Жазу — адамдардың қашыктықта тұрып, қарым-катынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткені жазу коғамдық қажеттіліктен туындады. Адамдар арасындағы күрделі қоғамдық қатынастың дамып жетілуіп ауызша сөйлеу тілі канағаттандыра алмады. Сондыктан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бір құралына деген қоғамдық мұктаждыққа қарыздар.

Ауызша сөйлеудің екі кемшілігі болды: таралу кеңістігінің шектеулілігі және уакыт жағынан шектеулілігі. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшін пайда болған жазудың миссиясы, бүгінде карап отырсақ, тереңде екен.

Тілдің даму тарихы тұрғысынан келсек, тіл адам санасындағы ойды жарықка шығарып, жазу ауызша айтылған ойды оптикалық кұралдар аркылы визуалды дүниеге айналдырады. Сонда жазу тек косалқы қызмет атқаратын құрал болып табылады. Алдымен аса маңызды қатынас құралы болған — тіл ауызша түрде өмір сүрді. Талай жүз жылдықтар бойы басқа қатынастың түрін іздемеді. Сөйтіп, ойды жарықка шығарудың және айналасына қатынас жасаудың жалғыз түрі ауызша сөйлеу ғана болды. Жазу енді тілдің осы екі қызметінің көшірме түрі ретінде, қосалқы қызмет аткаруға келгендей.

Үшінші мыңжылдықтағы жана технологиялар тасқыны, ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер, қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланысты ауызша коммуникацияның жетілген технологиялы бүгінгі кезеңінде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметін парықтаудың қажеттілігі бар. А.Байтұрсынұлы «Біздің заман — жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген.

Жазусыз өркениет болмасы анық. Тас дәуірінен атом дәуіріне дейінгі адамзат мәдениетінің жетістіктерінің бәрі жазу аркасында. Біздіңше, өркениеттің дамуын сипаттауда жазудың маңызынан бастап айту оның әлдекайда жүйелі, күрделі, дербес құрылым болып калыптасқанын, жазудың адамзат өркениетіндегі болашақта атқарар қызметін танытпақ. Мысалы, шумер елінде жазудың пайда болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне, сауданың өркендеуіне байланысты болғаны белгілі. Жазудың сол антикалық дәуірдегі қызметі бүгінгі әлемиет дәуірінде қайта күшейіп, жазу мемлекеттілікке, заңнама, құжатнамаға қызмет етеді. Бүгінде ресми ісқағаздар адамдардың сөйлесуінсіз-ақ түсінісетін, құжаттар өзара «сөйлесетін» жүйе құрайды. Ресми ісқағаздар — айкындылықтың, дәлелдіктің, аргумент, фактінің құжаты болды. Ендеше, жазудың бүгінгі күн тұрғысынан басты маңызы мен қызметі белгілі кеңістік шегіндегі әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр. Яғни мемлекеттің күшеюімен байланысты, жазудың дерек болу (визуалдылық аркылы) сипаты артып отыр.

Жазу — тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсіп, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін мәңгілік құндылыкка айналды. Өйткені жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді. Тілдің инвариантты, абстракті, күрделі құрылымдық деңгейге жетуіне әсер етеді. Соған сәйкес тілдегі синтаксистік кұрылымдар, күрделі фразалық тұтастықтар жазудың негізінде пайда болды. Тілдің (әдеби тілдің) стильдік тармақтары сараланды, стиль нормаларының қалыптасуына әсер етті. Сөйтіп, жазу сөйлеуде елене бермейтін тілдің барлық қалтарыстарын нақтылаудың негізінде тілдің сұрыпталып, нормаланған, електен өткен кұрылымын ғана таңбалап, жазу нормасына сай сөйлемдер мен мәтіндерді тілдік жүйеге жаткызды. Сондыктан ауызша сөйлеудегі еркіндікті тілдік қалыпқа салу, яғни жазуға түсіру кез келген сауатты адамның қолынан келмейді. Адам күнделікті қарым-қатынас тілімен біреуге хат жазу мүмкіндігіне ие болғанмен, өзінің ойын жүйелі, толыкқанды, мазмұнды етіп жазбаша жеткізуде қиындыққа тап болады. Сонымен, жазудың екінші кызметі тілдің жүйелі құрылымға айналуына әсер етуі болып табылады. Тілдің барлық потенциалды мүмкіндіктерін ашып, пайдалануға әсерін тигізеді. Сондыктан да бүгінде жазылған дүниені сол тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, кабылдауға, тілдің «өзі» деп түсіндіруге, түсінуге күмән қалмайды.

Үшіншідем, жазу — адам ойының материалданып, жарыққа шығуының, дәлірек айтқанда творчестволық әрекетінің құралы. »Көңілдегі көрікті ойдың сыртқа шыққанда өңі қашатын» болса, жазудың арқасында кағазға түскен шашыраңқы ойды жүйелеуге болады. Жазудағы стандарттық құрылымдар, сөйлем мүшелерінің нормативті орын тәртібі акыр соңында сыртқа шыққан адам ойын өзгеше сипат алдырады. Оның үстіне жазылған мәтінді қайталап окып, толықтыруға, қысқартуға, нактылауға, қайта құруға мүмкіндік бар. Мәтінді араға уақыт салып қайта карап, жетілдіруге болады. Ой үстіне ой жалғауға болады. Сөйтіп. жазу түптің түбінде адамның өз сөзінің бөгделенуі болып шығады. Жазудың арқасында сөз екінші өмірге, дербес өмірге ие болады. Демек, жазу карым-қатынас құралы емес, тілдік жағдаят болмаса да адам өз ойын монологті түрде жарыққа шығаратын сананың материалдану құралы болады. Оқу процесі тыңдауға қарағанда аз уақыт алады, қармап оқу, таңдап оқу, қайталап оқу мүмкіндіктерін береді. Жазу, сөйтіп, мәтін мазмұнын тез түсінуге, бірден кабылдауға, оңай меңгеруге ауызша тілге қарағанда қолайлы. Бүгінде сөздің графикалық бейнелері фонетикалық бейне сияқты адам санасында дайын тұратын болды.

Сонымен, жазу уақыт пен кеңістік шектеулігіне тәуелсіз, адамдар арасындағы қатынас құралы ретінде пайда болды деп түсіндірілгенмен, негізінен оның маңызы мемлекеттік құрылыс пен сауданың, мемлекетаралық саясаттың дамуына тіреледі екен, сонымен бірге оның маңызы тілді жетілдіретін, жүйелейтін, нормалайтын, ойжасайтын бекітетін, сактайтын қызметтерімен өлшенеді екен.

Күдеринова Қ.Б. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. Оқу құралы — Алматы; «Елтаным баспасы», 2013. — 344 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *