Венокавография контраст зат толтырылған төменгі қуыс венаны рентгенографиялық зерттеу болып табылады. Төменгі қуыс венаның негізгі бағанын ісіктер қысып қалғандай немесе тромбоз болғандай жағдайда оның бейне көрінісін алумен қатар, бүйрек веналары мен коллатералдық веналык, тамырлар анықталуы мүмкін.

Жамбас флебографиясы мен артернографиясы

Жамбас флебографиясы

Жамбас флебографиясы үшін рентгеноконтрасттық сұйық енгізудің негізгі жолдары интравеналықжәне ішкісүйектік жолдар болып келеді. Интравеналық жолдарға сан веналары, жыныс мүшесініңне шүртікейдің тереңдегі және беткі тылдық веналары және мүшенің каверналық веналықтамырлары жатады. Сүйек іші жолдарына жамбас сүйектерінің (қасаға, шонданай, мықын асты және сегізкөз) және сан ұршықтарының жілік майларының веналары жатады. Мысалы, жыныс мүшесінің беткі тылдық венасына контрастық сұйық енгізген кезде жамбастың веналық өрімдерін, соның ішінде қуықтың айналасындағы веналық, өрімдерді жеткілікті дәрежеде толтыруға келмейді, осы себепті контрастық затты жыныс мүшесінің тереңтылдық венасына енгізеді.

Флебографияның вена іші әдісінен сүйек ішіне жіберу әдісінің артықшылығы мынадай: 1) қасаға сүйектеріне контрасттық, затты екі жақтан енгізудің арқасында жамбастың веналықөрімдерін интенсивті және біркелкі толтыруға келеді және осы себепті бейне-көрініс те едәуір жақсы шығады; 2) сүйек ішіне жіберу әдісі техникалық тұрғыдан қарапайым, демек неғұрлым оңай; 3) мұны қолданғанда қандай да бір киыншылықтар туындамайды.

Флебографияны қуықта қатерлі ісіктің пайда болу дәрежесін, сондай-ақ оның куық маңындағы клетчатка мен көрші органдарға жайылу дәрежесін анықтау ушін жүргізеді. Мұның өзі белгілі бір операцияны, мысалы қуықтың уретроцистонеостомия, цистоэктомия қосылатын, кеңейтілген резекциясын жасау туралы мәселені шешу үшін қажет. Мұның қуықалды безінің рагына да қатысы бар. Флебографияның арқасында жанбастың ірі веналық тамырлары өңірінде метастаздық лимфатораптарының бары-жоғын анықтау, сондай-аққуықтың қатерлі ісігі мен оның таралуының рецидивін анықтау мүмкін болады. Флебография жамбас қуысы мен аяқтағы негізгі стаздың себебін анықтауға, тромбты, оның жамбастағы ірі веналарда шоғырлануы мен созылма ұзындығын білуге жағдай жасайды.

Флебограммаларда, әсіресе сүйек іші әдісімен жасалғандарында жамбастың висцералдық және паристалдық веналарының: бекітпе веналық өрімдердің, қасаға үстіндегі және қасаға артындағы веналар жүйесінің, санториний өрімі веналарының, құрсақ асты веналарының негізгі бағандарының, жалпы мықын асты веналарының, қуыс венаның төменгі сегментінің, сегізкөз веналары, мықын асты-бел веналары жүйесінің жақсы бейнесуретін алуға болады. Бұған қоса кейде рентгенограммада ішкі жыныс жиектері веналарының, шонданай және қүйрық веналарының, сондай-ақсан веналары проксималдық кесінділерінің бейнелерін алуға болады.

Жамбас артериографиясы

Жамбас артериографиясыныңәдістемесі Сельдингер бойынша тері арқылы трансфеморалдық аортографиясына ұқсас. Көрсетулерге байланысты сан артерияларын оларға контрастық заттарды енгізіп бір және екі жақты пункциялауды қолданады.

Қуықта қатерлі жаңа түзілім болған ретте бұл әдіс ісіктің шоғырлануын ғана емес, оның қуыққабырғалары мен айналадағы тіндерге инфильтрациясының дәрежесін де анықтауға мүмкіндік береді. Гинекологиялық практикада жамбас артериографиясы жатырдың, аналық бездердің және олармен көрші органдардың қатерсіз жаңа түзілімдерін қатерлі ісіктерінен дифференциялауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *