Тұрағұлдың мұңы

Абайдың ақындық тағдырында, асқар ала таудан асқандай биікке өрлеген қиын да қатерлі тіршілік сапарында Тұрағұлдың орны ерекше. Тұрағұл ақын әкесінің жолын қуған, көзі тірісінде шығармашылықпен үздіксіз айналысқан, әкесінен қалған рухани мұраны қал-қадірінше қастерлеп алға апарысқан, тағдыры қиын, әрі орысша оқыған, әрі маңайына жақсылықтан шам жаға білген ірі тұлға. Кесек мінезді кісі. Қазақ оқығандарының ғасырымыздың басында қайтсек өз алдымызға басы бүтін ел боламыз деп құрған «Алаш» партиясының мүшесі болып, кейінгі өмірі қуғын, сүргіннен көз ашпай, азғана ғұмырында бес рет абақтыға отырып шыққан, аса ауыр тағдыр иесі.

Ертерек о дүниелік болған әкесінің азуы алты қарыс жауларының соққысы мен зәбірін көруден көз ашпаған күрескер жан. Абай көз жұмарда аузына су тамызып отырып, ұрпақтарға аманат етіп айтқан соңғы сөзін естіп қалған қасиетті лебіздің иегері. Ұлы әкенің атына сай, затына лайық перзент болудың орасан зор зардабын керіп, ауыртпалығын арқалаған қажырлы қара шаңырақ иесі. Қазақтың түңғыш математигі, профессор, «Қолданбалы математиканың» авторы Әлімхан Ермекүлъшың көз жұмарында маңайына қарап аманаттай ғып айтқан: «Мойнымда Абайдың Тұрағұлының қарызы кетіп бара жатыр,» — деген сезі осы кісіге арналған еді.

Амангелді Имановтың оқыстан мерт болып, сол кайғылы оқиғадан кейін ел іші қарашаның күніндей күрт бүліне бастаған кезде Торғайдан қашып барып, Шыңғыстаудағы Түрагүлды паналаған Міржақып Дулатов былай депті: «І920-шы жылдың қысы қандай аязды, қиын болса — алаш азаматтарын паналатып, жылы ыгына ала білген Тұрағұлдың жақсылыгын біздерге өле-өлгенше ұмыту қиын». Бұл сөз Міржақыптың Бутырқа абақтысында жатқан кездегі жазылган қойын дәптерінен алынды, «Ұл болсаң — Түрагүлдай бол», «Көненің көзі, ертеңгі үміттің елесі», «Орысша таза сөйлеп, жаза білген козі ашықтың өзГ… міне осы сөздер Тұрагұлға айтылған.

Кеңес үкіметі кезінде қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, коммунистер, заң иелері, үндеместер, белсенділер есімін естігенде «алаш мүшесінің беті аулақ», -деп кірпідей жиырлып, шоқ басқандай шошитын айбар иесі — Түрагүл кім? Түрағүл Абайүлы 1875 жылы туып, 1934 жылы Шымкент каласында қайтыс болған. Ол жастайынан орысша үйренген, әдебиетпен айналысқан. 1924 жылы жарық көрген «Таң» журналының үшінші нөмерІнің 102-199 беттерінде Джек Лондонның. «Балалық туралы ертегі», М. Горькийдің «Челкаш» әңгімесін бастырган екен. Осы журналдың төртінші санының 82-97 беттерінде А. Неверовтің «Мен өмірге жерікпін» атты повесін аударып бастырып «Тұрағүл Абай баласы» деп қол қойған. Бірер сөз Тұрагұл аудармасының сапаеы мен керкемдігі жайында.

Джек Лондонның әйгілі «Сказка об эскимосе Кише» әңгімесі жастайынан ауыр тағдырға мойынсұнған, ортасы қандай суық болса — тіршілігі де сондай үскірік аязды, әйтсе де жүрегінің, жанының жылуын сақтай білген балдай тәтті балалық шақ туралы романтикалық әңгіме. Орыс тіліндегі нақышы реалистік суреттемеге келеді. Ал, Тұрағұл бүл шыгарманы бояуы бай тілмен, теңеу, метафораға жүгінген жіліктің майындай дәмді суреттемемен нәшіне келтіріп аударған.

Әкесі Абайдың аудармашылық үлгісі анық сезіледі. Сөйлем, абзацтың жалпы нобай нүсқасың сақтағанымен өзінше еркін, түпнүсқаға бас имей аударған. Қазақ төрмысына, салт-тіршілігіне барынша жақын, эскимос баланың басынан кешкен оқиғалары бейне қазак баласының басына кошіп келіп, соның тынысына, үғымына, ойына үйлесімді, қазақ баласының оқигалары секілді елестейді. А. Неверовтің «Я хочу жить» әңгімесі барынша жатық, уғынықты, түпнұсқадан қашық кетпей аударылған. Мұнда сөйлем, сөз дәл тәржімаланады. Аудармашы өз жанынан ештеңе қоспай, орыс өспіріміне қазақша ойлау, салт, сана үлгілерін қолдан жапсырмай, жатық, жарасымды сөйлетіп шыққан. Дей тұрғанымен аудармашы қолына алған әңгіме, повесті тәржімалау барысында бір ғана мақсат үстанады, ол мақсаты — қазақ оқушысының ойынан, таным, білігінен алшақ кетпеу, керісінше, жалпыға бірдей үғынықты көркем, кестелі тілмен сөйлетщ шығу.

Оқушы көкейіне қона білген шығарма ғана кәдеге асады деген Абай үстанған мақсатты пір түтып, соны темірқазық жүлдызьшдай, меже етіп, алға үстап аударғаны анық байқалады. Түрағүл орысша жаза да, сөйлей де білген сауатты кісі. Өз бетінше бірнеше прозалық шығармалар жазған. Әйтсе де ол шығармалары қуғын, сүргін кезінде я жоғалып кеткен, я қолды болған, ұрланған. Қызы Мәкеннің айтуынша: «КебІнесе Жаңа Семейге барып, сонда түратын шісі Мекайілдің үйінде жатып, жазатын болган. МекайІлдің әйелі Тілежан жазушы қайнағасының жағдайын жасап, асын уақтылы әзірлеп, үй ішінің шуылынан қолынан келгенше бөлекшелеп, бәйек боп күтетін болған.

Тұрағүл бірінші рет белсенділердің жаласына күйіп, абақтыға жабылады, бір жылдак жатып шығады, бүл 1918 жыл болатын. 1921 жылы Тұрағұл Семей абақтысына қамалып, үш ай жатады. Абақтыдан шыққан кезде Иса Байзақовпен танысып, екеуі сырлас, жақын дос болып, елге ілестіріп ала келеді.

«Иса Байзақовтың даусы қатқыл ащы, қагілез, дімкәстілеу кісі болатын, — дейді» Мәкен апа, — ағам ақынды елге алып келген соң ол кісіге арнайы дәрігер щақыртып, әлгі дәрігерге қой беріп, Исаның өкпесш, басын қаратты. Жазылып кетуіне қолынан келген жәрдемін жасап, септігш тигізді». «Өзімді үіще хат таныған соң апарып Семейдегі орысша оқытатын әйелдер гимназиясына берді,» — дейді Мәкен апа, — Мақур деген орыстың үйінде жатып оқыдым, гимвазиа директорына оқығаным үшін ай сдйын 1 сом төлейтін едім, әкем апарып тапсыр деп қалтама салып беретін, ол кездегі 1 қойдың қүны 1 сом түрады. Қандай күшті ақша десеңші. Ақырында ағамның қолы қысқалық етті ме, әлде баска жағдай себеп болды ма, 1925 жылдың қысында оқудан мені мүдде шығарып алып, елге әкетеді. Кейінше нешеме дүлей тоңкеріс өтіп, ел іші дүрлігіп, бірде көтеріліп, бірде басылып бітпей жатқанда ағамның алдына келденең сауал қоюшы едім, дейді Мәкен апа. — Аға, оқуға мен жарамадым ба, ары қарай неге оқытпадыңыз? — Сен емес, мен өзім жарамадым, — деп ағам ауыр-ауыр күрсінетін.

Сөйтсем сөзінің астары әріде екен, ел іші бүлініп, аз ғана мзлы кәмпескеленіп, дәулеті тайып жіңішкерген кезі екен ғой жарықтықтың. Ағам үшінші мәрте сотталып, істі болган кезде ойлайтынбыз: бұл кісінің . жарты үйі қараңғы үй болды ғой, бүрынғы уакытта кісі тонаған, қиянат жасаған, үрлық, зорлық қылған адамдар сотталушы еді, ағамның қыр соңынан қалмай қойған қай сүмдық деп. Ол кезде, жас күнімізде дүниенің парқын оншалық терең түсінбейді екенбіз, кейінше… заман ауыса… сол азап, қуғын, сүргін, көзге шүқу, жеккеріііішті ету, қарадай соңына шырақ алып түсу секілді пәлелерді бастан еткеріп барып көз жеткіздік қой. «Ағам үшінші рет айдалып, алашордашылармен қараңғы үйге қамалып, жауап беріп, тозақтың қыл кепірінен еткендей болып жүдеп оралған кезде қасьшда Мүса есімді қыргыз жігіті бар еді. «Елге жүр» деп ілестіре келіпті.

Әлгі жігіт сакау сейлейтін, әбден арып, тозған, киімінің сау тамтығы жоқ мүскін кембағал жан еді, үйге әкеліп, бір жаз багып, адам қатарьгаа қосты. Бибінүр есімді қыз әперіп ез алдына жеке отау етіп, енші беліп шыгарды. Әлгі жігіт агама бауыр басып тагы бір жаз түрып қалды. Содан кейін. рүқсат сүрап, жылап-еңіреп жүріп қоштасып еліне қайтты. Аттанар кезде ағамның қамшысын, тымағык «көзіңіздей керіп жүрейін» деп сүрап алды. 32-33-ші жылдары Тоқмақ деген жерде ағам қашып, қиналып жүрген кезінде сол Мұсаға арнайы адам жіберіп хабар кылған екен, бір күншілік жерден іздеп келіп, сәлем беруге жарамапты шіркін шірік неме.

Қырғыз Мұса есіие түскен сайын ағам» жерге қарап түнеліп, басын шайқап: «Опасыз заман деген осы,» — деп отырушы еді. Бір қызыгы адам опасыз демейтін, адамды адамшылық қалыбынан шығарып, аздырып, тоздырып, жүн ғып жүнжітіп жіберетія уақыт.. я болмаса заман деп ойлаушы еді жарықтық.

«1920 жылы Торғай қаласынан түп көтеріле қашып, көшіп жөнелген Міржақып Дулатов бастаған алаш азаматтарын паналатып, арнайы үш үй бөліп тіккізіп, сойысын, сауынын беріп бір қыс паналатып асырағанын кейішпе ағам көп айтып отыратын, — дейді Мәкен апа. Бұл оқиға туралы Қазақстан республикасы Үлттық қауіпсіздік комитетінің шаң басқан архивінде, № 78754 істің 4-ші томында Дулатовтың қолымен жазылған үзақ мәлімдемесі бар, онда былай делінген: «Алашордашылар бөлігі (Есболов, Сейдалин, Бірімжанов, Тоқтабаев, Қадырбаев, Шонанов және мен) Торғай мен Атбасар уезінде біраз күн кешкен соң, қаңтар айьшда Семей уезіке ойыстық, қысты сонда өткіздік. Осы мезгілде алашордашыларға Кеңес үкіметіне қарсы күрессе де — Бүкілресейлік Орталық атқару Комнтеті кешірім жасапты дегеңді естідім. 1920 жылдың қыркүйек айьшың басында Омбыға келдім, ондағы губерниялық атқару комитетіне бардым. Осы мезгілден бастап Кеңес үкіметі жағына үздіксіз жұмыс істеген өмірбаянымның беттері парақталады».

Д. Досжан, «Абақты», Алматы, «Қазақстан», 1992 жыл, 92-ші бет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *