Жоғарғы несеп жолдарының негізгі функциясы несепті бүйректен қуыққа эвакуациялау (тасымалдау) болып табылады. Несеп жолдарының барлық өңірлері дерлік біршама теріс қысым туғызу принципі бойынша қызмет етеді, осыған орай несеп эвакуациясының негізгі кезеңі дилятация мен систола болып табылады. Несеп бүйректен жылжыған сайын оның фильтрациясы мен реабсорбциясы кезінде жинаушы түтікшелер деңгейінде өзекше ішіндегі қысым нөлге жақындайды. Мұнда тостағаншалардың сорып алу қабілеті басты рөл атқарады; олар вакуум жасап толады жөне жиырылады (систола фазасы), осымен бір мезгілде үлкен тостағаншалардың шоқтықтары босаңсыйды. Бұл орайда тостағаншалардың сфинктерлік бүлшық ет топтары бір мезгілде жиырылады. Тостағаншалардың систоласы мен диастоласының кезең-кезеңмен алмасып отыруы несептің бүйректен шүмекшеге тасылуын қамтамасыз етеді.

Несептің шүмекшеге келуіне орай, онда тостағанша қылшасының жабылуынан барып қысым көтеріледі, шүмекше ішіндегі қысым одан әрі котерілген кезде барорецепторлардың қатты тітіркенуі есебінен тостағаншаның қылшасы ашылады, несеп ретроградты түрде тостағаншаларға етеді, бірақ тостағаншалардың жиынтық көлемі шүмекшенің көлемінен артық болғандықтан, рефлюкс болмайды -тотағаншалардағы қысым шекті мөлшерден аспайды, ал шүмекшеде ол төмендейді. Тостағаншалардың босау реті жоғарыдан төмен қарай жүреді. Төменгі тостағанша ерекше рөл атқарады; ол шүмекшенің тарылуы кезінде несепке толады, мұның өзі шүмекше ішіндегі қысымның темендеуіне, сөйтіп оның систоласының тоқтауына әкеледі.

Шүмекшемен бірге шүмекшелік-несепағарлық сегмент те босаң күйде болады, сондықтан диастола фазасында шүмекше мен несепағардың бастау бөлігінде айқын шектелу көрінбейді. Бірақ пиелоуретралық сегменттің систоласы басталған бойда шүмекше мен несепағар көлеңкесі арасындағы шекара анық көрінеді. Міне осы себептен де шүмекше мен несепағар арасындағы шекара анатомиялық дегеннен гөрі көбіне функциялық ұғым болып табылады.

Несепағар-қуық учаскесінің бұлшық ет қабатының үнемі ұлғаюы есебінен несептің несепағар бойымен одан өрі ілгерілеуі едәуір жылдам болады. Несептің несепағардан қуыққа өтуі нақ сол физиологиялық жағдайда болады: несепағардың қуықалды бөлімінің қысқаруы қуықтың детрузорының босаңсуына үштасады. Несепағар перистальтикасының табиғи қоздырушысы және реттеушісі несеп болып табылады.

Қалыпты жағдайда несепағардың перистальтикасы ырғақты, ретті жене тұрақты. Несеп болмаған жағдайда (анурия) несепағардың перистальтикасы не болмайды, не тұрақсыз, босаң және ретсіз болады. Ендеше несепағар перистальтикасының ырғағы диурезге тәуелді.

Fuchs (1934) теория ұсынып, ол бойынша несепағардың эвакуаторлық функциясы эпицистоидтер мен цистоидтердің үйлесімді қызметінің нәтижесі болып табылады деді. Ол жоғарғы несеп жолдары бірнеше динамикалық секциядан тұрады, әр секцияға детрузорлық-сфинктерлік қасиеттер тән деп есептеді. Тостағаншаларды ол «эпицистоидтер» деп, шүмекшені «бірінші цистоид» деп, ал несепағардың өзін «цистоид» деп атады.

Несептің қозғалысы несепағар перистальтикасының нәтижесі емес, систолалық және диастолалық фазалардың ауысуы ретінде синхрондық-коррелятивтік ырғақта болатын осы цистоидтердің функциялық қызметі болып табылады. Бұл цистоидтер теориясы бойынша жоғарғы несеп жолдарында байқайтынымыз үздіксіз перистальтикалық толқындар емес, бірінен кейін бірі орналасқан цистоидгердің толуы мен босауының кезең-кезеңмен ауысып отыратын учаскелері. А.Я.Пыгель (1959), СА.Бакунц (1970) цистоидгік теорияны толықтеріске шығармай, былай деп атап көрсетеді: пиелоуретралық жүйе ырғақтың жетекшісі (пейсмекері) рөлін атқаратын автономиялы аймақ болып табылады, дегенмен оның кардиалдық субстрат сияқты тостағанша-шүмекше жүйесі мен несепағардың қызметін реттеп отыратын морфологиялық субстратын әлі ешкім тапқан емес.

Цистоидтік теорияны теріске шығаратын Ю.А. Пытельдің (1982) көзқарасын қостай отырып несепағардың цистоидтік функциясы туралы емес, үйлестік функциясы туралы айтқан дүрысырақ болады, бұл орайда несептің тасымалдануы полиурияның дәрежесіне төуелді жеке үлестермен жүзеге асатынын атап айту керек.

Шүмекшенің қабырғалары биоэлектрлік потенциал жинақтайды, бұл потенциал айқын электролиттік қасиеттері бар несептің шүмекшенің саңлауындағы тербелісті қозғалысынан туындайды деген болжам бар. Бұл орайда шүмекше жиырылма қозғалыстардың ырғақтылығын қамтамасыз ететін биоэлектрлік энергияның аккумуляторы рөлін атқарады (Ю.А.Пытель, 1987).

Куықтың толуы жоғарғы несеп жолдарының босау динамикасын баяулатады, несепағардағы қысым біртіндеп молаяды да, бұл қысым жамбас сегментінде шамамен секреторлық қысымға тең болады. Несеп несепағар бойымен секөндіне 3-6 см жылдамдықпен жылжиды (Я.Кучера, 1963). Толқындар сериясы 20-30 секөндтен кейін шығады да, олардың жиілігін ең алдымен диурез белгілейді. Ulmsten U.-дің меліметтері бойынша (1975) несепағардың жоғарғы бөліміндегі қысым шамамен 14, ортаңғысында — 19, төменгі бөлімінде — 16 мм су баған тең болады.

Жиырылу ырғағы бүкіл несепағар бойында бірдей, бірақ екі несепағарда әр түрлі. Сөйтіп жоғарғы несеп жолдарынын физиологиялық босауының алғы шарты олардың барлық бөліктерінің жақсы үйлескен әрекеті болып табылады. Бұл үйлесімділіктің бұзылуының қайсысы болса да несептін жоғарғы несеп жолдарында іркілуіне, бұл жолдардың кеңуіне бастайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *