Жердің өз білігінен және Күнді айнала қозғалуы. Жер қозғалысының маңызы. 

Тәулік – бір күн мен бір түннің қосындысы. Күннің де түннің де ұзақтығы өзгеріп, әр маусымда әртүрлі болып отырады. Тәуліктің ұзақтығын тұрақты шама деп есептеуге болады. Бір тәулік ішінде Жер өз білігінен бір айналып шығады. Жердің өз білігінен бір айналып шығуына кететін уақыт жұлдыздық тәулік деп аталады. Жұлдыздық тәулік жуық түрде 23 сағат 56 минут 4 секундқа тең. Жер өз білігінен толық айналып шыққан кезде күн сәулесінің түскен беті күндіз, ал оның көлеңке түскен бетін түн болады.

Жердің өз білігінен айналуы. Жер шары қозғалысы барысында бірнеше заңдылық туады. Нәтижесінде түрлі қозғалыстар қалыптасады. Солардың ішінде ең маңыздылары – Жердің өз білігінен айналуы мен Күнді айнала орбита бойымен қозғалысы. Бұл қозғалыс ішінде Жер бір жыл ішінде Күнге бірде жақындап, бірде алыстап отырады.

Жер Күнді 365 күн 6 сағатта бір айналып шығады, әр жылғы 6 сағат жинақталып, 4 жылда 24 сағат немесе 1 тәулікті құрайды. Жер Күнді 366 күнде айналса, ол жыл «кібісе жылы» деп аталады. «Кібісе жылы» ақпан айы 29 күнге толады, қалған 3 жылда ақпан айы 28 күнмен аяқталады. Жердің Күнді айналуға кеткен уақыты жыл деп аталады, міне, содан Жердің Күнді айнала қозғалысы, Жердің жылдық қозғалысы деп аталады.

Жер білігі өзінің орбита жазықтығына қарай көлбей орналасқан, содан Жер Күнді айнала қозғалғанда Жер бетіне күн сәулесі әркелкі түседі. Осыдан келіп жыл мезгілдері – көктемнен кейін жаз, жаздан кейін күз және қыс болып ауысып отырады.

Жердің қозғалыстары нәтижесінде күн мен түннің ұзақтығы өзгеріп отырады. 22 маусымдағы жазғы күн тоқырауында Солтүстік жарты шарда жаз мезгілі басталады, ал Оңтүстік жарты шарда қыс түседі. Солтүстік поляр шеңберінен экватор аралығында күн түннен ұзақ болады. Оңтүстік жарты шарда бұл күні Күн көкжиектен төмен тұрады. Оңтүстік поляр шеңберінде оңтүстікте поляр түні, ал Солтүстік жарты шардың осы ендіктерінде (66,5˚ с.е.) поляр күні болады. Оңтүстік жарты шарда күн түннен қысқа болады.

23 қыркүйекте жерде күн мен түн теңеледі, бұл құбылыс күзгі күн теңелу деп аталады. Екі жарты шарға күннің жарығы бірдей түссе де, Солтүстік жарты шарда күз, ал Оңтүстік жарты шарда көктем басталады.

22 желтоқсанда қысқы күн тоқырауы байқалады. Күнге жердің оңтүстік жартысы қараған уақытта, Оңтүстік жарты шарда жаз, Солтүстік жарты шарда қыс басталады. Оңтүстік тропикке күн тіке түседі, ал оңтүстік полюс маңында Күн батпай, поляр күні, ал солтүстік жарты шарда Күн шықпай, поляр түні болады. Оңтүстік жарты шарға жарық көп, Солтүстік жарты шарға жарық аз түседі.

21 наурызда жерде күн мен түн теңеледі, бұл көктемгі күн теңелу деп аталады. Экваторда түсте күн төбеде тұрады. Солтүстік жарты шарда көктем, оңтүстік жарты шарда күз түседі.

Comments

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *