Көптеген өсімдіктердің тіршілік циклінде белсенді өсу кезендері тыныштық күйі деп аталатын өсудің толық тоқталатын кезеңімен кезектесіп келіп отырады. Өсімдіктердің тыныштық күйге өтуі ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуі ретінде қалыптасқан. Бұл кезеңде өсудің тоқталуы өсімдіктерді неғүрлым төзімді, экстремалды жағдайларда зақымданбайтындай етеді. Солтүстік және қоңыржай ендіктердің өсімдіктерінде тыныштық күйі қыста, шөл және шөлейт жерлердің кейбір өсімдіктерінде жазда басталады. Мұның бірінші жағдайында тыныштық күйі қыста аязда, ал екінші жағдайында — куаңшылық пен аптап ыстықтың зиянды әсеріне төзуге мүмкіндік береді. Біржылдық өсімдіктердің түқымдары мен жемістері, ал көпжылдық өсімдіктердің тұқымдары, тамырсабағы, түйнектері мен қыстап шығатын бүршіктері және т.с. тыныштық күйге  өтетін мүшелері.

Тыныштық кезеңінде өсімдіктердің физиологиялық-биохимиялық процестері баяулап, өсуі анық байқалмайды, бірақ клетка дифференциациялануының көзге көрінбейтін процестері жүріп жатады. Тыныштық кезеңінде клетка протопластары суынан айрылып, оның бетінде белокты-липидті қорғаныш қабаты түзілетінін және оның плазмодесмалары үзіліп, протопластары оқшауланатынын проф. П.А.Генкель анықтаған. Бұлайша тыныштық күйге өту — генетикалық түрғыдан туындаған қажеттілік. Мысалы, күз маусымында картоп, лалагүл түйнектері мен гладиолус пиязшықтары өнбейді. Бұл кезең ұзақ органикалық тыныштық күй деп аталады. Қажетті жағдайлар болғанда қыстың екінші жартысынан бастап олар өне бастайды, ал ондай жағдайлар болмаса өну баяулайды. Бұл мүшелердің тыныштық күйге өтуінің себебі — оларда табиғи өсу ингибиторлары жиналады. Абсциз қышқылы — осындай табиғи өсу ингибиторларының бірі. Абсциз қышқылы мен фитогормон — жоғары сатыдағы өсімдіктердің қайсы түрі болса да, әуел баста тұқымнан өніп шығады. Көп өсімдіктердің түқымдары піскен соң, біраз уақыт тыныштық дәуірде болады да, қолайлы жағдайлар туғанда өне бастайды. Тұқымның өнуі — өсімдік тіршілігіндегі өте маңызды кезең, бұл кезде өсімдік тыныштық қалыптан, жасырын тіршілік жағдайынан ашық тіршілік жағдайға көшеді. Әр түқымның ішкі бөлімінде ұрық (келешек өсімдіктің бастамасы) және қор заттары бар. Қор заттары ұрықтың алғашқы кезеңінде қоректенуі үшін керек, олар яки эндоспермде, не ұрықтың өзінде-жарнақта жиналады.

Қор затының қайда жиналуына қарай тұқым негізінен үш түрлі болады: 1) эндоспермді тұқым, 2) эндоспермсіз тұқым, 3) периспермді тұқым. Эндоспермді түқым қоректік заттарын түқымның эндо-спермінде жинайды. Бұған арпа, бидай және т.б. дәнді-дақылдардың тұқымдары жатады. Тұқымның эндоспермі ұрық қалтасындағы орталық ядроның ұрықтануынан пайда болады. Сонымен қатар кейде ол орталық ядроның тек өзінен де жетіледі.

Эндоспермсіз тұқым қоректік заттар қорын өзінің тұқым жарнағына жинайды. Тұқым жарнағы-ұрықтанған жыныс клеткаларынан пайда болады да, ұрықтың негізгі бөлімі болып есептеледі. Эндоспермсіз тұқымға көбінесе бұршақтың, үрмебұршақтың, лобияның және басқа қос жарнақты өсімдіктердің тұқымдары жатады. Периспермді тұқым қоректік заттар қорын бүрінің нуцеллусіне жинайды. Нуцеллус деп тұқым бүрінде болатын паренхималық клеткаларды айтады. Сондықтан эндоспермді және эндоспермсіз тұқымдарға қарағанда, периспермді тұқымның морфологиялық тегі — басқаша. Периспермді тұқымдарға: қалампыр, бұрыш, канна, алабота және басқа өсімдік тұқымдары жатады.

Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдары ірілі-ұсақты әрқилы болады: кейбір орхидеялардікі миллиграмнан да әлденеше есе жеңіл болса, ал кейбір пальманікі 15 кг-ға дейін болады. Осы сияқты ірілі-ұсақты келетін тұқымдардың бәрінің де ұрығы бар. Әртүрлі өсімдіктердің үрықтары пішіні мен тұқымдағы орналасуына қарай алуан түрлі болады. Өсімдік топтарының ерекшеліктеріне қарай олардың тұқымдарының анатомиялық және морфологиялық құрылыстары да әртүрлі. Сондай-ақ түрлі өсімдіктер тұқымының химиялық құрамы бірдей емес. Химиялық құрамына қарай түқымдар майлы, белокты, крахмалды болады. Белок, май, көмірсулардан басқа ұрықта түрлі минералды және биологиялық белсенді заттар — витаминдер, гормондар және ферменттер де кездеседі. Сонымен дәнде биохимиялық және физиологиялық процестердің жүрісі үшін ішкі мүмкіншілік толық бар. Бірақ сонда да болса дәннің тыныштық қалыпқа көшуі көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Сыртқы факторлар ішінде, әсіресе ылғал, температура, оттегімен жабдықталу дәннің өнуіне үлкен әсер етеді. Сонымен бірге түрлі ферменттердің де түқымның өнуінде атқаратын рөлі зор. Бұларсыз тұқым өнбейді және өсімдік те өспейді. Осы аталған жағдайлардың барлығы бір мезгілде әсерін тигізсе ғана тұқым дүрыс өнеді; ал егерде осы негізгі жағдайлардың көпшілігі болып, бірі болмай қалса, не қажетті мөлшерінен кем болса, тұқым өнбейді немесе нашар өнеді. Сонымен қатар түқымның біркелкі өнуіне жарық, тұқым қабығының қалыңдығы және түрлі химиялық заттар бөгет жасайды.

Тұқым өну үшін алдымен бөртуі керек. Мысалы, дәнді дақылдар тұқымының бөртуі мен өнуі үшін сол дән салмағының 45% -60% — ындай ғана су қажет. Әртүрлі өсімдіктер түқымдарының бөртуіне қажетті судың мөлшері әрқилы. Тұқымның өнуіне қолайлы температура да керек. Қияр, асқабақ, қауын-қарбыздың түқымының минималдық өну температурасы +15-18° С, максималдық өну температурасы + 44-50° С, ал арпа, бидай, сүлы, бүршақ өсімдіктері үшін минималдық температурасы — 3-4° С, ал максималдығы — 31-37°С. Дақылдардың шығу тегі оңтүстік ендік болса, олардың түқымдары жоғарғы температуралық жағдайда жақсы өнеді де, шығу жері солтүстік ендікте болса, төменгі температурада өнеді. Тұқымның тыныштық қалыптан ашық тіршілік жағдайына көшуі — олардың ұлпаларындағы ферменттердің әсері ол тұқым суда жібігеннен-ақ басталады. Мысалы бидайдың ылғалдылығы 12-14 % — дан 28-30 % -ға дейін жеткенде тыныс алу екпінділігі мың еседей өседі.

Тұқым өнгенде сонымен қабат көптеген ферменттердің де белсенділігі арта түседі. Мысалы: карбогидраза (көмірсуларды ьщырататын), протеиназа (белокты), липаза (май заттарын). Ферменттердің белсенділігінің арту дәрежесі дәннің химиялық қүрамына байланысты. Тұқымда ферменттер құрамы аналық өсімдікте тұрған кезінде жинақталып, тұқым пісіп жетілген кезде, олар зимогенді (активті емес) жағдайға көшеді.

Дән ісіне бастасымен-ақ гидролитикалық ферменттердің активтілігінің күшеюі нәтижесінде полимерлі қор заттар (белок, май, полисахаридтер) гидролизделініп, организмнің қажетіне жаратыла бастайды. Гидролиз өнімдері куат материалы, жаңа үлпаларды биосинтездеу үшін пластикалық материал ретінде пайдаланылады. Мысалы, біраз уақыт өскеннен кейін жарнақтағы заттардың азайып, олардағы заттардың жаңа пайда болған өскінге қарай көшуіне байланысты.

Дәннің пісіп келе жатқан кезінде оның үлпаларындағы биохимиялық процесс мономерлі молекулалар есебінен ірі молекулалы полимерлі заттардың синтезделуіне қарай бағытталады. Сондықтан эндосперм мен жарнақ клеткаларында белокты, полисахаридтердің, майдың қоры артады. Бұл кезде синтезді ферменттердің белсенділігі күшті жүреді. Осы заттар клетка коллоидының гидрофильдік қасиетін нашарлатып, тұқым піскен сайын тез сусыздана бастайды.

Сонымен астық дақылдардың дәндері пісіп жетілген сайын біртіндеп суы азайып, құрғақ заттардың мөлшері артады. Мәселен, бидайдың тұқымының қамырлы пісуінің бас кезіндегі ылғалдылығы 67-70 % болса, аяқ кезінде 45 %, толық піскенде 12-15 % — ға дейін төмен түседі. Тұқым пісіп жетілген сайын оның ылғалдылығы азаюмен қатар, оның нақты салмағы қамырланған кездегімен салыстырғанда 2,5-3 есе артады. Сөйтіп, тұқымда зат алмасу процесі күшейеді де, тұқым тыныштық күйінен «оянып» өнеді және өсе бастайды. Зат алмасу процесі қалыпты әрі қарқынды түрде өтуі тиіс және жас өскін дұрыс өсуі үшін температура бұрынғысынан жоғары болуы керек. Онсыз өсімдік баяу өседі және нашар дамиды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *