Өт қуығында тастардың түзілу себептері, яғни оның этиологиясы, күні бүгінге дейін толық анықталмаған. Әдебиет көздерінде бұл проблемаға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне жүгінсек, әр заман кезеңдерінде әрқилы көзқарастар, пікірлер жарық көргенін байқауға болады.

Көптеген жылдар бойы ӨҚТПА-ның негізгі себептері ретінде и н ф е к ц и я (инфекциялық теория), организмде холестерин деңгейінің жоғарылауы (гиперхолестеринемиялық теория), өт сүйығының өт қуығында тоқыраулануы (тоқырау теориясы) аталып келді. Айта кету керек, бұл себептердің бүгінгі күнге дейін тас түзілу проблемасындағы маңыздары елеулі орын алуда.

Дегенмен, олардан кейін жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінен аталған көзқарастар өт қуығында тастардың түзілу қүбылысын жан-жақты және толық түсіндіре алмайтынын аңғаруға болады. Бұл жөнінде уақытында Ресей ғалымы С.П.Федоров (1934) мынандай пікір айтқан болатын «…аталған себептердің біреуі де тас пайда болу қүбылысын толық түсіндіре алмайды… дегенмен Бұл үш себептің маңызы зор екенін мойындау керек».

XX ғасырдың екінші жартысында қол жеткен ғылыми-тәжірибелік және техникалық прогресс гылымдағы көкейтесті мәселелердің қүпи-яларына жақындаута және бүдан бүрын енгізілген теорияларға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіншілік туғызды. Солардың қатарына өт қуығында тас пайда болу механизмін де жатқызуға болады.

Аталған гасырдың 60-шы жылдары Бұл механизмді молекулярлық биология деңгейінде зерттеуге жол ашылды. Атап айтқанда оған өт сүйығындагы липидтер биохимиясын зертгеудегі ғылыми нәтижелерін жатқызуга болады. Өт сүйыгы, бауырдың атқаратын көптеген қызметгерінің (функцияларының) ішінде секреторлық жұмысының нөтижесі екені белгілі дерек. Ол қүрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі коллойдты сүйық қатарына жатады. Оның қүра-мында көптеген органикалық және органикалық емес заттар, атап айтқанда альбумин, глобулин, негізді фосфөтаза, амилаза, холесте¬рин билирубин, электролиттер, қышқылдар т.б. бар (Семенов Н.В., 1971, Галкин В.А., Максимов В.А., 1975 т.б.). Дегенмен өт қуығында тастардың қүралуында липидтер негігі орын алады. Олардың қатары-на холестерин, фосфолипидтер жэне өт қышқылдары (холе-және де-зоксихоле қышқылдары) жатады. Аталған заттардың адам организміндегі мөлшері мен деңгейлері әртүрлі сыртқы және ішкі себептерден тәуелді болғандықтан, өте қүбылмалы болып келеді.

Бүгінгі танда тас пайда болу өт сүйығының жоғарыда аталған қүра-маларыньщ физика-химиялық қасиеттерінің бүзылуымен тікелей бай-ланысты екені дәлелденіп отыр. Ғалымдардың зерттеу жұмыстары-ның нәтижелеріне көңіл аударсақ, өт қуығында тастардың түзілуінің негізінде өт сүйығының құрамындагы холестериннің криссталдануы жататын көрінеді (Дедерер Ю.М. және басқ., 1983, Малиновский Н.Н., Решетников Е.А, 1988, Tomas P., Hoffmann A, 1973). Холестериннің ұсақ криссталдарына біртіндеп басқа да қүрамалар (пигмент, өк т.с.с) түнып, түбінде олар тас болып қүралады.

Қалыпты жагдайда адам организмінде холестерин, жоғарыда аталғ-ан өт қышқылдарының әсерінен, түрақты ертінді түрде болады, яғни сүйық қалпын сақтайды. Өт қышқылдары мен холестериннің өзара қатынасы холат-холестериндік индекс, немесе литогендік индекс деп аталады. Бұл көрсеткіш, қальшты жағдайда, 1: 20-30-ғатең. Бұлтеңдік көрсеткіші, әртүрлі себептердің әсерінен, қалыпты шамадан ауытқыса, яғни өт сүйығында холестерин деңгейі үлғайса, оның литогендік (тас қүрау) қасиеті жоғарылайды. Өт сүйығының холестеринмен қанығу дөрежесінің жоғарылауы, көбінесе, мьша себептерден тәуелді:

а) өт сүйығында холестерин мөлшерінің қалыптан тыс жоғары-лауы; б) өт сүйығы құрамында өт қышқылдары мен фосфолипидтердің азаюы; в) аталған себептердің қосыла кездесуі. Әрине, өт сүйығын-дағы холестерин деңгейінің жоғарылауы Бұл себептерден басқа да жағдайлармен байланысты болады, бірақ бүгінгі таңда осы аталған факторлер негізгі себеп болып есептелінеді.

Холестериннің криссталданьш, түнбаға түсуіне белсенді эсер ететін келесі бір себеп, ол өт қуығының шырышты қабатынан бөлінетін, құрамында гликопрөтеин бар, шырышты кілегей сүйығы болып та-былады. Бұл сүйықтың бөліну мөлшері күнделікті қолданатын та-ғамның түрімен және, сонымен қатар, аллергиялық, аутоиммундық себептерге, эндокриндік бездердің функциясына және өт қуығын-дағы микрофлораға байланысты.

Міне, ғалымдардың бүгінгі күнгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда, өт қуығында тас түзілу қүбылысы жоғарыда көрсетілген жобамен жүреді. Әрине Бұл көзқарастар да тас түзілу проблемасын толық анықтады деуге болмайды.

Сонымен, қорыта келе ӨҚТПА этиологиясы мен патогенезі өте күрделі қүбылыс және олардың әржақты жәйлары әлі толық анық-талмаған деген түйінге келуге болады.

ӨҚТПА-ның клиникалық көрінісі

ӨҚТПА-ның линикалық көрінісі аурудың түріне, даму сатысына, асқынуларына байланысты әрқилы болып білінеді. Жоғарыда келтірілген топтау жобасында көрсетілгендей, бұл ауру еш белгі бермеуі де мүмкін (клиникалық көрінісіне дейінгі сатысы). Ал кейбір ауру адамдарда сырқат бірден өзінің қауіпті асқынуларынан (жедел холецистит, холангит, механикалық сарғаю т.б.) басталуы ықтимал. Бұндай жағдайларда сырқаттың клиникалық көріністері айқын байқалады.

Сырқаттың клиникаға дейінгі сатысьш анықтау мүмкіншілігі бұрын жоқ болатын. Осы себептен кейінгі кездерге дейін өт қуығында кездейсоқ табылған тастары бар адамдарды ауру адамдар деп есептемей, оларды «тас тасушылар» деп бағалаған. Біз бұндай көзқараспен келісе алмадық. Біздің пікірімізше қалыпты физиологиядан ауытқу құбылысьш ауру (дерт) деп бағалау керек. И.В. Давьщовский (1941) айтқандай әр аурудың клиникалық белгісі туғанға дейінгі кезеңі болады және әр дәрігер аурудың сол сатысын анықтауды армандайды.

Ғылым мен техниканың бүгінгі күндегі жетістіктері сол арманды жақындатты деуге болады. Қазіргі кезде ақпараттылығы жоғары диагностикалық аспаптарды, әсіресе УДЗ-ді, күнделікті тәжірибеде кеңінен пайдаланудың арқасында, скриннингті зерттеу тәсілін қолдану мүмкіншілігі туды. Бұл тәсіл түрғындардың белгілі бір тобын жаппай зерттеу арқылы олардың арасында көп тараған және қауіпті аурулардың диагнозын ерте қоюға немесе олардың клиникаға дейінгі сатысьш анықтауға мүмкіншілік береді. Бұндай тәсілмен зерттелген адамдар арасынан 11 -15 % шамасыңда ӨҚТПА-ның клиникаға дейінгі сатысын анықтауға болады (Малиновский Н.Н., 1987, Нұрмақов А.Ж., Поташов Л.В., 1989).

Ал енді сырқаттың асқынбаған түрінің клиникалық сатысындағы көрінісіне тоқталсақ, ол біртіндеп, бастапқы кезде пациент аса мазасыздандырмайтын, белгілерден сезіле бастайды. Көбінесе сырқат ауру сезімімен, яғни бауыр немесе өт қуығы коликасымен білінеді. Ауру адамдардың басым көпшілігі бұл сезімнің пайда болуын қолданған тағаммен (майлы, тұзды, сүрленген тағамдарды көп мөлшерде қолдану) байланыстырады, ал кейбір пациенттер ауру сезімінің ауыр жұмыстан соң, немесе стресс тудыратын жағдайлардан кейін пайда болатыын көрсетеді. Ауру сезімі күші жағынан әр дәрежелі болады және, көбінесе, оң жақ қабырға астында (60-70% шамасында) және эпигастрий аймағында(15-18 % шамасында) орналасады, бірақ ол, сирек болса да, сол жақ қабырға астында, арқабел тұстарында немесе іштің барлық бөліктерінде де сезілуі мүмкін. ӨҚТПА коликасында ауру сезімінің осы сырқатқа тән таралу жолдарын байқауға болады. Ол аймақтарға оң жақ иық тұсы, оң жақ бұғана үсті, мойынның оң жағы және оң жақ жауырын тұстарын жатқызуға болады. Кейбір ауру адамдар ауру сезімінің жүрек тұсына қарай таралуына шағымданады. Ауру сезімінің аталмыш таралу жолына алғаш рет атақты Ресей ғалымы терапевт С.П.Боткин назар аударған. Ауру сезімінің бұл бағытта таралуы, ғалымдардың пікірлері бойынша, ӨҚТПА пайда болатын метаболикалық өзгерістермен және өте қатты, ұстама (приступ) тәрізді ауру сезімінен туатын рефлекторлық жағдайлармен тығыз байланысты. Қазір бұл құбылысты С.П.Боткиннің билилокардиалдық синдромы деп атайды (Панфилов Б.К., 1987, Ветшев П.С, Ногтев П.В., 2005). Айта кету керек, аталмыш синдром өт қуығын хирургиялық жолмен алып тастаған соң (холецистэктомия) 50-60%-дай ауру адамдарда жойылады. Бұл билиокардималдық синдромның ӨҚТПА-мен тікелей байланысты екенін аңғартады.

Енді ӨҚТПА-ндағы ауру сезімінің пайда болу механизміне келсек, ол өт қуығындағы тастардың қозғалуынан туады деген пікірлер бар. В. Pribram-ның (1960) деректеріне сүйенсек, өт қуығының ең сезімтал аймағы оның мойын бөлігі болып келетін көрінеді. Демек, өт қуығындағы тастар ағзаның осы бөлігіне келіп тірелгенде ауру сезімі анық білінеді деуге болады. Бұл қағида соңынан Б.А.Королев пен Д.Л.Пиковскийдің (1971) жұмыстарымен дәлелдене түсті.

Ауру сезімімен қатар ӨҚТПА- ның клиникалық сатысында кекіру, құсу, қыжыл сияқты диспепсиялық көріністер болады, бірақ олар сырқаттың бұл сатысында жиі кездеспейді.

Ауру адамды объективтік зерттеу барысында пальпация тәсілі оң жақ қабырға астында, дәлірек айтқанда қабырға доғасы мен оң тікбұлшық етінің қиылысатын бұрышта (өт қуығы проекцияланатын аймақ) ауру сезімін анықтайды. Кер, Ортнер, Мэрфи т.б. белгілер сырқаттың асқынбаған сатысында нақ анықталмауы мүмкін. Сонымен қатар аурудың бұл кезеңінде лабораториялық-биохимиялық зерттеу нәтижелерінің де ауруды анықтаудағы (диагностикадағы) маңызы айтарлықтай жоғары емес. Бұл сатыда сырқатгы анықтаудың бірден бір тиімді жолы УДЗ болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *