Табиғи сипаттағы төтенше жағдай бұл табиғи апаттардан (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурумен және зиянкестермен зақымдануынан туындайтын төтенше жағдай.

Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға ~ жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа, қар көшкініне, дауылға, орман және дала өртіне, тем-ператураның шұғыл төмендеуіне, қарлы боранға, эпидемия мен эпизоотияға ұшырауын анықтайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне (жағдайларына) орай оларды: геологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық (гидрометеорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі.

Жер сілкінісі — бұл, негізінен, геофизикалық себептерден туындайтын жерастылық дүмпулер мен жер бетінің тербелістері. Жер бетіндегі топырақ қабаты тербелісінің қарқындылығы бойынша жер сілкіністерін жіктеу 5-кес-теде ұсынылған.

Жер сілкінісінің тікелей салдары үрей болып табылады, бұл кезде адамдар қорқыныштан өздері және айналасындағылар үшін ақылға сыйымсыз, қауіпті әрекеттер жасайды және өзін-өзі құтқару мен өзара көмек шараларын саналы түрде ұйымдастырып, жасай алмайды. Үрей әсіресе адамдар шоғырланған жерлерде: ұйымдарда, кәсіпорындарда, оқу орындары мен бала-бақшаларда, жатақханаларда, ортақ пайдаланылатын орындарда ерекше қауіпті.

Біздің ғаламшардағы жер сілкіністерін бір жыл ішіндегі саны (қайталану жиілігі) бойынша жіктеу 6-кестеде ұсынылған.

Адамдардьщ жарақаттануы мен опат болуы, негізінен, қираған ғимараттардан, құрылыстардың сынықтарынан және құлаған заттардан, сондай-ақ үйінділердің астында қалу мен аз уақытында көмек көрсетілмеуден орын алады. Жердің қозғалысы адамдардың құрбан болуына өте сирек жағдайларда ғана тікелей себеп болады.

Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан туындайтын екінші реттік факторлардан (өрт, өнеркәсіп және көлік апаты, зақымданған инженерлік және энергетикалық желілер) да зардап шегуі мүмкін.

Құрбандардың көпшілігі күшті тербелістер әсерінен ғимараттардың, құрылыстардың шайқалуы, қирауы кезіндегі заттардың, әйнектердің, тастардың, қабырғалардың және т.б. құлауының нәтижесі болып табылады. Адамдардың жарақаттануы мен опат болуының себептері сан алуан болған кездің өзінде, жер сілкінісіне алдын ала байыппен дайындалып, іс-әрекеттерді ойластырып және бірқатар ұсыныстарды орындаған кезде зардап шегушілер санын айтарлықтай азайтуға болады.

Әрбір жер сілкінісінен қорқа бермеу керек. Салыстырмалы түрде әлсіз жер сілкіністері (5 балға дейінгі), әдетте, залал келтірмейді. Алайда егер мҰндай жер сілкінісінде тербелістер күші бірден немесе біртіндеп 5-6 балға жетсе, онда есте ұстау керек — бұл қауіпті белгі. Әдетте, бұл тербелістер (оқиғалардың 1/3-і) 7 және одан да көп балға жете отырып, күшейе түседі.

Егер 8-9 балдық жер сілкінісі басталса, онда 5-6 балдық дүмпулер пайда болған сәттен бастап ең күшті тербелістерге дейін, яғни ғимараттың қирау қаупі туындағанға дейін 12-20 секунд қана өтеді. Неғұрлым күшті тербелістер, әдетте, бірнеше ондаған секундқа созылып, ғимаратты қатты шайқайды. Одан кейін тербелістер, шамамен 30 секунд және одан көбірк уақытқа бәсеңдейді.

Ғимараттың берікілігін( осы уақыттағы орналасқан орнын) және аталған уақыт шамасын (12-20 сек) есепке ала отырып, күшті жер сілкінісі кезінде саналы әрекет тәсілін таңдауға болады не ғимарат ішіндегі салыстырмалы түрдегі қауіпсіз орынға бару, не тезірек шығып кетуге әрекеттену.

Ең қарапайым жағдайлардағы: үйде, жұмыста, көшеде, кинода, театрда және т.б. жер сілкінісі кезінде халықтың алдын ала ойластырылған әрекет ету тәртібі нәтижелі және шұғыл қимылдарға жағдай жасайды. Алайда нақты мән-жайдың барысына орай оны кез келген уақытта өзгертуге дайын болу керек. Жер сілкінісі туындаған жағдайда тиімді және ұтымды іс-әрекеттерге барып, зардап шегушілер мен құрбандардың санын азайту мақсатында сейсмикалық қауіпті аудандардың тұрғындары мынадай іс-шараларды орындауы тиіс:

— төтенше жағдайдағы іс-әрекеттер жоспарын алдын ала белгілеу және жер сілкісінісінен кейін отбасының жиналатын жері туралы келісу, қажет болған жағдайда құтқару қызметін, медициналық көмекті, полицияны шақыру үшін телефондар тізімін жасау;

— электр сымдары, су және газ құбырларының жай-күйін үнемі тексеріп тұру. Отбасының барлық ересек мүшелері пәтердегі, подъездегі, үйдегі электр, газ және су көздерін жабуға, сондай-ақ зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге машықтанған болуы тиіс;

— ең қажетті заттарды (бұйымдарды): қоректендіргіштері (батарейка) бар радиоқабылдағыш, консервілік өнімдер мен ауызсудың 3-5 күнге есептелген қоры; отбасының созылмалы аурулары бар науқас мүшелеріне қажетті дәрілер жиыны және таңу материалдарының жеткілікті қоры салынған алғашқы медициналық көмек қорапшасы; тасымалдаушы электр қолшамы; құм толтырылған шелек; автомобилъдік өрт сөндіргіштерді (оны пайдалануды алдын ала үйренген жөн) және т.б. алдын ала дайындау жане оларды отбасы мүшелерінің бәріне белгілі жерде сақтау;

— құжаттарды оңай қолжетімді жерде, мүмкіндігінше пәтер кіреберісіне жақын тұста сақтау. Рюкзактың болғаны да мақсатқа лайық болмақ: онда колшам, шағьн балта, сіріңке, тамақ, дәрі қорапшасы, балауыздар, ауыстыратын киім мен аяқкиім (маусым бойынша) болуы тиіс; гараж бен бақшалық шағын үй бар болса, оларды жер сілкінісінің алғашқы күндері баспана ретінде пайдалануға болады. Сол жерде азық-түлік қоры мен киімді сақтаған тиімді;

— шкафтарды, баспалдақтарды, сөрелерді, стиллаждарды қабырға мен еденге берік етіп бекіту; жиһаздарды ұйықтайтын жерлерге құламайтындай етіп орналастыру; бөлмелерден шығатын жерлерді, есіктерді жабу; сөрелердегі немесе жиһаздың үстіндегі (аятресольды қосқанда) ауыр заттарды мықтап бекіту немесе төменге түсіру; 13

— сөрелерді ұйықтайтын орындардың, кіреберіс есіктердің, пештердің, раковиналардың, унитаздардың үстіне орнатпау; ыдыстар қойылған сөрелердің алдыңғы бөлігін жабу, люстралар мен люминесцентті шам-шырақтарды сенімді бекіту;

— пәтерге кірер жерге, дәліздерге, баспалдақтарға заттарды үймеу;

— оңай тұтанатын заттар мен күйдіргіш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды сенімді бекітіп, тербеліс кезінде құламайтындай, сынбайтындай жерде сақтау;

— мезгіл-мезгіл жаттығулар (дайындықтар) өткізу. Балалардың, қарт адамдардың, мүгедектер мен науқастардың қауіпсіздігін арттыруды ойластыру;

— дүмпулердің тоқтауын күтуге болатын неғұрлым қауіпсіз орындарды (пәтерлерде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерде) алдын ала анықтау; негізгі ішкі қабырғалардағы ойықтар (терезе мен есік жақтаулары), ішкі негізгі қабырғалармен құрылған бұрыштар, баған мен қаңқа арқалығының астындағы жерлер. Отбасының барлық мүшелері пәтердегі аталмыш қалқа жерлерді естерінде сақтауы тиіс;

— ұйықтайтын жерді үлкен терезелердің, әйнек қабырғалардың жанына орналастырмау.

Құлаған заттар мен сынықтардан қорғайтын мықты берік үстелдер мен кереуеттердің асты да паналайтын орындар қызметін атқарады. Ересектер болмаған кездегі күшті дүмпулерде балаларды аталмыш жерлерге тығылуға үйретуі қажет.

Қатты жер сілкінген кездегі оңтайлы шешім — бұл ғимаратты тастап шығу, сондықтан ең күшті тербелістер мен дүмпулерге дейінгі 15-20 секунд есебімен қозғалыс жолын алдын ала белгілеп алу қажет.

Жер сілкінісінің түнде де болу мүмкіндігін есепке алу қажет. Есіктер мен сыртқа шығатын орындар адамдардың көп шоғырланатын жері болады, сондықтан ғимараттан жылдам шығуға кедергі келтіреді. Мұндай жағдайда эвакуация 1-қабаттағы терезе ойықтары арқылы да жүзеге асырылады.

Кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында жер сілкінісі кезіндегі қауіптілікті төмендету бойынша алдын ала шаралар әзірленіп, қабылдануы тиіс. Төртіп пен барлық жағдайдағы жоғары жауапкершілік жер сілкінісі орын алған жағдайдан қорғау шараларына дайындықтың ең үздік көрсеткіші болып табылады.

Сейсмикалық қауіпті аудандардағы әрбір мекемеде жер сілкінісі жағдайына жауапты тұлғалар және олардың міндеттерінің тізбесін көрсететін төтенше шаралардың айқын жоспары болуы тиіс.

Кәсіпорындар мен мекемелердің ғимараттарында, үй-жайларында дәліздерді, өтпелерді, басқыш алаңшаларын және ішкі есіктерді босату қажет. Ауыр шкафтар мен сөрелерді қабырғаларға сенімді бекіткен жөн. Ауыр зат-тарды жоғары сөрелерге орналастыруға болмайды. Әрбір қызметкер электр шаппаларының, өрт және газ крандарының орналасқан жерлерін білуі тиіс. Күшті жер сілкінісі кезінде халық үшін күтпеген мән-жайлардың қалыптасуы мүмкін. Мүмкін болатын жарақаттар мен адам шығындары олардың төтенше жағдайға әзірлігі мен іс-әрекеттеріне байланысты болады. Мұндай жағдайларда сабыр сақтауға тырысу қажет.

Жер сілкінісінен қорғануға мүмкін болатын барлық шараларының ішіндегі ең үздігі — үрейге бой алдырмау.

Егер ғимаратты жылдам тастап шығу (мүмкіндігінше алғашқы 15-20 сек) мүмкін болса, онда бірінші осы әрекетті орындау қажет. Ғимараттан жүгіріп шыққаннан кейін, одан қашығырақ ашық жерге, электр сымдарынан, ернеулерден, әйнектерден қауіпсіз қашықтыққа кету (құланды жетпейтін аймақ — ғимарат биіктігіне тең қашықтық).

Егер жағдай ғимаратты тастап шығуға мүмкіндік бермесе, онда алдын ала таңдалған, салыстырмалы түрде қауіпсіз орынды паналау керек. Көпқабатты үйде есікті баспалдаққа қарай ашып, босағаға тұруға болады. Егер есіктің ашылуы қиындаса, онда қорықпау керек. Бұл ғимараттың қисаюынан болады.

Кез келген ғимаратта терезелерден қашығырақ, ішкі негізгі қабырғаларға жақынырақ тұру қажет. Әйнекті қабырғалардан қауіптенген жөн.

Жер сілкінісі басталысымен отты өшіру керек. Жерасты дүмпулері кезінде немесе жерасты дүмпулерінен кейін сіріңке, балауыз жағуға, тұтатқыш пайдалануға болмайды. Есіктерде кептеліс жасауға және 1-қабаттан жоғары орналасқан терезеден, әйнегі бар терезелерден секіруге болмайды. Аса қажеттілік туындаған кезде әйнекті орындықпен немесе аласа орындықпен, еш мүмкіндік болмаса арқамен сындыруға болады.

Ғимараттан шыққан кезде лифт пайдалануға тыйым салынады. Қалыптасқан кез келген әрекет ету керек, артық асығу мен әбігерленуте жол бермеген жөн. Автокөлікте келе жатқанда жер сілкінісі басталса, көліктерге бөгет жасамайтын жерге тоқтап, машинада қалу керек.

Жер сілкінісінен кейін:

— жарақаттың жоқтығына көз жеткізу, айналадағы адамдарды қарап шығу және қажет болса, оларға көмек көрсету. Егер ауыр жараланғандарға аса қатер (өрт, құрылыстың құлап түсуі және т.б.) төнбесе, онда орнынан қозғамау;

— жеңіл үйіндінің астына түскен адамдарды босатып алу. Бұл ретте абай болу керек. Егер оларға қосымша немесе медициналық көмек қажет болса, онда көмекті күткен дүрыс;

— балалардың, науқастардың, қарттардың — көмекке мұқтаж жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оларды тыныштандырған жөн;

— телефонды өте қажет болған кезде ғана пайдалану, өйткені телефон желісі аса жүктемеленген болады;

— су құбырын, газ, электр желілерін тексеру. Егер электр желісінде зақымдану байқалса, онда оны ажырату керек. Газдың шығуы иіс бойынша тексеріледі. Егер гадың шығып жатқаны анықталса, онда барлық есіктер мен терезелерді ашу, үй-жайды дереу тастап шығу және болган оқиға туралы тиісті қызметтерге хабарлау керек. Суқұбырлық желілер зақымданған кезде ақауды реттеуге асықпау керек және суды пайдалануды тоқтатқан дұрыс, өйткені су зақымданған болуы мүмкін. Суды тек қайнатқаннан кейін ғана пайдалануға болады.

— Кәрізді пайдаланбас бұрын, оның ғимарат, жертөле шектеріндегі құбырларының ақаусыздығына көз жеткізу қажет.

— Ашық отты пайдалануға болмайды. Тұтану ошақтары бар болса, оларды сөндіру қажет. Егер мұның сәті түспесе, онда дереу өртке қарсы қызметпен байланысу керек.

— Баспалдақпен түсіп келе жатқанда оның беріктігін тексерген жөн.

Зақымданған ғимарттарға жақындауға болмайды. Қайталанатын дүмпулерге дайын болу керек. Ондай дүмпулер бірнеше тәуліктен, аптадан, тіпті айлардан кейін болуы мүмкін. Жерасты дүмпулерінің толықтай қашан толастайтынын айту мүмкін емес. Солай болғанмен де күшті жер сілкінісінен кейін уақыт өте келе қайталанатын дүмпулердің қатері біртіндеп азаятыны белгілі. Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы сағаттар неғүрлым қауіпті болады. Осыған байланысты, алғашқы 2-3 сағат ішінде аса қажеттілік болмаса, ғимаратқа кіруге болмайды. Қайталанатын жер сілкінісі сирек жағдайларда ғана біріншісінен күштірек болады. Егер ғимаратқа кіру қажеттігі туындаса, онда барынша аз адаммен кіруге және мүмкіндігінше аз уақыт қана болуға тырысу керек. Бұл ретте шкафтарды ашу кезінде абай болу керек, өйткені ондағы заттар орнықсыз жағдайда болуы мүмкін. Жаншылатын және кескіш заттардан зақымданудан сақтану үшін аяққа берік аяқкиім кию керек.

Мүмкін болатын кезекті дүмпулер туралы қандаи да бір мәліметтерді, болжамдарды, қауесеттерді ойлап таруға және таратуға болмайды. Бұл толықтай қайталанатын дүмпулерге де қатысты. Бұл турасындағы тек ресми хабарларды ғана пайдалану қажет. Сейсмикалық ауданда мүмкін болатын зілзаланың жақындап кле жатқанын жер сілкінісінің хабаршылары білдіруі мүмкін. Бұл жануарлармен құстардың әдеттен тыс мазасыз мінез құлық оқиғаларынан немесе аталмыш ауданға жасалғанқысқа мерзімдік болжамнан алынады.

Барлық жағдайларда төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің ережелері мен ұсынымдарына және апаттық іс-шаралар жоспарына сәйкес әрекет жасау қажет. Мән-жай туралы ақпарат алу үшін радиоқабылдағышты қосу, жергілікті биліктің және табиғи апаттың салдарын жою штабының нұсқауларына бағыну қажет.

Күтілетін барлық жағдайда қорықпай байсалды мінез-құлық көрсету керек.

Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы сағаттарда ғимараттар мен құрылыстардағы құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары барлық жұмыстардың қатаң үйлесіміне, үйінділердің астында қалған адамдар қауіпсіздігіне және құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылуы тиіс.

Келесі табиғи, сондай-ақ қауіпті геологиялық құбылыстарға көшкіндер, селдер мен опырылулар жатады.

Көшкіндер — бұл тау жыныстары массасының беткейден ауырлық күші әсерінен төмен қарай сырғып, орын ауыстыруы. Олар әртүрлі жыныстарда тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде қалыптасады. Ол табиғи және жасанды (антропогенді) себептерден туындайды. Табиғи себептерге: беткейлер биіктігінің артуы, олардың негіздерін теңіз және өзен суларының шаюы, сейсмикалық дүмпулер жатады. Жасанды себептерге беткейлерді жол үшін қазып, талқандау, топырақты шамадан тыс тасымалдау, орманда шабу, беткейлерде ауыл шаруашылығын жөнсіз жүргізу жатқызылады.

Көшкіндер биіктігі 19°-тан басталатын барлық беткейлерде болуы мүмкін. Алайда оларсазды топырақты жерде беткейлердің биіктігі 5-7о болған кезде де орын алады. Бұл үшін жыныстардың шамадан тыс ылғалдануы жеткілікті.

Олар жылдың кез келген мерзімінде, көбінесе көктем- жаз кезеңішде болады.

Көшкіндер құбылыстың көлемі, қозғалыс жылдамдығы мен белсенділігі, үдеріс құрылымы, қуаттылығы мен белсенділігі, үдеріс құрылымы, қуаттылығы түзілу орнына ңарай жіктеледі.

Көлемдері бойынша көшкіндер ірі, орташа және шағын көлемді болып жіктеледі.

Ірі көшкіндер, әдетте, табиғи себептерден туындайды және беткейлерді бойлай жүздеген метрге созылады. Олардың қалыңдығы 10-20 метр және одан да қалың болуы мүмкін. Сырғыған дене көбінде өзінің біртұтастығын сақтайды.

Орташа және шағын көлемді көшкіндердің мөлшерлері шамалы және антропогенді үдерістерге тән болады.

Көлем көбінде үдеріске тартылған ауданмен сипатталады. Осыған орай олар орасан зор — 400 га және одан көлемді, өте ірі — 200-400 га, ірі — 100-200 га, орташа — 50-100 га, шағын — 5-50 га және өте шағын 5 га-ға дейін

болып бөлінеді.

Белсенділігіне қарай көшкіндер белсенді және белсенді емес болып жіктеледі. Бұл жерде басты фактор беткей топырағының түрі мен ылғал мөлшеріне байланысты. Ылғал мөлшеріне қарай олар құрғақ, шамалы ылғалды, ылғалды және өте ылғалды болып бөлінеді. Мысалы, өте ылғалды беткейлерде сұйық ағыс туғызатын су мөлшері болады.

Қозғалыс жылдамдығы бойынша көшкшдер еан алуан, ол 7-кестеде көрсетілген.

Үдеріс күрылымы бойынпша көшкіндер жылжымалы, жаншылмалы, кысымдық, батпақты-иілмелі, гидро-динамикалық алып кетуші, кенеттен сұйықтанғыш болып бөлінеді. Негізінен аралас құрылымды болып келеді.

Үдеріс қуатына қарай көшкіндер шағын — 10 мың м -қа дейін, орташа — 11-ден 100 мың м3-қа дейін, ірі — 101-ден 1000 ма-қа дейін, өте ірі — үдеріске 1 млн м3-тан жоғары тау жыныстары массасын тартатын болып бөлінеді.

Түзілу орнына қарай олар таулық, суастылық, межелес және жасанды жер құрылыстары (қазан шұңқырлар, арналар, жыныстар үйіндісі) деп жіктеледі.

Көшкіндер шаруашылық жүргізу объектілеріне елеулі залал келтіреді. Олар пойыздардың, автокөлік көлігінің қозғалысына, тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарға қатер төндіреді. Көшкіндер кезінде жердің ауыл шаруашылығына жарамай қалу үдерісі қарқынды жүреді. Көшкіндердің түрөзгерістері қар көшкіндері болып табылады. Олар қар кристалдары мен ауаның қоспасы нәтижесінде түзіледі. Ірі қар көшкіндері 26-60°-тық беткейлерде пайда болады. Олар үлкен залал келтіруге, адамдарды опат қылуға қабілетті. Мысалы, 1990 жылы 13 шілдеде Памирдегі Ленин шыңында жер сілкінісінің нәти-жесінде үлкен қар көшкіні 5 300 м биіктікте орналасқан шыңға шығушылар лагерін алып кетті. 40 адам қайтыс болды. Бұл кеңестік альпинизмдегі ең ірі қайғылы жағдай еді.

Сел (сел ағыны) — шағын тау өзендерінің алаптарында кенеттен пайда болатын буырқанған лайлы немесе су мен тау жыныстарының сынықтарынан тұратын лай-тасты ағын.

Су деңгейінің жылдам көтерілуімен, тасқынды қозғалысымен, әрекеттің қысқа мерзімділігімен (орташа бір сағаттан үш сағатқа дейін), елеулі эрозиялық-аккуму-лятивтік қиратушы әсерімен сипатталады

Сел ағыс бойында орналасқан елді мекендерге, те-міржолдар мен автокелік жолдарына жене басқа да құрылыстарға қатер төндіреді.

Селдердің пайда болуына нөсер жауындар, қардың қарқынды еруі; су қоймалардың бұзылуы, жер сілкіністері, жанартаулардың атқылауы тікелей себепкер.

Селдер туындау қүрылымы бойынша үш түрде: эрозиялық, бұзып өтуші және опырылу-көшкіндік болып бөлінеді.

Эрозиялық сел кезінде бастапқыда жақын жатқан топырақтың жайылуы мен сырғуы есебінен тау жыныстарының сынықтары ағып, содан кейін сел толқыны қалыптасады.

Бұзып өтуші сел судың жинақталу үдерісімен сипатталады, онымен бір мезгілде тау жыныстары жойылады, шегіне жету су айдынының (көлдің, мұздық ішіндегі сыйымдылықтың, су қоймасының) бұзылуы арқылы іске асады. Сел массасы беткеймен немесе өзен арнасымен төмен қарай ағады,

Опырылу-көшкіндік сел кезінде суға қаныққан тау жыныстары (қар мен мүзды қосқанда) массасының бұзылуы орын алады. Бұл жағдайда ағынның қарқыны ең жоғары шекке жақын болады.

Соңғы жылдары селдің қалыптасуының табиғи себептеріне техногенді факторлар да қосылды: тау-кен өндіруші кәсіпорындар жұмысының ережелері мен нормаларының бұзылуы, жол салғандағы және басқа құрылыстар кезіндегі жарылыстар, орманды шабу, ауылшаруашылық жұмыстарын дұрыс жүргізбеу және топырақ-өсімдіктік жабындысын бұзу жатады.

Қозғалыстағы сел лайдың, тас пен судың біртүтас ағыны болып табылады. Сел толқынының биіктігі 5-тен 15 метрге дейін болады. Оның алдыңғы айналымы селдің «басын» құрайды. Лай су ағынды толқынның ең жоғары биіктігі кейде 25 метрге жетеді.

Басты факторлары негізінде селдің пайда болуы былайша жіктеледі:

— аймақтық көрінісі. Қалыптасуының басты факторы климаттық жағдайлар (жауын-шашындар) болып табылады. Оларда аймақтық сипат болады. Қайталануы жүйелі болып тұрады. Қозғалыс жолдары салыстырмалы түрде тұрақты;

— өңірлік көрінісі. Қалыптасуының басты факторы — геологиялық үдерістер. Қайталануы ара-тұра болып тұрады және қозғалыс жолы тұрақты емес;

— антропогенді. Бұл — адамның шаруашылық қыз метінің нәтижесі. Тау ландшафтына аса көп жүктеме түскен жерде қалыптасады. Жаңа селдік алаптар құрылады. Қайталануы оқта-текте.

Алғашқы себептерінің негізінде селдің пайда болуын жіктеу 8-кестеде ұсынырған.

Қуаттылығы бойынша (ағызып кететін қатты массасы бойынша) жіктеу:

  1. Қуатты (күшті қуатты). 100мың м3-тан көпматериалды ағызып кетеді. 5-10 жылда біррет болады.
  2. Орташа қуатты. 10-нан 100 мың м3 материалды ағызып кетеді. 2-3 жылда бір рет болады.
  3. Әлсіз қуатты. 10 мың м3-тан аз материалды ағызып кетеді. Жыл сайын болады, кейде жылына бірнеше рет болады.

Алаптарды селдердің қайталануы бойынша жіктеу оның белсенділігін немесе даму қарқындылығын сипаттан жиірек қайталану);

— жоғары селдік белсенділік(3-5 жылда бір рет және одан жиірек қайталану);

— орташа селдік белсенділік (6-15 жылда бір рет қайталану);

— төменгі селдік белсенділік (16 жылда бір рет және одан сирек қайталану).

Бір реттік ағызып кету көлемі бойынша жіктеу 9-кестеде ұсынылған.

Сондай-ақ селді құрылыстарға әсер етуі бойынша да жіктейді:

  1. Шамалы қуатты — шағын шайындылар, су өткізу құрылғылары тесіктерінің ішінара бітелуі.
  2. Орташа қуатты күшті шайылулар, тесіктердің толық бітелуі, іргетасы жоқ құрылыстардың бұлінуі және ағып кетуі.
  3. Қуатты — үлкен талқандаушы күш, көпір арқалықтарын, тіреу тетіктерін, тастан салынған құрылыстарды, жолдарды ағызып әкету.
  4. Апатты — құрылыстардың, жол учаскелеріндегі төсемнің және ғимараттардың толық қирауы, құрылыстардың қирандылар астында қалуы.

Кейде алаптарды сел ағындары қайнар көздеріңің биіктігі бойынша жіктеу қолданылады:

— биік таулық. Қайнар көздері 2500 м биіктікте жатады, 1 км2-тағы ағындар көлемі 15-25 мың м3-ты құрайды;

— ортатаулық. Қайнар көздері 1000-2500 м шектеріндегі биіктікте болады, 1 км2-тағы ағындар көлемі 5-15 мың м3-ты құрайды;

— аласа таулық. Қайнар көздері 1000 м-ден төмен жа-тады, 1 км2-тағы ағындар көлемі 5 мың м3-тан аз.

Опырылулар (таулық опырылу) — тау жыныстарының үлкен массасы бөлініп түсуі және опырылып құлауы, олардың тік беткейлерде аударылуы, бөлшектенуі және сырғуы.

Табиғи текті опырылулар тауларда, теңіз жағалаулары мен өзен аңғарларындағы құздарда болады. Олар тау жыныстарының желмен мүжілу, сумен шайылу, еруі және ауырлық күштері әсерінен беріктігінің бұзылуы нәтижесінде болады. Опырылулардың түзілуіне: жердің геологиялық құрылысы, беткейлерде жарықшақтардың, тау жыныстарының уатылу аймақтарының болуы жағдай тудырады.

Қазіргі кездегі опырылулардың көпгілігі (80% -ға дейін) антропогендіфакторларменбайланысты. Олар, негізінен, тау жыныстарын қазу және құрылыс жұмыстарын дұрыс жүргізбеуден түзіледі.

Опырылулар аталған үдерістің (құлаған тау массасы көлемі) қуаттылығымен және қамтылған масштабымен (үдеріске тартылған аудан) сипатталады.

Үдерісінің қуаттылығы бойынша опырылулар ірі (10 млн м3жыныстың құлап түсуі), орташа (10 млн м3-қа дейін) және шағын (10 млн м3-тан аз жыныстың құлап түсуі) болып бөлінеді.

Қамтылған масштабы бойынша опырылулар орасан (100-200 га), орташа (50-100 га), шағын (5-50 га) және ұсақ (5 га-дан аз) болып бөлінеді.

Бұған қоса, опырылулар құлап түсу үлгісімен де сипатталады, олар опырылу массаларының болашақтағы сырғу беткейінін биіктігімен анықталады,

Көшкін, сел және опырылу қаупі бар аймақтарда тұратын халық бұл қауіпті құбылыстардың мүмкін бағыттары мен сипаттамасын, ошақтарын білуі тиіс. Сондай-ақ тұрғын үйлері мен өздері жасаған аумақты нығайту жөнінде шаралар өткізуге, көшкіндер мен селдерден қорғайтын гидротехникалық және де басқа қорғаныстық инженерлік құрылыстарды тұрғызуға қатысуға міндетті.

Қар көшкіндері — тау беткейлерінен ауырлық күші әсерінен төмен қарай құлдилайтын қар массалары.

Тау беткейлерінде жиналған қар ауыр салмақтың және қар қалыңдығының ішіндегі құрылымдық байланыстардың әлсіреуі әсерінен беткейден сырғиды немесе төгіледі. Қозғалысы басталғаннан кейін оның жылдамдығы тез артып, жол-жәнекей жаңа қар массасын, тастарды және басқа заттарды бірге ала кетеді. Қозғалыс неғүрлым жазықтау учаскелерге дейін немесе аңғардың түбіне дейін жалғасады да, бір жерге тіреледі және тоқтайды.

Мұндай көшкіндер елді мекендерге, спорттық және шипажайлық кешендерге, теміржол және автомобиль жолдарына, электр желілеріне, тау-кен өнеркәсібі мен басқа да шаруашылық құрылыстарына жиі қауіп төндіреді.

Қар көшкіндері қар жеткілікті жинақталған кезде және биіктігі 15-тен 50°-ңа дейінгі ормансыз беткейлерде түзіледі. 50°-тан астам биіктік кезінде қар жай ғана төгіледі, қар массасының түзілу жағдайлары туындамайды.

Көшкіндердің пайда болуы үшін оңтайлы жағдаяттар биіктігі 30-дан 40°-қа дейінгі қалың қар басқан беткейлерде қалыптасады. Ол жерлерде жаңа түскен қар қабаты 30 см-ге жетіп, ал бұрынғы (жатып қалған) қар жабынының қалыңдығы 70 см болған кезде көшкіндер жүред. Егер қардың қалыңдығы 30 см-ден артық болса, биіктіи 20о-тан астам тегіс шөпті беткей де көшкін қаупінде болып есептеледі. Беткейлердің биіктігі артқан сайын көшкіндердің түзілу ықтималдығы да арта түседі. Бұтақты өсімдіктер көшкіннің түзілуіне бөгет бола алмайды. Қар массасы қозғалысының басталуы мен оның белгілі бір жылдамдық алуы үшін ең қолайлы жағдай ашық беткейдегі 100-ден 500 м-ге дейінгі қашықтық (ұзындық) болып табылады.

Көп нәрсе қар қарқындылығына байланысты болады. Егер 2-3 күнде 0,5 м қар түссе, онда бұл, әдетте, қауіп туындатпайды, бірақ бұл мөлшер 10-12 сағат ішінде түссе, онда көшкін жүруі әбден мүмкін.

Желдің де белгілі бір маңызы бар. Мысалы, күшті жел болған кезде қалыңдықтың 10-15 см өсуінен көшкін жүруі мүмкін. Желдің орташа қатерлі жылдамдығы, шамамен 7-8 м/с-қатең.

Қар көшкіндерінің түзілуіне әсер ететін аса маңызды факторлардың бірі — температура. Қыста температура нөлге жақын болған салыстырмалы жылы ауа райында қар жабынының тұрақсыздығы шұғыл артады, бірақ жылдам өтеді (не көшкін жүреді, не қар орнығады). Ал температураның төмендеуіне қарай көшкін қауіптілігінің кезеңдері неғүрлым ұзағырақ болады. Көктемде күннің жылынуына байланысты ылғал көшкіндер жүруінің ықтималдығы арта түседі.

Көшкіндердің зақымдаушы қабілеттілігі әртүрлі болады. 10 м3 көшкін адам мен жеңіл техникаға қауіп төндіреді. Ірі көшкіндер күрделі инженерлік құрылыстарды қиратуға, көлік жолдарында жүрісті қиындататын немесе тосқауыл болатын үйінділер түзуге қабілетті.

Жылдамдық — қозғалыстағы көшкіннің негізгі сипаттамаларының бірі. Жекелеген жағдайларда ол 100 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Сондай-ақ басқа табиғи апаттарға қатты желдер, яғни дауылдар мен борандар жатады.

Дауыл сөзі тар мағынасында жылдамдығы, шамамен 32 м/с және одан да көп (Бофорт шкаласы бойынша 12 балл) болатын, үлкен қиратушылық күші бар және айтарлықтай ұзаққа созылатын жел.

Боран — бұл жылдамдығы дауылдан аз жел. Алайда ол да қуатты және 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Дауылдарға қарағанда, борандардан келетін шығын айтарлықтай аз болады. Кейде күшті боранды шторм деп те атайды.

Дауылдың ең маңызды сипаттамасы желдің жылдамдығы болып табылады. 10-кетеде (Бофорд шкаласы бойынша) жел жылдамдығы мен режімдер атауларының байланысы көрсетілген.

Дауылдар зілзаланың ең қуатты күштерінің бірі болып табылады. Өзінің апатты әсері бойынша жер сілкінісі сияқты қатерлі табиға апаттан қалыспайды. Бұл оларда орасан мол энергияның болуымен түсіндіріледі. Қуаттылығы орташа дауылдың I сағатта бөліп шыгаратьщ энергиясы 36 Мгт ядролық жарылыс энергиясына тең. I

Су тасқындары — бұл өзенге, көлге немесе су қоймасына жақын жатқан жерлерді су басу. Ол материалдық залал тудырады, халықтың денсаулығына нұқсан келтіріп, адамдардың опат болуына әкеледі. Егер су басу залал келтірмесе, онда ол өзеннің, көлдің су қоймасының тасуы болып табылады.

Әсіресе қауіпті су тасқындары өзендердің жауын-шашын және мұздық сулары арқылы артатын немесе бұл екі фактор үйлесетін жағдайларда байқалады.

Көктемгі су тасуы — — бұл жыл сайын, белгілі бір маусымда қайталанатын өзен суының деңгейінің айтарлықтай ұзаққа созылатын көтерілуі. Әдетте, су тасуы жазықтардағы қардың қарқынды еруінен немесе жауын-шашыннан пайда болады.

Тасқын — бұл салыстырмалы түрде су деңгейінің қысқа мерзімді қарқынды көтерілуі. Нөсер жауындармен, кейде қысқы жылымықтағы қардың еруімен қалыптасады.

Су тасқындары аталған себептерден басқа қайнар көздердің кептелуі, сеңнің тоқтауы, жел әсерінен судың көтерілуі мен бөгеттердің бүзылуы сияқты басқа да гидрометеорологиялық құбылыстардың салдарынан туындауы мүмкін.

Су тасқындарының тікелей және жанама залалы болады. Тікелей залал — бұл, мысалы, тұрғын үй және өндірістік ғимараттардың электр және байланыс желілерінің зақымдануы мен қирауы, жануарлардың қырылуы, егіннің жойылуы, шикізат, отын, азық-түлік өнімдерінің жем-шөптің жарамсыздығы мен бүлінуі, сондай-ақ хальқ пен материалдық құралдарды уақытша эвакуациялауға кететін шығындар.

Жанама залалдарға, әдетте, зардап шеккен аудандарға азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын және мал азығы үшін жем-шөп сатып алу мен оларды жеткізуге кеткен шығындарды, өнім өндірудің қысқаруын, халықтық тұрмыс жағдайының нашарлауын жатқызадызады. Тікелей және жанама залалдар көбінде 70%: 30% қатынасында болады. «Су деңгейінің көтерілуі және «су басу» түсініктері бар. Су деңгейінің көтерілуі кезінде су жертөлелерге кәріздік желілер, әртүрлі орлар және құбырлар арқылы өтеді. Су басу жағдайында зардап шеккен аймақ белгілі бір биіктіктегі су қабатымен жабылады.

Шығу себептеріне байланысты су тасқандары төртке бөлінеді.

  1. Қардың көктемгі еруінен пайда болған мол ағынға байланысты су тасқындары. Ол өзендегі су деңгейінің айтарлықтай және Ұзақ уақыт көтерілуімен ерекшеленеді.
  2. Қарқынды жаңбырмен Қалыптасатын су тасқындары. Олар су деңгейінің қарқынды, салыстырмалы түрде қысқа мерзімдік көтерілуімен сипатталады және тасқын деп аталады.
  3. Су ағысының үлкен кедергілерінен туындайтын су тасқындары. Бұлар көбінесе қыстың бас кезінде немесе соңында сеңнің кептелуі нәтижесінде ағыстың тоқтауынан болады.
  4. Ірі көлдер мен су қоймаларындағы, сондай-ақ өзендердің теңізге құятын сағаларындағы судың жел әсері арқылы көтерілуінен болатын су тасқындары.

Бөгеттердің бұзылуына байланысты су тасқындарының бесінші үлгісі болуы мүмкін, бірақ ол көбінде техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға жатқызылады.

Су тасқындарының қатерінен жэне салдарынан халықты қорғау мен жасалатын іс-әрекеттер:

  1. Эвакуацияның басталуы туралы ескертуді алған кезде эвакуацияланушы жылдам жиналуы және өзімен бірге:

— ақша мен бағалы заттарды;

— медициналық дәрі-дәрмек қобдишасын;

— маусым бойынша сырткиім мен аяқкиімді;

— төсек жаймалары мен жуынып-шайыну құралдарын;

— азық-түлік өнімдерінің үш күндік қорын алуы тиіс.

  1. Заттар мен азық-түліктерді шабадандарға, арқа қапшығына (рюкзак секелерге) салу керек. Эвакуацияланатын адамдардың бөрі белгіленген уақытта тіркелуі және қауіпсіз ауданға жіберілуі үшін эвакуациялық пунктке тез арада келуі қажет. Қалыптасқан жағдайға байланысты халықты эвакуациялау осы мақсатта бөлінген арнаулы көлікпен немесе жаяу жүргізіледі. Эвакуацияның соңғы пунктіне келген кезде эвакуациялаяған халыкты тіркеу және рүқсат етілген уақытша тұратын жерге орналастыруды ұйымдастыру жүргізіледі.
  2. Су тасқыны болған кезде ең жақын жердегі биік орынға жылдамырақ шығу және әртүрлі жүзу құралдарының көмегімен су немесе өткелдер арқылы жаяу ретпен ұйымдастырылатын эвакуацияға дайын болу қажет. Мұндай жағдайда үрейге берілмеу, өзін-өзі ұстай білу кажет және құткарушылар суға кеткен және көмекке мұқтаж адамдарды өз уакытында табуы үшін мүмкіндік беретін шаралар кабылдаған жөн. Бұл әрекеттер күндіз биік жерге ақ немесе түрлі түсті матаны ілу арқылы, ал түнде жарықтың сигналдар берумен жүзеге асады.
  3. Су басқан аймақта қалған адамдардын көмек келгенге дейін ғимараттардың шатырлары мен жоғарғы қабаттарында, ағаштардың жоғарғы жуан бұтақтарында және басқа қауіпсіз жерлерде болғаны абзал.
  4. Су қайтқаннан кейін үзілген немесе салбырап тұрған электр сымдарынан сақтанған жөн. Мұндай зақымданулар, сондай-ақ суқұбырлық, газ және кәріздік магистральдардың бұзылуы туралы ақпаратты дереу тиісті коммуналдық қызметтер мен ұйымдарға хабарлау қажет. Суға түскен азық-түліктерді санитарлық инспекциянын өкілдері тексеруден өткізгенге дейін қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады.
  5. Су тасқынынан кейін үйге немесе ғимаратқа кірердін алдында олардың құрылымдарының айқын қирауға ұшырамағанына және қарап шығу үшін қауіп төндірмейтіндігіне көз жеткізген жөн. Үй-жайға кірместен бұрын бірнеше минут бойы оны желдету, кіретін есіктер мен терезелерді ашу керек. Ғимараттың (тұрғын үйдің) ішкі бөлмелерін тексеру кезінде ауада газдың болу мүмкіндігіне орай, жарық көзі ретінде сіріңкені немесе шырақты қолдануга кеңес берілмейді, бұл мақсат үшін электр қолшамын пайдалану керек. Электр желісінің жай-күйін мамандар тексергенге дейін жарық беру және өзге қажеттіліктер үшін электр көздерін пайдаланбау қажет. Ғимаратты кептіру есіктер мен терезелерді ашу және бір мезгілде су тасқыны салдарынан жинақталған су мен ылғалды қоқыстан тазарту арқылы жүргізіледі. бұл жұмыстар орьндалғаннан кейін қажеттілігіне қарай құрылысқа жеңіл-желпі немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледііледі.

Кептеліс — бұл арнада өзен ағысына кедергі келтіретін мұздың жинақталуы. Нәтижесінде судың көтерілуі мен оның тасуы іске асады. Кептеліс, әдетте, мұз жабыны жарылатын қыстың соңы мен көктемде түзіледі. Ол ірі және ұсақ мұз кесектерінен құралады.

Сең — мұз көптелісіне ұқсас құбылыс. Алайда, біріншіден сеңбосаң мұздың (жұқа мұз, кішкене мұз кесектері) жинақталуынан тұрады, ал кептеліс болса ірі мұз және сирек жағдайларда шағын мұз кесектерінен құралады. Екіншіден, мұз сеңі қыс басталған кезде, ал кептеліс қыстың соңы мен көктемде байқалады.

Желқума — бұл желдің су бетіне әсер етуінен туындайтын су деңгейінің көтерілуі. Мұндай құбылыстар ірі өзендердің сағаларында, сондай-ақ үлкен көлдер мен су қоймаларында орын алады. Желқума кептеліс, сең, көктемгі су тасуы сияқты табиғи апат. Пайда болуының басты себебін үлкен циклондарға тән күшті және ұзаққа созылған жел атқарады.

Орман өрттері — бұл орман аумағы бойынша стихиялы түрде таралатын, өсімдіктердің жануынан туындайтын апат.

Найзағай зарядтары мен өздігінен тұтану себебінен өрттің туындауы өте сирек жағдайларда ғана кездеседі. 100 оқиғаның ішінде 90-97 оқиғада өрттің шығуына кінәлілер — жұмыс алаңдары мен демалыс орындарында отты тиісті сақтық танытпай пайдаланатындар. Найзағайдан болатын өрттің үлесі жалпы санның 2% -ынан аспайды.

Көктемде өрт шығуының негізгі себебі өткен жылғы құрғақ щөпті жою және топырақты күлдік элементтермен байыту мақсатында өткізілетін ауылшаруашылық ертеулер болып табылады. Бақылау нашар болған кезде от көбінде орманға кетеді. Ағаш дайындау аудандарындағы өрт, негізінен, көктемде, яғни аталған жерлерді ағаш қалдықтарын өртеу әдісімен тазарту кезінде орын алады. Жаздың ортасында өрттің елеулі бөлігі жидек пен саңырауқүлақ жинайтьн жерлерде туындайды.

Тұтану сипаты және орман құрамына қарай өрттер төменгі, биіктік, топырақтық болып бөлінеді. Олардың барлығы дерлік алғашында төменгі сипатқа ие болады, кейін белгілі бір жағдайлар әсер етуіне байланысты биіктік немесе топырақтық деңгейге етеді. Төмеигі және биіктік өрттердің таралу жылдамдығы аса маңызды сипаттамаларға ие. Сондықтан олар әлсіз, орташа және күшті болып жіктеледі. Оттың таралу жылдамдығы бойынша төменгі жөне биіктік өрттер тұрақты және үстіртін болып бөлінеді. Әлсіз төменгі өрттің таралу жылдамдығы -1 м/мин-тан аспайды, орташанікі — 1-ден З м/мин-қа дейін, күштінікі — 3 м/мин-тан астам болады. Әлсіз биіктік өртпе жылдамдық 3 м/мин-қа дейін, орташа 100м/мин-қа адейін, ал күшті 100 м/мин-тан астам болады,

Өрт қауіптілігі бар маусымда:

— жанып түрған сіріңкені, темекі қалдықтарын тастауға және темекі тарту түтікшесінен ыстық күлді қағып түсіруге;

— аңшылық кезінде оңай тұтанатын немесе бықсыпжанатын материалдарды пайдалануға;

— орманда (арнайы бөлінген жерлерді қоспағанда)6ензин, керосин немесе басқа жанғыш заттар сіңген немесе жағылған сүрткіш шүперектерді қалдыруға;

— жұмыс істеп түрған іштен жану қозғалтқыштарынын отын бактарына жанармай құюға; қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінде ақауы бар машинаны пайдалануға; сондай-ақ жанармай құйылып жатқан машиналарға жақын жерде темекі тартуға немесе ашық отты пайдалануға;

— орманның күн сәулесі түсетін алаңқайына бөтелкелерді немесе әйнек сынықтарын қалдыруға болмайды, өйткені олар сәулелерді шағылыстыра отырып, тұтандырғыш линза ретінде өрт тудыруға қабілетті болады;

— ағаштардың түбіндегі, орман алаңқайларындағы және шалғындардағы, сондай-ақ егістіктер мен шабындықтарды шөптерді тұтандыруға;

— Қылжанжапырақты жас ағаштарда, шымтезектік қазбаларда, ағаш түірлері қалған ағаш дайындау,һ және дайындалған ағашыбар орындарда, қураған шөпті жерлерде, ағаштардың түбінде, сондай-ақ зақымднған орман учаскілерінде ( желмен құлаған, тамырымен қопарылған) және ескі от жағу орындарында алаужағуға тиым салынады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *