Топырақтың қоректік дәрежесін білу үшін жүргізілген сансыз көп зерттеулер мынадай қорытындыға алып келді: топырақтың өте мардымсыз бөлігі ғана тікелей қоректік қызмет атқарады, ал қалғандары өсімдіктерді шын мәнінде қоректендіруге қатыспайтындығы белгілі болды. Бүл үшін өсімдік өзіміз әдейі берген қоректік заттардан басқа зат алмағанына эбден көз жеткізу үшін, қандай да болмасын бір жай, мүлде қүнарсыз затпен, мысалы, қүммен /қоректік заттарды жою үшін қыздырылған, қышқылмен өнделген қүммен/ немесе дистилдеңген су не жауын суын алуға болады. Осыдан енді далалық жэне вегетациялық эдістер шықты.

Вегетациялық тэжірибенің негізін салушы — Ж. Буссенго. Осыған сәйкес өсімдіктерді қолдан өсірудің үш түрі қүмда, суда жэне құрамына толық агрохимиялық анализ жүргізілген топырақта өсіру түрлері бар. Бірінші тэсілді тапқан Буссенго, эбден талдап шешкен Гельригель; екінші тэсілді тауып, эбден талдап шешкен Кноп; ал үшінші түрінде, яғни топырақта зерттеу жүмыстарын жүргізушілер саны көп-ақ.

Ресейде 1896 жылы алғашқы рет Нижний Новгородте ауылшаруашылық көрмесінде К.А.Тимирязев вегетациялық үйді құрастырып қана қоймай, онда мыңдаған көріп қызығушылар алдында өсімдіктердің минералдық қоректенуі жолдарын көрсетті. Сондай-ақ вегетациялық тэжірибелерді көп қойып, оның дамуына ерекше көңіл аударған Тимирязевтің шэкірті, кейіннен әйгілі орыс ғалымы болған Д. Н. Прянишников еді. Д. Н. Прянишников пен оның ғылыми қызметкерлері жүргізген орасан көп зерттеулер нәтижесінде өсімдіктердің қоректену жолдарын анықтауға мүмкіншілік туды және көптеген  жаңа  әдістер /стерилді  дақылдар  және  т.б./ қолданылды.

Қоректік қоспаны құрудың негізгі принциптері қоспада минералды элементтер өсімдік дұрыс өсіп дамуы үшін толық жететін мөлшерде болуы керек, қоспа ондағы иондар антогонизмін еске алынып дайындалғаны дұрыс. Гельригельдің қоректік қоспасы: 1 кг құмға Са /N03/2 — 0,492 г КН2Р04— 0,136 г MgS04 — 0,060 г ҒеС16 — 0,025 г КСІ — 0,075 г

Гельригель қоспасының кемістігі, әсіресе Са / N03/2 -нің катиондары мен аниондарын өсімдік бірдей қабылдамайтындықтан, орта тез сілтіленеді /аниондар тезірек қабылданады/. Мәдени өсімдіктердің көбісі бейтарап я әлсіз қышқылды ортада жақсы дамиды. Қоректік қоспаның реакциясының өзгеруі өсімдіктің өсу дәуірінде қоспадағы тұздардың аниондары мен катиондарын бірдей мөлшерде қабылдамайтындығына байланысты. Осы себепті тұздарды екі топқа бөледі:

1.Физиологиялық қышқылды. 2. Физиологиялық сілтілі.  І.физиологиялық қышқылды тұздарға аммоний тұздары жатады, мысалы: /NN /2 SO Бұл тұздың аммоний катионы /NH~4/ тез қабылданады да, анионы /SO ~J өте жай қабылданатындықтан артады, Н2 SO жиналады.

2.Физиологиялық сілтілі тұздарға азот қышқылды тұздар, мысалы: NaN03 /чили я натрий селитрасы/ жатады. Мұның / NO+3/ анионы тез қабылданады да, ортада Na+ катиондары көп жиналып, сілтіленеді.

З.Физиологиялық нейтралды тұздарға азот қышқылды аммоний /NH4N03/ жатады. Оның катионы /NH+4/ мен анионы /NO»3/ бірдей қабылданады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *