Табиғатты пайдалану жүйесін ақыл-оймен басқару мақсаты қойылған. Сондықтан табиғатты пайдалануды оңтайландыру және «қоғам-табиғат» жүйесінің үйлесімділігі тұжырымдамасы алға тартылып отыр. Басқару деп: бір нысанның екіншісіне мақсатты ықпалын, сол екіншінің құрылымын өзгертуге бағытталған үдерісін екіншінің талап етуімен бірінші нысанның түзетілуін түсіну керек. Сондықтан да басқарудың мағынасы табиғат пен қоғамның дамуын шегеріп қою емес, олардың жүйелі түрде дамытылатын мақсатты бағытталған және қатаң есептелген түрлендірілуінде жатыр.

Табиғат ресурстарын басқару және пайдалану

Табиғат ресурстары — бұл материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және материалдық игіліктерді құру үшін адам пайдаланатын табиғат нысандары мен құбылыстар. Табиғат ресурстар үш белгі: шығу көздері, өндірісте қолданылуы және ресурстардың жұтаңдау деңгейі бойынша жіктеледі. Табиғи ресурстардың жұтаңдауы -бұл табиғи ресурстарды табиғи жүйелер мен жер қойнауларынан шығарудың қауіпсіз нормалары мен адам қажеттіліктері арасындағы сәйкессіздік. Сарқылмайтын ресурстар — тікелей Күн, жел қуаты, ағындар. Сарқылатын ресурстардың санды шектеулері бар және арнайы шаралар (суды, ауаны тазарту, топырақтардың құнарлылығын арттыру, жануарлар басын қалыпқа келтіру) қолданылмаса, олар жандана алмайды.

Су ресурстары. Жердің сулы қабаты — гидросфера шамамен жер бетінің 71%-ін құрайды. Бірақ жер шарының аумағы бойынша су ресурстарының таралуы біркелкі емес. Жер шарында сумен орташа қамтамасыз етілу бойынша 1 шақ2. — 273 мың куб. Судың табиғи ресурс ретіндегі маңызды көрсеткіші оның сыйымдылығы, қогамдық өнім немесе ұлттық табыс бірлігіне деген су шығыны болып табылады. Алайда әрбір он жыл сайын суды тұтыну екі еселенеді, оның ластануы ұлғаяды және соның салдарынан оның сапасы да төмендейді. Су ресурстарының сапалы және санды жұтаңдауы орын алады. Адамзат, негізінде, өз қажеттіліктеріне тұщы суларды пайдаланады, ал олар гидросфераның жалпы көлемінің 1%-ін құрайды. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит суларын, жерасты суларын және мұздықтар суларын тұщыландыру қажет. Олардың ішіндегі үміт артуға болатын, болашағы зоры — жерасты сулары. Кәдімгі ауызсуды тазартудың төрт: механикалық сүзу; химиялық (табиғи емес қосындылардан); биологиялық тазарту; дезинфекция және оттегімен құнарландыру (аэрация) механизмі бар. Су тазартатын құрылыстар осындай қағида бойынша жұмыс істейді. Ағынды сулардың жалпы көлемінен 69%-і -шартты таза; 18%-і — ластанған; 13%-і — нормаға сай тазартылғандар. Қазақстанда халықтың 50%-інен көбі әртүрлі көрсеткіштер бойынша стандарттарға сай келмейтін суды пайдаланады. Қалаларда ластанулар тұрақты сипатқа ие, табиғи су қоймаларына ластанған сулардың ағызылуы жалғасуда.

Жер ресурстары. Табиғи жер ресурстары қоғамның әл-ауқатының бастапқы материалдық базасы, өндірістік күштерді орналастыру үшін кеңістікті база, экологиялық өсудің барлық — еңбек, материалдық-техникалық және табиғи факторларының бірқалыпты ағымы үшін негіз болып табылады. Өндіріс құралы ретінде жердің өзіндік ерекшеліктері бар. Оны өнім түрінде пайдалану барысында іске асырылатын табиғи және жасанды құнарлылық жиынтығы — экономикалық құнарлылық. Экономикалық құнарлылықтың санмен бағаланатын сипаттамасы агромәдениет деңгейімен анықталатын ауылшаруашылық өнімнің аудан бірлігіне өндірілуі немесе агродақыл өнімділігі болып табылады. Құнарлылығы бірдей жерлерде агродақыл есебінен егін өнімділігі 2-3 есе жоғары бола алады.

Қазақстанда ең ірі жер пайдаланушы — ол ауыл шаруашылығы: оған ел аумағының үштен бір бөлігі жатады, ал сол уақытта орман шаруашылығы ұйымдарының жерлері 8,5%-ті алып жатыр. Елдің айтарлықтай жер әлеуетіне қарамастан, жерлерді үнемдеу мәселелері өзекті болып табылады. Жер бетіндегі топырақ атаулы азып-тозып бара жатыр. Оны төмендегілерден көруге болады:

  1. Соңғы 25 жылда ауылшаруашылық жер-сулары аудандарының 1 түрғынға шаққандағы қысқаруы — шамамен 24%.
  2. Ауылшаруашылық жер-суларының сапалы жай-күйінің нашарлауы: топырақ эрозиясы; қышқылдықтың, тұздылықтың жоғарылауы есебінен топырақтар қүнарлылығының төмендеуі; топырақтардың минералдық тыңайтқыштармен және улы химикаттармен, радионуклидтермен және басқаларымен ластануы.

Жер халқы Азия, Африка жэне Латын Америка елдері есебінен өсуде: 1980 ж. — 4,5 млрд адам; 2000 ж. — 6,3 млрд адам; 2012 ж. -7,0 млрд адам. Азық-түлік мәселесі туады. Оны шешудің бірнеше жолы бар: 60 жылдарда болғандай (Қазақстанның тың жерлерінің игерілуі), егістікті жерлерді кеңейту немесе ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру. Топырақ планета халқы үшін азық-түліктің, азық-түлік ресурстарының негізгі көзі болып табылады. Топырақ — бұл шірігеннен үгіліп кеткен және көптеген химиялық элементтері бар минерал. Адамның топыраққа әсер етуі екіжақты бола алады: ол оны пайдалану барысында жойып, құнсыздандыра алады; топырақты пайдалану кезінде оның құнарлылығын арттыра да алады. Ауылшаруашылық өнімдерінің құрамына кіретін негізгі элементтер — азот, фосфор мен калий мәселелерін шеше отырып, топырақтың құнарлылығын көтеру мүмкін болады. Ауыл шаруашылығын химияландырудың жоғары тиімділігінің басты шарты минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудың технологияларын — мөлшерін, түрлерін, мерзімі мен оларды енгізу тәсілдерін қатаң түрде сақтау болып табылады. Соңғы жылдары біздің еліміздің және барша әлемнің ауыл шаруашылығында пестицидтерді пайдалану мәселесі күрт асқынып кетті. Пестицидтер тек топырақты ғана емес, сонымен қатар жерүсті суларын да ластайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша улы химикаттарды дұрыс пайдаланбаудан жылына дамушы елдердің 0,5 млн-ға дейін тұрғындары улануда, оның ішінде 5000-ға жуығы көз жүмады. 1990 жылы егістіктің 1 гектарына пестицидтердің үлес шығыны 4 келі немесе адам басына 3 келі құрады. Бұл химикаттардың 60-99%-і құртылуы тиіс нысандарға жетпей, топыраққа, ауаға немесе су қоймаларына түседі. Олардың өндірілуін арттыруға бағытталған экономикалық бағдар өзін-өзі ақтамады: 25 жыл ішінде оларды қолдану ауқымы 7 есеге өскен, ал дәнді дақылдардың өнімділігі 1,5 есе артқан. Соңғы 40 жыл ішінде қара топырақтың құнарлы қабаты 10-15 см төмендеген, топырақтағы қарашіріктің құрамы 10-14-тен 3-4% дейін төмендеген.

Жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды жақсарту жолдары

Елдің басты ұлттық байлығы — жер ресурстарын қорғау мен пайдаланудағы қолайсыз жағдай жерді пайдаланудың түбегейлі жетілдірілуін қажет етеді. Төмендегідей іс-шаралардың жүргізілуін ынталандыру қажет:

  1. Эрозияға қарсы, өйткені эрозия — әлемдегі жердің ең нашар ауруы. Қайтып қалпына келмейтін, жоғалған жерлердің жалпы санының 90%-і су және жел эрозиясына келеді. Эрозиядан келетін қомақты шығындар тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар теміржол, автокөлік және су көліктері, коммуналдық және балық шаруашылықтарына тиесілі. «Ауыл шаруашылығынан тыс» залал ауыл шаруашылығы залалы мөлшерінің 70%>-ін құрайды. Эрозиямен күреске арналған ірі қаржы салымдарының өтелімділігі 1-2 жылды құрайды, ол халық шаруашылығы бойынша ірі қаржы салымдарының қолда бар нормативтерінен төмен.
  2. Мелиорация — жерлерді жақсарту. Оның шамамен 40 түрі бар. Кеңінен таралғандары: суарылатын, кептірілетін, химиялық және басқалары. Ең көп қаржы салымдарын қажет ететіндер гидромелиоративтік шаралар болып табылады, олар ауыл шаруашылығына салынатын барлық ірі қаржы салымдарының 20%-ін құрайды. Суарылатын жерлерді ұлғайтудың негізгі қиындықтары — тұщы судың тапшылығы. Мелиорациядағы, жер ресурстарын қорғаудағы тиімді және қымбат емес бағыт — топырақтың гидрологиялық режимінің жақсаруына себептесетін, құрғақшылықтың әсерін күрт бәсеңдететін даланы қорғайтын орман алқабы болып табылады.

Жер туралы ғылымның тірі табиғатқа айналдырылуы (химиялық заттардың орнына, қорғаудың биологиялық құралдарын пайдалану), әлемдік тәжірибені зерттеу негізінде ауыспалы егістіктерде көпжылдық шөптер мен бұршақ тұқымдастарды пайдалану жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы негізгі жолдар болып табылады. Болашаққа негізделген жобалар мен жоспарларда жерлерді қайтадан қопсыту мақсаттары қойылған, яғни топырақтың құнарлы қабаты алынып, қажеттілігіне қарай сақталып, өз орнына немесе басқа жерге қайтадан орналастырылады.

Ормандар — планетамыздың өкпесі. Жыл сайын өсімдіктер фотосинтез нәтижесінде 200 млрд тонна көмірқышқыл газын сіңіреді және 150 млрд тонна отттегіні бөліп шығарады. Әлемде жыл сайын 30 млн га ормандар шабылады, көмірқышқыл газының көлемі ұлғаяды: қазіргі кезде — 0,03%, XX ғ. аяғына қарай — 0,04%, ол бу әсеріне әкеліп соқтырады. Шабылған ормандардың 50%-іне дейін сыртқа шығарылады, шіриді және құриды. Соңғы жылдары ормандардың қысқаруы азықтық, жем-шөптік және дәрілік өсімдіктердің азаюына келтірді (Астров).

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының деректері бойынша 1950 жылдары ормандар 1,6 млрд га жерді алып жатқан; бұл аудан 1980 жылға қарай 40%о қысқарған. Жыл сайын тропикалық ормандар жер бетінен 16 млн га аумақта жоғалады. Сондықтан көптеген елдердің адамдары су тасқындарымен, дауылдармен, қиратқыш ағындармен, құнарлы жерлердің эрозиясымен жиі-жиі бетпе-бет келіп отыр. Бұл мәселені зерттей келе, Ф.Энгельс: «Егілетін жерлерге жету үшін ормандарды түп-тамырымен шауып тастаған Месопотамиядағы, Грекиядағы, Кіші Азия мен басқа жерлердегі адамдардың осылайша, ормандармен бірге ылғалдылықты сақтау орталықтарын жойып, бұл елдердің қазіргі құлдырауына жол ашқандары түстеріне де кірген емес», — деп жазған.

Мониторинг — ол табиғи ортаның жай-күйін, бірінші кезекте, оның ластануы деңгейі мен биосферада олар тудыратын әсерлерді бақылау және талдаудың ақпараттық жүйесі, сондай-ақ ластану зардаптарын болжау. Бұл жүйелердің міндеттеріне белгіленген бағдарлама бойынша кеңістік пен уақыттағы орта жағдайы мен ластану деңгейі туралы ақпаратты жинастыру кіреді. Қоршаған орта жағдайын қадағалау және бақылау жүйесі ретінде мониторинг үш сатыдан тұрады: қадағалау, жағдайды бағалау, әрі мүмкін болатын өзгерістерді болжамдау. Ортаның жай-күйін бағалау және мүмкін болатын өзгерістерді болжау үшін биосфераның абиотикалық (геофизикалық мониторинг) және биотикалық (биологиялық мониторинг) бөліктерін қадағалайтын жүйесін бөліп шығару тиімді болмақ. Геофизикалық бақылаулардың шеңбері тым кең: микроауқымдағы бір немесе басқа әсерлерге жауап қату ғалам тұрғысынан жауап қатуға дейін ұласады, атмосфераның ластануы, ортаның басқа да метрологиялық және гидрологиялық сипаттары туралы, ластағыш заттардың бір ортадан екіншісіне өтуі туралы мағлұматтар алынады. Биологиялық мониторингтің басты мақсаты -тіршіліктің әртүрлі: қоғамдастықтың молекулярлы, талшықты, ағзалы, популяциялы деңгейінде антропогендік әсер етуге биосфераның үн қатуын анықтау. Биологиялық мониторингте маңызды рөл әртүрлі популяциялардың тұқымқуалаушылық белгілерінің мүмкін болатын өзгерістерін, тез жараланатын популяциялар-индикаторлардың тіршілік етуін, мысалы, қына түқымдастарды бақылауға беріледі. Мониторинг жүйесінде үш: санитарлық-токсикологиялық, экологиялық және биосфералық деңгей ажыратылады.

Санитарлық-токсикологиялық мониторинг — қоршаған ортаның жай-күйін, табиғи нысандарды зиянды заттардың ластауы деңгейін, осы ластаушылардың адамға, жануарлар мен өсімдік әлеміне әсер етуін, қоршаған ортада аллергендердің, патогенді микроағзалардың, шаң мен басқалардың болуын, атмосферада азот оксиді мен күкірттің, СО, ауыр металдардың болуын, су нысандарының сапасын, оларды табиғи заттардың, мұнай өнімдері және минералдық тұздардың ластауы деңгейін бақылау.

Экологиялық мониторинг — экожүйелердегі (биогеоценоздардағы), табиғи кешендердегі өзгерістерді, олардың өнімділігін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың, су, жер, өсімдік ресурстары қорларының серпінін қадағалау. Экологиялық мониторингтің мақсаты — экожүйелердегі антропогендік сипаттық өзгерістерді табу (табиғи ауытқушылықтар шегінде).

Биосфералық мониторинг — табиғаттағы ғаламдық шектердегі өзгерістерді: радиация деңгейін; атмосферадағы С02, Оэ болуын; оның тозаңдылығын; жылу айналымын; құстардың, өсімдіктер мен жәндіктердің әлемдік көшіп-қонуын; планетадағы ауа райы мен климаттың өзгерістерін қадағалау. Қазіргі кезде санитарлық-токсикологиялық мониторинг жүйесі анағұрлым жақсы дамыған.

Заттың маңызды экотоксикологиялық сипаттамасы, оның экологиялық шекті рұқсат етілетін шоғырлануы (ШРЕШ) ұзақ уақыт аралығында күнделікті әсер ету кезінде адам ағзасына немесе басқа рецептор мен оның ұрпақтарына теріс әсерін тигізбейтін қоршаған ортадағы ластағыш заттың шекті шоғырлануы болып табылады. Су үшін ШРЕШ белгілі — ол 1345 зат? ауа үшін — 500 зат, топырақ үшін -30 зат. ШРЕШ (шекті рұқсат етілетін шығындылар) ең бір қолайсыз жағдайлар кезінде анықталады, кг/тәулік. Бұл уақыт бірлігіне ластағыш заттың саны: оның асып кетуі қоршаған табиғи ортаның жағымсыз зардабына келтіреді немесе адам денсаулығы үшін қауіпті.

Рұқсат етілген экологиялық жүктемені анықтау кезіндегі негізгі өлшем — ол экожүйе өнімділігінің, тұрақтылығы мен түрлілігінің төмендеуінің болмауы табылады. Антропогендік әсерлерді нормалау кезінде басымдық алатын факторлар мен әсер ету нәтижелері үлкен мәнге ие. Биосфераның бейімделу мүмкіндіктерін бағалау кезінде экожүйенің тұрақтылығы түсінігіне, оның экологиялық резервіне сүйену қажет. Экологиялық резерв ортаның негізгі қасиеттерін бұзбай, биосферадан (немесе оның элементінен) шығаруға болатын, жанданатын табиғи ресурстардың мүмкін болатын үлесін анықтайды. Экожүйеге рұқсат етілетін жүктеменің шектерін анықтау мониторингтің басты мақсаты болып табылады. Осыған орай, табиғи ортаның сапасын реттеу мен басқару мәселесі экологиялық болжауға сүйенеді және тиісті математикалық үлгілерді құруды қажет етеді.

ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшылары экологиялық бақылау жүйесі үшін келесі индикаторларды ұсынады:

  • экожүйелер сипаттамасымен бірге климаттық өзгерістер деректерін жинау үшін кеңістікте белгіленіп сызылған бетті анықтау;
  • өсімдік пен топырақ сияқты жинақталған айнымалылардың сатылар құрылымдарының біртекті еместерін бөле отырып, үлгілер құру;
  • климатты жағдайлардың бұрынғы және қазіргі кездегі өзара қатынастарын зерттеу, сондай-ақ жеке аумақтар үшін олардың өзара байланысы заңдылықтарын анықтау;
  • атмосферадағы ұзақ және қысқа өмір сүретін газдардың серпінін сипаттау үшін үлгілер құру;
  • атмосфералық газдардың өсімдіктер қауымдастықтарына әсер етуі нәтижелерін түсінуді қамтамасыз ететін деректерді алу үшін, сынақ зерттеулерін ұйымдастыру;
  • жер үстінде орналасқан және жерсерік көздерінен алынатын деректердің түсуі жағдайында әлемдік мұхит жағалауындағы сулар серпінінің сан жағынан сипатталуы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *