Құқық дегеніміз не? Тар мәнінде (мағынасында) құқық – мемлекет белгілеген бекіткен жалпыға міндетті әлеуметтік нормалардың жүйесі; кеңірек мағынасында азаматтардың мемлекет бекіткен, кепілдік беретін және қоғайтын негізгі құқықтары мен құқықтық қатынастарды да қамтиды. Құқық салттардың, моральдық және діни нормалардың негізінде пайда болады. Олар нені істеу және нені істемеу керек, ненің жақсы, ненің жаман екендігін анықтаған және жалпы мүдделерді білдірген. Мінез-құлық ережелері мен нормаларын орындау бүкіл ұжыммен қамтамасыз етілген, оларды бұзу сирек құбылыс болатын.

Қоғам таптарға бөлінген, қарама-қарсы мүдделер қалыптасқан кезде салттар мен дәстүрлер барлық адамдардың мінез-құлқын реттей алмады. Әртүрлі таптар өкілдерінің жақсы мен жаман, пайдалы мен зиянды, әділеттілік пен әділетсіздіктер туралы ұғымдары да әртүрллі болды.

Жекеменшіктің, таптар мен мемлекеттің пайда болуымен құқық та жаслып шықты. Мемлекет құқықты, құқықтық нормаларды, заңдарды жасады. Олар мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды реттеуі, мінез-құлықтың жалпыға міндетті нормаларын белгілеулері тиіс болатын.

Құқық – қоғамның тарихи дамуының жемісі, сол себепті үнемі өзгеріп отырады. Қоғам тарихында құқықтық нормалар екі жолмен: алғашқы қауымдық салттар мен нормалардың құқық нормаларына дейін өсу жолымен және мемлекеттік органдардың құқықтық шығармашылығы жолымен қалыптасады. Құқықтың қалыптасуы қоғамда қатынастардың жаңа түрі – құқықтық қатынастардың пайда болуына әкеледі. Құқықтық қатынастарға қатысушылар субъектілер, құқықтар мен заңдық міндеттердің тасымалдауыштары ретінде әрекет етеді.

Мемлекеттің құқықтық нормаларында (конституциялар мен басқа да актілерінде) адамдардың, әлеуметтік топтардың экономикалық, саяси және т.б. теңдігі немесе теңсіздігі бекітіледі. Олардың мүдделері мен еркі адамдар мен әлеуметтік топтардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу жолымен білдіріледі.

Құқықтың әрекет етуі қоғамдық өмірдің барлық саласына жайылады: азаматтық құқық, еңбек құқығы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, іс жүргізу құқығы. Құқық философиясы өз дамуының тарихында адамның табиғи құқықтарын бекітті және оларды құқық, мемлекет пен құқықтық саясат тұғырнамаларының негізі етіп алды. Батыстық қоғамдар ұстанған индивид бостандықтары мен құқықтарын Т.Гоббс, Дж.Локк пен Ж.Ж.Руссо негіздеді. Құқық философиясы заң ғылымдары үшін әдіснамалық маңызы бар жетекші философиялық пәндердің бірі болып табылады.

Құқық философиясы құқық негіздерін, оның онтологиялық, гносеологиялық және құндылықтық функцияларын зерделейді, ал бұлар әрқашан да философиялық қызығушылық пәні болды.

Құқық философиясы заң нормаларымен өзара әрекеттестікте адамның іргетастық құқықтарын негіздейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *