«Экология» терминін (грек тілінен oikos – үй немесе тұрғын жай, logos-зерттеу) ХІХ ғасырдың екінші жартысында Э. Геккель енгізген болатын. Қазіргі таңда, экология – бұл тірі ағзалардың, популяциялардың жəне қоғамдардың бір-бірімен жəне қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастарын зертейтін ғылым. Бұл пəннің мақсаты – «биологиялық объект – қоршаған орта» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас механизмдерін зерттеу.

ХХ ғасырдың 60-жылдарында биологиялық антропологияда, экологиялық (немесе физиологиялық) антропология деген атауға ие болған ұқсас бағыт толықтай ресми түрде бекітілді. Антропологиялық əдістерді қолданып қоршаған ортаның алуан түрлі жағдайларында тіршілік ететін адам популяциясының бейімделу өзгергіштіктерін зерттеу антропоэкологияның міндеттеріне кіреді. Өзара қарымқатынастары «адам-мəдениет-орта» жүйесінде қарастырылады.

Осы уақытқа дейін антропологияда адамның əлеуметтік табиғатына, олардың қалыптасуының негізгі кезеңдеріне (эволюция), олардың этникалық тарихына деген қызығушылықтар артуда. Адамның ататегі түрінің қатарында Homo sapiens пайда болғаннан кейін, табиғи сұрыптау секілді заманауи адамның пайда болуындағы маңызды биологиялық фактор, түр қалыптастырушы рөлін атқарудан бас тартып, «өзінің функцияларын» əлеуметтік факторға берген. Материалды жəне рухани мəдениеттің дамуы, қоғамдық институттардың пайда болуы, əрқашан маңызды болды жəне жер бетін адамның игеруінде жəне адамзаттың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасында маңызды рөлін атқаруын жалғастыруда. Бірақ антропологияның дамуы адам популяциясының экологиясы бойынша зерттеулерді қажет етуіне алып келді. Онда морфологиялық алуантүрлілігін, географиялық өзгергіштік ерекшеліктерінің көптеген биологиялық қасиеттерін жəне адамзаттың генетикалық полиморфизмін түсіндіру жолдары қарастырылған болатын.

Берілген адамдардың топтары бар қоршаған жағдайлары кешенімен бейнеленетін, қоршаған тіршілік ету ортасы адамзаттың барлық жоғарыда көрсетілген өзгергіштіктерінде орасан зор рөл атқарады. Əрине, бір жағдайларда (жайлы) тіршілік ету жеңілірек жəне қолайлырақ, басқа жағдайларда қиынырақ, бірақ ыңғайлануға болатындай шығады, ал төтенше ауыр (қатаң немесе экстремальды) жағдайларда, тіпті, тірі қалудың өзі де оңай емес екені түсінікті. Жер бетінде аса ыстық емес, аса суық та болмайтын, жылу сақтайтын қалың қабырғалары мен арнайы жылыту жүйесі бар тұрғын үй адамға қажет емес, қысқы жылы киім жəне салқын тию аурулары туралы түсінік жоқ, тіпті ауасы, суы жəне азық-түліктері де ластанбайтын, тірішілік етуге жеңілірек жəне қолайлырақ (мысалы, Жаңа Зеландия, Гавая, Францияның оңтүстігі, Үндістанның кейбір аудандары жəне Америка Құрама Штаттары) климатогеографиялық аймақтардың бар екендігі белгілі. Бұндай қолайлы ортада, түрлі биологиялық сипаттамалары бар, əртүрлі адамдардың тіршілік етуге (ең бастысы, ұрпақ қалдыруға) мүмкіндігі болады. Керісінше, жазда тым ыстық (30-40 градустан жоғары), ал қыста ауа температурасы 20-30 градустан төмен, кей жерлерде атмосфералық жауын-шашындар өте аз түсетін жəне ыстық шөлдер түзілетін, ал кей жерлерінде жауын-шашын мен ылғалдық тым көп болып жəне топырақтың батпақтануы жүретін біршама қатаң жағдайларда, мысалы, біздің Қазақстанда, Ресейде, Монғолияда жəне басқа да бірқатар елдерде, кейбір жеке адамдардың белгілі бір морфологиялық белгілері аса əлсіз болып келеді, ал олардың тасымалдаушыларының тіршілік ету мен өз ұрпақтарын жалғастыру мүмкіншіліктері өте төмен болады. Жағдайдың қатаңдығына жəне ағзалардың оларға қаншалықты сəтті бейімделуіне байланысты, қандай да бір адам фенотиптерінің іріктеле отырып, тірі қалуы жүзеге асады. Ал бұл, нəтижесінде адамның келесі ұрпақтарындағы генетикалық құрамының өзгерісіне алып келетін, эволюциялық дамуының негізі болатын сұрыпталудың нақты өзі болып табылады.

Екінші жағынан, экзогенді себептердің көпшілігі адам онтогенезін тікелей бақылайды жəне ақыр соңында генотиптің фенотипке іске асу үдерісін анықтайды. Өзінің түрлік бірлігін жоғалтпастан, заманауи адам əлем бойынша өте кеңінен таралған. Заманауи адамның түрлік ареалы (ойкуменасы) Жер бетінде таралған басқа тіршілік иелерінің ареалымен салыстырғанда, өте ауқымды, адамның жеке популяциялары планетаның барлық мүмкін болатын аудандарын, соның ішінде полярлы жəне тундралық кеңістіктерді, биік таулы аймақтарды, шөлді жəне т.б. секілді анағұрлым төтенше қиын жерлерді де игерген. Біртіндеп жəне ұзағынан таралу үдерісі барысында қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасқа түсе отырып, тіршілік етудің қандай да бір географиялық жағдайларына олардың бейімделуіне алып келетін белгілерге адам популяциялары ие болып отырған (яғни, қандай да бір ортаға оңтайлы түрде сəйкес келетін қасиеттер). Адам біртіндеп өзгерген экзогенді факторлардың жаңа арнайы үйлесімдеріне қа — рай бейімделген.

Белгілі бір жағдайларда сəтті тіршілік ету үшін адамның топтарымен табиғи түрде немесе арнайы жасап шығарылған, осындай кез келген бейімдеушілік белгілерді (биологиялық жəне биологиялық емес қатардағы) бейімдеушілікті немесе адаптивті өзгерістер деп атай ды. Осы көзқарас бойынша, біздің бүкіл эволюциямызды, тарихымызды жəне тіпті, жеке адамның өмірін жаңа жағдайларға бейімделудің бірқалыпсыз динамикалық үдерісі ретінде қарастыруға болады, олар көп жағдайда биологиялық алуан түрлілікті анықтайды. Бірқатар жағдайларда (дегенмен əрқашанда емес) бейімделу ерекшеліктерінің қалыптасудың дəлме-дəл механизмдерін анықтауға болады. Экологиялық нақты себептермен ойша байланыстырылатын, сонымен қатар адамның немесе адам қоғамдастығының тірі қалуы жəне сəтті тіршілік етуі үшін маңызы бар, биологиялық өзгергіштіктің бүкіл осы бөлігі экологиялық немесе бейімдеушілікті өзгергіштік деп аталуы мүмкін.

Экологиялық факторлар жəне экологиялық аймақтар

Сыртқы орта жағдайларының кешені жеке көрсеткіштерден, экологиялық факторлар немесе ортаның құрамдас бөліктері деп аталатындардан құралады. Табиғаты жағынан оларды екі типке бөлуге болады: • абиотикалық факторлар – бұған ортаның негізгі физикалық сипаттамалары, мысалы, температура, ылғалдылық, ландшафт пен топография ерекшеліктері, аймақтың геохимиялық қасиеттері жəне т.б кіреді. Жердің берілген нүктесіндегі бұндай жағдайлардың жиынтығы экологиялық аймақ немесе биотоп деп аталады; • биотикалық факторлар – берілген аймақта адаммен бірлесе отырып тіршілік ететін, басқа тіршілік иелерінің популяцияларымен байланыста болуы мүмкін, сол баяғы барлық əсерлер. Бұндай симпатрикалық түрлер (адаммен ортақ ареалы бар) деп аталатындар бізге қорек көзі болып табылады, біздің бəсекелестеріміз немесе тіпті жыртқыштарымыз ретінде де шығуы мүмкін. Олардың кейбіреулері, зиянкестер, біздің дұшпандарымыз, инфекциялары қоздырушылар немесе тасымалдаушылар болып табылады, басқалары біздің егінді құртады, тұрғын үйлерді бұзады жəне с.с. Соңғысы, үшіншілері, пайдалы түрлер, оларсыз біздің тіршілігімізді елестету мүмкін емес (жануарлар мен өсімдіктердің қолдағы жəне ауылшаруашылық түрлері, микроағзалардың түрлері жəне с.с.). Бір аймақта тіршілік ететін трофикалық жəне кеңістіктік деңгейде өзара əсерлесетін, барлық осы ағзалардың жиынтығын биотикалық қауымдастық деп атайды (ұқсас түсініктер-биоценоз жəне биом).

Бұндай əр текті компоненттер бірігіп, біртұтас кешен түрінде қызмет етеді жəне олар биогеоценозды (экожүйені) құрайды, яғни жеке экологиялық бірлікпен өзара əсерлесіп, оны қалыптастыратын, ағзалар қауымдастығы мен оларды қоршап тұрған физикалық орта. Биогеоценоз өзімен функционалды біртұтас жəне теңдестірілген жүйені бейнелейді. Экологиялық аймақты мекен ететін ағзалар, заттар мен энергияның қосымша көзі жоқ жерде де, ұзағырақ тіршілік етуге қабілетті келеді. Əрбір популяция өкілдері бұл жүйеде белгілі бір «қызметті» атқарады жəне басқа биологиялық объектілерге қатысты өзінің айрықша орын алады, бұл экологиялық қуыс деп аталады. Бұдан адам да тысқары қалмайды.

Əрине, əрбір ағза үшін «қоршаған орта» түсінігі, генетикалық жəне əлеуметтік қатынастарда болатын, сол популяцияның басқа өкіл дерін де кіргізеді. Экзогенді факторларды өте көп бөліп көрсетуге болады. Бір қарағанда, тіпті, бізді қызықтыратын объектіге олардың əсерін бағалау, мүлдем, мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Бірақ, ортаның құрамдас бөліктері тек өзінің табиғаты жағынан ғана ерекше емес, сонымен қатар, олар əсер ететін түрлі күштерге жəне популяция мен оның басқа өкілдерінің қалыптасуы үшін түрлі маңызға ие. Факторлар қатары ағзаға болмашы түрде ғана əсер етеді, сондықтан зерттеу кезінде оған мəн бермеуге де болады. Ағза үшін қажетті осы сияқты жəне басқа да компоненттер əрқашанда жеткілікті, нақтырақ айтсақ, оңтайлы мөлшерде болса, онда біздің объектіміздің немесе қауымдастығымыздың тіршілік етуін ешқашан шектемейді. Экология үшін шектеуші (немесе жетекші) факторлардаралардың, популяцияның жəне жалпы қауымдастықтың тіршілік етуі мен тұрақтылығына, тура немесе жанама əсер ететін, сыртқы ортаның негізгі өзгермелі көрсеткіштері болып табылады.

Экзогенді жағдайлардың үйлесімі планетаның кез келген географикалық мекені үшін бірегей болып келеді. Бірақ, бейнені біршама қарапайымдатып көрсету үшін, бүкіл Жер бетін экологиялық аймақтардың біршама аз сандарына, яғни, негізгі көрсеткіштердің белгілі бір үйлесімімен сипатталатын, орта типтеріне бөлуге болады. Бұндай əлемдік ауқымдағы жеке климаттық аймақтар төңіректің кеңдігі мен оның топографиясына (теңіз деңгейінен биктігімен) сəйкес бөлініп орналасады. Планетаның біршама ірі экожүйелері де осылармен бірге заңды түрде таралады. Карта, қазіргі биомдар орналасқан аумақтарды бейнелейді. Осындай климаттық жəне геологиялық үдерістерге сəйкес негізгі биотикалық қауымдастықтар да өзгереді жəне таралады.

Ақыры аяғында, экожүйелердің өздері де үздіксіз дамып отырады. Бұл динамикалық құрылымдар, олардың биотикалық құрамдас бөлігінің құрамына кіретін бір түрлер жойылады, ал басқа түрлері жаңадан қалыптасқан жағдайларға бейімделеді. Экожүйе шеңберінде белгілі бір уақыт аралығында болып тұратын, бір түрлердің басқа түрлерімен бұндай алмасулары, экологиялық сукцессия деген атауға ие болған. Тұрақты, өздігінен жаңаратын жəне берілген ортамен тепе-теңдікте болатын климаттық қауымдастық бұл үдерістің соңғы сатысы болып табылады. Жаңа фактордың пайда болуы заңды түрде жаңа сукцессияға алып келеді. Барлық бұндай өзгерістер қазіргі əлемде де болып жатыр: мұз аралық (интерстадиал) жалғасуда, тектоникалық плиталар өз қозғалыстарын тоқтатпауда, жаңа таулық жүйелер көтерілуде жəне ескілері бұзылуда. Адамзат та өзінің қалаларымен, қоқыстарымен, егістіктерімен, мұнайларымен, жылыжайлық əсерімен күшті экологиялық фактор (антропологендік фактор деп аталатын) болып табылады, бірақ өзі оған бейімделіп үлгере алмауда.

Қоршаған ортаға бейімделу. «Ағза-орта» жүйесінде өзара қа рым-қатынастарды келесі сызба бойынша көрсетуге болады: ортаның экзогенді факторларының өзгерістері → жаңа жағдайларға бейімделу → экологиялық өзгергіштік. Қоршаған ортаға бейімделу немесе адаптация үрдісі бұл сызбадағы өзара қарым-қатынастың негізгі түйіні болып табылады.

Адаптация (латын тілінде «adaptation» – бейімделу, бейімделгіштік) – бұл ортаның нақты жағдайларында тіршілік етуге мүмкіншілігін қамтамасыз ететін, берілген түрдің морфофункционалды, мінез-құлықтық жəне басқа да ерекшеліктерінің жиынтығы. Қоршаған ортаға бейімделу H. sapiens түріне де тəн қасиет. Қоршаған ортаға бейімделудің міндеті – биологиялық гомеостазды сақтау, яғни, ағзада болатын тұрақтылық күйінің жиынтығы. Ол нейроэндокриндік жүйенің реттеуші жəне ықпалдаушы рөлінің негізіндегі эволюция үдерісі кезіндегі шығарылған өзін-өзі реттеу механизмімен қамтамасыз етіледі. Əртүрлі белгілердің өзгеріс ауқымының тұрақтылығына қарай беталыс байқалуда, сонымен қатар олардың орташа немесе орташаға жақын мəндері фенотипте біршама жақсы айқындалуына сəйкес келеді. Полиморфизмі жоғары түрлерде, олардың қатарына, сөзсіз, H. sapiens-те жатады, диалектикалық біртұтастықта көрінетін, дизруптивті жəне тұрақтандырушы сұрыптаулардың əсерімен экологиялық дифференциациялану барысында қоршаған ортаға бейімделу пайда болған.

Қоршаған ортаға бейімделу ретінде, ортаның нақты жағ дайларына бейімделушіліктің немесе дағдыланудың пайда болу үрдісі түсіндіріледі. Қоршаған ортаға бейімделуден басқа, физиология мен медицинада, сондай-ақ тірі ағзалардың жаңа, бəрінен бұрын климаттық факторларға дағдылануы, бейімделуі ретінде «жерсіндіру» термині қолданылады. Əдебиеттерде терминологияның атақты алуантүрлілігі кездеседі, бірақ қоршаған ортаға бейімделуді жерсіндіруден гөрі, анағұрлым кеңірек түсінік деп қарастырады. Адамның қоршаған ортаға бейімделуі, оның биологиясы сияқты, ерекше. Бұл ерекшелік бəрінен бұрын, қоршаған ортаға бейімделудің тек биологиялық қана емес (энергетикалық алмасу, көбею қабілеттілігі жəне т.б.), сонымен қатар, əлеуметтік функцияларының да, биологиялық жəне қоғамдық пайдалы іс-əрекетінің ең қолайлы жағдайларының жиынтығынан, сақталуынан көрінеді. Сондықтан адамның қоршаған ортаға бейімделу тиімділігінің негізгі өлшемі оның биоəлеуметтік амандығы, еңбекке толық қабілеттілігінің сақталуы болып табылады.

Адамдар популяциясының қоршаған ортаға бейімделуінің басқа ұқсас ерекшелігі – сана мен əлеуметтік факторларының белсенді қатысуы жəне рөлінің артуы. Адам табиғат пен жануарлар секілді, еңбек жəне қоғам арқылы, селқос емес, қайта белсенді түрде тікелей емес, жанамалы байланысқан. Табиғатқа осындай белсенді түрде əсер етудің жəне қолайсыз экологиялық факторлардан əлеуметтік қорғаныштың тиімді шараларын жасаудың арқасында адамзат жер шарының барлық климатогеографиялық аймақтарына, соның ішінде сыртқы орта жағдайлары төтенше немесе төтеншеге жақын аудандарды қоса есептегенде (биік ендіктер, шөл, тропиктер, биік таулы аймақтар жəне т.б.) бейімделе алады. Жердің барлығы дерлік экологиялық қуыстарын мекендеген адамның қоршаған ортаға бейімделуінің əмбебаптылығы, бейімделу типінің аса өзгергіштігінен жəне оларды үлкен ауқымда өзгерте алу қабілеттілігінен көрінеді. Өзінің бейімделуі барысында адам ортаны өзгертеді жəне сонымен қатар, адамдардың қоғамдық қатынастарының өзгерісі де жүреді; бұл үрдіс оның морфофункционалды ұйымдасуының қайта құрылуынсыз да жүзеге асады.

Бұл – қоршаған ортаға бейімделудің түбегейлі түрдегі жаңа түрі. Қазіргі уақытта, адам өзінің жайлы өмір сүруі жəне еңбектенуі үшін жасанды ортаны жасау мүмкіншілігінің арқасында, ұзақ уақыт бойы тіпті су астында (суасты атом кемелерінің экипаждары), ғарышта (ғарыштық орбиталды стансаларда), Антарктидада тіршілік етуге қабілетті болды. Адамның қоршаған ортаға ұзақ уақыт бойы əсер етуінің нəтижесінде, адамға алуантүрлі, соның ішінде кері əсер ететін, өзіне тəн факторлары бар, жаңа «жасанды» тіршілік ету ортасы пайда болды. Оның салдарын бірқатар жағдайларда қоғам бірден сезінуі жəне бағалауы мүмкін емес. Ғылыми-техникалық революция дəуірінде адамның биологиялық жəне жүйке-психологиялық «жұмыс механизмдеріне» талаптар тез өсуде. Адаптация мəселесі денсаулық мəселесімен, оптималды тіршілік етумен, жұмыс жасау қабілеттілігімен тығыз байланысты. Мысалы, аурушаңдық құрылымының қайта құрылуында, соның ішінде тұқымқуалайтын жəне созылмалы аурулардың, аллергизациялардың жəне т.с.с. аурулардың маңызының жоғарлауы қоршаған ортаға адам ісəрекетінің тікелей əсер ету салдары болып табылады. Адамның мəдени іс-əрекеті жəне ортаға енгізілген өзгерістері, мəдениеттің дамуы, медицина мен техника арқылы адамзат популяциясы гендерінің бейімделу маңызын өзгертеді. Антропогенді фактор ауқымды мəселе жəне өзінің масштабы бойынша геологиялық үрдістермен сəйкес, яғни, адамзаттың тіршілік ету қауіптілігін тудыратын адамзаттың биосфералық тепе-теңдікті бұзуға қабілетті биогеохимиялық күшін айтуға болады. Айтылғандардан, адам үшін «қоршаған орта» түсінігі өте ауқымды, ол əлеуметтік мəдени қоғамынан, тіршілік ресурстарынан, демографиялық құрылымнан жəне басқа да аспектілерден тұрады.

Мәлімет көзі: KazLib.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *