Адам мен табиғатты қорғаудың экологиялық ұстанымдары

Философия тұрғысынан, ұйымдастырудың анықтаушы белгісі ретінде орынды ұстаным қабылдануы керек. Осы белгіні негізге ала отырып, ұйымдастыру түсінігін, жүйенің өзін сақтауы мен дамуын қамтамасыз ететін, реттелген орынды әрекеті деп анықтауға болады. Әрекеттердің мақсатқа сәйкестігін жүйелердің, соның ішінде биологиялық және әлеуметтік жүйелердің сыртқы және ішкі әсерлерге өздерінің қызметі мен құрылымын өзгерту жолымен қарсы тұру қабілеті деп түсінуге болады.

Бейімделу (адаптация) үдерісі тірі табиғаттағы зиянды әсерлерге қарсы тұрады. Тек бейімделу үдерісі тұтасынан тіршілік иелерінің өзін сақтауы мен дамуын қамтамасыз етеді.

Адамды және табиғатты қорғаудың экологиялық ұстанымдары биосфераның тұтас бейімделу мүмкіндігін есептеуді ұйғарады. Тұйық шеңберде жұмыс жасайтын жүйе секілді биосфера тек Күн энергиясының ағысына ғана ашық. Ішкі тұрақтылықты қолдау бойынша пайдаланылған өздігінен реттелу қабілетінен басқа, тіпті ғарыштық факторлар әсеріне бейімделу мәніне ие болатындай, биосфераның бейімделуі тікелей өз шектеуінен шығады (мысалы, тіршілікті ғарыш сәулесінен қорғаушы күшті озон қабатының түзілуі).

Адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап биосфера дамуында жаңа кезең басталды. Алғашында адамдардың мекен ортасына әсерінің басқа ағзалар әсерінен айырмасы болмады. Қоршаған ортадан тіршілік қажеттілігін биологиялық айналым есебінен толық қалпына келетін мөлшерде ала отырып, адамзат қоршаған ортаға басқа ағзалардың пайдаланған қажеттіліктерін де қайтарып отырды.

Қазіргі уақытта адам биосферадан шикізатты көп алады және оның мөлшері үнемі артуда. Қоршаған орта және оның дамуы бойынша 1992 жылы БҰҰ (Рио-де-Жанейро) конференциясында, 1992 жылы (ХХVІІ Халықаралық географиялық конгресте, 1994 жылы (Ұлыбританияда) VІ Халықаралық экологиялық конгресте (Ұлыбританияда) қазіргі заманның экологиялық проблемалары қарастырылды.

Бұл форумдарда биосфераның жаһандық экологиялық проблемалары анықталды:

1) жаһандық климаттың жылынуы, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жауын, фотохимиялық түтінге, т.б. әкелетін атмосфераның химиялық құрамының өзгеруі;

2) су ресурстары тапшылығының артуы мен олардың сапасының төмендеуі;

3) теңіздер мен мұхиттардың әр түрлі улы заттармен ластануының артуы;

4) ормансыздану мен шөлге айналу;

5) планетаның биологиялық әртүрлілігінің жұтаңдануы;

6) қауіпті қалдықтар проблемасы (соның ішінде радиоактивтілер);

7) адам мекені жағдайының күрт өзгеруі және т.б.

Қазіргі уақытта адамзат экологиялық дағдарыс, яғни адам өмір сүретін орта болашақта өзгерістер нәтижесінде адам тіршілігіне жарамайтын жағдайға келу алдында тұр. Қатал экологиялық дағдарыс өзінің шығу тарапынан антропогенді.

Адамның табиғатқа кері әсерінің негізгі жолдары табиғат байлықтарын минералдық шикізат, топырақ, су ресурстарын сарқылту, табиғи ортаны ластау, биоценоздар түрлерін жою мен бұзу болып табылады.

Жер планетасындағы табиғи байлықтар орны толмайтын және толатын болып бөлінеді. Орны толмайтындарға жататындар, мысалы, қорлары шектеулі пайдалы қазбалар. Орны толатындар — орман, су ресурстары, топырақ (эрозия болдырмауға болатын), жануарлардың кейбір түрлері.

Экологиялық факторлардың немесе олардың өзгерісіне қарамай, биологиялық белсенділікті қажетті дәрежеде сақтау даралар, қоғамдастық, биоценоз, биогеоценоз және тұтасынан биосфера дәрежесінде гомеостатикалық механизмдермен қамтамасыз етіледі. Мекен ортасының өзгерісі демографиялық көрсеткіштерге: әлеуметтік жылжымалық, халықтың табиғи өсіміне (туылуыөлімі), халықтың денсаулық жағдайына, өмір сүру ұзақтығына күшті әсер етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер: Рыскиева Г.Ә., Өнеркісіп экологиясы – Алматы: Экономика, 2011. -262 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *