Құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырағы арқылы, сонымен қатар саңырауқүлақ пен қына сияқты төменгі сатыдағылардың денесінің бір «тұтамы» арқылы көбеюін вегетативтік көбею дейді. Табиғатта өздігінен кездесетін вегетативтік көбею және адамның қолданатын өсіру тәсіліне байланысты болатын вегетативтік көбею деп өсімдіктердің вегетативтік көбеюін екіге бөледі. Табиғи вегетативтік көбею мен қолдан вегетативтік көбейтудің арасында айтарлықтай айырмашылық болмайды: табиғи вегетативтік көбею өз бетімен табиғатта кездесетін және сонымен қатар өсімдіктің регенерациялық қасиетіне негізделетін болса, ал екіншісі — табиғатта кездеспейді. Оған адам қолдан түрлі хирургиялық әдістерді қолдана отырып, адам өсімдіктерді өзі өсіреді немесе көбейтеді.

Табиғи вегетативтік көбею. Жер жүзіндегі өсімдіктердің көбісі табиғатта вегетативтік жолмен көбейеді. Неғұрлым өсімдік төменгі сатыдағы болса, оның регенерациялық қасиеті, яғни жетіспейтін органдарын орнына, қалпына келтіру қабілеті соғүрлым күшті болады. Мысалы, бір клеткалы өсімдіктердің денесі бөлінудің нәтижесінде одан екі жас клетка пайда болады да, бүлардың әрқайсысы өзінше дербес өсімдікке айналады. Мұны да табиғи вегетативтік көбею деп есептейміз. Немесе көп клеткалы және клеткаланбаған ірі балдырлардың, саңырауқұлақтардың денесінен кездейсоқ үзіліп қалған бөлігі де өзінше жеке өсімдікке айналып кетеді. Я болмаса, мүк, плаун (су шырмауық), селагинелла дейтін өсімдіктердің ересек талломы немесе «өркені» қурап қала береді де, олардан өсіп шыққан жас бұтақтар өзінше жеке өсімдікке айналып, табиғи жолмен көбейеді. Сол сияқты, папоротник пен қырықбуын сияқты, кейбір жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер де табиғи вегетативтік жолмен, екі түрлі тәсілмен көбейеді: 1) мүк және плаун сияқты өсімдіктердің жер астындағы ересек бөлімдері курап қалып, олардан өсіп шыққан «өркендері» әрмен қарай өсіп-көбейеді; 2) кейбір папоротниктің жапырақ бетінде пайда болған қосалқы бүршіктері үзіліп түсіп, бүларда әрмен қарай өсіп, өз бетінше жеке өсімдікке айналады.

Тұқымды өсімдіктердің бір және екіжылдық түрлері ғана табиғи вегетативтік жолмен көбейе алмайды, ал көпжылдық шөптесін және сүректі өсімдіктердің барлығы да табиғи вегетативтік жолмен көбейе береді. Бұлардың арасында табиғи вегетативтік көбеюдің мынандай түрлері кездеседі:

Өркенін бөліп көбею. Кейбір өсімдіктердің денесінде пайда болған өркендер бөлініп, өз алдына жеке өсімдікке айналады. Мысалы, балықоты деген өсімдікті алуға болады. Балықоты көбінесе ағынсыз суда өседі, оның қыстан аман сақталып шыққан бірнеше данасы ғана жазда аз күннің ішінде тынық судың жарты гектардай бетін жауып кетеді.

Жер бетіндегі өркендерден көбею. Кейбір өсімдіктер өзінен жер бетіне көктеп шыққан өркендері арқылы көбейеді. Бұларға мүртшаларынан, томарша өрбіндерінен (шыбықтарынан), сұлама бұтақтарынан өсіп көбейетін өсімдіктер жатады. Мұртшаларынан көбейетін өсімдіктердің бірі — бүлдірген, қара бүлдірген. Томарша өрбіні дегеніміз — өсіп түрған сүректі өсімдіктердің дің сабағын арамен кесіп алғаннан немесе дауыл сындырып кеткеннен кейінгі оның орнында қалған томарынан өсіп шыққан жас шыбықтар. Томарша өрбінінен жөке ағашы, тал, қайың, т.б. өсімдіктер көбейеді.

Көп өсімдіктер сұлама бұтақтарынан да көбейеді. Вегетативтік көбеюдің бұл жолы табиғатта көп кездеседі. Ылғалды жерде сұлап өскен сүректі өсімдіктердің түп жағынан шыққан бұтақтарының төменгі жағынан қосалқы тамырлар және өркендер шығып, олар топырақта тамырланады да, одан әрі өсе береді. Мысалы, арша, тал, жәке ағашы, емен, т.б. осылай көбейеді. Олардың қосалқы тамыр және өркен шыққан бұтақтарының дің-сабақ жағы курап қалса да, олар өсу қабілетін жоймай, жеке өсімдік болып өсіп, көбейеді.

Жер астындағы өркендерден көбею. Біраз өсімдіктердің метаморфозданған өркендері жер астында — топыраққа көмулі жатады. Бұлар сол өсімдіктердің жер бетіндегі өркендеріне мүлде үқсамайды. Жер астындағы өркендер топырақ ішімен жылжып, бойлай өсе отырып, әрбір буынынан жер бетіне жаңа өркен шығару арқылы көбейеді, мұндай өсімдіктерді тамырсабақты немесе борықты өсімдіктер деп атайды. Мысалы, бидайық, жыланқияқ, т.б. осындай тамырсабақты өсімдіктерге жатады. Сонымен қатар кейбір өсімдіктердің жер астындағы өркендері тамырсабақтай емес, вегетациялық дәуірдің соңында олардың жер бетіндегі бөлімдері курап, жер астында қомақты өркені қалады да, сабақ бөлімінің бой конусы жер бетіне тік қарап жатады. Көктемде оның бой конусынан жас өркен шығып, әрі қарай өседі де, көбейеді. Вегетативтік көбеюдің мүндай түріне пиязшықты өсімдіктер жатады.

Пиязшығы бар өсімдіктерді баданалы өсімдіктер деп те атайды. Оларға: бәйшешектер, нарцисстер, лалагүлдер, сүмбілдер, пияздар, сарымсақтар, жауқазындар, т.б. жатады. Жауқазын — лалагүл тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктердің туысы. Оның бізде табиғи вегетативтік жолмен көбейетін негізгі түрлері: кәдімгі жауқазын, түкті жауқазын, жоңғар жауқазыны, күрең жауқазын, соғда жауқазыны, т.б.

Тамыр атпаларынан көбейетін өсімдіктер. Кейбір өсімдіктердің жанама тамырларында болатын қосалқы бүршіктерінен өскен өркендерін тамыр атпасы деп атайды. Біраз өсімдіктер тамыр атпаларынан көбейеді. Мысалы, теректер, сүр қандыағаш, тал, ақ қараған, бөртегүл, сарыағаш, таңкурай, қара бүлдірген, алхоры, сүттіген, шырмауық, күреңот, жантақ, сары қалуен, бақ-бақ, т.б. Осылардың ішінен таңкурайды алайық. Таңкурай — раушангүлділер тұқымдасына жататын жартылай бүталардың бір туысы, мүның тамыры мен тамырсабағы — көпжылдық та, ал жер бетіне шығатын өркендері — екіжылдық.

Таңқурайдың жас тамыр сабағымен бірге тамырларында қосалқы бүршіктері болады. Олардан жер бетіне тамыр атпалары өсіп шығады. Таңкурай осы тамыр атпалары арқылы табиғатта өзінен-өзі өсіп көбейеді. Қосалқы бүршіктер таңкурайдың тамырында жаздың орта кезінде пайда болады да, келесі жылдың көктемінде олар жер бетіне шығып өркендей бастайды. Осы өркендердің әрбір жапырақ қолтығынан екінші жылы ғана өсіп шыққан 2-3 негізгі бүршіктерінен жеміс пайда болады. Жемісі маусымнан тамыздың аяғына дейін пісіп жетіледі.

Қолдан вегетативтік көбейту. Адам әрқилы хирургиялық тәсілдерді қолданудың арқасында ғана өсімдіктерді қолдан вегетативтік жолмен көбейте алады. Мәдени өсімдіктердің кейбір түрлерін қолдан вегетативтік жолмен көбейту — ескі заманнан бері келе жатқан әдіс. Қолдан вегетативтік көбейтудің бірнеше жолы бар, оның бірі — телу. Телу. Телу дегеніміз — бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып, екінші өсімдік денесіне үластыру. Телуді кейде трансплантация деп те атайды. Өзінің тамырында өсіп тұрған өсімдікті — телітуші, ал оған әкеліп ұластырылатын бүршігі бар бөлікті — телінуші деп атайды. Телітуші мен телінушінің әрқайсысыа компонент дейді.

Компоненттерге қойылатын талаптар — телу ісі нәтижелі шығу үшін, алдымен әрбір компонентті сұрыптай білу шарт. Мұндағы телінушіге қойылатын негізгі талаптар — телінуші ретінде алынатын компоненттің өзі жас, өзі ауруға шалдықпаған, жемісті мол беретін бұтақтан алынуы қажет. Өйткені өсімдіктің бойында орналасқан өркендерінің және ондағы бүршіктерінің сапасы мен қасиеті бірдей болмайды. Егер телінушіні ағаштың өткен жылдары көп гүлдеп, көп жеміс берген бұтақтарынан алып телитін болса, ол компонент келешекте де жемісті көп береді. Сол сияқты, телінушінің сапасы өсімдіктің жасына да байланысты болады. Сол себепті бағбандар телінушіні көбінесе біржылдық өркен бойынан алып телиді.

Сонымен қатар, телітушіні де талғап ала білген жөн. Онда телітушінің мынадай қасиеттеріне көңіл бөлу керек: телітушінің тамыр системасы жақсы жетіліп, телінушіден қаулап шыққан өркендерге қоректік заттарды толық жеткізетіндей болуы керек, ауруға шыдамды және ортаның қолайсыз әсерлеріне төтеп берерліктей болу керек. Телітуші осы қойылған талаптарға сай болғанда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.

Әдетте, бағбаншылық кәсібінде сапасы жақсы мәдени сортты оның жабайы түріне телиді. Өйткені, олардың жабайы түрлерінің тамыр системасында жоғарыда көрсетілген жақсы сапалары болады. Сондықтан телітушінің сапасы нашар өркендерін отап тастап, олардың орнына сапалы өнім берерліктей мәдени өсімдік сорттарының кесіндісі немесе бүршігі телінеді. Соның нәтижесінде телінушіден алынатын жемістің сапасы артуымен қатар, олар кейбір ауруларға төтеп береді, мысалы баяғыдан бері өсіріп келе жатқан мәдени жүзімнің өте қауіпті кеселінің бірі — филлоксера. Бұл кездескен жерінде жүзімнің барлығын біржолата құртып жіберетін. Ғалымдар филлоксераға қарсы осы телу әдісін қолданды. Мәдени жүзімнің сорттарын жабайы жүзім түріне телу арқылы жүзімнің бүл жүтынан арылдық. Жүзімнің жабайы түрінің тамырына филлоксера жұқпайды, оған телінген мәдени жүзім сорттары кеселге ұшырамайды. Басқа бір мысал алайық, гүл бақшаларда өсірілетін раушангүлін итмүрынға телігенде, телітушінің бұрынғы гүлдерінің орнына телінушінің хош иісті, күлпырған гүлдері өсіп шығады. Осы қасиеттеріне бола ғалымдар лимон мен мандаринді, мәдени алхорыны, алманың әрқилы мәдени сорттарын және басқа да өсімдіктерді озді-өзінің жабайы түрлеріне телуді үсынады. Міне, осы тәсілді қолданудың арқасында лимоннан, алмадан, алмүрттан, өріктен, жүзімнен, алхорыдан және басқа да жеміс-жидекті өсімдіктерден колхоз-совхоз бағбандары мол өнім алуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *