорганикалық заттардан /С02 мен Н20-дан / жарықта органикалық зат түзу процесін айтады. Жасыл өсімдік өзіне сіңірілген күннің энергиясының әсерімен С02 мен Н20 молекулаларын химиялық өзгерістерге ұшыратып, осындай өзгерістер нәтижесінде органикалық зат түзіледі және де бос оттегі бөлініп шығады. Фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық зат тіршіліктің басқа формалары үшін негізгі материал мен куат қайнары болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *