Жүктіліқ шемені — жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың алғашқы сатысы. Жүктілік шеменінің негізгі белгісі — ісіну және зәрдің азаюы, оның үш дәрежесі бар: І-ші дәрежесінде — ісіну тек сыйрақта ғана болады. II-ші дәрежесінде — ісіну сыйрақпен қатар, алдыңғы іш перде қабырғасында қамтиды. III-ші дәрежесінде — ісіну бүкіл денені қамтиды.

Жүктілік шеменінде зәрде белок болмайды, қан қысымы физиологиялық қалыптан аспайды. Жүрек, бүйрек, бауырда т.б. мүшелерде патологиялық өзгерістер болмайды. Жүктілік шеменінде сұйықтық ұлпамен, тері асты шел клетчаткасында жиналады, бұл тұз-су алмасуының бұзылу салдарынан және қылтамырлардың өткізгіштік қасиетінің артуынан. Ұлпада натрий хлормен, қан-тамырлардан сұйықтық жиналады. Жүктілік шеменінің ағымы созылмалы: ісіну бірде кішірейіп, бірде ұлғаяды.

Жүктіліктің екінші жартысында жасырын ісінудің де болуы ықтимал. Оны анықгау жолдары: жұма сайын екіқабат әйелдің салмағын өлшеу, (жұмасына 350-400 грамнан артық салмақ қосылуға тиіс емес), зәрдің тәуліктік мөлшерін білу, сақина және Мак-Клюр-Олдрич сынауларын жүргізу.

Мак-Клюр-Олдрич сынауы — 0,2 мл физиологаялық ертіндіні шприцпен бітезік аймағын тері астына жібереді, осы жерде күлдіреу пайда болады. Егер қан тамырларының гидрофильдік қасиеті өзгермеген болса, «күлдіреу» 40-45 минут шамасында сіңіп жоқ болады, ал қан тамырларының гидрофильдік қасиеті артқан жағдайда «күлдіреу» тез арада 15-20 минут аралығында сіңіп кетеді, бұл жүктіліктің жасырын шеменінде кездеседі.

Сақина сынауы — саусаққа киіп жүрген сақинаның жүктілік кезінде сыймай қалуы. Жүктілік шеменінің диагнозын қою оңай, бірақ оны жасырын ісіну пайда болғаннан бастап перзентханаға жатқызып емдеу кажет.

Емдеу жолдары. Жүктілік шеменін тек перзентханада емдейді, негізгі мақсаты — түзды тамақты, сұйықтықты мөлшерлі тұрғыда — тәулігіне 700-800 мл сұйықтық, 3-5 грамм ғана тұзды қолдану. Әрбір 7-10 күн сайын бір рет жеңілдік күндерін қайталау қажет, жеңілдік күнде: 1,5 кг алма немесе 600 гр. сүзбе, 200 гр. қант, 200 гр. қаймақты күні бойына жейді.

Ісінуді қайтару үшін: төсектік тәртіпті сақтайды, гипотиазид 0,025 х 2 рет күніне (3 тәулік), немесе фуросемид 20 мг-нан қолданады. Бұл жағдайда калий организмнен өте көп бөлінеді, сондықтан калий препараттарын қоса береді (оратат калийді). Қан тамырларының өткізгіштік қасиетін төмендету мақсатымен аскорбин қышқылын 0,1 х 3 рет, галоскорбин 0,5 х 3 рет, витамин В1 — 1 мл-ден күнделікті, метионин 0,5 г х 3 рет, глюкоза 40 % — 20,0 мл + 5 %-3,0 мл аскорбин қышқылын күн сайын тамырға енгізу керек.

Жүкті әйел жақсы ұйықтау үшін түнге қарай триоксазин, валериан, элениум таблеткасын береді. Емдеу кезінде жүкті әйелдің салмағымен тәуліктік зәрін қадағалап отырудың маңызы зор. Жүктілігі жүктілік шеменімен асқынған әйелді перзентханадан ісінуі толық қайтып, тәуліктік зәрі өз қалпына келген кезде ғана, екі жұмадан соң шығаруға болады. Егер жүктілік шеменін дер кезінде емдемесе ол асқынып, жүктілік нефропатиясына көшеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *