Везикулография ұрык қуықшаларындағы басқа зерттеу әдістері кезінде байкалмай қала беретін патологиялық өзгерістерді табуға мүмкіндік береді. Контраст зат толтырылған ұрық қуықшаларының рентгенографиясы қуықшаның анатомиялық кұрылымының детальдары туралы, онда деструктивтік және басқа өзгерістердің бары не жоғы туралы анық түсінік береді.

Везикулографияның екі турі бар: өрлеме везикулография ұрықты шашатын жолдарды катетерлеудің көмегімен атқарылады, оларға контраст заттар енгізіліп, одан соң рентгенография жүргізіледі; төмендеуші везикулография кезінде контраст зат ұрық шашатын жолдарға бұл жолдарды пункциялау жолымен енгізіліп, одан соң рентгенография жүргізіледі.

Қазіргі уақытта төмендеуші везикулография тұқым қуышаларының ғана емес, сонымен бірге оған қатар орналасқан қуықалды безі мен қуықтың ауруларын диагноздауда кеңінен қолданылады.

Ұрық бауының артқы бетінде ұрық әкететін жолды саусақпен тауып қармап ұманың терісіне жақындатады. Ұрық әкететін жолды саусақтармен ұстап тұрып 2-3 см бойына новокаин анестезиясын жургізеді. Бұдан соң ұманың ұрық жолын жауып тұратын терісіне бұл жол барлық жағынан ұма терісімен кымталып, ұрық бауы элементтерінен оқшау калатындай етіп каусырмалар бекітеді. Жолдың үстінен теріні 2 см ұзына бой тіледі. Тілік бойында түсі ақшыл-көк болып ұрық әкететін жол көрініп тұрады. Соңғысын кабығынан босатып провизорлық лигатураға алады. Жолдың сандауына өткір ине сұғады, бұдан соң оны суырып алып оның орнына жолдың саңлауына ұшы доғал баска ине сұғады да, оны ұрык қуықшасына карай 2-3 см тереңдікке жылжытады.

Ине бойымен ұрық жолына мөлшері 2-3 мл контраст зат енгізеді. Контраст заттың артығы әдетте ұрықты әкететін жол арқылы артқы уретраға шығарылады. Ұрық жолына контраст зат енгізілгеннен кейін инені суырып алып, провизорлық лигатураныалып тастайды да, ұрықжолын ұмаға тусіреді. Ұма терісінің тілігіне 2-3 тігіс салады.

Йодолипол пайдаланылған ретте сурет ұрық жолына контраст зат енгізілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң түсірілуі мүмкін. Трийотраст қолданылған жағдайда рентгенографияны контраст зат енгізіле салысымен жүргізу керек.

Vas deferens-ке конраст затты көп мөлшерде енгізуге болмайды, өйткені ол ұрык шашатын жолмен артқы уретра мен қуықка енгізіліп, рентгенограммада қосымша көлеңкелер береді.

Ұрық әкететін жолға контраст зат енгізердің алдында қуықты босатып алу керек, өйткені контраст заттың артқы уретра мен қуыққа өтуіне мұның әсері азырақ болады.

Ұрық қуықшаларының жай-күйін білу үшін екі жақты везикулограмма болуы қажет, ол ұрық әкететін жолдарды екі жақтан бір мезгілде немесе кей-кейде әртүрлі уакытта пункциялау жолымен алынуы мүмкін. Бір ұрық қуықшасының алынған бейнесін екіншісінікімен салыстыру үшін екі жақты везикулография болуы кажеттігі ұрық қуықшалары кұрылымының көптеген варианттары болуынан туындайды.

Везикулография ұрық қуықшаларында ісік бар деп күдіктенгенде, ұрық қуықшалары мен простата туберкулезінің кейбір түрлерін, қуықтың түбі мен мойнының рагын диагностикалау үшін, туберкулездік және спецификалық емес простатит пен эпидидмитті дифференциялаған кезде, сондай-ақ простата рагының өрбу дәрежесін анықтау үшін колданылады. Простата аденомасы бар науқастар үшін везикулографияның салыстырмалы мәні бар, өйткені бұл ауру кезінде зерттеудің әдеттегі әдістері оны біршама оңай танып білуге мүмкіндік береді. Везикулография косымша зерттеу әдетте болғанымен, кеибір жағдайларда ол ауруды дұрыс танып білуде айтарлықтай көмек бере алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *